Главная страница

Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


Скачать 2.54 Mb.
Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
Дата14.02.2023
Размер2.54 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАшу дәріс.docx
ТипДокументы
#936002
страница8 из 17
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


Бақылау сұрақтары

  1. Күртқұлама тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма?

  2. Жазық жатысты тақталарды қазу кезінде горизонттық дайындауды қолданады ма?

  3. Бос жыныстар бойынша арналық штректерді жүргізіледі ме?

  4. Ұсақ бөліктерге қазу горизонтын бөледі ме?

  5. Горизонт шегінде тазартпа жұмыстарын жүргізудің кері тәртібін қолдануға рұқсат етіледі ме?

  6. Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда шақты алабын дайындау кезінде оқыс лақтырысқа бейімді емес жыныстарда қазбаларды толтыру талап етіледі?

  7. Әр түрлі қазу горизонттарының шегінде түрлі дайындау тәсілдерінің қолданылуы мүмкін бе?

  8. Қазу горизонтының шегінде диагональдық тәсілдердің қолданылуы мүмкін бе?

  9. Горизонттың шегінде тазартпа кендарларының жылжу бағытын таңдауға төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағыты әсер етеді ме?

  10. Оқыс лақтырысқа бейімділікті тақталарда даярлаушы қазбаларды жүргізу мүмкін бе?

  11. Қазу горизонтын қандай бөліктерге бөледі?

  12. Неге төбе жыныстарындағы жарықшақтардың бағытына тазартпа кенжарының жылжу бағыты тәуелді?

  13. Қорлары. Панелдер мен этаждарда тақтаны өрлеме (құлама) бағыты бойынша лавалармен қазымдайтын шақтыларды атаңыз?

  14. Қандай жағдайларда жазық даярлау қазбаларын далалық жүргізу талап етіледі? [3, пп. 6. I, 6.2, 6.7].

  15. Магистральдық бейкендік қуақаздарды қорғау үшін қандай тәсілдерді қолданады? [3, пп. 6.3, 6.8].

  16. Далалық арналық штректерді лаваның артындағы кен алынған кеңістікке орналастыратын шақтыны атаңыз?

  17. Қандай жағдайларда бітеме жолақтарын қолданған даярлау қазбаларын кен кенжатмен жүргізу ұсынылады? [3, п. 6.12].

  18. Неге далалық арналық штректерді учаскені (панелді, блокты) қазымдағаннан кейін кен алынған кеңістікте орналастыру керек? [3, п. 6.3]

  19. Қандай далалық штректерді көмір тақтасы бойынша жүргізуге рұқсат етіледі? [3, п. 6.2].

  20. Шақты алабын дайындаудың горизонттық тәсілі панелдік тәсілден қандай айырмашылығы бар?

  21. Қандай мақсаттарда қазу горизонтының еңістік бөлігінде қосалқы еңіс жүргізіледі?

  22. Қазу горизонтының еңістік бөлігінің өлшемі 1 км қандай

жағдайларда аспауы керек? [1, § 197],

  1. Горизонтты қазымдау ұзақтылығын көрсетіңіз [6, с. 47].

  2. Горизонтты қазымдау ұзақтылығы неге технологиялық жобалау нормаларында көрсетілгеннен кем болмауы керек? [7, п. 2; 6, c. 47].


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Правила безопасности в угольных и сланцевых шахтах: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 18.08.86 и Госгортехнадзором СССР 12.09.86. - М. : Недра, 1986. - 447 с.

2. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной промышленности СССР 5.01.75. - М. : Недра, 1976. - 152 с.

3. Указания по рациональному расположению, охране и поддержанию горных выработок на угольных шахтах СССР: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 26.12.84. - Л.: Недра, 1986. - 222 с.

4. Технологические схемы разработки пластов, склонных к самовозгоранию: Утв. М-вом угольной пром-сти УССР. - Донецк, 1972. – 33 с.

5. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.

6. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /Под общ. ред. проф., д-ра тех. наук А.С.Бурчакова. - М. : Недра, 1983. - 487 с.

7. Основные направления и нормы технологического проектирования угольных и сланцевых шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 13.09.66. - М. : Недра, 1986. - 62с.

8. Руководство по проектированию вентиляции угольных шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 10.04.74. - М. : Недра, 1975. - 237 с.

9. Государственные стандарты СССР. Горная графическая документация: ГОСТ 2.850-75 - 2.857-75. - Введ 1.01.80. – М. : Недра 1983. – 200 с.

10. Методические положения по оценке и выбору способов подготовки шахтных полей по фактору горного давления /ИГД им. А.А. Скочинского. – М.: Недра 1985. - 19 с.

11. Разработка пологих и наклонных пластов /С.А. Саратикянц, А.Ш. Зельвянский, А.А. Лещинский, Ю.К. Батманов. - М.: Недра, 1977. - 187 с.

12. Дополнения к "Руководству по проектированию вентиляции угольных шахт / МАКНИИ. - М. : Недра, 1981. - 72 с.
№ 3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Екі жақын тұрған тақталарды бірге қазудың технологиялық варианттарын жобалау

Тапсырма: берілген жағдайлар үшін (11.3 - кесте) тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау.

Жұмыстың мақсаты: тақталар қабаттарын бір уақытта бірге алу немесе әр қабатты әр уақытта жеке-жеке тақта түрінде алуды дұрыс жобалауды үйрену.

Практикалық оқу объектілері: тау-кен қазбаларының бірлескен жоспарларынан көшірмелерге тақталарды қазымдаудың кен-геологиялық жағдайларын (ұстынды құрлымдарын, тақтаның және жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін, олардың қуаттылығымен қаттылықтарын (бекемділіктерін),тақталардың арақашықтығын және т.б. қасиеттерді) көрсете. Бұл айтылғандар тақталарды жеке-жеке немесе топтастыра қазу варианттарын анықтауға көмек жасайды

Жұмысты ұйымдастыру: әрбір студент тау-кен жұмыстарының жоспарынан көшірмені алады.

Қазуды жобалау кезінде сала мен бассейнде жұмыс істейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алған дұрыс.

Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Жұмысты кезең-кезеңімен орындаған дұрыс.

1-кезең. Кестеде және тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеде берілген тақталардың қасиеттерін оқып білу. Тақталардың терең меңгерілген қасиеттерінің негізінде төменгі материалдарды қабылдау және дәйектеу:

- берілген тақтаның құлау бұрышын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын [2, § 22];

- әрбір тақтаның суландырылуын ескере топты тақталарды қазымдау кезінде лавалардың жылжу бағытын;

- тақтаның оқыс лақтырысқа және өздігінен жануға бейімділігін ескере топты тақталардың реттік қазымдалуын [2, § 157, 186-188; 3, п. 39; 6, пп. 7.4, 7.6-7.8];

- тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін және тақталар арасындағы қашықтықты нормалар бойынша ескерумен қазылатын тақталардың лавалар арасындағы созылымы бойынша қашықтығын [2, § I9I; 3, п. 120; 6, п. 7.6];

- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша ярустарды (этаждарды) қазымдау тәртібін [2, 187, в; 4, п. 2; 5, п I.3];

- әрбір тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере әрбір тақта бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [3, пп. 38 е., 44; 4, п. 2; 5, п. 1.3.];

7. Метан газының бөлініс көздерінің үлес салмағын ескере тақталар бойынша алу учаскелерінің желдету схемаларын [7, с. 27-28];

8. Нормаль бойынша тақталардың арасындағы қашықтықты және тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере тақталарды топты немесе жеке-жеке қазымдауын [2 § 186; 6, п.7.6];

- қазылатын тақталардың қуаттылығын және тақталардың оқыс лақтырыcқа бейімділігін ескере ярустың (этаждың) бір қанатының шетінде қазылатын тақталарда лавалардың орналасуы кезінде тақталардың бір мезгілде топты қазымдалуын;

- m1¹m2 болған кезде және әр түрлі ярустарда (этаждарда) лавалардың орналасуы кезінде, топты тақталарды кезектікпен қазуда, созылым бойынша лавалар арасындағы қашықтық панел қанатының ұзындығынан үлкен;

- тақталар арасындағы қашықтықты, тақталардың қуаттылығын және олардың қасиеттерін ескере қазылатын тақталарға қатысты топты штректердің орналастыру орындарын [6, пп. 6.3, 7,4; 3, п. 45];

Ескерту. Қабылданған шешімдерді ескере топты тақталарды қазудың схема сызу ұсынылады.

2-кезең. Қазылатын тақталардың төбесі мен табан қасиеттерін оқып білу. Төбе және табан жыныстарының қасиеттерін терең меңгеруде төмендегі материялдарды қабылдау және дәйектеу қажет:

- қазылатын тақталардың қазбаларын қорғау тәсілін таңдау үшін төбенің құлағыштығы бойынша негізгі төбені кластарға бөледі [6, п 3.I4];

- топтық штректерді орналастыру орнын таңдауға арналған Hр/ Rcn көрсеткіші бойынша тақталардың табан жыныстарының ісінуге бейімділігін [6, п.7.44];

- топталған үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты топтық қазбалардың орналасуын [6, пп. 6.3, 7.6, 7.7];

- кен алынған кеңістіктің шекараларына қатысты қазылатын тақталар бойынша топтық қазбалардың орналасуын [3, пп. 6,3, 7.12];

- қазбаларды қабылданған қорғау тәсілдеріне сәйкес жасанды қоршауыштардың типтері мен шамашарттарын [3, пп. 7.14, 7.15, 7. 17];

- негізгі төбе жыныстарының құлағыштыққа бейімділігін ескере қазбаларды қайтадан қолдану мақсатымен топтық қазбаларды қорғау тәсілдерін [3, пп. 7.36, 7.60].

- тақталардың құлау бұрыштарын ескере топтық штректерді көршілес тақталардың қазбалары мен қосатын квершлагтардың ара қашықтықтарын және бірікткретін қазбалардың типтерін [1, § 197];

- қазбалардың көлденең қимасының ең аз аудандарын [I, § 49; 2, § 116].

3 кезең. Графикалық бөлік

Графикалық бөлімде тақтаның құлама сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі, егерде көмір тақтасын жазылым бағыты бойынша қазып алатын болса немесе тақтаның жазылым сызығы бойынша кесінділері көрсетіледі. Егерде көмір тақтасы өрлеме-құлама бағыты бойынша қазып алатын болса (М 1:5000; 1:2000). Сызбада, сондай-ақ даярлық және тазартпа қазбаларының кесінділері көрсетіледі.

Сызбада шартты белгілермен тақталық және топтық қазбалар бойынша таза және шықпа желдетпе ағындарының, сондай-ақ жүктердің толассыз жеткізілу бағыттары көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары

  1. Топты тақталарды лавалармен тақтаның өрлеме немесе құлама бағыты бойынша қазып алуға бола ма?

  2. Өрлей алу тәртібінде жақын орналаспаған тақталарды қазып алуға бола ма?

  3. Жақын оналаспаған тақталарды өрлей алу тәртібі мен қазып алуға бола ма?

  4. Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма?

  5. Үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістігінде топтық штректерді орналастыруға бола ма?

  6. Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма?

11.3 – кесте– Берілген жағдайлар үшін тақталар қабаттарын дұрыс қазуды жобалау


Қазу терең

дігі,

м

Тақталардың құлау бұрышы, град

Тақталар-дың қуаттылы-ғы, м

Учаскенің газмол-

дылығы,

м3/т с.д.

Төбе жыныстары және олардың қасиеттері

Табан жыныстары және олардың қуаттылығы (м) мен қаттылығы

Тақтаның оқыс- лақтырысқа немесе өздігінен жануға қауіптілігі

Төбе немесе тақта жыныстарының суландырылу-лығы

Қуаттылығы (м) және қаттылығы

Төбедегі жарықшақтардың бағыты

өзіндік табанның

негізгі

табанның

барлығы

тақтаның ішінен

өзіндік төбенің

негізгі

төбенің
















1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


62
1700

10

1,9

1,4

25

15

10

5

балшықты тақтатас,

10, f=4

құмтас,

12,f=6

жазылым бойынша

құмды тақтатас,

,f=5

құмтас,

10,f=8

қауіпті емес


суландырыл-маған

1,2

15

5

құмды тақтатас,

5f=5

құмды тақтатас, 10,f=4

жоқ

құмтас, 10,f=6

құмтас,

10, f=8

қауіпті емес


суландырыл-маған

600

15

1,1

10

10

балшықты тақтатас.

12, f=3

құмды тақтатас,

8, f=5

жазылым бойынша

балшықты тақтатас,

6, f=4

құмтас,

5, f=6

қауіпті

«

1,0

5

5

әктас,

3,f=7

құмды тақтатас,

5, f=4

жоқ

балшықты тақтатас. 4,f=5

құмтас,

5,f =7п

қауіпті емес


«

800

6

0,8

10

5

құмтас,

5, f=4

құмтас,

7, f=6

жазылым бойынша

балшықты тақтатас, 3,f=3

құмтас,

3, f=6

қауіпті емес


суландырылған







1,5

20

10

құмтас,

2, f =6

құмтас, 3,f=8

жоқ

балшықты тақтатас,

15,f=4

құмтас, 5,f=6


қауіпті

суландырыл-маған

1000




0,8

30!

10

балшықты тақтатас, 8, f=4

құмтас,

7, f=6

жазылым бойынша

балшықты тақтатас, 5,f=3

әктас,

5, f=8

өздігінен жанатын

суландырыл-маған




  1. Топты тақталарды лавалармен тақтаның өрлеме немесе құлама бағыты бойынша қазып алуға бола ма?

  2. Өрлей алу тәртібінде жақын орналаспаған тақталарды қазып алуға бола ма?

  3. Жақын оналаспаған тақталарды өрлей алу тәртібі мен қазып алуға бола ма?

  4. Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма?

  5. Үстіңгі тақтаның кен алынған кеңістігінде топтық штректерді орналастыруға бола ма?

  6. Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды құлама алу тәртібімен қазуға бола ма?

  7. Егер қазбаның құлама бұрышы 10° құраса жоғарыдан төмен қарай көлбеу қазба бойынша адан желдетпе шықпа ағынның құлама бағытпен қозғалуы мүмкін бе?

  8. Жақын орналаспаған тақталарды топтық әдіспен қазып алуға бола ма?

  9. Жақын тұруы бойынша тақталар қабатын қандай категорияларға бөледі? [6, п. 7.1].

  10. Көршілес жатқан тақталардың арақашықтықтары қандай болғанда оларды жақын орналаспаған категорияға жатқызады? [6, п.7.2].

  11. Көршілес жатқан тақталардың арақашықтықтары қандай болғанда оларды жақын орналасқан даярланбаған тақталарға жатқызады? [6, п. 7.5].

  12. Тақталардың арақашықтықтары қандай болғанда оларды жақын орналасқан даярланбаған тақталарға жатқызады? [6, п. 7.7].

  13. Неге жақын орналасқан даярланған тақталарды құлама тәртіппен қазымдау қажет? [6. п. 7.7].

  14. Неге жақын орналасқан даярлбаған тақталарды өрлеме тәртіппен қазымдау қажет?

  15. Жақын орналасқан даярланбаған тақталардың арақашықтықтары қандай болған жағдайда оларды төбенің құлауымен өрлеме тәртіппен қазуға болады? [6, п. 7.6].

  16. Жақын орналасқан даярланбаған тақталарды бір мезгілде топтық қазу кезінде қазылатын тақталарда лавалар бір бағытта жылжуы керек: тақта созылымы немесе өрлеме (құлама) бойынша ма? [6, п. 7.6].

  17. Топтық тәсілмен қазылатын жақын тұрған тақталардағы лавалардың арасындағы қашықтық таяныштық қысым аймағының ұзындығынан көп болуы керек? [6, п. 7.6].


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Правила безопасности в угольных и сланцевых шахтах: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 18.08.86 Госгортехнадзором СССР 12.09.86. М. : Недра, 1986. - 447 с.

2. Правила технической эксплуатации угольных и сланцевых шахт. Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 5.01.75. - М. : Недра, 1976. - 152 с.

3. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР, 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. – 158 с.

4. Технологические схемы разработки пластов, склонных к самовозгоранию / ДонУГИ, ВНИИГД. - Донецк, 1972. - 33 с.

5. Перспективные схемы использования защитных пластов на шахтах Донецкого бассейна / ВНИМИ, ДонУГИ. I980. - 170 с.

6.Указания по рациональному расположению, охране и поддержанию горных выработок на угольных шахтах СССР/ ВНИМИ. 1986. - 222 с.

7.Руководство по проектированию вентиляции угольных шахт: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 10.04.74. - СПб. : Недра, 1975. - 237 с.
№ 4-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Лақтырыс қауіптілік тақталарының үстіңгі тұсын ала қазу немесе даярланған тақтаны қазу кезінде қорғалған аймақты құру
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулықтар: берілген жағдайлар үшін тақтаны қазу кезінде лақтырыс қауіпті тақтаның қорғалған аймағының шегарасын график түрінде көрсетіп және есептеу

(11.4-кесте)

Жұмыстың мақсаты – лақтырыс қауіптілік тақталарда қорғау әрекеті аймағының шекаралары мен өлшемдерін құру дағдысына ие болу.

Жұмыстың орындалу тәртібі

- практикалық жұмысқа дайындалу барысында студент [1. III бөлімді] оқып білуі және жұмысты орындаудың үлгісін мұқият анықтауы керек.

- әрбір студентке деректері толығымен практикалық жұмыс есебіне енгізілетін жеке тапсырма беріледі.

- жұмысты жеңілдету үшін оны орындаудың үлгісі беріледі.

Жұмысты орындау үлгісі

Тапсырма варианты: AI, Б2, В4, Г3, Д5, Е4, Ж2, И3, К6,

Шығарылуы

1. Тапсырмалар кестесінен келесі шарттар көшіріліп алынады: қорғау тақтасы қауіпті төбе жатады; h2= 35 м; m=0,7м; ά=52°; H= 750м; Hп=144 м; hц = 8 м; қорғау тақтада төбені басқару тәсілі; төбенің толық құлауы; ή = 55 %.

2. [1.7-кестеден] шала қазылым кезінде қорғау әрекетінің бұрыштарын анықтаймыз δ3= 80°; δ4=70°.

3. Қорғау тақтасындағы кен алынған кеңістіктің есептелінетін енін анықтаймыз:

- номограмма [1.9-сурет] бойынша таяныштық қысым аймағының енін табамыз; lоп=40 м;

- этажаралық кендіңгекті тау қысымы әсерінен бұзылу жағдайын тексереміз:

0,1·l on = 0,1 · 40 = 4 <8м; демек,кендіңгек бұзылмайды,

онда а=Нэт =144 м.

4. Номограмма бойынша [1.10-сурет] келесі шартты алдын ала тексере, қорғау тақтаның белгілік қуаттылығын табамыз

0,3 ·Н= 0,3 • 750 = 225 > 144 м; олай болса,

а=144, и тогда mо= 0,55 м.

5. Қорғау тақтасының тиімді қуаттылығын есептейміз:

mэф=Кm • 0,7 = 0,7 м,

мұнда К – толтырым материалының компрессиялық қасиеттерін ескеретін коэффициент;төбенің құлауы кезінде K= I.

6. Қуаттылық әсері коэффициентінің мәнін тақталармен

анықтаймыз β;

бұлай болғандықтан m эф >m 0(0,7>0,5), онда β =1.

7. ή=55° > 50° болғандықтан, қат аралығындағы құмдақтардың шамасын ескеретін β 2 коэффициентінің мәнін табамыз, онда

β 2=1-0,4/55/100=0,78

8. [l,8-кесте] интерполяцияны қолдана отыра, қорғалған аймақтың шартты өлшемдерін анықтаймыз:

S2= 50 м.

9. Қорғау аймағының шынайы өлшемдерін есептейміз

S2=β1 β 2 S2 = I . 0,78 • 50 -=39 м.

Сонымен, S2> h2 (39>35) болғандықтан, онда қорғау тақтасы лақтырыс қауіпті тақтаның тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

10. b2≥h2

b2≥35 м шартынан қорғау тақтаның ең аз мүмкіндік ұзақтығын табамыз.

11. Номограмма бойынша [11.1-сурет.] жыныстың опырылым күмбезінің шамашарттарын анықтаймыз:

L1=140 м; L2=185 м и L3= 163 м.

12. Опырылыс күмбезінің шынайы параметрлерін есептеп шығырамыз; β1= 1 болса, онда олар шартты күбездегіндей болады, яғни L1 = 140 м; L2= 185 м; L3=163 м.

13. L1+ L2= 140 + 185 = 325>144 болғандықтан, бұл күмбездің ашылмайтынын көрсетеді, демек лақтырыс қауіпті аймақ пайда болмайды, онда созылым бойынша тақтаны қазуда үлкен мүмкінді озықтықты есептеудің қажеті.

14. Қорғалған аймақтың шекараларының созылым қиысы (11.1-сурет, а) және жазылым бойынша (б түрі) сызамыз. а түрі этажаралық кендіңгектің болуының нәтижесінде лақтырыс қауіпті тақтада а м құлама бойынша lн = 45 мөлшері қорғалмаған аймақтық бар екенін көрсетеді.

Үлгіге қосымша мәлімет

Егер қарастырылған үлгіде а>L1+L2 қатынасы орын алса, онда есептеуді толықтыру дұрыс болады:

- (1.7 – кесте) кестесінен қысым бұрыштарын табамыз φ1= 56°; φ2= 54°; φ3=55°;

- қорғалған тақтаның үлкен мүмкіндік озықтығын есептейміз: b2=L3 -0,3h2=163 - 0,3 · 35

152 м;

- қорғалған тақтаның озықтығын пайдалану жағдайлары бойынша 152 м арта түсуі және қайталанған лақтырысқауіпті аймақтың пайда болуы мүмкін болған жағдайларда ғана қорғау аймағының өлшемін анықтаймыз;

S0 2=0,6 • S2=0,6 • 39 23 м;

- қорғалған аймақтар мен учаскелердің шекараларын сызамыз, мұнда ІІ динамикалық құбылыстардың (3 аймақ), оқыс лақтырыстарының (4 аймақ) пайда болу мүмкіндігі.

а – тақтаның жазылымына қиғаш; б – тақтаның жазылымы бойынша
11.1 - сурет Қорғалған аймақтың шекаралары мен өлшемдері
Бақылау сұрақтары

1. Қандай тақталар қорғаушы тақта деп аталады?

2. Лақтырыс қауіпті тақта қорғаушы тақта есебінде қабылдануы мүмкін бе?

3. Кен алынған кеңістіктің еңі қорғалған тақтаның табаны мен төбесіндегі қорғалған аймақтың өлшеміне әсер етеді ме? (Иә немесе жоқ, неге?).

4. Қорғалған аймақтың өлшеміне қазу тереңдігі қалай және неге әсер етеді?

5. Қорғалған қаттың қуаттылығы қорғалған аймақтың өлшеміне әсер етеді ме? (Иә немесе жоқ, неге?).

6. Қорғалған тақтаның тиімді және белгілі қуаттылығы арасында қандай айырмашылық бар?

7. Төбені басқарудың қандай тәсілінде – гидравликалық немесе пневматикалық толтырымда – қорғалған тақтада қорғау әрекеті аймағының өлшемі көп болады және неге?

8. Егер тақталар арасындағы қашықтық 30 м; 17 м; 52 м болса, онда шала қазымдалған және даярланған кезде лақтырыс қауіпті тақтада кенжарларға забойларға қатынасы бойынша қорғалған тақтаның аз озықтылығы шамасын көрсетіңіз.

9. Қорғалған тақтаны қауіптіге қатынасы бойынша қазуда озықтықтың рұқсат шамасы шектеледі ме, соны түсіндіріңіз?

10. Егер а>L1+ L2 ; егер а≤L1+ L2 болса, қауіптіге қатынасы бойынша қорғалған тақтаны қазу ісін қалай жүргізуге болады? Және неліктен?
11.4-кесте– Берілген жағдайлар үшін тақтаны қазу кезінде лақтырыс қауіпті тақтаның қорғалған аймағының шекарасын график түрінде көрсетіп және есептеу


№р/р



Қорғалған тақта туралы мәліметтер

Қазу тереңді-гі

H, м

Этажд-ың көлбеу биіктігі

Hэт, м

Этажаралық кендің-гектің өлшемі

hц, м

Қорғалған тақтада төбені басқару-дың тәсілі

Тақта арасынд-ағы жыныстарда құмдақтардың болуы

ή,%

Қауіптіге қатысты орналас-

қан

Қауіп

тіге hi,м дейінгі қашықтық


Қуатты m, м

Құлау бұ-

рышы

ά, град


А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

И

К

1

төбеде

18

0,8

15

400

150

-

төбенің

толық құлауы

50

2

төбеде

35

1,2

40

500

130

8

пневматикалық толтырым

60

3

табанда

42

0,65

52

600

I8O

6

төбенің

толық құлауы

18

4

төбедее

25

0,7

60

700

144

-

гидравликалық толтырым

28

5

табанда

48

1.4

34

750

138

10

төбенің

толық құлауы

32

6

төбеде

34

0,6

65

800

160

-

төбенің

толық құлауы

55



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


1. Инструкция по безопасному ведению горных работ на пластах, склонных к внезапным выбросам угля, породы и газа: Утв. М-вом угольной пром-сти СССР 6.10.76 и Госгортехнадзором СССР 21.09.76. - М. : Недра, 1977. - 158 с.
№ 5-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Тау-кен жұмыстарының жоспарлары бойынша шақты алабтарын ашу тәсілдерін зерделеу

Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар

Тау-кен жұмыстарының жоспары бойынша анықтау:

1. Шақты алабының шегінде оқпандардың орналасқан орны.

2. Оқпандардың саны, олардың технологиялық міндеті.

3. Ашу схемасы бойынша (егер ол сызбада тау-кен жұмыстарының жоспарымен келтірілген болса] белгілеу:

3.1. Ашылатын тақталардың саны.

3.2. Ашылатын қазба бойынша тақталар арасындағы қашықтық.

3.3. Басты және қосымша ашу қазбаларының атауы.

3.4. Жұмыс горизонттарының саны.

3.5.Тік және тақтаның жазықтығы бойынша көтерме горизонттардың арасындағы қашықтық.

4. Шақты алабын ашу схемасын сызу.

5. Шақты алабын ашу тәсілінің толық атауын беру.

Жұмыстың мақсаты: жұмыс шақтыларының үлгісімен шақты алабтарын ашу тәсілдері жөнінде білімді тексеру; тау-кен жұмыстарының жоспарлары бойынша шақты алабтарын ашу тәсілдерінің класы мен шамашарттарын анықтау дағдыларына ие болу.

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Практикалық жұмысқа дайындалу барысында студент жұмыстың орындалу үлгісін зерделеп [l, II бөлім] және мұқият талқылауы керек.

2. Әрбір студентке тау-кен жұмыстарының жоспары беріледі.

3. Тау-кен жұмыстарының жоспарымен және ашу схемаларымен толық танысқаннан кейін шақты алабын ашу тәсілін жан-жақты талдап зерделеуге көшуге болады.

4. Белгілеу:

4.1. Негізгі ашу қазбаларының типін.

4.2. Қосымша ашу қазбаларының санын, типін және пайдаланудағысын.

4.3. Жұмыс горизонттарының санын.

4.4. Горизонттарды іске қосудың реттілігін.

4.5. Негізгі және қосымша ашу қазбаларының технологиялық міндетін.

5. Өлшеу:

5.1. Жұмыс горизонттарының арасындағы қашықтықты.

5.2. Көтерме горизонттары мен тақталар жазықтығы арасындағы құлама қашықтықты.

5.3. Негізгі және қосымша ашу қазбаларының ұзындығын.

6. Егер сызбада тау-кен жұмыстарының жоспарымен бірге шақты алабын ашу схемасы келтірілген болса, онда ашылатын тақталардың саны, олардың индекстері, тақталар арасындағы қашықтықтар суреттен айтылады.

7. Егер сызбада тек қана тау-кен жұмыстарының жоспары ғана келтірілген болса, онда шақты алабын ашу тәсілі бір тақта үшін ғана келтіріледі.

8. Белгіленген мәліметтер бойынша шақты алабын ашу тәсілінің атауын тұлғалау және шақты алабын ашу схемасын сызу (тілігін, сызылғысын), барлық тән өлшемдерді көрсету; стрелкалармен жүк тасқындарының, ауа ағындарының қозғалысы бағытын көрсету.

Жұмыстың орындалу үлгісі

1. К.И.Поченков атындағы шақтының m3 тақтасы бойынша тау-кен жұмыстарының жоспары мен шақты алабын ашу схемасы берілген.

2. Шақты алабының шегі бойынша оның орталық бөлігінде екі тік оқпандар, ал жоғарғы техникалық шекара бойынша бір тік оқпан жүргізілген.

3. Ашу схемасы бойынша қосымша ашу қазбаларымен (квершлагтармен) үш тақта ашылғандығы белгіленген: K1, l1, m3.

4. Шақтының жер бетінен 915 м тереңдікте бір жұмыс горизонты бар.

5. Оқпандардың функциялары келесідей: бір оқпан - клеттік, шақтыға адамдарды түсіру және таза ауаны беру үшін арналған; басқа оқпан – скиптік, пайдалы кенді жер бетіне көтеру үшін арналған.

6. 915 м горизонтта тақталар жазық квершлагтармен ашылған, солтүстікте m3 тақтасы, ал оңтүстікте - l1 және К8 тақталары ашылды.

7. Екі орталық оқпандардың тереңдігі 915 м, желдетпе оқпанның тереңдігі 720 м. Квершлагтардың ұзындығы: солтүстіктегі - 900 м, оңтүстік тегі- 860 м.

8. Шақты алабында негізгі оқпандар орталық бөлікте жүргізілгендіктен, сонымен қатар шақты алабын құлама бойынша шамамен екі тең бөліктерге бөлетін бремсберг және еңіс алабтары,

сондай-ақ бір ғана горизонт болғандықтан, мынадай қорытынды жасаймыз: К.И.Поченков атындағы шақтының шақты алабы орталық қос тік оқпандармен және 915 және 720 м горизонттарда жүргізілген күрделі квершлагтармен ашылған.

9. 1:50000 масштаб бойынша шақты алабын ашу схемасын (10-сурет) және m3 тақта (11.2-сурет) бойынша сызамыз.
Бақылау сұрақтары

1. "Шақты алабын ашу тәсілі" түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Шақты алабтарын ашу тәсілдерінің негізгі классификациялық белгілерін атаңыз.

3. Шақты алабтарын ашу тәсілдері практикасында кездесетін әр түрлілік неге байланысты?

4. Шақты алабы бір ғана тау-кен иелігімен ашылуы мүмкін бе? Иә немесе жоқ. Түсіндіріңіз.

5. Ашу тәсілін таңдап алуға созылым және құлама бойынша шақты алабының өлшемдері әсер етеді ме? Егер иә болса, онда қалай және неге?

6. Ашу тәсілі тақталардың қуаттылығына, құлау бұрышына, нормаль бойынша тақталар арасындағы қашықтықтарға тәуелді ме?

7. Басты және қосымша ашу қазбаларын атаңыз және олардың атқаратын қызыметін айтып беріңіз.

11.2 – сурет – Поченков атындағы шақты алабын ашу схемасы

11.3-суретПоченков атындағы шақтының m3 тақтасы бойынша

тау-кен қазбаларының жоспары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Технология подземной разработки пластовых месторождений полезных ископаемых /А.С.Бурчаков, Н.К.Гринько, Д.В.Дорохов и др. - М.: Недра, 1983. - 487 с.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


написать администратору сайта