«Тап_ыштар _лемі» (вариативтік жоспар). 20202021 оу жылы Тапыштар лемі (вариативтік жоспар)
Скачать 412.24 Kb.
|
Қорытындылау Енді біз осындай аппликацияны жасай аламыз ба? Бөлшектер дайын ба? Олар қалай аталады? Оларды біз қандай фигурадан алдық? - Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық? Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Заттардың орналасуы» Мақсаты:Заттарды әртүрлі белгілері, оның ішінде биіктігі, қалыңдығы, ұзындығы бойынша салыстыра білуге үйрету; тура және кері санау дағдыларын дамыту; зейіндерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру; заттарды күтіп ұстауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар:сандар ,түрлі суреттер «Орманға серуен» атты ситуацияны ұсыну. Аңдар ағаштың артына жасырынып қалыпты. Қане, оларды тауып көрейік. Мен қандай аң жасырынғанын және ол жасырынған ағашты сипаттаймын. Ағашты сипаттайды, бірақ атын айтпайды: - Ол – ең жуан ағаш, биіктігі орташа (20-кестедегі ағаштар, 15 кестедегі аңдар). Оның артында қоян жасырынып отыр. Балалар ол ағашты тауып көрсетеді. Егер балалар дұрыс атаған болса, қоян сол ағаштың артында отырады. - Бұл ағаш ең жіңішке және ең биік ағаш, оның артында тиін жасырынып отыр, т.с. - Бұл жерде қай ағаш ең биік екенін қалай анықтауға болады? Қай ағаш ең аласа екенін ше? Мүмкін біздің көз мөлшеріміз дұрыс емес шығар? Қалай тексереміз? Қандай шартты өлшем алсақ болады? Тәрбиеші жолақша-таяқшаны көрсетеді. Балалармен бірге осындай таяқшаларды әр ағаштың үстіне қояды, неше рет қойғанын санап, ағаштардың биіктігін салыстырады. Әр ағаштың астына тиісті цифр жазылған карточканы қояды. Содан соң ең үлкен цифрды табады. Бұл ағаш ең биігі болып саналады.- Енді ең кіші ағашты табыңдар (осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі) - Біз орманға серуендедік. Жасырынған аңдар таптық. Енді аңдарға дәптермен қалай жұмыс істейтінімізді, неге үйренгенімізді көрсетейік. №1 тапсырмада ең биік, ең аласа, биіктігі бірдей мұнараларды табамыз. Қорытынды Заттарды қалай салыстыру керек? Тақтада салынған жолақтарды салыстыра аласыңдар ма? Неге? Дұрыс, оларды бір-бірінің үстіне қоюға болмайды. Салыстыру үшін, шартты өлшеуіш алу керек. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі:Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Бағыттарды ажырату, оң мен солды айыру» Мақсаты:1. Бағыттарды ажырата білуге үйрету, оң мен солды айыруға үйрету. 2. Бой ерекшелерін салыстыру. 3. Тазалаққа, шапшаңдыққа үйрету. Көрнекіліктер: дәптер, түрлі түсті қарындшатар. Балалар, ендеше дәптерге назар аударайық. Марат Коляның сол жағында отыр. Коля Серіктің оң жағында отыр. Қай бала қай жерде екенін көрсет. Оңға бағытталғанмеңзерлі қызыл түспен, солға бағытталғанын көк түспен, жоғары бағытталғанын сары түспен, тқмен бағытталғанын жасыл түспен боя. сергіту сәті: Жел соқты гу-гу Жаңбыр жауды тырс-тырс Жаңбыр басылды, Күн ашылды. Балалардың бойын салыстыр. Ең бойшаң және ең аласа баланы ата. Кім қайда отыр? Төмендегі пішіндердің ретін бұзбай, толықтырып салып боя. Балалар, біз бүгін сабаққа өте белсене қатыстық. Балалар, сендерге тапсырмалар қиын болды ма? Белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Сәйкестікті ажырата білу» Мақсаты:1. Өз жұмысын түсіндіре отырып, тапсырманы тиянақты орындай білуге тәрбиелеу. 2. Сұрақтарға ойланып жауап бере білуге дағдыландыру. 3. Тазалаққа, шапшаңдыққа үйрету. Көрнекіліктер: дәптер. Балалар қазір Бір-біріне сәйкес келетін жұп заттарды бір түспен боя. Ойланып есептерді шеш. Өз жауабынды түсіндір. Ұяға дейін торғай жылдам ұшып жете ме, әлде жұлдызқұрт па? Терек тұқымынан қанша қайың өсіп шығады? Қарға қатты қарқылдай ма, әлде көкек пе? Килограмм мақта ауыр ма, әлде қант ауыр ма? Жағаға дейин қаз тез түзе ме, әлде әтеш пе? Сергіту сәті: Солға, солға түзу тұр, Оңға, оңға түзу тұр Алға қарай бір адым, Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. Кім қандай машинамен жүреді? Араларын сызықпен қос. Құмыраның суретін аяқтап сал. Балалар, біз бүгін сабаққа өте белсене қатыстық. Балалар, сендерге тапсырмалар қиын болды ма? Бүгін белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Артық затты анықта» Мақсаты:1. Жұмысты тиянақты орындай білуге үйрету 2.Өз жасаған жұмысын бағалау алуға тәрбиелеу. 3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: түрлі-түсті қарындаштар. Сөздік жұмысы: жануарлар, жәндіктер, киімдер, көкөністер, жемістер. Балалар, берілген тапсырмаларды орындайық. Бірінші тапсырма: Әр топтағы артық нәрсені тап. Екінші тапсырма: Өрнекті жалғастыр. Үшінші тапсырма: Құмыраның ішіне және артына жасырынғандарды тап Сергіту сәті: бала, бала, балапан. қане қайсысы алақан саусақтары әйбәт. былай былай ойнап саусақтарымыз әйбәт, би билейміз ойнап. Балалар орнымызға отырып, әліппе діптердегі тапсырмаларды әрі қарай жалғастырайық. Төртінші тапсырма: суретті қайтала. Балалар, біз бүгін сабаққа өте белсене қатыстық. Балалар, сендерге тапсырмалар қиын болды ма? Бүгін белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Оң мен солды ажырату» Мақсаты:1. . Жұмысты тиянақты орындай білуге үйрету 2.Өз жасаған жұмысын бағалау алуға тәрбиелеу. 3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: дәптер, түрлі-түсті қарындаштар. Сөздік жұмысы: тышқан, ойыншық, бақа, кірпі, мысық. Балалар,әліппе дәптеріміді алып ондағы берілген тапсырмаларды орындайық. Бірінші тапсырма: Чиптің оң және сол жағында кімдер тұр? Екінші тапсырма: Ойланып, сөйлемді аяқта Үшінші тапсырма: Жоғарғы және төменгі сөрелердегі ойыншықтарды ата. Олардың түстері қандай? Сергіту сәті: Бала, бала, балапан. Қане қайсысы алақан Саусақтары әйбәт. Былай былай ойнап Саусақтарымыз әйбәт, Би билейміз ойнап. Балалар орнымызға отырып, әліппе діптердегі тапсырмаларды әрі қарай жалғастырайық. Төртінші тапсырма: суретті қайталап сал. Балалар, біз бүгін сабаққа өте белсене қатыстық. Балалар, сендерге тапсырмалар қиын болды ма? Бүгін белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: Ойын «Кім тапқыр?» Мақсаты:Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату. Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.Ақыл-ой белсенділігін күшейту, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар:сандар, үлестірмелі материалдар,суреттер "Кершісін тап", "Қай сан жоқ?" "Жарыс", "Кім шапшаң?" сияқты ойындар ойнатып етілген сабақтардағы сандарды еске түсіріп балалардың белсенді қызығушылығын дамытып, берілген білімді меңгерту. Толықтыруға берілген тапсырмада ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап, торкөзге жазу. Жұмыс барысында Тапқышбек, қадағалап тұрғанын балаларға ескерту. Суреттегі дөңгелектерді түстеріне қарай сұрыптап, есептер құрастыру. Олардың нәтижелерін шығарып, торкөздерді толтыру. Балалар өз еркімен жұмыс атқарады. Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау. Баланы сурет бойынша сөйлету. Суреттерден торғайларды көріп тұрмын. Торғайлар өте көп. Олар бұтақта отыр. Қане торғайлар туралы тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш қайталап, есеп құрастырайық:Сол жақтағы бұтақта 4 торғай отыр еді, оң жақтағы бұтаққа тағы да екі торғай ұшып келіп қонды. Ендеше, 4 торғай+ 2 торғай= 6 торғай. Басқа тапсырмаларда осылай орындалады.Қол жаттықтыру жұмысында бала қасындағы парталас досымен әңгімелесіп, жәй дауыспен естірте сөйлеп берілген жұмыстарды орындауға болады.Тәрбиеші-педагог үлестірмелі материалдарды таратып, балалардың математикалық, тілдік деңгейін тереңдетеді. Қорытындылау Заттардың орнын ауыстырғаннан саны, салмағы, көлемі өзгермейтінін түсіндіру мақсатында өзіндік жұмыс беріледі. Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, ойын нақтылап, дүниетанымын кеңейтеміз.Балаларды мақтап мадақтау. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Заттардың ұқсастығын табу» Мақсаты:1. Заттардағы айырмашылықты аңғаруға білуге үйрету. 2.Ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Тапсырманы зейін қойып орындай білуге тәрбиелеу Көрнекіліктер: дәптер, суреттер. Сөздік жұмысы: беторамал, жәндіктер, құстар. Билингвальный компонент: беторамал-полотенце, носиком-жәндіктер, птицы-құстар. Допты тәрбиеші бір балаға береді «Сен әдемісің» дейді, ал келесі бала сен сұлусың, көріктісің т.б. лебіздерді айтады. Бет орамалға лайықты жауапты тап. Суретте не жетімпейді? Ойлан тап және суретті аяқта. өз-өздеріне баға беру. Сергіту сәті: Бірім.... Екім... Тығыл-тығыл... Бекін-бекін.. Мен санайын Сен бол дайын. Сары шымшық, Сен тұр, сен шық! Мұнда қайсысы артық? Қалғандарын бір сөзбен қалай айтуға болады? Шардың суретін шеңбердің ішінде, бірақ шаршыдан тыс болатындай етіп жерге сал, алманың суретін шеңбер мен шаршының іштеріне, ал қиярдың суретін шаршының ішіне сал. Орамалға жамауды тқалай таптыңдар? Фигураларды орналастыру сендерге қиын болды ма?Белсене қатысқандарыңа рахмет. Бөлімі: Вариативтік компонент: «Сиқырлы сандар» Тақырыбы: «20-ға дейінгі сандарды санауға үйрету» Мақсаты:цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету; заттарды санауға машықтандыру; цифрларды тану және бейнелеуге үйрету.Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.Этикалық тәрбие беру. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер,сандар Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау қабілетін нығайтатын тапсырма береді. - Төрт топтағы суреттің әрқайсысында артық зар бар. Соны табыңдар. Ол не үшін артық? Түсіндіріп беріңдер. Санап шық. Топтардың әрқайсысында қанша зат қалды? балықтарды санаймыз. Балықтардың санын қанша шығады сонша цифрымен белгілейміз. Суреттегі заттарды санаймыз сол шыққан санды ауаға жазамыз. Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, қағаздағы санды салып шығамыз.Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз.Балаларға зейінін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма беріледі. Артық затты табыңдар.Оның не үшін артық болып тұрғанын түсіндіріңдер. суреттегі құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейік. Суреттегі заттың санын табу. Тәрбиеші 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Содан соң тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы оқу қызметінен жақсы таныс.Тәрбиеші балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды. Қорытындылау Белсенділік танытқаны үшін балаларға алғыс айтады. Оқу қызметін қаншалықты меңгергенін пысықтау үшін ауызша тапсырма беріліп балаларды мадақтайды. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Бастаған жұмысты аяқта» Мақсаты:1. Жұмысты аяқсыз қалдырмауға үйрету. 2..Өз жұмысын бағалау. 3. Тапсырманы тиянақты орындай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: дәптер, түрлі-түсті қарындаштар. Сөздік жұмысы: текше, ойыншықтар, моншақ. Балалар, суретке қараймыз Әр текшенің жетпей тұрған бөлігін тап. Текше мен бөлігін бір түспен боя. Жолды соңына дейін толтыр. Моншақтың суретін заңдылығына сәйкес аяғына дейін салып шық. Суретті аяқта. Ойлан не жөнінде айтылған? Өзі дөңгелек, жасыл ала, үлкен әри дамди___________ Бұдыр-бұдыр, кіртілдек, ұзын жасыл____________ Өзі шырайлы, уылжыған әрі хош иісі аңқыған____________. Нәзік, хош иісі аңқыған____________. Ұзын құлақ, сұр, қорқақ____________. Азулы, сұр, ашқарақ____________. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрмайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шеңбер құрып болған соң, Алақанды ұрайық. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға, шапалақта, шапалақта Жоғары төмен қарайық, Саусақтарды санайық Балалар, біз бүгін сабаққа өте белсене қатыстық. Балалар, сендерге тапсырмалар қиын болды ма? Бүгін белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Ойнай отырып, ойла» Мақсаты:цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету; заттарды санауға машықтандыру; цифрларды тану және бейнелеуге үйрету.Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.Этикалық тәрбие беру. Көрнекі құралдыр:Түрлі пішіндер кескіндері,түрлі суреттер,сандар Балалардан тек қана вагондарды санап шығуды сұрайды. Паровозды «қосымша жолға» шығарып қояды. Вагондарды нөмірлеуді өтінеді. Вагондар санын ауыстырып, балалармен бірге солдан оңға кері санайды. Бірінші, соңғы, ортадағы, екінші және үшінші вагондардың ортасында деген сөздерді қолданады. Балаларға «Жасырынбақ» ойынын ойнау туралы ұсыныс жасайды: Тышқан (немесе басқа кез келген кейіпкер) қай вагонға жасырынды? Ойынның шарты: Балалардың бәрі көзін жұмады, жүргізуші тышқанды вагонға жасырады. Содан соң вагонның нөмірін айтпай, оны сөзбен сипаттап беруге тырысады. Басқа балалар сипаттама бойынша жауабын табады. Мысалы: ол екінші мен төртінші вагонның ортасында. Ол бесінші вагон мен үшінші вагонның ортасында немесе ол қызыл емес және үшінші тұрған жоқ және т.б. Ойынға арналған текшелер, цифрлар және сандық суреттермен жұмыс істегенде әртүрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Тәрбиеші цифрды, нүктеден тұратын сан үлгісін немесе заттың санын көрсетеді. Ал балалар соған сәйкес келетін карточканы табады. Жұмысты жұппен орындауға болады. Балалардың бірі санды, екіншісі үлгіні немесе санды карточканы алады. Домино ойынындағы сияқты қимылдайды.Балалар цифр жазылған жапсырмаларды вагондарға жарсырады. Қорытындылау 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балалардан оларды тура және кері қарай хормен санауларын сұрайды. Сөйтіп, олардың санауды қалай меңгергенін тексереді. Содан соң балалар көздерін жұмып, тағы да солай санап шығуы тиіс. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Жолды анықта. Құрлыс ретін көрсету» Мақсаты:1. Жұмысты тиянақты орындау білуге үйрету. 2.Өз жұмысын бағалау. 3. Тазалаққа, шапшаңдыққа үйрету. Көрнекіліктер: дәптер, түрлі-түсті қарындаштар. Сөздік жұмысы: пішіндер, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Балалар, қазір бізде кірпі қонақта Кірпі қайда барады? Өрнекті қайтала. Жолды соңына дейін толтырамыз. Балалар тапсырмаларды орындайды. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрмайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шеңбер құрып болған соң, Алақанды ұрайық. Оң жақтағы балаға, Сол жақтағы балаға, шапалақта, шапалақта Жоғары төмен қарайық, Саусақтарды санайық Үй құрылысының терін көрсет. Суретті қайтала. ойланып, сөйлемді аяқта. Балалар, біз бүгін сабаққа өте белсене қатыстық. Балалар, сендерге тапсырмалар қиын болды ма? Бүгінгі белсене қатысқандарың үшін рахмет. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Математикалық эстафета» Мақсаты:Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру. Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын қалыптастыру. Теңгедегі бабалар өмірінен мағлұмат беру Көрнекі құралдар:теңге монеталар суреттер т.б Тәрбиеші балалар назарын тақтадағы суретке аудара отырып, Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1,2,3,5,10 және т.б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі. Ірі теңгелердегі ұлы адамдар бейнесі Абылай, Әл-Фараби туралы қысқаша мағлұмат беру. Абылай қазақтың ханы, ақылды, батыр болған. Ол үш жүздің басын біріктірген. Шын аты - Әбілмансур. Ол Түркістанда құл Қожахмет Иассауи мавзолейінде жерленген. Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Жастайынан оқу-білім, ғылым іздеген ақылды да зерен еді.Әр ұлттың өз ақшасы бар. Мысалы, көрші елдерде: қырғызда - сом, өзбекте - сум, орыста - рубль, немісте - марка, қытайда - юань, америкада - доллар т.б Олардың құны әрқалай, бірі-бірінен жоғары-төмен болып келеді. Содан соң, оқулықтағы көрсетілген теңге түрлерімен 1,3,5,10 теңгеліктермен балаларды таныстыруға болады. Олардың ара қатынасы: 3 теңге үш бір теңгеліктен, 5 теңге бес бір теңгеліктен, 10 теңге он бір теңгеліктен тұратындығы, т.о.с туралы мағлұмат беріледі. Балалардың күнделікті қолданатын құралдарының бағасымен таныстыру. Теңгелерге амалдар қолдану (қосу, азайту) арқылы есептеу дағдыларын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. ҚорытындылауОқу қызметін "Дүкен" ойыны арқылы қорытындылауға болады. балаларды теңге ұғымымен теңге түрлерімен, олардың арақатынасымен таныстыру, теңгелердің қолданыс орнын біліп бағалау, үнемдік тәрбие беру көзделеді. Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Бөлімі: Вариативтік компонент: «Тапқыштар әлемі» Тақырыбы: «Анама арналған моншақтар » Мақсаты: Балаларға дөңгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөңлелек моншақтардың суретін салуды үйрету. Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.Сөздік жұмыс: моншақ. Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар.Билингвальды копонент:анама арналған-для мама,моншақ - бусы.Балалар бүгін бізге Қуыршақ Айсана келіпті. Ол өзіне әдемі көйлек, әдемі моншақ сатып алыпты. Ал енді анасына қандай моншақ түрін сыйлайтынын білмей тұр. Айсанаға көмектесеміз бе? Айсана анасына әдемі моншақ сыйлағысы келеді. Балалар моншақ қандай пішінде болады? Балалар түстері қандай болады? |