Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмысты орындаудың теориялық негіздері.

  • Жұмыстың орындалу тәртібі

  • Бақылау сұрақтары

  • Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


    Скачать 2.54 Mb.
    Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
    Дата14.02.2023
    Размер2.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшу дәріс.docx
    ТипДокументы
    #936002
    страница17 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    Жұмыстың мақсаты. Берілген кен-геологиялық жағдайлар үшін шақты алабтарын ашу варианттарын конструкциялау, сонымен қатар іріленген көрсеткіштер бойынша пайдалануға шақтыны тапсыру кезінде тау-кен қазбаларының ұзындығын анықтау.

    Жұмысты орындаудың теориялық негіздері. Кенорнын немесе шақты алабын ашу дегеніміз жерасты пайдалы кендеріне жербеті өткізілетін күрделі қазбалар арқылы жету және даярлаушы қазбаларды өтуді қамтамасыз ету.

    Ашу схемасы дегеніміз шақты алабына қатысты ашушы қазбалар торабының кеңістікте орналасуы.

    Ашу әдісі дегеніміз тақталардың жатыс элементтеріне функционалдық мақсатына қатынасты шақты алабында ашушы қазбалардың жүйесін жүргізу.

    Шақты алабын немесе оның бөліктерін ашу схемаларын және әдістерін таңдап алуды анықтайтын негізгі факторлар геологиялық және техникалық болып екі топқа бөлінеді. Геологиялық факторларға жататындар: көмір тақталарының саны, құлама бұрышы, бүйір жыныстарының қасиеттері, аралық қашықтықтары, үйінді қалыңдықтары не болмаса бос жыныс қабаттарықорыс сулы жыныстар, геологиялық бұзылыстар, қазба тереңдіктері, көмір тақтасының газдылығы, жер бетінің кедір-бұдырлығы. Техникалық факторларға жататындар: шақтының жылдық қуаттылығы, шақты алабының мөлшері, жұмыс атқару мерзімі және кен өндіру техникасының жетістігі. Аталған себептерді ашу қазбаларын таңдағанда, горизонт санын, оқпан төңірегіндегі қоймалар түрін, жақын жақтан көмір тақталарын ашу мен өндіру мерзімін, күрделі қазбалар қиығын, оларға тіреу таңдауға қолдану керек. мысалы өте терең қабаттағы кен орнын құлама оқпан орнына тік оқпанмен ашқан орынды. Таулы жерлерде кен орнын штольнямен ашқан дұрыс. Құлама және тік жатқан көмір тақталарын тек қана көп горизонтты әдіспен ашқан дұрыс. Газды көмір тақталарын ашатын күрделі қазбалар мол ауа өткізетіндей, қауіпсіздік ережесіне сай кең болуы тиісті. Ашу жобасын жасағанда геологиялық және техникалық себептер бірдей қаралуы керек.

    Шақты алабын ашу үшін қолданылатын кен қазбаларын негізгі (бас) және қосалқы (көмекші) болып бөлінеді. Негізгі қазбаларға жер бетінен жүргізілетін (тік, көлбеу оқпандар, штольнялар) қазбалар жатады

    Қосалқы қазбаларға жер бетіне шықпайтын және тақтаны (квершлагтар; гезенктер, тұйық оқпандар, еңістер, сырғанамалар, бремсбергтер және т.б.) үшін қызмет ететін қазбалар жатады.

    Оқпандар шақты алабының барлық тереңдігіне жүргізіледі, немесе тау-кен жұмыстарының даму шамасына байланысты тереңдетіледі. Бірінші жағдайда бір горизонтты ашу, екінші жағдайда көп горизонтты ашу әдісі орын алады.

    Басқа ашушы қазбаларға қатысы бойынша тік оқпандардың артықшылықтары болып шақтыға таза ауа беру үшін қиманың үлкендігі; қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша шығынның аз болуы; бір оқпанда барлық қажетті тасымалдау операцияларын үйлестіру мүмкіндігі саналады.

    Тік оқпандардың кемшіліктері: қазбаны өтудің үлкен құны, көтергіш операциялардың циклділігі; тереңдету процесінің ауырлығы.

    Конвейерлік жеткізілімі бар көлбеу оқпандар орнатылған конвейерлердің өнімділігімен және олардың үздіксіз жұмысының уақытымен ғана лимиттелетін үлкен өткізушілік мүмкіндігіне ие.

    Көлбеу оқпандардың кемшіліктері: тік оқпандармен салыстырғанда үлкендігі кен-геологиялық жағдайларда қазбаны өту қиындығы мен көп ұзындылығы.

    Қазбалар, ал кейде тау-кен қазбаларының тұтас желісі оқпан албарынан бастап ашылатын тақталармен бірінші қиылысқа дейін көмекші ашылатын қазбалардың жиынтығын құрайды. Көмекші қазбалардың көмегімен ашылатын қорлардың өлшемдері бойынша барлық көмекші ашу қазбалары күрделі, горизонттық, этаждық болып бөлінеді. Біріншісі шақты алабының қорларын қазымдау кезеңінде, екінішісі горизонт қорларын қазымдау уақытында, үшіншісі этаж қорларын қазымдау кезінде қызмет етеді.

    11.14-суретте көмір тақталарын ашу схемалары көрсетілген.

    Ашудың мүмкіндікті және техникалық қолайлы варианттарын таңдау әсер етуші факторлардың үлкен санын есепке алу негізінде жүргізіледі. Конструкциялау міндетінің шешілу процесін бес кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде масштабпен геологиялық тілікті және учаске тұрпаөлшеме сызғысы сызады. Екінші кезеңде тілікте шақты алабының шегарасы тілікте және жоспарда сызылып көрсетіледі. Үшіншіде — шақты алабын этаждарға (ярустарға) бөлу асырылады. Төртінші кезеңде құлама бойынша шақты алабын алу горизонттарына бөлу іске асырылады, яғни бір- немесе көпгоризонттық ашу схемаларын қолдану мүмкіндігі туралы мәселе шешіледі. Бесінші кезеңде шақты ашу схемалары мен тәсілдерін таңдау жүзеге асырылады. Ашудың қолайлы схемалары мен тәсілдерін таңдағаннан кейін жұмыстардың көлемі есептелінеді және олардың шамашарттары анықталынады.

    Есеп. Келесі шарттар үшін шақты алабын ашудың қолайлы түрлерін құрастыру: қазылатын тақталардың саны 3; тақталардың қашықтығы m1 және m2 — 50 м, m2 және m3 — 105 м; тақталардың құлау бұрышы — 18°; тасындылардың қалыңдығы — 35 м. Шақты алабының өлшемдері: жазылым бойынша — 6500 м, құлама бойынша — 2750 м. Шақты алабын панельдік даярлау. Арақабаттың көлбеу биіктігі — 250 м. Өндірістілік қуаты — 1,2 млн.т жылына. Шақтының газ бойынша категориясы — II.

    Шешуі.

    1. Масштабпен кенорнының геологиялық тілігің сызамыз (11.15,а – сурет).

    2. Тілікте шақты алабының шекараларын саламыз (11.15,б – сурет).

    3. Шақты алабын ара қабаттарға бөлеміз (11.15,в – сурет).

    4. Құлама бойынша шақты алабын алу бөліктеріне және горизонттарға бөліну мәселесін шешеміз. Берілген шарттар үшін қолайлысы мыналар:

    • біргоризонттық ашу схемасы (11.15,в – сурет): бремсбергтік бөлігінде — горизонттың 1500 м өлшемдерімен алты арақабаттар және еңістік бөлігінде — горизонттың 1250 м өлшемдерімен бес арақабаттар, бұл техникалық тұрғыдан мүмкін;

    • көпгоризонттық екі бремсбергтік бөліктерімен және соңғысымен - еңістік (11.15, д – сурет).

    5. Шақты алабын ашудың мүмкін схемаларын таңдаймыз. Біргоризонттық схеманы қабылдаған кезде және берілген жағдайларда ашудың келесі схемалары және тәсілдері қолданылуы жарамды:

    • қосорталықызылған оқпандармен ашу (11.15,г – сурет);

    • басты көлбеу және қосалқы тік оқпандармен ашу (11.15,г-2 – сурет).

    Шақты алабын көпгоризонттық ашу схемасы бойынша (11.15,д-1 – сурет) ашудың бір ғана түрі қолдануға жарамды — қос-орталық оқпандармен оларды кезеңдікпен тереңдету арқылы (11.15,д-1 – сурет).

    Техникалық тұрғы тұрғы бойынша таңдап алынған ашу схемаларына талдау жүргіземіз.























    1—3 — көлбеу оқпандармен; 4—9 — біргоризонттық, тік оқпандармен; 10—14 — көпгоризонттық, тік оқпандармен; 15 — 20— құранды.

    11.14- сурет – Көмір тақталарын ашу схемалары
    11.15 - суретінде көрсетілген г-1 және д-1 схемалары классикалық болып табылады және тәжірибеде көп кездеседі. Оларды қолдану шарттары берілген есептің шарттарына сәйкес келеді және оларды кейінгі кезеңінде экономикалық салыстыру түрі ретінде қалдырамыз

    11.15, г-2 - сурет көрсетілген схемалар салыстырмалы түрде өте сирек қолданылады. Көбінесе шақтының үлкен өндірістік қуаты кезінде және көмірді скиптермен тысқа шығару мәселесі қиын болған жағдайда қолданылады. Біздің жағдайда шақтының қуаттылығы шамалы.

    Сонымен қатар, көлбеу оқпанның үлкен ұзындығы (1600 м астам), еңістік алабты қазу кезінде қосымша желдетпе оқпанды жүргізу қажеттілігі және басқада бірқатар кемшіліктер бұл схеманың қолданылуын мақсатқа лайық емес екенін ескертеді, яғни оны алдағы қарастырудан тыс қалдырған жөн.

    Қосалқы ашу қазбасы 11.15, г-1- схемада күрделі квершлаг, ал 11.15, д-1- схемада горизонттық квершлагтар болады.

    Жұмыстың орындалу тәртібі

    Жұмысты орындау мен келтірілген үлгіні талқылаудың теориялық негіздерімен мұқият танысқаннан кейін студентке ашу схемаларын конструктрлеу үшін нұсқа беріледі.

    Алғашқы кен-геологиялық ақпараттың негізінде мыналар талап етіледі:

    • оқытушымен бірге шақты алабын дайындаудың тәсілін дәлелдеу;

    • шақты алабын ашудың мүмкін және техникалық қолайлы түрлерін дәлелдеу;

    • масштабпен барлық тау-кен қазбаларын және шақты алабын ашу сызылғысын көрсету;

    • күрделі тау-кен қазбаларының ұзындығын анықтау.

    Шақты алабын ашу тәсілін дәлелдеу кезінде тақталардың саны мен құлама бұрышын, жер бетіне бастап шақты алабының жоғарғы шекарасына дейінгі қашықтықты. Жазылым және құлама бойынша шақты алабының өлшемін ескерген жөн.

    Жоспарда тау-кен қазбалары қазылатын тақталардың біреуі бойынша көрсетіледі; графикалық және есептеу жолдары арқылы әрбір қазбаның ұзындығы анықталынады.

    Оқпан албары қазбаларының көлемі шамамен эмпирикалық формулалар бойынша анықталады:

    түйіспе тоқарбалармен тасымалдау кезінде

    V=9000+ 1,51 А, мЗ;

    аккумуляторлы тоқарбалармен тасымалдау кезінде

    V=8300+ 1,53А, мЗ

    мұндағы А — шақтының тәуіліктік өндірістік қуаттылығы, т.
    Барлық қабылданған шешімдер дәледенуі және жұмыстың орындалғаны туралы есеп беру түсіндірме жазбасында келтірілуі керек.

    Жұмысты орындау үшін алғашқы берілген түрлері 11.16-кестеде келтірілген.






    11.15 - сурет -Шақты алабын ашу түрлерін конструкциялау дәйектілігі


    11.16-кесте- Жұмыстарды орындау үшін алғашқы берілген мәліметтердің түрлері

    Түр

    Жер бетінен бастап шақты алабының жоғарғы шекарасы-

    на дейінгі қашықтық, м

    Тақтаның құлама бұрышы, град

    Шақты алабының өлшемдері, м

    Тақталар саны

    Тақталар қуаттылы-ғы, м

    Тақталардың арақашықтығы, м

    Шақтының өндірістік қуаты, млн т/жылына

    Шақ

    ты-ның газ бойынша кате

    гориясы

    Жазы-лым бойын-ша

    Құла-ма бой-ынша

    1

    60

    4

    8400

    3000

    2

    1,8; 2,8

    40

    1,5

    I

    2

    40

    1

    8000

    4000

    2

    1,9; 1,5

    60

    1,8

    -

    3

    100

    17

    8000

    4000

    5

    1,1; 1,5, 0,8; 0,5

    20; 30; 15; 30

    1,2

    II

    4

    120

    12

    5000

    4000

    3

    1,7; 1,4; 2,7

    60; 70

    1,8

    III

    5

    70

    12

    10 000

    3000

    3

    0,9; 1,6; 0,8

    40; 30

    1,5

    II

    6

    80

    6

    6000

    3500

    3

    4; 1,3; 4,2

    50; 40

    2,4

    III

    7

    110

    10

    4000

    1600

    3

    2; 1,2; 2,5

    40; 60

    1,8

    II

    8

    300

    15

    9000

    3500

    4

    0,8; 1,2; 1,8; 1,4

    70; 50; 35

    1,5

    III

    9

    100

    35

    4500

    1700

    4

    1; 0,5; 1; 1,2

    20; 40; 10

    1,8

    II

    10

    150

    10

    6000

    3000

    3

    1; 2,4; 1,2

    50; 70

    1,8

    -

    11

    200

    8

    7000

    3000

    4

    2,5 1,6; 2,8; 1,2

    100; 50; 60

    2,1

    II

    12

    50

    16

    8000

    2100

    3

    2,1; 0,6; 0,8

    80; 20

    1,8

    II

    13

    400

    6

    10 000

    4000

    3

    1,8; 0,9; 0,9

    40; 80

    0,9

    I

    14

    60

    30

    5000

    3000

    3

    1,5; 1,6; 1,2

    20; 80

    1,8

    II

    15

    200

    10

    8000

    4200

    2

    1,2; 0,7; 1,7

    60; 35

    1,2

    II

    16

    150

    12

    7000

    1900

    3

    2,8; 3,1; 1,4

    30; 40

    2,4

    III

    17

    80

    32

    6000

    3000

    2

    2,6; 1,5

    20

    1,2

    III

    18

    150

    6

    7000

    3800

    3

    1,6; 1,2; 0,9

    90; 65

    1,8

    II

    19

    90

    16

    5000

    2000

    3

    1,5; 1; 1,2

    30; 10

    1,5

    III

    20

    100

    15

    6000

    2500

    3

    1,8; 1,4; 2

    60; 70

    1,8

    -


    11.17-кесте Есептеу нәтижелері

    Қазбалар

    Қазбалар-дың саны

    Бір қазбаның ұзын-

    дығы, м

    Қазбалар-дың жиынтық ұзын-

    дығы, м

    Бас оқпан

    Қосалқы оқпан

    Желдетпе оқпан (шурф)

    Күрделі тасымалық квершлаг

    Бас тасылымдық қуақаз

    Күрделі бремсберг және т.б.












    Бақылау сұрақтары

    1. Шақты алабын ашу схемалары мен тәсілдері жөнінде анықтама беріңіз.

    2. Нақты жағдайларда шақты алабын ашу схемасын таңдауды қандай факторлар анықтайды?

    3. Жайпақ тақталарды тік оқпандармен біргоризонттық схема бойынша ашу көпгоризонттық схемалармен салыстырғанда немен ерекшеленеді?

    4. Шақты алабын тік оқпандармен ашудың мәні неде?

    5. Қандай жағдайларда ашудың көпгоризонттық сұлбалары қолданылады?

    6. Тік оқпандармен және күрделі квершлагпен ашу схемасын қолданудың негізгі шарттары қандай?

    7. Шақты алабтарын көлбеу оқпандармен ашу схемаларын қолданудың шарттары қандай?

    8. Ашу қазбаларының қайсысылары негізгілерге, ал қайсылары қосымшаларға жатады?

    Қолданылатын әдебиеттердің тізімі

    1. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт.- М.: Недра, 1976. 152 с

    2. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых / А.С. Бурчаков, Н.К. Гринько, Д.В. Дорохов и др. - М: Недра, 1983. - 487 с.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


    написать администратору сайта