Главная страница

оо. 1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ. 130 бйры 7осымшасына сай мж келесі бетте Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі


Скачать 0.84 Mb.
Название130 бйры 7осымшасына сай мж келесі бетте Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі
Дата12.05.2023
Размер0.84 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ.docx
ТипПрограмма
#1124144
страница13 из 15
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.


Ширату тапсырмасы. «Ұста-ұстама» ойыны.

Ойынға қатысушылар үш командаға бөлінеді, бір-біріне үшбұрыш түрінде қарап тұрады (Әр команданың ойыншылары бір жағы үшбұрышты құрайды, арақашықтықтары бір-бірінен 2 метр болады). Ойыншылар ашық және қоңыр түсті 2 допты бір-біріне алма-кезек лақтырады. Ашық түсті допты әрқашанда ұстап алу керек, ал қоңыр түсті допты үндемей лақтырғанда ұстау керек. Мұндай «жай» допты кімде-кім ұстай алмаса, сол ойыннан шығады. Үшбұрыштың ортасында жүргізуші тұрады. Ол допты лақтырады, құлап қалғандар үшбұрыш ортасында. Жүргізуші және ойыншылар допты жанында тұрған келесі топқа лақтырады. Егер доп жерге кетсе, онда оған топ ие болады. Егер де топта ешқандай ойыншы қалмаса, онда ойын аяқталды. Қай жақтың ойыншысы көп болса, сол жақ жеңімпаз болып табылады.







4. Топтастыру:

«Пазлдар» әдісі

Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету.

Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы бірнеше бөліктерге бөлуге де болады)

Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау.

Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • 1-суретке қара. Балалар немен айналысуда?

  • Қозғалыстың денсаулыққа пайдасы қандай?



ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушылар-ды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды:

Жарайсың! Жақсы! Талпын!




Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

(МК, Ұ): «Парасатты диалог» әдісі

Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.

Яғни оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп жауап беріп отырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Практикалық жұмыстар.

(Ж) Оқулықта берілген дайын практикалық жұмысты талқылап, соның негізінде төмендегі тапсырманы орындайды.

1- тапсырма

Спорт-денсаулық кепілі. Ғалия таңертең жүгіруді ұнатады. Оның «Робо» есімді роботы бар. Робоға да жүгіру өте ұнайды. Ғалияға Робоны жинауға және оны жүгірту үшін программа жазуға көмектес.

Дескриптор:

  • Жұптасып, практикалық жұмысты талқылайды.

  • Берілген тапсырма бойынша практикалық жұмысқа өзгеріс енгізеді.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушылар-ды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды:

Жарайсың! Жақсы! Талпын!








Жұмыс дәптеріндегі

№2-тапсырманы орында.


Қозғалыс уақытын секундтарда өзгертетін программалық блогты тауып, белгіле.

(Тапсырмада қозғалыс уақытын секундтарда өзгертетін программалық блогты тауып, белгілейді.)

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

32-бет




(Т). 1-тапсырма

Робот бара жатқан жолдың кішкентай бөлігінде тас жол бұзылған (4-сурет). Робот қозғалысын нешеге бөліп қарау керек?

2.Роботтың қозғалыс алгоритмін:

а) сөзбен

ә) блок- сызбамен сипаттаңдар.

3. Программасын құрыңдар.

Дескриптор:

  • Топтасып, практикалық тапсырма жұмысты талқылайды.

  • Роботтың қозғалысын сөз түрінде сипаттайды.

  • Роботтың қозғалысын блок-сызба түрінде сипаттайды.

  • Программа-сын құрастырады.




ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды:

Жарайсың! Жақсы! Талпын!








(Т). 2-тапсырма

Егер робот тас жолда (4-сурет) төмендегідей алгоритммен қозғалса:

  1. Тас жолда 5 секунд,

  2. Топырақ жолда 10 секунд,

  3. Тас жолда 4 секунд қозғалады.

Жоғарыда берілген алгоритм бойынша 6-суреттегі программа блоктарын қандай деректермен толтырасыңдар?

Дескриптор:

  • Топтасып, практикалық жұмысты талқылайды.

  • Берілген тапсырма бойынша 6-суреттегі программа блоктарын деректермен толықтырады.




ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды:

Жарайсың! Жақсы! Талпын!








(Ж). Топтасып, оқулықта берілген дайын практикалық жұмысты талқылап, соның негізінде төмендегі тапсырманы орындайды.

***. № 3 -тапсырма.

Робо жүгірудің алғашқы 10 секундында 40, кейінгі 15 секундында 60 жылдамдықпен жүгіреді. 3-суреттегі Робоның программа блоктарына қандай өзгеріс жасар едіңдер?

Дескриптор:

  • Жұптасып, практикалық жұмысты талқылайды.

  • 3-суреттегі Робоның программа блоктарына өзгеріс жасайды.




ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!








(Ө) Дәптермен жұмыс. «4 сөйлем» әдісі

Төменде берілген тапсырма бойынша оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне өз ойларын, пікірлерін 4 сөйлеммен жеткізеді.

3-тапсырма

  • Роботтың қозғалысы жылдамдығы қандай командалық блоктарға тәуелді?

  • Алға қозғалу үшін командалық блоктарда нені өзгерту керек?




ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!




Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.


(Ө). «Плюс, минус, қызықты» әдісі

Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» – оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.


ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!

Интерактив-ті тақта


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Бас бармақ» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



15-сабақ. А бөлім.

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Роботты артқа жылжыту қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.

1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Роботтың алға және артқа қозғалысын ұйымдастырады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Командалық блоктардың қызметіне қарай ажыратады.

Кейбір оқушылар үшін:

***. Роботтың алға және артқа қозғалысына берілген программаны сипаттайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Керісіншілер елі» ойыны

Балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты. Осылайша балалар үш топқа бірігіп отырады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлайды/.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Доп

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Балалардың қозғалыс жаттығуында қандай айырмашылық бар (1-сурет)?

  • Артқа қозғалыстың денсаулыққа пайдасы бар ма?

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигура-лар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

(МК, Ұ): Оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талқылау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Т) №1 тапсырма.

Қандай командалық блоктар берілген? Олар қандай қызмет атқарады? Сипаттаңдар (6-сурет).

Дескриптор:

  • Берілген блоктарда кандай команда берілгенін анықтайды.

  • Командалардың қандай қызмет атқаратынын сипаттайды.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.

Бос орындарды толтыр.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

32-бет

(Ж) 2-тапсырма

Роботты артқа қозғалтатын блокты атаңдар?

Блоктардан робот қозғалысы жайлы қандай деректерді оқуға болады (6-сурет)?

Дескриптор:

  • Роботтың артқы қозғалысын іске асыратын блокты анықтайды.

  • Блоктардан робот қозғалысы жайлы қандай деректерді оқуға болатынын айтады.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

(Ө) Дәптермен жұмыс істеу. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

***. 3- тапсырма

Жолда жүру ережесін сақтамау өміріңе қауіпті. Суреттерде ережені кім бұзды? Балалар ма, әлде жүргізушілер ме (7-сурет)? Тапсырма: 1. 1-жағдайда кім артқа жүруі керек? 2. 2-жағдайда кім артқа жүруі керек? Себебін түсіндір.



Дескриптор:

  • Берілген суреттерді салыстырып, ой тұжырымын жасайды.

  • Суреттерді әңгімемен сипаттайды.

  • Ережені кім бұзғанын, кім артқа жүру керек екенін анықтайды.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Бес жұлдыз - Жарайсың!

Төртбұрыш - Жақсы!

Үшбұрыш - Талпын!

Жұмыс дәптеріндегі

№3-тапсырманы орында.

Роботтарды тиісті қорапқа орналастыр.

(Тапсырмада роботтар және оның қорапшасы берілген. Роботтарды тиісті қорапшаларға орналастырады).

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жұмыс дәптері.

35-бет

Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө). «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» әдісі.

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер










ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы! Талпын!

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


написать администратору сайта