Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  • Жұмысты орындауға арналған тапсырма

  • Жұмыстың орындалу тәртібі

  • Бақылау сұрақтары

  • Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


    Скачать 2.54 Mb.
    Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
    Дата14.02.2023
    Размер2.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшу дәріс.docx
    ТипДокументы
    #936002
    страница15 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    Бақылау сұрақтары

    1. Негізгі ашу қазбалардың типін атап шығыңыз.

    2. Қосымша ашу қазбаларға қандай қазбалар жатады?

    3. Қандай жағдайларда шақты алабтарын штольнялармен ашады?

    4. Қандай нышандар бойынша шақты алабтарын ашу схемаларын ажыратады?

    5. Горизонттардың санына және шақты алабына қатынасты негізгі ашу қазбалардың өзара орналасуына байланысты шақты алабтарын ашу схемаларының түрлерін атап шығыңыз.

    6. Негізгі және қосымша ашу қазбалары қандай технологиялық функцияларды орындай алады?

    7. Созылым және құлама бойынша шақты алабының өлшемдеріне шақты алабын ашу тәсілі тәуелді ме?

    8. Тақталардың көлбеу бұрышы шақты алабын ашу схемасын таңдау кезінде әсер етуші фактор болып санала ма?

    9. Шақты алабын ашу тәсілін таңдау кезінде қолданылатын варианттар әдісінің мәнін түсіндіріңіз.

    10. Шығындардың қандай категориялары шақты алабтарын ашудың салыстырмалы варианттары бойынша объектілерді салу құнын анықтау кезінде ескеріледі?

    11. Қандай мәліметтердің негізінде шақты алабын ашудың ең тиімді вариантын қабылданады?

    12. Күрделі шығындарға анықтама беріңіз. Олардың құрылымы қандай?

    13. Алғашқы күрделі шығындар дегеніміз не?

    14. Пайдаланушылық шығындарды атаңыз.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
    1. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /А.С.Бурчаков, Н.К.Гринько, Д.В.Дорохов и др. -М.: Недра, 1983. - 487 с.

    2. Задачник по подземной разработке угольных месторождений /К.Ф.Сапицкий, Д.В.Дорохов, М.П.Зборщик и др. - М.: Недра, 1983. - 311с.

    № 7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Тік оқпандар кезінде оқпан албарының технологиялық схемаларын оқып білу

    Жұмысты орындауға арналған тапсырма:

    Оқпан албарының жұмыстық сызбасы бойынша:

    - оқпандардың саны мен оқпан албары орналастын оқпандардың бағытын анықтау;

    - оқпандардың функцияларын және олардың әрқайсысындағы тасымалдау тәсілдерінің типін белгілеу;

    - оқпан албарына негізгі тарамдарына байланысатын тау-кен қазбасының типін белгілеу;

    - оқпан албары көмірді, жынысты, материалдар мен жабдықтарды тасымалдаудың түрі мен схемасын анықтау;

    - оқпан албарының класын белгілеу.

    - қазбалардың атаулары мен оқпан албарының тарамдарын көрсете оқпан албарының технологиялық схемасын сызу, стрелкалармен жүк тасқыны қозғалысының бағытын көрсету, оқпан албарына тиелген құрамдардың қозғалысына сипаттама беру.

    Жұмыстың мақсаты – көмір шақтыларының оқпан албарларының технологиялық схемалары туралы білімдерді нығайту; оның жұмыстық сызбасы бойынша оқпан албарының класын белгілеу.

    Жұмыстың орындалу тәртібі

    1. Дайындалу және зертханалық жұмыс кезінде студент [1, ХП б; 2, §28—43] оқып білу және жұмысты орындаудың келтірілген үлгісін талдауы қажет.

    2. Әрбір студентке оқпан албарының жұмыстық сызбасы беріледі. Екі студентке бір сызбаны беруге рұқсат етіледі.

    3. Алдымен оқпан албарының сызбасымен танысу ұсынылады: шақтының атын, масштабын, оқпан албары қандай жыныстарда және қандай горизонтта орналасатынын жазып алу.

    4. Сызба бойынша оқпандардың орналасу орны, олардың саны, осьтер бойынша оқпандар арасындағы қашықтық, әрбір тарамдағы тасымалдау тәсілдері және функциялары анықталынады.

    5. Оқпан албарымен байланысатын тау-кен қазбасының типі анықталынады.

    6. Оқпан албары қазбалары бойынша тасымалданатын көмірлердің, жыныстардың, материалдар мен жабдықтардың типтері, оқпандардың тасымалдау құралдарына көмір мен жыныстарды жүктеу тәсілі анықталынады.

    7. Оқпан албарына локомотивтік (конвейерлік) тасымалдаудың схемасы анықталынады.

    8. 3-7 пункттері бойынша белгіленген барлық мәліметтер сипаттама немесе кесте түрінде зертханалық жұмыс туралы есепте тіркеледі.

    9. Масштаб бойынша оқпан албарының технологиялық схемасы сызылады. Онда оқпан албарымен байланысатын қазбалардың аттары және оқпан албарының тарамдары және олардың ұзындығы көрсетіледі.

    10. Стрелкалармен жүк тасқыны қозғалысының бағыты көрсетіледі және оқпан албарына құрамдардың келіп түсу сәтінен бастап және учаскеге барлық жүк тасқыны бойынша операцияларды көрсету мен жібергенге дейін локомотивтер маневрлерінің схемасы сипатталады.

    11. Оқпан албарының класы оқпандардың функциялары, тасымалдау түрі, құрамдардың принципі мен схемасы және негізгі тарамдардың орналасуы бойынша белгіленеді.

    Жұмысты орындау үлгісі

    1. Сызбада 1:200 масштаб бойынша "Донецкуголь" өндірістік бірлестігінің "А" шақтысының 475 м горизонтының оқпан албары ұсынылған (оқпан албары сызбасы мұнда келтірілмейді).

    2. Сызба бойынша оқпан албарында орналасатын жыныстарды анықтау мүмкіндігі берілмейді.

    3. Оқпан албарында екі оқпан орналасқан. Бас оқпан көмірді шығаруға арналған екі скиптік көтергімен және жынысты шығаруға арналған кері салмақты бір скиптік көтергімен жабдықталған. Клеттік оқпан адамдарды, материалдар мен жабдықтарды түсіру және көтеру бойынша көмекші функцияларды орындау үшін кері салмақты екі бір клеттік көтергілермен жабдықталған. Оқпандардың осьтері арасындағы қашықтық 30 және 35 м.

    4. Оқпан албары 475 м горизонтының күрделі квершлагымен шектеседі.

    5. Оқпан албары квершлагы мен қазбалары бойынша көмірлерді, жыныстарды мен материалдар тасымалдау тұтас шанағы бар вагондармен аккумуляторлық электровоздардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұған көмір мен жынысы бар вагондарды жүктеу үшін скиптік оқпанның жүк тарамдарында аударғыш машиналардың бар болуы дәлел бола алады. Демек, осы оқпан албары құрамдардың толассызды емес қозғалатын албарларына жатады.

    6. Оқпан албары қазбалары мен тарамдарының тізімі бар технологиялық сұлбаны және олардың ұзындықтарын көрсете сызу. Стрелкалармен жүктасқындары қозғалысының бағытын көрсету.

    7. Құрамдар мен жеке вагондардың қозғалысының схемасы келесідей. Аралас құрамдары бар вагондарды (көмірлері, жыныстары және материялдары). Электровоз квершлагтың үстіңгі жолы бойынша оқпан алабының сол жақ 2-2 съездің алдына тоқтайды және құрамнан босатылып 1-1 съезд арқалық құрам 3 стрелкаға дейін 1 м/с [2,428] аз жылдамдықпен итеріледі. Сонымен бірге, көмірі бар вагондар 3 стрелка арқылы скиптікоқпанның көмірлік жүк тарамына бағытталады, онда олар итергіштің көмегімен жүктеу үшін аударғышқа беріледі, ал жыныстары бар вагондар құрамнан ағытылады және 4 стрелкаға дейін және сол арқылы жыныстық аударғышқа скиптік оқпанның жыныстық тарамдарына итеріледі. Осындай тәртіппен материалдық вагондар ағытылады және 5 стрелка арқылы клеттік оқпанның кірме тарамына электровоздың көмегімен итеріледі.

    Вагондарды сәйкес тарамдарға итеріп, электровоз басып озу жолымен жыныстық аударғыштың жанынан скиптік иелігінің жүксіз тарамдарына өтеді, бос вагондардың қажетті санын өзіне тіркейді, ал шығу тарамдарына – материалдары бар вагондар және 10 стрелка арқылы және II—IX съездері арқылы квершлагтың төменгі жолы бойынша бағыт орнына қарай жүреді.

    Квершлагтың төменгі жолы бойынша оң жақ қанатынан оқпан албарына келіп жететін вагондардың құрамы бар электровоз 2-2 съезд арқылы өтеді, сонымен бірге, ағытылмай, оқпан албарының сәйкес тарамдары бойынша вагондарды итереді. Оның алдағы маневрлері жоғарыда сипатталғандарға ұқсас, шығу стрелкасынан 10 кейін электровоз құрамның басында оң жақ қанатқа қарай өтеді және квершлагтың үстіңгі жолы бойынша бағыт орнына қарай жүреді.

    8. Осы оқпан албарын келесі түрде әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады:

    - оқпандардағы көтергіш ыдыстар бойынша-екі оқпандармен

    скиптік-клетті;

    - оқпан албарында пайдалы кендерді тасымалдау түрі бойынша – тұтас шанағы бар вагондардағы жүктерді тасымладумен;

    - құрамдардың қозғалысы принципі бойынша – толассызды қозғалыспен;

    - құрамдар қозғалысының схемасы бойынша – шеңберлі;

    - шектесіп жатқан қазбаға басты тарамдардың (квершлагтың) орналасуы бойынша - қиғаш оқпан албары.
    Бақылау сұрақтары

    1. Оқпан албары түсінігіне анықтама беріңіз (ОА).

    2. ОА қойылатын негізгі талаптарды атап шығыңыз.

    3. ОА схемасын таңдауға әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.

    4. ОА қалай жіктелетінін көрсетіңіз:

    - ашу қазбалардың түрі бойынша;

    - (тік) кен иелігіндегі көтергіш құралдардың түрі бойынша;

    - ОА-на тасымалдау түрі бойынша.

    1. Локомотив тасымалымен ОА қалай жіктелетінін көрсетіңіз:

    - ОА құрамдар қозғалысының принципі бойынша (түсініктеме беріңіз);

    - ОА құрамдар қозғалысының схемасына (түсініктеме беріңіз);

    - шектесіп жатқан қазбаға басты тарамдардың орналасуы бойынша.

    6. ОА қолданудың артықшылықтарын, кемшіліктерін және қолдану шарттарын атаңыз:

    - шеңберлі;

    - құрықты;

    - челнокты;

    - тұйықты.

    7. ОА артықшылықтарын және кемшіліктерін көрсетіңіз:

    - құрамдардың толассыз қозғалысымен;

    - құрамдардың толассызды емес қозғалысымен.
    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

    Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /А.С.Бурчаков, Н.К.Гринько, Д.В.Дорохов и др. – М.: Недра, 1983. - 487 с.

    Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв.: М-вом угольной пром-сти СССР 5.01.75. - М.: Недра, 1976. -152 с.

    № 8-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Жүктерді вагондармен тасымдауда оқпан албарының технологиялық схемасын таңдау және конструктрлеу

    Жұмысты орындауға арналған тапсырма

    Берілген шарттар үшін:

    1. ОА технологиялық схемасын, оны шақты алабын ашу схемасымен және үстіңгі комплекстермен үйлестіре отырып конструктрлеу.

    2. Скиптік оқпанның жүктік және бос тарамдарының ұзындығын есептеу.

    3. ОА технологиялық схемасын, ондағы жүктасқындарының бағытын стрелкалармен көрсете отыра сызу.

    4. ОА құрамдар қозғалысының схемасын сипаттау.

    Жұмыстың мақсаты – берілген шарттар үшін оқпан албарының технологиялық схемасын конструктрлеу дағдысына ие болу; шақты алабын ашу схемасымен және шақтының үстіңгі комплексімен оқпан албарларын үйлестіру бойынша білімдерді нығайту.

    Жұмыстың орындалу тәртібі

    1. Әрбір студентке жеке тапсырма беріледі.

    2. Жұмыстың орындалуын жеңілдету үшін оны үлгіде көрсетілгендей тізбектелген түрде орындау ұсынылады.

    3. Алдымен ОД орналасуының ситуациялық жоспарын сызу, яғни шақты алабын ашудың жазық схемасын көрсету, басты қабысу қазбасына (квершлаг, басты штрек) қатынасты клетті және скипті оқпандардың остерінің бағытын анықтау ұсынылады. Содан соң Ол-ға оқпандардың орналасуын көрсету және жүк, бос және басып озу жолдарын оқпандардың функцияларына сәйкес конструктрлеу, ОД принциптілік технологиялық схемасын сызу.

    4. [1, §28] сәйкес скипті оқпанның жүк және бос тарамдарының ұзындығы есептелінеді. Клетті оқпанның кіру және шығу тарамдарының ұзындығы анықталады.

    5. Қабылданған ОД технологиялық схемасы масштабпен сызылады, стрелкалармен құрамдар қозғалысының бағыты, ал сандармен стрелкалы аударымдардың номерлері көрсетіледі.

    6. ОД-ғы құрамдар қозғалысының схемасын сипатталады.
    Жұмыстың орындалу үлгісі

    Ескертулер

    Есептің шешілуін жеңілдету үшін қабылдансын:

    1. Басты және көмекші оқпандар блогы теміржол тарамының осіне параллель орналасады.

    2. Рельстік жол осі клетте теміржол тарамына перпендикуляр бағытталған.

    3. Оқпан албарының клетті және скипті тарамдары өзара параллельді.

    4. Оқпандардың остері арасындағы қашықтық 30-80 м шамасы бойынша қабылдансын.

    Шешілуі

    1. Кестеден тапсырма шарттарын жазып аламыз: вагонның типі ВД 3,3; құрамдағы вагондардың саны - 25; тақтаның созылым азимуты - 310°, шақтының теміржол тарамының азимуты - 60°; оқпан албары квершлагпен шектеседі және тақталар арасында орналасады; квершлагтың ұзындығы - 300 м.

    Тапсырма нұсқасы: A1, Б2, В4, Г6, Д7.

    2. Ашудың жазықтық схемасын сызамыз (11.7,а-сурет). Стрелкалармен тақталардың құлау сызығының бағытын көрсетеміз.

    3. 310° тең тақтаның берілген жазылым азимуты бойынша солтүстік-оңтүстік бағытын жасаймыз, мұнда сағат тілі бойынша солтүстікке қарай тақтаның созылым сызығының дұрыс бағытына (11.7,б-сурет) дейін азимуттың саналтынын есте сақтаған дұрыс. Басқа жағдайларда азимутты сағат тілі бойынша солтүстікке қарай бір бағытқа дейін (біздің үлгіде теміржол станциясынан бастап шақтыға дейін) санап шығасыз.

    4. 60° тең берілген азимут бойынша теміржол тарамының, сонымен қатар клеттің (11.7,в-сурет) рельстік жолы осінің квершлагтың бойлық осіне бағдарын жүргіземіз. Бұл бұрыш 70° тең болуын анықтаймыз.

    5. Клетті және скипті оқпандар тарамдары остерінің бағдарын бейнелейміз (11.7,г-сурет).
    11.14-кесте


    Тапсырма номері

    Вагон-ның типі

    Құрамдағы вагондар-дың саны

    Тақтаның созылым азимуты, град

    Шақтының т-ж тарамының азимуты, град

    Қабысатын қазба




    А

    Б

    В

    Г

    9

    1

    ВД 3,3

    20

    190

    140

    Тақталар арасындағы квершлаг, L= 350 м

    2

    ВГ 1,6

    25

    240

    90

    Бас штрек

    3

    ВД 5,6

    18

    150

    150

    Нөкердің жұтпа бүйіріндегі квершлаг, L = 270 м

    4

    ВД 3,3

    26

    310

    160

    Тақталар арасындағы квершлаг,

    L= 200 м

    5

    ВГ 2,5

    22

    80

    300

    Нөкердің жатпа бүйіріндегі квершлаг,

    L = 180 м

    6

    ВГ 3,3

    24

    170

    60

    Бас штрек

    7

    ВД 5,6

    20

    60

    280

    Тақталар арасындағы квершлаг,

    L = 300м

    8

    ВД 3,3

    23

    280

    40

    Нөкердің төнбе бүйіріндегі квершлаг,

    L= 360 м


    6. ОД принциптілік схемасын конструктрлеуге кірісеміз. Квершлагқа қатысты ОД тарамдарының орналсуына және оқпандар арасындағы остерге 40 және 50 м қашықтыққа сәйкес оларды ОД орналастырамыз (11.7,а-сурет).

    7. Вагондардың типі бойынша (ВД 3,3 түбінен түсіру) ОД құрамдардың толассыз қозғалыста болуын шешеміз.

    8. Кіру және шығу тарамдарындағы клетті оқпанда стрелкалы аударымдарды, рельстік жолдардың остері мен жүк түсіретін шұңқырлардың орналасуын бейнелейміз (11.7,б-сурет).

    9. Құрамдардың [1, с. 160] толассыз қозғалысы бар ОД типтік схемаларын қолдана отыра, стрелкалы аударымдармен және съездермен рельстік жолдың толық дамуын қалыптастырамыз (11.7,в-сурет).

    11.7-суреттен ОД басты тарамдары 70° бұрышта қабысатын қазбаға орналасатынын көреміз. Негізінде оларды перпендикуляр орналастыру, яғни ОД типтік схемасын қабылдау мүмкіндігі бар. Ол үшін квершлагтың бағытын 20° өзгерту қажет, бұл оның ұзындығын шамамен 20 м үлкейтеді. Әрине, егер бұл жер бедері бойынша осындай бұрышқа теміржол тарамының шектесіп жату бағытын өзгерту мүмкіндігі болса. Өзіміз конструктрлеген ОД технологиялық схемасын қалдыру шешімін қабылдаймыз .

    10. Скипті оқпанның жүкті және жүксіз тарамдарының ұзындығын онда 1,2 локомотив құрамның [1,28] орналасу шарты бойынша есептейміз,

    l=1.2*25*3.58=110 м,

    Мұнда 3,58 м - ВД 3,3 вагонның ұзындығы.

    11. Масштабта ОД технологиялық схемасын сызамыз және стрелкалармен жүктасқындарының бағытын, ал сандармен стрелкалы аударымдар мен съездердің номерін сызамыз (11.7-сурет).

    12. ОД құрамдар қозғалысының схемасын сипаттаймыз (біздің есепте ол келтірілмейді).



    а – ашудың жазықтық схемасы; б – оңтүстік-солтүстік бағдары; в – клетті оқпанның т.ж осінің және рельстік жол осінің бағдары; г – квершлагқа қатысты клетті оқпанның рельстік жол осінің бағдары
    11.7 – сурет - Қабысатын қазбаға (квершлагқа) оқпан албарының басты тарамдарының көлбеу бұрышын анықтау



    а – оқпандар бағдары; б – клетті оқпанның стрелкалы аударымдарының, сонымен қатар жүк түсіретін шұңқырлардың орналасуы; в – ОД принциптілік схемасын сызу
    11.8 – сурет- Оқпан албарының технологиялық схемасын дәйектілік конструкциялау

    11.9 – сурет- Оқпан албарының технологиялық схемасы
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


    написать администратору сайта