Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмысты орындау үлгісі

  • Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


    Скачать 2.54 Mb.
    Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
    Дата14.02.2023
    Размер2.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшу дәріс.docx
    ТипДокументы
    #936002
    страница9 из 17
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

    № 6-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Варианттар әдісімен шақты алабын ашу тәсілін таңдау


    Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар:

    - шақты алабын ашудың техникалық варианттарын таңдау және дәйектеу;

    - ашу шамашарттарын анықтау және варианттар бойынша жұмыстардың көлемін есептеу;

    - қазбаларды жүргізуге және күтіп ұстауға, олар бойынша көмір көлігіне және ашу варианты бойынша сутөкпеге кететін шығындарды анықтау.

    Жұмыстың мақсаты – білімдерді нығайту және берілген жеке жағдайлар үшін шақты алабтарын ашудың экономикалық тиімді тәсілдерін таңдай білу шеберлігін дағдыландыру.

    Жұмыстың орындалу тәртібі:

    - практикалық жұмысқа өз бетімен дайындалу кезінде студент осы сұрақ бойынша дәрістер тақырыптарын қайталап [1, § 43], жақсылап танысуы және мұқият төменде келтірілген жұмысты орындау үлгісін талқылауы керек;

    - әрбір студентке жеке тапсырма беріледі (11.5-кесте);

    - бірінші кезеңде ашу схемаларының техникалық тұрғыдан жарамды варианттары таңдалады.

    Ол үшін мыналар қажет:

    -- мәліметтерді және тапсырмаларды талқылау;

    -- 1:20000 масштабында кенорнының геологиялық кесіндісін сызу;

    -- кесіндіде шақты алабының шекараларын салу.

    -- шақты алабын ярустарға (этаждарға) бөлу;

    -- тақталар туралы, оларды қазымдау кезектілігі жөнінде, тақталардың құламасы, құлама бойынша шақты алабының өлшемдері жөнінде мәліметтерге негізделе шақты алабын құлама бойынша горизонттарға және қазу алабына бөлу жөнінде, шешім қабылдау;

    -- берілген шарттар үшін екі едәуір жарамды варианттармен шектелген шақты алабын ашудың тәсілдері мен схемаларын таңдау.

    - екінші кезеңде ашу шамашарттарын анықтау және варианттар бойынша жұмыстардың көлемін есептеу.

    Ол үшін мыналарды қабылдау және дәйектеу қажет:

    -- негізгі және қосымша ашу қазбаларының типін, олардың санын, көлденең қимасының ауданының, бекітпенің типін, қазбалар бойынша көліктің түрін;

    -- шақты алабын даярлайтын қазбалардың типін, қазбалар бекітплерінің типін, қазбалар бойынша көліктің түрін;

    -- сызбаға жеке-жеке шақты алабын ашудың екі варианттарын көрсету және ашу мен даярлау қазбаларының ұзындығын көрсету.

    -- оқпан албарының, қабылдау-жөнелту алаңының қажетті сандарын, олардың бектіпелерінің түрін;

    -- келтірілген 6, 7, 8 кестелерден анықталатын тұтылымдық ұсталым бойынша қазбаларды жүргізудің көлемін есептеп, кестелерге қажетті мәліметтерді еңгізу;

    - үшінші кезеңде шақты алабтарын ашудың салыстырмалы варианттары анықталынады.

    Ол үшін:

    -- құндық шамашарттар бойынша бастапқы және алдағы жылдардың күрделі шығындарын, сонымен қатар 11, 12, 13, 14 кестелері тұтынымдық ұстанымдарды есептеу және 9, 10-кестелерге еңгізу;

    -- ғимараттардың құрлысының мерзімін анықтау және шақтыны пайдалануға ертерек өткізудің варианттары бойынша экономияны есептеу;

    -- ескерілген сомалық және сыбағалы шығындарды варианттар бойынша есептеу (11.5 – кесте).

    -- варианттар бойынша қаражаттарды салыстыру негізінде шақты алабын ашудың ең ұтымды вариантын қабылдау.
    Жұмысты орындау үлгісі

    Тапсырма варианты А7; Б7; В7; Г7; Д7; Е7; Ж7, З7; И7; К7; Л7; M7.

    1. 5 таблицадан тапсырма шарттарын жазып аламыз: Hн = 400 м; Н =3000 ; S= 6000 м; m1 = 1,2 м; m2 =1,3 м; h1-2 =100 м; a= 15°; Aшг =1,2 млн т; орналастырылған жыныстар - тұрақсыз; даярлау тәсілі - панелдік.

    2. Берілген шарттарды талдай отыра, екі дұрыс ашу тәсілін қабылдаймыз:

    1 варианты – тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашу.

    2 варианты – тік оқпандармен және горизонттық квершлагтармен ашу.

    3. Сызылған масштабта 1:20000 кенорнының геологиялық тілігінде ашудың қабылданған вариантын бейнелейміз (11.4, 11.5-сурет).

    1-вариант үшін кен орнын қос-орталық оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашуды жүзеге асырамыз. Бұл жағдайда оқпандар шақты алабын тең екі бөлікке бөледі-бремсбергтік және еңістік, әрбір бөлік он ярустардан тұрады. Оқпан албары 600 м тереңдікте орналасады. Әрбір тақта бойынша алдымен магистралдық штректер (тақталық және далалық), жүріс жолдар күрделі бремсбергтер және шақты алабының жоғарғы жағында желдетпе штректер жүргізіледі.

    Шақты алабының бремсбергтік бөлігін желдету үшін квершлагы бар орталықта орналасатын желдетпе оқпан жүргізіледі.

    2-вариант үшін кенорнын қос-орталық оқпандармен және горизонттық квершлагтармен ашуды жүзеге асырамыз. Бұл жағдайда оқпандар және горизонттық квершлагтар шақты алабын ұзындығы 1050 м бремсбергтік және 900 м еңістік бөліктерге бөледі.

    Шақты құрлысының бірінші кезеңінде бірінші горизонт дайындалады және пайдалануға беріледі. Алдымен 670 м тереңдікке дейін оқпандар жүргізіледі, сондай-ақ жерасты ғимараттары: оқпан алабы, квершлагтар, әр тақта бойынша магистрады штректер (тақталық және далалық), күрделі бремсбергтер және жүріс жолдар жүргізіледі. Шақты алабының бремсбергтік алабын желдету үшін квершлагы бар орталықта орналасатын желдетпе оқпан жүргізіледі.

    Екінші кезеңде екінші горизонт дайындалады. 940 м белгісіне дейін оқпандар тереңдетіледі, сондай-ақ квершлагтар, магистралды штректер, жүріс жолдар және күрделі бремсбергтер жүргізіледі. Екінші горизонттың бремсбергтік бөлігін қазымдауды аяқтап қалғанда екінші горизонттың еңістік бөлігі дайындалады. Бұл жағдайда еңіс ярус биіктігіне дейін және бірінші ярустың кеналма штректеріне дейін жүргізіледі.

    Ашудың салыстырылатын варианттарының әрқайсына арналған және шақтыны пайдалану үшін бастапқы жұмыстардың көлемін және орындалу мерзімдерін анықтау қажет. Орындалатын жұмыстардың кезектігін, олардың көлемдерін, орындалу қарқындары мен уақытын

    11.6-кестеге енгіземіз.

    Ашу варианттарын салыстыру кезінде есепке ерекше шығындар ғана алынуы тиіс. Біркелкі шығындар ескерілмейді. Мысалы, қарастырылатын вариантта бір-бірінен айырмашылығы жоқ жер бетінің комплексі салынады деген болжам қарастырылады. Сондай-ақ, есептеу барысында оның құны есепке алынбайды

    11.6-кестеде көрсетілгендердің негізінде шақтыны пайдалану мерзімін белгілеу үшін варианттар бойынша жұмыстар көлемінің орындалу ұзақтығының тораптық сызбасын құрамыз (11.6-сурет). Тораптық сызбаны көрсете және орындалатын жұмыстарды сомалай, варианттар бойынша шақтының пайдалану мерзімін анықтаймыз. Бірінші вариант үшін шақтыны пайдалануға тапсыру мерзімі келесіні құрайды:

    ,айды

    Екінші вариант үшін = 70,3 айды.

    Сонымен, шақтыны пайдалануға тапсыру мерзімдеріндегі айырмашылық 2,5 ай.

    Келесі кезеңде варианттар бойынша бастапқы күрделі шығындар мен алдағы жылдардың шығындары есептелінеді.

    Ол үшін алғашқы жұмыстардың және алдағы жылдардағы істелінетін жұмыстардың көлемдері, жұмыс түрлері бойынша жеке бағалар, алдағы жылдарда істелінетін жұмыстарға жұмсалынатын қаражат анықталынады. Жұмыстардың түрлері бойынша жеке бағаларды анықтау үшін салынатын ғимараттар туралы толық мәліметтің болуы қажет: жыныстар бойынша жүргізілетін қазбалардың түрлері; қазбалардың көлденең қимасы; бекітпенің түрі; қазбалардың тағайындалуы; көліктің түрі.

    Алғашқы мәліметтерді қолдана 11.6-кестедегі берілгендер бойынша бекітпенің типін және қазбалардың көлденең қимасын қабылдаймыз жеке бағаларды және жалпы алғашқы шығындарды 3-кестеге енгізе отыра анықтаймыз.


    Вари-ант

    Шақтының жылдық өндірілімі, мың.т.

    Тақталардың қуаттылығы, м

    Тақта-ның құлау бұрышы, град.

    Қалыпты-лық бойынша тақталардың ара қашықты-ғы, м

    Тақталардың бүйір жыныс

    тары

    Жұмыс-тардың алғашқы тереңдігі, м

    Шақты алабының өлшемдері, м

    Этаждың (ярустың) көлбеу биіктігі немесе бағананың еңі

    Коэффициенті

    созылым бойын-ша

    құлама бойын-ша

    сумол

    ды-лығы

    көмір-

    ді алу

    А

    Б

    В

    Г

    Д

    Е

    Ж

    З

    К

    Л

    М

    1

    1200

    1,0; 1,2; 0,9

    18

    70; 45

    орташа тұрақтылық

    ты

    200

    5200

    3000

    150

    1,5

    0,9

    2

    1800

    1,3; 1,2

    8

    60

    орташа тұрақтылық

    ты

    300

    7000

    3900

    175

    1,3

    0,88

    3

    900

    2,0

    15

    -

    тұрақты

    150

    4500

    2880

    160

    2,1

    0,92

    4

    1500

    1,0; 0,8; 1,2;

    10

    90; 60

    тұрақсыз

    100

    6600

    4000

    165

    1,8

    0,9

    5

    2400

    1,8; 1,0; 1,2;

    12

    20; 90

    тұрақсыз

    190

    8000

    3780

    140

    1,7

    0,91

    6

    1500

    1,6; 1,3

    17

    80

    орташа тұрақтылық

    ты

    250

    6000

    3000

    200

    1,0

    0,9

    7

    1200

    1,2; 1,3

    15

    100

    тұрақсыз

    400

    600

    3000

    150

    1,5

    0,9

    11.5-кесте – Кен геологиялық және кен техникалық жағдайлар

    а- тік кесіндісі; б – жоспары

    11.4-сурет Шақты алабын тік оқпандармен және күрделі квершлагтармен ашу схемасы



    а- тік кесіндісі; б – жоспары
    11.5-сурет – Шақты алабын тік оқпандармен және горизонттық квершлагтармен ашу схемасы
    1- вариант




    2- вариант



    11.6-сурет– Вариант бойынша (1 және 2- варианттар) жұмыстардың көлемін орындау ұзақтылығының торабтық графигі
    11.6-кестеШақтыны пайдалануға тапсыруға арналған
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


    написать администратору сайта