Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
| 1. Сәлемдесу.
2. Оқушылар-ды түгендеу.
| Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны.
Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/.
|
|
|
4. Топтастыру
| «Мозаика» әдісі
Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.
| 1-топ: «Монитор»
2-топ: «Пернетақта»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.
5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
| Миға шабуыл «Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
Интерактивті тақтадан төмендегі 1-сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады.
| 1-суретте не бейнеленген? Суреттердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Компьютерді қай жерден сатып алуға болады? 2-суретте қандай құрылғылар бейнеленген? Бұл құрылғылардың қайсысының қызметі басқаларынан өзгеше?
Компьютермен таныссың ба? Компьютер құрылғылары-ның атауын білесің бе?
| Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».
| Интерактивті тақта
|
Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.
| Құрылғылар қалай аталады? Жаз.
| «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Жұмыс дәптері.
6-бет
|
Жаңа сабаққа дайындық.
| Мұғалімнің кіріспе сөзі
Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Компьютер – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған құрылғы. Монитор – мәтін, цифр, суреттерді экранда көрсететін құрал. Пернетақта – компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы Тінтуір – бұл құрылғы курсормен басқарылып, компьютерге команда береді.
Жүйелік блок – ішкі құрылғылар орналасқан корпус.
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
| (Т) «Галерея» әдісі.
Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.
| 1- тапсырма:
Тәжірибеңе сүйеніп компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (2-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе?
Дескриптор:
Қабырғада ілінген суреттермен танысады. Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады. Компьютерге қатысты құрылғыларды анықтап жазады. Жазған құрылғылардың қызметін айтады.
| ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –«Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –«Талпын!».
|
|
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген 4 сурет көрсетіледі.
| ***. 2-тапсырма:
Көрсетілген құрығылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады (7-сурет). Түсіндір.
Дескриптор:
Экранда көрсетілген құрылғылармен танысады. Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады. Құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығатынын анықтайды.
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».
|
Интерактивті
тақта
|
Сабақтың соңы
7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия.
| (Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.
| Бүгін мен не білдім? Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім? Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
| ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».
| Интерактивті тақта
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Фигуралар» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|