«Тап_ыштар _лемі» (вариативтік жоспар). 20202021 оу жылы Тапыштар лемі (вариативтік жоспар)
Скачать 412.24 Kb.
|
Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Заттардың арасындағы айырмашылығын анықтау» Мақсаты:1. Заттардың айырмашылығын ажырата білуге үйрету. 2. Белгілерді үлгі бойынша үйрету 3. Тапсырмаға зейін қоя отырып, тапсырманы тиянақты орындай білуге тәрбиелеу. Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік Саусақтарда сақина, Қане санап көрсетші. Балалар біз қуыршақ Айсұлуға киімдер мен аяқкиімдерді реттеуге көмектесеміз. Киімдер мен аяқкиімдер арасын сызықтармен қос. Белгілерді пішіндерге үлгі бойынша орналастыр. Сергіту сәті: Қалам Бар әдемі қаламым, Соны қолға аламын. Жазуды да жазамын, Суретті де саламын. Есебімді ұнаған Отыра қарап шығарам. Қарсы мәндес сөздерді тап. Алдарында ____________ Оңға _________________ Жоғары_______________ Алыс_________________ Биік__________________ Екі үйді мүқият қара. Өзара 10 айырмашылығын тап. Заңдылығын тауып, қатарды жалғастын. Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сонымен қандай тапсырмалар сендерге қиын болды?Өте белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Сәулетші ойыны» Мақсаты:Балалардың бұрыш туралы білімін қалыптастыру. Бұрыштың түрлерімен, құрылымымен, сүйір, доғал, тік бұрыштардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Тік төртбұрыш туралы түсініктерін дамыту Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер. Балалардың назарын геометриялық пішіндерге аудара отырып,оқу қызметін бастайды.Қарындаш тапсырмасын орындап, тік бұрыштан басқа да бұрыштардың (сүйір, доғал) болатынын балалардың өздері табады.Бұрыштық сызғыш көмегімен пішіндердің бұрышын өлшеу жұмысы жүргізіледі. Төртбұрыштың төрт бұрышын өлшейді, төртеуі де тік екендігін көреді. Келесі геометриялық фигураның бұрыштары өлшенеді. Бұл геометриялық фигуралардың барлық бұрышы тік. Төрт бұрышы тік болатын төртбұрышты "тік төртбұрыш", — деп атаймыз. Тапсырмадағы геометриялық фигуралардың бұрыштарын өлшеу, салыстыру арқылы тік төртбұрыштарды тауып, шаршының да тік төртбұрыш екендігін балалар өздері тужырымдайды.Тік төртбұрыштың қабырғаларын шаршымен салыстырады. Шар-шының барлық бұрыштары тік, қабырғаларының ұзындығы бірдей. Ал тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болатынын балалардың өздері анықтайды.Тапқышбек тапсырмасындағы тік төртбұрыштарды балалар дұрыс атап, Қарындаш тапсырмасы бойынша тік төртбұрыштың көшірмесін салады.Бұрыш ұғымын түсінген бала айналасындағы көрген заттардың бұрыштарын салыстыра бастайды. Олардың әр түрлі екендігін байқап, суреттегі үйдің терезе, есіктерінің бұрыштарын табады.Қағазды теңдей төрт бүктеп, бұрыш шығарады. Бұл — тік бұрыш. Тәрбиеші тік бұрышты бұрыштық сызғышпен өлшейік, — деп сызғышпен қалай өлшейтінін көрсетеді. Оқулық дәптердегі суреттен бұрыштардың ішінен тік бұрышты табу керек. Қорытындылау Тапқышбек тапсырмасындағы тік төртбұрыштарды балалар дұрыс атап, сәулетші тапсырмасы бойынша тік төртбұрыштың көшірмесімен түрлі заттар құрастыруды үйренді. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Жануарлардың орнын анықтау» Мақсаты: 1. Жасырын тұрған жануарларды табу. 2. Мағанасына қарай сөздерді табу 3. Тапсырманы тиянақты орындай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: әліппе дәптер, жануарлардың суреттері. Сөздік жұмысы: баспана, керік, киіктің лағы, тасбақа, ұлу. Билингвальный компонент: керік-жираф, тасбақа-черепаха, ұлу-улитка. Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты Күлімдеп күн маған да қарады Күлімдеп күн саған да қарады. Қарйырлы таң, Қайырлы күн! Балалар, қазір бізде Ойнада, ойла сабағы. Төмендегі сөздерге мағанасы қарсы сөздеріді тап. Ақ _________ Жақын __________ Төмен __________ Биік __________ Жалпақ __________ Жақсылық_________ Қайғы ____________ Көп _____________ Жаз _____________ Семіз Жасырын жануарларды тауып боя. Сергіту сәті: Биыл және өзі туады. Тағы екі қозы туды Қос қозысы былтын туған Сонда бәрі неше деш Жүйріктерің есептеші. әр қатарда жетпей тұрған пішінді сал. Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сонымен қатар сендерге тапсырмалар қиын болды ам?Белсене қатысқандарың үшін рахмет! Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі:Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Зейін қою» Мақсаты: 1. Бала бойында зейін қабілеттерін дамытып бекіту. 2. Ортақ белгілерді таба білуге дағдыландыру. 3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: зейінге арналған суреттер. Сөздік жұмысы: мысық, үйлер, тышқан, терезе, бас киім, қолғап. Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік Саусақтарда сақина, Қане санап көрсетші. Балаларға жұмбақ жасыру. Пеш түбінде ...... отыр Екі көзін қысып отыр ......етін жегісі келіп Тісі оның қышып отыр. Мысықтарға құлақтарын, үйлерге терезе, тышқандарға құйрықт салып суреттерді толықтыр. Суреттен ненің белгісін көріп тұрсыңдар? Қолғаптар мен баскиімдердің ортақ белгілерін тауып, сызықпен қосыңдар. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар алдымнан жел еседі. Кіп- кішкендай ағаштар үп -үлкен боп өседі. Тізбек түстерінің ауысу ретін сақтап бояп шық жас дарындар 16-17бет Бақылай білу және бақылағаны бойынша көрген заттары туралы айтып беру, әр қатарда белгіленген заттардың ішінен бір-біріне ұқсайтын екі затты х белгісімен белгілеңіз. Ол заттың неліктен басқаларына ұқсамайтынын айтып беріңіз. Бейнеленген нәрсенің бәрін тауып ата. Осы нәрселерді топтап қалай атауға болады? Дөңгелектерді қызыл, үшбұрыштарды сары, шаршыларды жасыл жасыл түске боя. Балалар сонымен біз тышқан мен мысықтың, үйдің қандай бөліктерін салып, қолғап пен құлақшындардың ортақ белгілерін таба алдық па? Түстерді ажырата аламыз ба? Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Суретпен жұмыс» Мақсаты:Геометриялық пішіндерді танып білу дағдыларын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ұқыптылыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдыр:геометриялық фигуралардың кескіндері,түрлі суреттер Балалар жылулық шеңберіне жиналады.Бір-бірлеріне әдемі тілектерін жеткізе отырып,күлкі сыйлайды. Балалар қазір бізде қай мезгіл? Балалар назарымызды тақтаға аудара йық.Тақтада жыл мезгілдерінің суреттері. Төрт мезгілдіңерекшеліктерін атап өтеміз.Тақтада нелер ілініп тұр. Әр мезгілдің өз ерекшеліктері болады.Балаларға –кішкентай,түсі алдында –артында, арасында сөздерді пайдаланып,суреттегі әр заттарды сипаттап беруді ұсынады.Топтағы барлық балалармен осылай жұмыс жасалады.Бірнеше балаларды тақтаға шығарып,оларды бірінің артынан қатарластырып қояды.Қалған балалар олардың белгілерінатап көрсетеді.Үлкен кіші киімінің орналасқан жері.Тапсырманы ауызша орындауды немесе үлкен заттарға қандай шелек берілетінін,оның түсі қандай болуы керектігін анықтап сурет арқылы көрсетуге болады.Тақырыпты қорытындылау және балаларды тапсырмаларды ықыласпен орындағаны үшін мадақтайды.Балалардың тақырыпты түсінгенін тексеру үшін тапсырманы өз беттерінше орындауға беріледі.үлкен заттарды бір түспен,кішкентайын басқа түспен бояу керек.содан соң олардың қағаз бетінде орналасқан орнын сипаттап беру қажет. Қорытындылау Балалардың алған білімдерін қайталай отырып, мақтап мадақтау Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Таныс фигураларды ата» Мақсаты:Балалардың бұрыш туралы білімін қалыптастыру. Бұрыштың түрлерімен, құрылымымен, сүйір, доғал, тік бұрыштардың пайда болу жолдарымен таныстыру. Тік төртбұрыш туралы түсініктерін дамыту Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер Тәрбиеші топтағы заттардың бұрыштарын көрсетіп, "Мынау не?" деген сұрақтар арқылы балалардың түсініктерін байқайды.Бұрыштар үнемі қиып көрсетілмейді. Түзудің бойынан бір нүкте белгілеп, сол жерден сындыру, қағазды бүктеу арқылы жасалатынын түсіндіреді. Бұрыштың төбесі және екі қабырғасы болады (оқулық дәптерді пайдалан).Геометриялық фигуралардың бұрыштарын санап неше бұрышы бар екендігнін анықтайды.Тапқышбек тапсырмасында баспалдақтың бұрышының шамасы оның биіктігіне байланысты. Баспалдақ неғұрлым биік болса, бұрышы да со-ғұрлым үлкен, керісінше баспалдақ аласа болса, бұрышы соғұрлым кіші болатынын түсіндіреді.Балалар Қарындаш тапсырмасын тиянақты орындап, бұрышты бояйды.Тік бұрыш бастайды. Олардың әр түрлі екендігін байқап, суреттегі үйдің терезе, есіктерінің бұрыштарын табады. Бұрыш ұғымын түсінген бала айналасындағы көрген заттардың бұрыштарын салыстыра Қағазды теңдей төрт бүктеп, бұрыш шығарады. Бұл — тік бұрыш. Тәрбиеші тік бұрыш деп көрсетеді.Сондай-ақ, сынық мүйіз оюының бұрыштары тік болады. Геометриялық фигуралардың тік бұрыштарын табу.Қарындаш тапсырмасын орындап, тік бұрыштан басқа да бұрыштардың (сүйір, доғал) болатынын балалардың өздері табады. Қорытындылау Тапқышбек тапсырмасындағы тік төртбұрыштарды балалар дұрыс атап, Қарындаш тапсырмасы бойынша тік төртбұрыштың көшірмесін салады. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Ойлан, тап» Мақсаты:1. Құстар мен жануарларды ажырата білу. 2. Заттардың орнын ажырата білуге үйрету 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Суреттеер, түрлі түсті қарындаштар. Балалар суретке назар аударамыз Балалар сендер суреттен не көріп тұрсыңдар? Қаз, үйрек, тауық Тағы кімді көріп тұрсыңдар? Суретші нені шатастырған? Қаздың балапандарын, т.б. Ендеше оларды орнына қоюға көмектесеміз. Сөйлемді толықтыр Тауықтың балапаны Үйректің.................. Қаздың..................... Көгершіннің............. Күркетауықтың....... Ешкінің..................... Қойдың...................... Сиырдың................... Жылқының............... Түйенің..................... Сергіту сәті Бір, екі, үш Бойға жинап күш Азырақ дем алайық Сосын қайта жазайық Қайсысы артық? Қалғандарын бір сөзбен айтуға болады? Бос торкөздерді сәйкес пішіндермен толтыр. Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар Қандай тапсырмалар сендерге қиын болды? Бүгін өте белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Көңілді санамақтар» Мақсаты:цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету; заттарды санауға машықтандыру; цифрларды тану және бейнелеуге үйрету.Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.Этикалық тәрбие беру. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер,сандар Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау қабілетін нығайтатын тапсырма береді. - Төрт топтағы суреттің әрқайсысында артық зар бар. Соны табыңдар. Ол не үшін артық? Түсіндіріп беріңдер. Санап шық. Топтардың әрқайсысында қанша зат қалды? балықтарды санаймыз. Балықтардың санын қанша шығады сонша цифрымен белгілейміз. Суреттегі заттарды санаймыз сол шыққан санды ауаға жазамыз. Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, қағаздағы санды салып шығамыз.Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз.Балаларға зейінін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма беріледі. Артық затты табыңдар.Оның не үшін артық болып тұрғанын түсіндіріңдер. суреттегі құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейік. Суреттегі заттың санын табу. Тәрбиеші 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Содан соң тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы оқу қызметінен жақсы таныс.Тәрбиеші балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды. Қорытындылау белсенділік танытқаны үшін балаларға алғыс айтады.Оқу қызметін қаншалықты меңгергенін пысықтау үшін ауызша тапсырма беріліп балаларды мадақтайды. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Жылдам ойлан» Мақсаты:азайту амалының мәнін түсіндіру; «азайту» таңбасын қолданысқа енгізу;азайту амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың номерациясын пысықтау; балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту; тәртіпке, реттілікке үйрету. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер,сандар Балалардың назарын тақтаға аудара отырып,ондағы суреттердісалыстыруды ұсынады.Олардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын табу ұсынылады. Балалардан олардың әрқайсысының астына санды карточкаларды қойып шығуларын сұрайды. Балалармен бірге тура және кері санайды. Солдан оңға қарай, содан соң кері қарай санайды. Цифрлы карточкаларды алып тастайды. Суреттің төменгі жағында кішкентай текшелер берілген. Балалар нүктелерді санайды. Суреттерде неше нүкте бар? Олардың цифрлар мен таңбалар арқылы жазып шығуға болатынын түсіндіреді. Берілген тапсырмаға нүктелер мен цифрлар жазылған карточканы жапсыруды тапсырады. Балаларға азайтуға мысал құрастыруға көмектеседі. Жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін сипаттап береді. Келесі тапсырманы балалардың оқу қызметін меңгеру деңгейін тексеру үшін беріледі: жазба мен оған сәйкес суретті сызық арқылы қосу. Қоңыздардың қанатында неше нүкте бар? Олардың цифрлар мен таңбалар арқылы жазып шығуға болатынын түсіндіреді. Бірінші торкөзге қоңыздың сол жақ қанатындағы нүкте санына сәйкес келетін санның жапсырмасын жапсырамыз. Екіншісіне «+» (қосу) таңбасы жазылған. Оң жаққа оң жақ қанатындағы нүкте санына сәйкес келетін жапсырманы жапсырамыз. «=» таңбасынан кейін нәтижесі жазылады. Қорытынды Бұрынғы өткенді қайталау мақсатында берілген тапсырманы орындауға болады. Ол заттарды жіктеуге арналған. Балалар әр ұяшықтағы жиынтыққа тағы бір элемент қосып жапсырады.Балаларды мақтап,мадақтап қорытындылау. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Тапқышбектің тапсырмасын орындайық» Мақсаты:1. Берілген тапсырманы толық орындату. 2. Сұрақтарға жауап беру дағдысын қалыптастыру. 3. Тапсырманы тиянақты орындай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: дәптер, жыл мезгілдерінің суреттері. Сөздік жұмысы жыл мезгілдері, кілемше, өрнектер. Балалар , суретші нені шатастырған? Бұлт үстіне күнді салып қойған. Кілемшелерді боямыз. Сергіту сәті: Айгөлек ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек! Айдай толған кезімде Би билеймін дөігелеп! Өрнектің жетіспейтін бөлігін тап. Сұрақтарға жауап бер Нені төгеді? нені байқады? Нені киеді? Нені тасиды? Нені өреді? Нені тоқиды? Не туралы айтуға болады? Нені әндетеді? Балалар, бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сонымен қандай тапсырмалар сендерге қиын болды? Өте белсен қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Бүтін және бөлік» Мақсаты:«Бүтін және бөліктер» терминін енгізу, бөліктерден бүтінді құрастыруға, бүтінді бөліВариативтік компонент: «Тапқышбектер әлемі»ктерге бөлуге үйрену; бүтіннің тең бөліктерінің атауымен (жарты, ширек) таныстыру; сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; сөйлеу тілдерін және ойлау қабілетін дамыту; Сендер аппликация жасауды жақсы көресіңдер ме? Біз сендермен көптеген аппликациялар орындадық. Бүгін мен сендерге біздің аппликациялық жұмыс үшін бөлшектер дайындауды ұсынамын. Тәрбиеші балаларға түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршы, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыштар таратады. Содан соң тақтаға геометриялық фигуралардан құрастырылған аппликацияны іледі. Аппликациядан не көріп тұрсыңдар? Қалпағы бар саңырауқұлақ құрастырылған фигураларды қалай атауға болады? Дөңгелекті бөліктерге бөлдік. Бұл бөлік жартысы деп аталады. Фигураны екіге бөлуді үйренеміз. Ол үшін дөңгелекті шеттері бір-біріне дәл келетіндей етіп ұқыптап бүктейміз. Олар сызық бойымен бүктеп қию үшін, қайшы беруге болады.Бізде неше жарты пайда болды? Егер біз әрбір жарты дөңгелекті тағы да екіге бүктейтін болсық, онда ширек бөліктер пайда болады. Дөңгелекті ширек бөліктерге бөлуге уақыт беріп, көмектеседі. Содан соң бөліктерін көрсетіп, неше ширек бөлік шыққанын санайды. Шаршыны жарты бөлікке (ширек бөлікке) бөліп көріңдер. Қалай дайындауға болатынын айтыңдар. Содан соң жасаған бөліктерін дайын түрдегі өрнекті партаға қоюды ұсынады: |