Главная страница
Навигация по странице:

  • (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин.

  • Топтастыру: «Конверт» әдісі

  • (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

  • Жаңа сабаққа дайындық. Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ) : «Мағынаны тану» әдісі

  • (Т) 1-тапсырма. «Галлерея» әдісі.

  • (Ж).2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

  • (Ө) 3- тапсырма Сен қандай роботың болғанын қалайсың Ол роботты қалай пайдаланар едің Қиялыңдағы роботтың суретін сал. Дескриптор

  • Сабақты бекіту. Рефлексия. (Ө)

  • 3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

  • Барлық оқушылар үшін

  • оо. 1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ. 130 бйры 7осымшасына сай мж келесі бетте Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі


    Скачать 0.84 Mb.
    Название130 бйры 7осымшасына сай мж келесі бетте Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі
    Дата12.05.2023
    Размер0.84 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 сынып цифрлық сауаттылық ҚМЖ.docx
    ТипПрограмма
    #1124144
    страница9 из 15
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

    1-7 мин.



    1. Сәлемдесу.

    2. Оқушыларды түгендеу.

    Ширату тапсырмасы: «Қар көшкіні» ойыны.

    Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды»т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!».

    Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.







    4. Топтастыру:

    «Конверт» әдісі

    Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.

    Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

    1-топ: «Төртбұрыштар»

    2-топ: «Үшбұрыштар»

    3- топ: «Жұлдызшатер»




    Фигуралар салынған конверт


    (МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

    (МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі

    Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.

    • Робот дегенді қалай түсінесің?

    • 1-суреттегі роботтар сияқты тағам дайындайтын, үй шаруасына көмектесетін тағы қандай құрылғыларды айта аласың?

    • Саған робот жайлы қандай ойын, мультфильмдер ұнайды? (2-сурет)

    ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







    Жұмыс дәптеріндегі №2-тапсырманы орында.

    Роботтың түрлерін жаз.
    (Тапсырмада 6 түрлі роботтың суреті берілен. Суретке қарап, роботтың қай түріне жататынын жазады)

    «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

    Жұмыс дәптері.

    24-бет

    Жаңа сабаққа дайындық.

    Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу

    (МК, Ұ): «Мағынаны тану» әдісі

    Ойлау мен үйренуге бағытталған әрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады. Мағынаны ашып, мәнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жүмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мәтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, әртүрлі әдістерге сәйкестендіру, т.т.).

    Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Өзара талдау жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, тексеріп отырады.

    Сабақтың ортасы

    (26 мин)

    (Т) 1-тапсырма. «Галлерея» әдісі.

    Роботтардың қай робот түріне жататынын анықтаңдар? 3-суретті пайдаланыңдар.

    Дескриптор:

    • Топтық ақылдасу, ой бөлісу жүргізеді.

    • Суреттегі роботтарды салыстырады.

    • Түрлерін анықтап, түріне қарай жіктейді.

    ҚБ: Мұғалім топтық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

    Суреттер





    (Ж).2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

    Робот адамның барлық іс-әрекетін орындай ала ма? Қандай қызмет, әрекетін орындай алмайды? Мысал келтір.

    Дескриптор:

    • Робот адамның қандай іс-әрекетін жасай алатынын анықтайды.

    • Робот адамның қандай іс-әрекетін жасай алмайтынын анықтайды.

    • Мысал келтіреді.




    ҚБ: Мұғалім жұптық тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

    Жұмыс дәптері





    (Ө) 3- тапсырма

    Сен қандай роботың болғанын қалайсың? Ол роботты қалай пайдаланар едің? Қиялыңдағы роботтың суретін сал.

    Дескриптор:

    • Өзінің ойындағы, роботты таңдайды.

    • Роботта қалай пайдаланатынын жоспарлайды.

    • Қиялындағы роботтың суретін салады.




    ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

    Жұмыс дәптері





    ***.(Т) 4-тапсырма «ВЕНН» диаграммасы

    1) Адам мен роботты салыстыр.

    2) Кім ақылды, адам ба жоқ әлде робот па? Ойыңды түсіндір.

    3) Ұқсастығы мен айырмашылығын жаз.

    Дескриптор:

    • Адам мен роботты салыстырды.

    • Ұқсастығы мен айырмашылығын ВЕНН диаграммасына жазады.

    • Кімнің ақылды екенін анықтайды.




    ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

    А3,А4 қағаздар

    маркер




    Жұмыс дәптеріндегі №4тапсырманы орында.

    Сөзжұмбақты шеш.
    (Тапсырмада РОБОТ сөзінен тармақталған сөзжұмбақ ұяшықтары мен көкөністер суреті берілген. Көкөністі пайдаланып сөзжұмбақты шешеді)

    «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

    Жұмыс дәптері.

    25-бет

    Сабақтың соңы

    7 мин.
    Сабақты бекіту. Рефлексия.


    (Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

    • Бүгін мен не білдім?

    • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

    • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

    • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

    ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

    Интерактивті тақта


    Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

    Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


    «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

    Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

    «Мадақтау сөзі» әдісі

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

    Осы сабақта қолданылатын

    Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

    Жалпы бағалау

    Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    2:

    Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

    1:

    2:

    11-сабақ. А бөлім.

    Бөлімі:

    3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:

    Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Роботпен танысу.

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау.

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар үшін:

    Білім беру роботының бөлшектерімен танысады.

    Көпшілік оқушылар үшін:

    Білім беру роботының моделін жинайды.

    Кейбір оқушылар үшін:

    ***.EV3 роботының модельдерін қызметіне қарай ажыратады.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


    написать администратору сайта