Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмыстың мақсаты .

  • Жұмысты орындаудың теориялық негіздері .

  • Жұмыстың орындалу тәртібі

  • Бақылау сұрақтары

  • Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


    Скачать 2.54 Mb.
    Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
    Дата14.02.2023
    Размер2.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшу дәріс.docx
    ТипДокументы
    #936002
    страница16 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    1. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 5.01.75. - М.: Недра, 1976. 152 с

    2. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых / А.С.Бурчаков, Н.К.Гринько, Д.В.Дорохов и др. - М: Недра, 1983. - 487 с.
    9-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Оқпандарды орналастыру орнын таңдау

    Жұмыстың мақсаты. Шақты алабын қазудың қолайлы тау-кен геологиялық жағдайларында шақты алабын қазу кезінде басты және көмекші оқпандарды орналастыру орнын таңдауды үйрену.

    Жұмысты орындаудың теориялық негіздері. Шақты алабтарын немесе олардың бөліктерін ашу оларды мұқият және дер кезінде ашуды талап етеді. Жаңа оқпандардың құрлысы кешенді процесс болып табылады. Орналастыру орнын анықтау кен-геологиялық, кен-техникалық және әлеуметтік-экономикалық факторлармен анықталады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны қорғау мәселесі үлкен ие бола бастайды.

    Оқпандарды орналатыру орнын таңдау кезінде ескерілетін негізгі кен- геологиялық факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:

    • тау-кен жұмыстарын жүргізудің орташа тереңдігін;

    • созылым, құлама бағыт бойынша шақты алабының өлшемдері;

    • шақты алабындағы жұмыс тақталарының саны;

    • бір уақытта қазымдалатын көмір тақталарының саны және олардың арасындағы қашықтық;

    • үстемелеп қазу және шала қазу жағдайлары жән оларды іске асыру қажеттілігі;

    • көмір тақталарының қуаттылығы және құлау бұрышы;

    • көмірлі жыныс массивінің газмолдылығы мен сумолдылығы;

    • кенорнының бұзылуы және жер бетінің рельефі;

    • тау соққылары мен оқыс лақтырыстар бойынша тау жыныстары массивінің қауіптілігі;

    • сыйымды жыныстардың, пайдалы қазбаның және т.б. физика-механикалық қасиеттері.

    Оқпандарды орналастыру орнын таңдауды анықтайтын кен-техникалық факторлар төмендегідей болуы мүмкін:

    • тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігі;

    • тау-кен қазбаларын кеңістіктік дамыту және оларды желдету;

    • жер бетінде оқпандарды салу және пайдалану жағдайлары;

    • қолданыстағы тау-кен техникасы мен технологиясының тиімділігі және олардың ұзақ уақыт кезеңге даму переспективасы;

    • шақты алабының қоры;

    • шақтының тәуліктік қуаттылығы және тазартпа кенжарының орташа жүктемесі;

    • даярлау және тазартпа кенжарларының саны.

    Оқпандарды орналастыру орнын таңдауға әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларға төмендегілер жатады:

    • кәсіпорын әрекетінің еркіндік дәрежесі;

    • Ресейдің Мемлекеттік қалалық техникалық қадағалауы мен жергілікті билік басшыларының ұйғарымы;

    • қоғамдық ой;

    • тау-кен техникасы, технологиясы және қоршаған ортаны қорғау құралдары саласындағы инновациялардың тиімділігі;

    • қоршаған ортаны қорғау талаптарын есепке алу және табиғи ресурстарды күтіп ұстау;

    • кенорындарын ашу және инфрақұрылым дамуының экологиялық қауіпсіз схемасын қолдану;

    • қоршаған құрылыстар архитектурасы мен көріністің сипатын ескерумен жер беті кешенінің жобасын құрастыру;

    • кірме жолдардың, электр жабдығының болуы және инфрақұрылымның дамуы;

    • техникалық суларды тазарту, өндіріс қалдықтарын жою.

    Бас оқпанның орналасу орны жоғарыда аталған факторларды есепке алғаннан кейін экономикалық есептермен анықталады. Таңдап алынған учаскі ең аз алғашқы күрделі шығындар мен пайдаланушылық шығындарды қамтамасыз етуі қажет.

    Алу алабтарына байланысты оқпандарды орталыққа орналастыру бірқатар жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Кемшіліктерге орталықтан бастап шақты алабының шекараларына дейін тазартпа жұмыстарын жүргізу кезінде оқпанның бұзылу қауіптілігін және қорғау діңгектеріндегі пайдалы қазбалар жоғалымының жоғары үлесін жатқызған дұрыс.

    Сонымен, оқпандарды жүргізудің кез келген варианты көптеген факторлардың оңтайлы мағыналарының арасындағы келісімді білдіреді. Кен-геологиялық, кен-техникалық әлеуметтік-экономикалық, жобалық-конструкторлық және табиғат қорғау аспектілерінің кешенін оңтайлы қарастыру әлі күнге дейін шешімін таппаған болып қала береді.

    Тікбұрышты үйлесімге жақын шақты алабында, қазылатын біртақта сақталу қуатты және басқа да жағдайлар кезінде созылым бойынша бас оқпанның оңтайлы салыну орны шақты алабының ортасында болады (11.10-сурет). Бұл пайдалы қазбаларды, жабдықтар мен материалдарды тасымалдаумен байланысты пайдаланушылық шығындармен анықталады. Сонымен қатар, бас оқпанның орталық орналасуы тау-кен жұмыстарының шоғырлануын жоғарылатады, көмір өндірудің техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.

    Шақты алабын қазымдау кезінде әр түрлі жүктерді тасымалдаумен байланысты шығындарды келесі формула бойынша бағалауға болады
    (11.1)
    мұндағы Qi — алынатын шақты алабының қорлары немесе жүктердің массасы (1 т жатқызылған жүк массалары); Сi— 1 т жүкті 1 км қашықтыққа тасымаладуға жұмаслатын шығындар, тг.; S — ортақ желдетіспен, тасымдау жүйесімен, қазымдау уақытымен біріктірілген шақты алабы бөліктерінің саны; d— S/K ұзындығымен барлық қорларды алу кезінде жүктермен өтетін жол бөліктерінің сандары.

    Егер шақты алабын шартты түрде төрт бөлікке бөлсе (11.10-суретке қараңыз), яғни S = 4, онда оқпанның 1 нүктесінде орналасуы кезінде жол бөліктердің саны d – 4, 2 нүктесінде орналасу кезінде d=l, 3 нүктесінде орналасу кезінде d = 10. Сонымен, жалпы шығындар 1 нүктесімен салыстырғанда 7/4 рет және 2 және 3 нүктелерінде соған сәйкес 5/2 рет артатын болады.

    Құлау сызығы бойынша оқпанның орналасу орны шақты алабында этаждардың, ярустардың, горизонттардың санымен және өлшемдерімен анықталады. Бас оқпанды өрлеме бойынша орналастыру кезінде этаждардың немесе ярустардың саны құлама бойына қарағанда бірнеше көп болғаны дұрыс. Бұл тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігі, желдету, тасымалды ұйымдастыру, тау қысымымен басқару сияқты факторлармен анықталады.



    11.10-сурет-Тікбұрышты пішіндіде оқпанды орналастыру орнын анықтауға арналған шақты алабының жоспары
    Тақталарды ашу кезінде бас оқпанның орны шақты алабының шекараларына қатысты созылым бойынша жазықтықпен анықталады.

    Құлама бойынша оқпанның орналасу орны ашу схемасына байланысты (11.11,а-сурет).

    Жазылым мен құлама бойынша өлшемдері тең және көмірдің бірдей қалыңдығы кезінде көмір қорын білдіретін деректерді оларға пропорционал тақталар қуаттылығымен ауыстыруға болады.

    Көп горизонттық ашу кезінде оқпандардың орналасу орны келесі түрде анықталады. Квершлагтардың тасымалық штректермен қиылысу нүктелерінен барлық жүктер шартты түзу сызыққа (11.11,б-сурет) беткескінделеді. Содан кейін, акад. Л.Д. Шевяков ұсынған шартты (11.2) пайдалана отырып, бас оқпанның ең ұтымды орнын анықтайтын қарапайым жүкті табады. Берілген шарт мынадай түрге ие:

    (11.2)
    мұндағы qn — тасымалданатын қарапайым жүк.

    Оқпандардың оңтайлы орналасқан орны жүк qn өтетін нүкте болып табылады. Егер теңсіздіктердің біруі теңдікке айналса, онда оңтайлы орын тең сомалардың арасындағы сызықта орналасатын болады.

    Жүктерді тасымалдаумен байланысты шығындарды көрсету оларға пропорционал тақталардың қуаттылығын келесі шарттарды ескере ауыстыруға болады:

    • шақты тақталарының бірдей тығыздығы кезінде;

    • барлық шақты тақталарында созылым мен құлама бойынша шақты алабының тең өлшемдері кезінде;

    • қуаттылықтары бойынша бір жіктелетін топта алынатын көмір тақталарының болуы кезінде;

    • көмекші жүктерді және жабдықты тасымалдаумен байланысты үлкен шығындардың жоқ кезінде, яғни оларды ескермеуге болатын жағдайда.




    а — шақты алабын біргоризонттық ашу кезінде; б – шақты алабын көпгоризонттық ашу кезінде

    11.11-сурет- Көмір тақталарын қазу кезінде оқпанның орналасу орнын анықтауға арналған схема
    Онда (11.2) формуласын былай жызуға болады:

    , (11.3)

    мұнда т — әрбір шақты тақтасының қуаттылығы, м; — горизонттардың, немесе шақты алабындағы этаждардың саны.

    Тау-кен қазбалары бойынша толтырма материалдарын тасымалдауға жұмасалатын шығындар көмір тасымалына қарағанда жоғары екенін білген жөн. Орташа қуаттылықтарды және қуатты тақталарды қазымдау кезінде материалдар мен жабдықтарды тасымалдауға жұмсалған шығындарды пайдалы қазбаларды тасымалдауға жұмсалатын шығындармен салыстыруға болады. Тау-кен массасын, материалдар мен жабдықтарды үстіңгі бет бойынша тасымалдаумен байланысты шығындар, жерасты жағдайларындағыға қарағанда аз.

    Шақты алабының пішіні дұрыс болмаған жағдайда бас оқпанның оңтайлы орналасу орнын табу үшін оны бөліктерге бөледі (11.12-сурет). Әрбір учаскенің жүктерін жинау орталықтары координата осьтерінде беткескінделеді. Содан кейін (11.2) формулалары бойынша әрбір остегі жүктің qn орнын табады. Қиылысу нүктесінің координаталары бас оқпанның оңтайлы орналасу орнын анықтайды.


    11.12-сурет- Шақты алабының пішіні дұрыс болмаған жағдайда бас оқпанның орналасу орнын анықтау

    Шақты алабының пішіні дұрыс болмаған жағдайда жүктерді тасымалдауға жұмсалған шығындарды олардың аудандарының пропорционал көлемдерімен ауыстыруға болады. Бұл жағдайда, келесі шарттар сақталуы қажет:

    • шақты алабындағы тақта қуатының тұрақтылығы;

    • көмір тақтасының тығыздық тұрақтылығы.

    Онда шақты алабын тең бөлетін нүктені іздеу шарты келесі түрге ие болады:
    (11. 3)

    мұндағы S, — шақта алабын құрайтын қарапайым фигуралардың ауданы, м2; SD — ізделінді ортаға жақындау орналасқан қарапайым ауданы, м2.

    Есеп. Дұрыс емес пішінді шақты алабының көмір тақталары үшін бас оқпанның оңтайлы орналасу орнын таңдау. Шақты алабының шекарасы мыналар: өрлеме бойынша — тасынды астына тақта шықпасы, құлама бойынша — төменгі техникалық шекара, сол жақта — 30° азимутымен ірі геологиялық бұзылым, оң жақта — 135° азимутымен қорғау кентірегінің шекарасы. Шақты алабының өлшемдері: жазылым бойынша 8000 м, құлама бойынша 4000 м; тақталардың құлау бұрышы 20°; олардың қуаттылығы m1 = 1,8 м, m2 = 2 м, m3 - 3 м тең; ашудың екі горизонттық схемасы қолданылады.

    Кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайлар жүктерді тасымалдауға жұмсалған шығындарды пропорционал тақталар қуаттылығы мен аудандарға ауыстыруға мүмкіндік береді.

    1-шешім. Шақты алабының тілігін созылым қиысына құрамыз (11.13-сурет) және оны 11.11 және 11.12 - суреттерде көрсетілгендей, есептеме үшін ыңғайлы екі бөлімге бөлеміз.

    2. Жиналатын пункттерден (11.13- сурет,а) mп сызығына беттескенді бағыттаймыз және дәйекті қосумен соманы табамыз Smi,лев , сондай-ақ qn элементін көрсетеміз.

    а — тақталардың созылымына қиғаш; б — шақты алабының жоспарында.

    11.13-сурет -Есептік үлгі бойынша оқпанның орналасу орнын анықтау


    (11.4)
    Алынған деректерді (11.3) шарты бойынша тексереміз. Ол осы жағдайда орындалады. Сондықтан, тілікте бас оқпанның тақтаның жазылымына қиғаш оңтайлы орналасу орны есептелінген сомалардың арасындағы учаскеде тұрады. Қорғау кентіректеріндегі пайдалы қазбалардың ең аз жоғалымдарын қамтамасыз ету мақсатымен, бас оқпанның дұрыс орналасу орнын таңдаймыз (11.13,а - сурет).

    1. Үшбұрыштардың ауырлық орталығынан (олардың медианаларының қиылысу нүктесі) беткескіндерді Y және Х остеріне саламыз (11.13,б - сурет) және дәйекті қосумен әрбір осте соманы табамыз, сонымен бірге SD. элементін көрсетеміз:



    X осі бойынша:

    Y осі бойынша:

    Алынған деректерді (9.3) шарты бойынша тексереміз. Ол орындалмайды,
    себебі .
    Сондықтан сол жақ қосындыны азайтамыз:


    Алынған деректерді (9.3 а) шарты бойынша. Ол орындалады. Сондықтан, шахта алабының жоспарында бас оқпанның оңтайлы орналасу орны S5 нүктесінде X және Y остері бойынша координаталармен учаскеде тұрады. Жоспарда бас оқпанның дұрыс орналасу орны жасалған есептеулерге сәйкес 11.13,б - сурет көрсетілген.

    Жұмыстың орындалу тәртібі

    Жұмысты орындаудың теориялық негіздерімен танысқаннан кейін студенттер зертханалық жағдайда тау-кен жұмыстарының жоспарларын, макеттер мен плакаттарды пайдалана бас оқпанның орналасу орнын зерттейді.

    11.15-кестенің алғашқы мәліметтерінің негізінде студенттер есепті іске асырады және оқпанның созылымға қиғаш және шақты алабының жоспарында оқпанның орналасу орнын таңдау схемасын сызады.

    Бақылау сұрақтары

    1. Бас оқпанның орналасу орнына әсер ететін негізгі кен-геологиялық

    факторларды атаңыз.

    1. Шақты алабында бас оқпанның орталықта орналасуының

    артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

    1. Құлама, созылым бойынша бас оқпанның орналасу орнын таңдау

    немен анықталады?

    1. Қазылатын тақталардың қуаттылықтарына байланысты жүктерді

    тасымалдауға жұмсалатын шығындарды ауыстыруға мүмкіндік беретін шарттарды атаңыз.

    11.15-кесте

    Вари-ант

    Шақты алабының өлшемдері, м

    Шақты алабы шекарасының азимуты, град

    Көмір тақталарының қуаттылығы, м


    Құлау бұрышы, град

    жазылым бойын-

    ша

    құлама бойын-

    ша

    сол жақ

    оң жақ

    1

    2

    3

    4




    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    1

    6000

    3100

    30

    135

    2

    2,5

    3

    1,5

    10

    2

    9000

    4000

    20

    170

    3,5

    3

    2,8

    -

    18

    3

    4000

    2000

    60

    180

    3

    2

    3,5

    -

    12

    4

    5000

    3000

    10

    175

    1,4

    1,6

    2

    -

    6

    5

    4000

    2000

    20

    165

    5

    4,5

    3

    -

    7

    6

    6000

    4000

    15

    170

    6

    3

    4

    -

    7

    7

    10000

    3000

    45

    135

    1,1

    0,9

    1

    1,2

    9

    8

    5000

    3500

    25

    145

    0,7

    1,1

    0,9

    1,3

    6

    9

    6000

    3000

    10

    170

    1,6

    1,8

    2

    2,2

    12

    10

    7000

    4000

    20

    160

    2

    2,5

    2,2

    3

    16

    11

    8000

    2500

    30

    150

    3,5

    4

    4,2

    -

    20

    12

    5000

    3500

    35

    145

    3

    4,5

    3,5

    -

    25

    13

    8000

    4000

    40

    140

    1,8

    1

    2,6

    -

    8

    14

    4000

    3000

    10

    170

    2,5

    3

    2,8

    3,2

    18

    15

    7000

    3000

    15

    110

    1,2

    1,7

    1,9

    -

    5

    16

    6000

    3000

    25

    145

    2

    1,8

    1,1

    0,8

    12

    17

    9000

    2500

    29

    155

    2,1

    0,9

    1,7

    -

    18

    18

    5500

    2400

    35

    135

    1,7

    1,4

    1,2

    -

    3

    19

    6500

    3100

    30

    120

    2,5

    1,7

    3

    1,4

    6

    20

    7500

    2700

    20

    125

    2,3

    2

    0,8

    1,2

    11


    10-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Шақты алабын, жайпақ және көлбеу тақталарды ашу технологияларының варианттарын конструкциялау
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


    написать администратору сайта