Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| 1. Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
| Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны.
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/.
| Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Сандықша, қағаз қиындылары.
|
4. Топтастыру
|
| «Құпия сандық» әдісі
Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді.
1-топ: «Информатика»
2-топ: «Компьютер»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады.
5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
| Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
| Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі.
| Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
Қалаға саяхаттан қандай әсер алдың? Бұл қалаға қандай атау бересің? Суретте мектептің қай кабинеті бейнеленген?
| Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
|
Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында.
| Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз.
| «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Жұмыс дәптері.
4-бет
|
Жаңа сабаққа дайындық.
| Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
| Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.
| 1- тапсырма:
Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр.
| ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».
| Интерактивті тақта
|
| (МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі. 1-тапсырма:
Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр?
| Дескриптор:
Компьютер алдында жатуға болмайтынын айтады. Компьютер алдында отырғанда мониторға жақыннан қарауға болмайтынын айтады. Компьютер алдында отырғанда құрылғыларды дұрыс пайдалануды айтады. Компьютер алдында орындыққа тік, түзу отыру керектігін айтады.
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Интерактивті тақта
|
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
| 2- тапсырма:
Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс.
Дескриптор:
Жұптасып өз ойларымен бөліседі. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың зиянын атайды. Зиян келтіретін теріс әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын айтады.
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Интерактивті тақта
|
| (Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі. ***3- тапсырма:
Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің?
| Дескриптор:
Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерді есіне түсіреді. Бала қандай ережені бұзғанын біледі. Балаға ток көзінен шнурды қалай ажырату керектігін, қалай дұрыс отыруға болатынын, тамақтану ережесі бойынша өз кеңесін береді.
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың соңы
7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия.
| (Ж)
«Ұялы телефон» әдісі
Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.
| - Бүгінгі тақырып не туралы болды?
- Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?
- Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
- Мені қызықтырғаны ...
-Сабақта қандай сезімде болдың?
- Тақырыпқа не қосар едің?
-Тақырыптан қандай үлгі алдың?
Менің қолымнан ... келеді.
| ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Жұмыс дәптерлері
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөзі» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|