«Тап_ыштар _лемі» (вариативтік жоспар). 20202021 оу жылы Тапыштар лемі (вариативтік жоспар)
Скачать 412.24 Kb.
|
Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Артық затты табу, бір сөзбен атау» Мақсаты: 1. Ойша артық затты бөліп, қалған заттарды бір сөзбен атай білуге үйрету. 2. Сурет бойынша суретшінің шатастырған қателіктерін таба білуге дағдыландыру. 3. өз—өздеріне дұрыс баға бере білуге тәрбиелеу. Кел балалар тұрыңдар Үлкен шеңбер құрыңдар. Қолды белге қойындар Онға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Тынығып бір қалыңдар. Балалар сендерге суреттен бесінші артық затты тауып, ал қалған заттарды бір сөзбен атау керек. Мысалы бірінші суретте кілт артық, ал қалған заттарды бір сөзбен ыдыс-аяқ деп атаймыз. Артық затты дөңгелектейміз. Келесі тапсырмада доптарды түрлі тәсілмен орналастыру қажет. Түрлі –түсті қарындаштармен бояу арқылы орналастырамыз. Тапсырманы түсіндік пе? Ендеше жұмысты бастайық. Келесі бетті ашайық. Бұл суретте суретші нені шатастырған? Кім айтады? Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық Келесі тапсырмаңа назар аударайық. Суреттерді түрлі тәсілдермен орналастырамыз. Бірінші қатарда үй, балық, гүл тұрса, келесі қатарға балық...... жене нелерді орналастыруға болады? Балалар сонымен бірдей заттарды бір сөзбен қалай атауға болатынын білесіңдер ме? Бүгін барлығың өте белсене қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Заттарды тура және кері санау» Мақсаты:Заттардың кеңістікте орналасуы жайлы түсініктерін қалыптастыру. Шапшаңдыққа,жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу.Талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру. Реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдыр: Түрлі пішіндер кескіндері, түрлі суреттер Балаларға пойызға мініп, саяхатқа аттануды ұсынады. паровозға 5 вагон тіркейді. Балалардан тек қана вагондарды санап шығуды сұрайды. Паровозды «қосымша жолға» шығарып қояды. Вагондарды нөмірлеуді өтінеді. Вагондар санын ауыстырып, балалармен бірге солдан оңға кері санайды. Бірінші, соңғы, ортадағы, екінші және үшінші вагондардың ортасында деген сөздерді қолданады. Балаларға «Жасырынбақ» ойынын ойнау туралы ұсыныс жасайды: Тышқан (немесе басқа кез келген кейіпкер) қай вагонға жасырынды? Ойынның шарты: Балалардың бәрі көзін жұмады, жүргізуші тышқанды вагонға жасырады. Содан соң вагонның нөмірін айтпай, оны сөзбен сипаттап беруге тырысады. Басқа балалар сипаттама бойынша жауабын табады. Мысалы: ол екінші мен төртінші вагонның ортасында. Ол бесінші вагон мен үшінші вагонның ортасында немесе ол қызыл емес және үшінші тұрған жоқ және т.б. Ойынға арналған текшелер, цифрлар және сандық суреттермен жұмыс істегенде әртүрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Педагог цифрды, нүктеден тұратын сан үлгісін немесе заттың санын көрсетеді. Ал балалар соған сәйкес келетін карточканы табады. Жұмысты жұппен орындауға болады. Балалардың бірі санды, екіншісі үлгіні немесе санды карточканы алады. Домино ойынындағы сияқты қимылдайды. Қорытындылау 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балалардан оларды тура және кері қарай хормен санауларын сұрайды. Сөйтіп, олардың санауды қалай меңгергенін тексереді. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Геометриялық пішіндерді ажырату, кеңістіктен таба білу» Мақсаты:1. Балаларға геометриялық пішіндер жайлы білім беру. 2. Қолдарының моторикасын дамыту. 3. Бір-біріне кедергі келтірмеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Әліппе дәптер, геометриялық пішіндердің суреті. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты Күлімдеп күн маған да қарады Күлімдеп күн саған да қарады. Қарйырлы таң, Қайырлы күн! Балалар сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? Ал тағы қандай геомертриялық пішіндер бар? Балалар геометриялық пішіндердің үшбұрыш, төртбұрыш дөңгелек аталу себебі неде? Қалай ойлайсыңдар? Кім айтады неліктен үшбұрыш деп атаймыз? Дұрыс үшбұрыштың үш бұрышы бар, және осы нүктелерді қосатын үш кесінді бар. Ал, төртбұрыш неліктен төртбұрыш деп аталады? Әрине төртбұрыштың төрт нүктесі және осы нүктелерді қосатын төрт кесіндіден тұрады. Балалар енді сәл тынығып алайық. Сергіту сәті: Жел соғады, Ағаштар қозғалады. Жаңбыр жауады, Балалар тығылады. Енді балалар әліппе дәптерге назар аударайық. Бізге мынандай тапсырма берілген пішіндерді атап, біркелкі пішіндерді санау. Қандай пішіндер көріп тұрсыңдар. Балалар сонымен біз қандай сабақ өттік? Қанай геомертиялық пішіндер бар? Сендерге сабақ ұнады ма? Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Тез есепте!» Мақсаты: цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; белгісіз санды табу және бейнелеуд үйрету; ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту; б) үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші кез келген ойын ұйымдастырады. Мысалы: оқу қызметіне ертегінің тоғыз кейіпкерін шақырады. 8 түрлі кейіпкерді қатарластырып қойып шығады және балаларға санатады. Содан соң біздің сабағымызға қатысу үшін тағы бір кейіпкер жүгіріп келе жатқанын айтады. Сонда ертегі кейіпкері нешеу болды? 9 қайдан пайда болды? Тәрбиеші балаларға 9-8 саны және цифры туралы тақпақ оқып береді. Акробат қыз мықты Сахнаға шықты. Бүктеліп белі қайысты «9» болып майысты. Санды ауаға, содан соң аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз. Енді қарындашымызды алып, оны қағазға бастырып жазуды жалғастырамыз: алдымен дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай сызамыз, содан соң дөңгелек сызықты жоғарыға жеткізіп, қайтадан төмен түсіп, сызықты солға қарай бұрамыз.Тәрбиеші 1-ден 9-ға дейінгі заттың суреті салынған кез келген карточканы көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен цифрды көрсетулерін сұрайды. 1-ден 9-ға, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санауды ұсынады. Топ деңгейіне қарай нәтижесі 9 болатын мысалдар құрастыруға болады. 1-ден 9-ға дейінгі сандар қатарын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін №3 тапсырманы орындайды. Тәрбиеші моншақтарды сандар реті бойынша тізбектеп қосуды тапсырады. «Алдыңғы сан», «кейінгі сан» немесе «алдында», «артында», «арасында» деген сөздерді пайдалана отырып, тапсырманы қиындатуға болады. Қорытынды Тәрбиеші сандар қатарының ретін қалай меңгергендерін тексеру үшін, өз беттерінше орындауды ұсынады. Қорытындысын шығарады. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Сиқырлы қоржын» Мақсаты:Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату. Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.Ақыл-ой белсенділігін күшейту, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер "Кершісін тап", "Қай сан жоқ?" "Жарыс", "Кім шапшаң?" сияқты ойындар ойнатып өтілген оқу қызметіндегі сандарды еске түсіріп балалардың белсенді қызығушылығын дамытып, берілген білімді меңгерту. Суреттегі дөңгелектерді түстеріне қарай сұрыптап, есептер құрастыру. Олардың нәтижелерін шығарып, торкөздерді толтыру. Балалар өз еркімен жұмыс атқарады. Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау. Келесі тапсырма үйдің қабырғасында көрсетілген. Өрнектің мәні үйдің шатырында берілген. Мәні шатырда көрсетілген санмен сәйкес келмеген санды, өрнекті суреттегідей деңгелектеп қою керек. Келесі тапсырма суреттің қатесін табу. Бұлжытпас, раушан гүлін шелектегі суға салу үшін кедергілерден қалай жүріп етеді? Неше қадам жол жүреді? Тәрбиеші-педагог балаларды шабыттандыратын, ықласын оятатын тапсырмалар беріп, сабақты өрбітіп, түрлендіруіне әбден болады. Тақтада тапсырмаларды орындау. Толықтыруға берілген тапсырмада ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап, кескін сандар арқылы жұмыс жасау. Жұмыс барысында Тапқышбек, қадағалап тұрғанын балаларға ескерту. Қорытындылау Балалардың алғырлығы мен шапшаңдығын бағалай отырып,оқу қызметін аяқтау,балалардың үйренгендерін қайталап сұрау Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Кеңістіктегі заттарды орналастыру» Мақсаты:1. Балаларға кеңістіктегі заттарды орналастыру туралы мағұлмат беру. 2.Заттардың орнын ажырата білуге дағдыландыру 3. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу Балалар сендер суретте не көріп тұрсыңдар? Суреттегі қызға ат қойындар. Сәуленің қандай ойыншықтары бар? Аттарын атайықшы. Ойыншықтар қайда жасырылған? Санамақ Бір үйде біздер нешеуміз? Кел санайық екеуміз, Бас бармағым –атам. Шылдыр шүмек –мен Титтей бөбек-сен Бір үйде нешеуміз? Бір үйде біздер бесеуміз. Суретті аяқта. Балал,бала, балапан Қане қайсы алақан? саусақтары әйбат Былай –былай ойнап. Жас дарын12 бет Алпамыс суреттің қай жағында тұр? Партаның үстінде дәптердің суретін салыңдар, партаның астына сөмкенің суретін салыңдар, партаның алдына доптың суретін салыңдар. Балалар Айнұр өз ойыншықтарын жоғалтып тұр еді, біз оған көмектестік. Ендеше біз оған қандай жақсылық жасадық? Сендерге көп рахмет Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Көңілді санамақтар» Мақсаты:цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету; заттарды санауға машықтандыру; цифрларды тану және бейнелеуге үйрету.Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.Этикалық тәрбие беру. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер,сандар Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау қабілетін нығайтатын тапсырма береді. - Төрт топтағы суреттің әрқайсысында артық зар бар. Соны табыңдар. Ол не үшін артық? Түсіндіріп беріңдер. Санап шық. Топтардың әрқайсысында қанша зат қалды? балықтарды санаймыз. Балықтардың санын қанша шығады сонша цифрымен белгілейміз. Суреттегі заттарды санаймыз сол шыққан санды ауаға жазамыз. Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, қағаздағы санды салып шығамыз. Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз. Балаларға зейінін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма беріледі. Артық затты табыңдар. Оның не үшін артық болып тұрғанын түсіндіріңдер. суреттегі құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейік. Суреттегі заттың санын табу. Тәрбиеші 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Содан соң тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы оқу қызметінен жақсы таныс.Тәрбиеші балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды. Қорытындылау белсенділік танытқаны үшін балаларға алғыс айтады.Оқу қызметін қаншалықты меңгергенін пысықтау үшін ауызша тапсырма беріліп балаларды мадақтайды. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі:Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау» Мақсаты:1. Балаларға жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ, алдында, артында ұғымдары жайлы білім беру. 2.Өз айналасын бағдарлай білуге дағдыландыру. 3. Тапсырмаға зейін қоя отырып, тапсырманы тиянақты орындай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: кеңістік үғымларына байланысты суреттер. Тәрбиеші балаларға Алақанды соғайық Оң жақтағы балаға Сол жақтағы балаға Шапалақта, шапалақ Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. Балалар, біз қандай кеңістік ұғымдарын білеміз? Қане барлығымыз оң қолымызды жоғары көтерейікші. Енді сол жоғары көтереміз. Балалар енді оң жақ аяғымызды жоғары көтереміз. Ал енді сол жақ аяғымызды жоғары көтерейік Біз оң , сол, жоғары, төмен ұғымдарын бұрыннан жақсы білеміз, енді алдымызда, артымызда тұрған заттарды атайықшы. Балалар сұраққа жауап қайтарғаннан кейін: Балалар мен сендермен бір ойын ойнаңым келіп тұр атты «Қай зат қалай орналасқан?». Мысалы, мен кілем десем сендер төменде, ал мен төбе десем жоғары деп жауап қайтаруларың керек, ойын ойнау барысында әрбір бала 1-2заттың атын атайды, ал қалған балалар заттың қайда орналасқанын айтады. Бәрекелді сендер ойынға өте белсене қатыстыңдар, енді әліппе дәптерге назар аударайық. Шыныаяқ сатпыаяқтан жоғары, бірақ құмырадан төмен орналасқан суретті көрсет. Көжектің қай суретте доптан алыс, машинаға жақын тұрғанын көрсет. жетпей тұрған пішінді сал. Сергіту сәті: «Доп-доп» Арманның оң және сол жағына, алды мен артына орналасқан ойыншықты ата. Төменгі қатарға доп балықтың сол жағында, ал желкеннің он жағында болатындай етіп орналастыр. Балаларға әр тапсырманың мазмұнын түсіндіріп, мұқият қадағалау. Жұмыс барысында тиянақты болуларын ескерту. Балалар сонымен қандай кеңістік ұғымдарын білесіңдер? Сендерге ойын ұнады ма? Сабаққа өте белсене қатысқандарын үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Ойлан, тап» Мақсаты:1. Заттардағы айырмашылықты аңғаруға білуге үйрету. 2.Ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Тапсырманы зейін қойып орындай білуге тәрбиелеу. Допты мұғалім бір оқушыға береді «Сен әдемісің» дейді, ал келесі бала сен сұлусың, көріктісің т.б. лебіздерді айтады. Бет орамалға лайықты жауапты тап. Суретте не жетімпейді? Ойлан тап және суретті аяқта. өз-өздеріне баға беру. Сергіту сәті: Бірім.... Екім... Тығыл-тығыл... Бекін-бекін.. Мен санайын Сен бол дайын. Сары шымшық, Сен тұр, сен шық! Мұнда қайсысы артық? Қалғандарын бір сөзбен қалай айтуға болады? Шардың суретін шеңбердің ішінде, бірақ шаршыдан тыс болатындай етіп жерге сал, алманың суретін шеңбер мен шаршының іштеріне, ал қиярдың суретін шаршының ішіне сал. Орамалға жамауды қалай таптыңдар? Фигураларды орналастыру сендерге қиын болды ма? Белсене қатысқандарыңа рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Қызықты текше» Мақсаты:Үшбұрыш, шаршы, текше, дөңгелек ұғымдарын тереңдету. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер. Бұл геометриялық фигуралар балаларға бұрыннан таныс. Мұнда олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.Әңгіме "Көшеде жүру ережесі" туралы болады. Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар (қызыл, сары, жасыл). Көздері неге ұқсас? (Дөңгелекке). Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында "Жол белгілері" дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай-ақ, балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, спорттық ойындарға арналған волейбол, футбол, баскетбол доптары, шарлар, олардың түрлері т.б.Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар трафаретті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды.Үйлердің суретінен үшбұрыштарды табады."Жол белгілері", олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізу. Үшбұрыштың қабырғалары үш кесіндіден тұрады. Үшбұрыш — тұйықталған сынық сызық. Ол: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты үшбұрыштар болып бөлінеді.Тапсырмада берілген құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Үйшіктерден шаршыны тапқызу. Текшенің әрбір қабырғасы өзара 4 кесіндіден тұрады. Текшенің беттері шаршылардан тұрады. Текшенің неше беті бар екенін өздері табады. (Сурет бойынша). Текшені жазғанда практикалық жұмыс кезінде көз жеткізуге болады. Жазылған текшені қайта жинастыруға тапсырма беріледі. Сонымен, дөңгелек — тұйықталған қисық сызықпен шектелетін фигура. Шаршы — тұйықталған төрт бірдей сынық сызықпен шектелетін фигура. Текше — өзара тең алты текшеден тұратын дене. ҚорытындылауҚай геометриялық фигура өз орнында тұрған жоқ. Адасқан геометриялық фигураны табу. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары |