Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
Скачать 2.54 Mb.
|
fn- жұмыстардың тереңдігін, забойдың суландрылуын және лақтырыс қауіптілігін, тау-кен массасын тасымалдау ұзындығын ескеретін түзету коэффициенті; F- қазбаның жарықтағы көлденең қимасының ауданы, м , r - құрылыс кезеңін ескеретін коэффициент, r = 2,55; Кн= 0,99 + 0,12 Нср= 0,99 + 0,12 0б793/2 . = 1,03; Коз= 1,04; KВ= 1,0; Ке= 1,0; fn= 1,03х 1,04.х1,0х1,0= 1,079; КСр= (202+8,4·50,2]·1,079+8-50,2-92.2,55 = 2505 тг./м.. Оқпанды жүргізудің толық құны К= 2505 • 793 = 1986964 тг құрайды. Үйлесімді түрде барлық қазбалар бойынша шығындарды анықтаймыз және әрбір вариант үшін нәтижелерді 11.7, 11.8-кестелерге енгіземіз. Алғашқы шығындарды анықтағаннан кейін болашақ кезеңдердің күрделі шығындары есептелінеді. Алдағы жылдардың шығындарына шақтыны пайдалану кезеңінде жүзеге асырылатын күрделі шығындар (оқпандарды тереңдету, жаңа горизонттарда оқпан албарларын, квершлагтарды және басқа да қазбаларды өту) жатады. 1- вариант үшін мұндай шығындарға бірінші ярусқа және еңістердің қабылдау алаңына арналған күрделі еңістерді және жүріс жолдарды жүргізуге жұмсалатын шығындар жатады. 2- вариант үшін алдағы жылдардың шығындары келесі шығындардан қалыптасады: оқпандарды тереңдетуге; оқпан албарын өтуге; күрделі квершлагтарды, магистралдық штректерді, жоғарғы және төменгі қабылдау алаңының жүрісжолдарын күрделі бремсбергтерді жүргізуге; бірінші ярусқа арналған жүріс жолдары күрделі еңістерді жүргізуге арналған шығындардан. Жұмыстардың көлемін және соған сәйкес шығындарды анықтау кезінде алынған барлық мәліметтерді 7, 8-кестелеріне “Алдағы жылдардың шығындары” графасына енгіземіз. Алғашқы күрделі шығындар ашуда қарастырылатын варианттар бойынша шамасына қарай өзгеретін болатындықтан, ал алдағы жылдардың шығындары әр түрлі уақытта шақтыны қабылдағаннан кейін жүзеге асырылатындықтан, оны дұрыс бағалау үшін оларды бір уақытқа келтіру қажет. Әдетте, базалық уақыт кезеңі болып жобалық қуаттылықты игеру жылы немесе шақтыны пайдалануға қабылдау жылы саналады. Біздің үлгіде күрделі шығындарды салу жылы шақтыны пайдалануға қабылдау кезеңінен бастап анықталынады. Келтірілген күрделі шығындарды келесі формула бойынша есептейміз Кпр=Кпер[1+Енп]tстр/2+ буд /[1+Енп]t , теңге мұнда Кпер Кбуд – алғашқы және алдағы жылдардағы күрделі шығындар, тг.; Ен.п - әр түрлі уақытта болған шығындарды келтірудің нормативтік коэффициенті [ Енп= 0,1] tстр- шақты құрлысының мерзімі, жыл; t – күрделі шығындарды келтіру кезеңі, жыл. Келесі кезеңде пайдаланушылық шығындарды анықтаймыз, оған қазбаларды жүргізуге жұмсалған шығындар Кэ, қазбаларды күтіп ұстауға жұмсалған шығындар R, жерасты көлігі және оқпандар бойынша пайдалы кендерді көтеру Стр , негізгі және көмекші (еңістер бойынша) сутөкпе СВОД жатады. Пайдаланушылық шығындар бойынша бастапқы және есептік мәліметтерді 3, 4, 5, 6, 7, 8-кестелерге енгіземіз. 1- вариантқа арналған пайдаланушылық шығындар келесі шығындардан тұрады: екінші қабаттан еңістерді жүргізу; оқпандарды, оқпан албарларын, квершлагтарды, магистралдық және желдетпе штректерін, бремсбергтерді және жүрісжолдарды, еңістерді күтіп ұстау; бремстергтер, еңсітер, магистралдық штректер, квершлагтар, оқпан бойынша пайдалы кендерді тасымалдау; еңістер мен оқпан бойынша сутөкпелеу. 2- вариантқа арналған пайдаланушылық шығындар келесі шығындардан түрады: екінші ярустан еңістерді жүргізу оқпандарды, оқпан албарларын, квершлагтарды, магистралдық және желдетпе штректерді, бремсбергтерді және жүріс жолдарды, еңістерді күтіп ұстау; бремсбергтер жіне еңістер, магистралдық штректер және оқпан бойынша екі жұмыс горизонттарын ескере пайдалы кендерді тасымалдау; еңістер мен оқпан бойынша сутөкпелеу. Күрделі шығындардың есебінен қазбаларды күтіп ұстау, жылына 1 м қазбаны жүргізудің %-тік құнында амортизациялық аударылған қаражат есебінде анықталатынын атап айтқан жөн. Жылдық амортизациялық қаражаттардың шамасы 2,2 бастап 2,4 % дейін құрайды. Бірінші вариантқа арналған клеттік оқпанды күтіп ұстау құнын анықтаймыз: Rств=Lств· rств·Tств, теңге, мұнда Lств – оқпанның тереңдігі, м; rств – жылына 1 м оқпанды күтіп ұстаудың құны, тг/м жылына; rств=0,022·Кств, тг/м жылына; Кств – 1 м оқпанды жүргізудің құны, тг/м жылына; rств =0,022·2505=55 тг/м жылына Rств=793·55·35=1526530 тг. Қарастырылған варианттар бойынша белгіленген жұмыс көлемдері және тасымалдау мен су төкпеге арналған шығындарды 11.11, 11.12-кестелерге енгіземіз. 11.13-кестеде варианттар бойынша ескерілген шығындар келтірілген. Кестені талдауда варианттар бойынша ескерілген жалпы шығындар есептеу дәлдігінің шамасында 5 % ерекшеленетінін көрсетеді. 1-ші вариант бойынша алғашқы күрделі шығындар 7 %-ке ұқсас вариант бойынша жұмсалған шығындардан арта түседі. Алдағы жылдардың шығындары 2-ші вариант бойынша 15,5 рет 1-ші вариант бойынша сәйкес жұмсалған шығындарға қарағанда көп. Пайдаланушылық шығындар 1- вариант бойынша 28 %-ке 2- вариантқа қарағанда арта түседі. Ашудың экономикалық тиімді вариантын анықтау үшін варианттар бойынша келтірілген салыстырмалы шығындарды анықтаймыз: 11.8-кесте– 2- вариант бойынша жұмсалған күрделі шығындар
|