Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
Скачать 2.54 Mb.
|
11.1- кестенің жалғасы.
- даярлаушы қазбалардың ең төменгі көлденең өлшемдер мен көлденең қимасының ауданын [1, § 49; 2 § 51]; Ескерту. Жеке жағдайларда оқытушының нұсқауы бойынша бекітпені қайта бекітусіз қазбаларды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен бекітпенің типі мен икемділігін (отырымдылығын) таңдауға арналған даярлаушы қазбаның төбесі мен табанының ығысу шамаларын есептейді [3, пп. 6.14, 6.32]; №3-кезең. Кестеден, гипсометриялық жоспардан немесе тау-кен қазбаларының созылғысы көшірмелерінен тақтаның қасиетін оқып білу. Тақта туралы меңгерілген мәліметтердің негізінде мыналарды таңдау және дәйектеу қажет: - тақтаның өздігінен жануға бейімділігін ескере дайындаушы қазбаларының орналасуын [4, п.2; 3, п. 6.2]; - тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере даярлаушы қазбалардың орналасуын [5, пп. 44, 46]; - көмір тақтасы бойынша жүргізілген даярлаушы қазбаларды қорғау тәсілін [3, пп. 6.9-6.13]. - тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере кен алынған кеңістікке қатарлас штректерді өту үшін және лаваларды тура желдетуді қамтамасыз ету үшін панелдік қазбаларды қапталдық (флангелік)жүргізу қажеттілігін [5, пп. 38е, 44]; №4-кезең. Шақты алабын панелдік даярлаудың шамашарттарын есептеу және дәйектеу: - істемді тазартпа кенжарлардың қосындық ұзындығын [6, с. 227]; - әрбір тақта үшін лаваның ұзындығын [6, с. 227]; - әрбір қазылатын тақтада істемді лавалардың санын [6, с. 228]; - резервтік- істемді лавалардың санын [6, § 76]; - тақтаның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділігін ескеру панелдерде барлық лавалардың орналасуын [4, пп. 2.4; 5, п. 44]; - тақта созылымы және өрлеме-құлама бойынша панелдердің өлшемдерін [6, с.51; 7, п.4]; - бір мезгілде қазымдалатын панелдердің санын; - әрбір панелдегі лавалардың санын [6, с. 51]; - шақты алабындағы панелдерді қазымдау реттілігін [2, § 23]; - панелдердегі ярустарды қазымдау тәртібін және реттілігін[2, § 24; 5, п. 38 ж]; - тақталардың оқыс лақтырысқа және өздігінен жануға бейімділіктерін ескере бремсбергтік және еңістік панелдердегі лавалардың желдетілуін [5, п. 38 ж, 44, 4, п. 2]; - ярустық штректер бойынша жүктердің толасыз жеткілуін [6, c. 2I3]; - орталық және флангелік көлбеу қазбаларда қабылдау алаңдары құрылғысының қажеттілігін [6, с. 200, 203]. № 5-кезең. Графикалық бөлігі. Тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеге немесе гипсометрлік жоспарға негізгі жазық және көлбеу даярлау қазбаларын салады, панелдердің өлшемдерін, оларды қазымдау реттілігін көрсетеді, барлық істемді және резервті-істемді лаваларды панелдерде көрсетеді, стрелкалармен таза шықпа ағыстарын, жүктердің толассыз жеткізілу бағыттарын белгілейді. Бақылау сұрақтары Жазық жатысты тақталарды қазу кезінде шақты алабын панелдік даярлау тәсілі қолданылады ма? Панельдік конвейер бремсбергі бойынша таза ауа ағысын беру рұқсат етіле ме? Панелдің флангесінде панелдік бремсберг жүргізіледі ме? Панелдің флангесінде желдетпе қазбалар жүргізіледі ме? Күртқұлама тақталарды қазу кезінде панелдік даярлау қолданады ма? Бос жыныстар бойынша флангелік көлбеу қазбалар жүргізіледі ме? Ярустар аралық ярустарға бөлінеді ме? Ярустарды қазу алаптарына бөледі ме? Этаждарды қазу алаптарына бөледі ме? Бірнеше панелдерді бір мезгілде қазымдау мүмкін бе? Қандай жағдайларда шақты алабын панелдерге бөлуді ұсынылады? [2, 22] Шақты алабында ірі геологиялық бұзылымдардың болуы даярлау тәсіліне әсер етеді ме? Шақты алабында панельдерді қазымдаудың қандай реттілігін қолданған жөн? [2, 23] Панелде қанша лаваны бір уақытта қазымдауға болады? Ірі тақталарды қазу кезінде шақты алабын панелдерге неге бөлмейді? Панелдердің флангелерінде көлбеу қазбаларды не үшін жүргізеді? Қандай жағдайларда бір қанатты панелдер қолданылады? Қандай жағдайларда көмір тақтасы бойынша панелдік көлбеу қазбаларды жүргізу рұқсат етіледі? [3, п. 6.2] Қазу жүйесінің қандай жағдайларында лаваның артындағы кен алынған кеңістіктергеқатарлас даярлау қазбаларын жүргізу ұсынылады? [3, п. 6.7] Көмір тақтасы бойынша жүргізілген даярлаушы қазбаларды қорғау үшін қандай тәсілдерді қолдану ұсынылады? [3, п. 6.9]. Даярлау қазбаларын қорғау үшін қалдырылған көмір кендіңгектерінің ені неге тәуелді? [3, п. 5.7]. № 2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Өрлеме (құлама) бағыты бойынша лавалармен қазу кезінде шақты алабын даярлау тәсілін жобалау Тапсырма: Берілген жағдайлар үшін шақты алабын горизонттық дайындау тәсілі бойынша жобалау (11.2-кесте). Жұмыстың мақсаты: шақты алабын горизонттарға бөлуді дербес жобалауды үйрену және олардың рациональды шамашарттарын есептеу (дәйектеу). Практикалық оқу объектілері: жұмыс шақтыларының тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмелер, жұмыс істейтін, салынып жатқан немесе жобаланатын шақтылардың көмір тақталарының гипсометриялық жоспарлары, М 1:20000; 1:50000. Басқа масштабты сызбаларды қолдану мүмкін. Жұмысты ұйымдастыру: әрбір студент тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмені немесе шақты тақталарын гипсометриялық жоспарын алады. Ескерту. Горизонттық дайындау тәсілді жобалау кезінде ҚЕ, ТЭК және саладағы істемді нормативтік құжаттардың талаптары орындалуы керек. Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Барлық жұмыс көлемін кезең-кезеңмен орындау ұсынылады. № 1-кезең. Кестеде, сонымен қатар гипсометриялық жоспарда немесе тақта тау-кен қазбаларының жоспары көшірмесінен көрсетілген шақты алабының геологиялық-тектоникалық ерекшеліктерін оқып білу. Шақты алабының терең меңгерілген ерекшеліктерінің негізінде мыналарды қабылдау және дәйектеу қажет: - сызбада көрсетілген геологиялық бұзылымдарды ескере көліктік және желдетпе арналық штректермен қызымет көрсететін шақты алабын бөліктерге бөлу қажеттігін; - арналық штректермен қызымет көрсететін шақты алабы бөліктерінің құлама бойынша өлшемдерін [6, с. 51]; - қазу горизонтының еңіс бөлігіне қызмет көрсету үшін қосалқы еңісті өту қажеттілігін [6, с. 47]; № 2-кезең. Кестеде және гипсометриялық жоспарда немесе тау-кен қазбаларының жоспарынан көшірмеде көрсетілген бүйір жыныстардың қасиетін оқып білу. Бүйір жыныстар туралы терең меңгерілген мәліметтердің негізінде мыналарды қабылдау және дәйектеу қажет: - тақта төбесінің (құлама-өрлеме бойынша, диагональды) жыныстарындағы жарықшақтардың бағытын ескере тазартпа кенжарлардың жылжу бағытын; - даярлаушы қазбалардың (арналық штректердің) тақтаға қатысты орналасуын [3, п. 6.1, 6.2, 6.7]; - тақтаға қатысты қосалқы еңістің орналасуын [3, пп. 6.1, 6.2, 6.7, 2, § 46]; - арналық штректерді қорғау тәсілін [2, § 52; 3; п. 6,9]; - қосалқы еңісті қорғау тәсілін [2, § 52, 53; 3, п.6.9]; - далалық қазбаларды қорғау тәсілінің параметрлері [3, пп. 6.I0-6.II]; - даярлаушы қазбалардың ең аз мөлшері мен ең қысқа биіктігін [1, § 49]; Ескерту. Жеке жағдайларда оқытушының нұсқауы бойынша бекітпені қайта бекітусіз қазбаларды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен бекітпенің типін таңдау үшін даярлаушы қазбасындағы жыныстардың күтілетін ығысу шамаларын есептеп шығарады [3, п. 6, 14- 6.32]. 11.2- кесте– Берілген жағдайлар үшін шақты алабын горизонттық дайындау тәсілі бойынша жобалау
11.2 - кестенің соңы
№ 3-кезең. Кестеде және сызбада берілген заттың қасиеттерін оқып білу. Тақтаның қасиеттері туралы терең меңгерілген мәліметтердің негізінде мыналарды қабылдау және дәйектеу қажет: - тақтаның өздігінен жануға бейімділігін ескере даярлау қазбалардың орналасуын [4, п. 2.2; 3, п. 6.2]; - тақтаның оқыс лақтырысқа бейімділігін ескере негізгі даярлық қазбалардың орналасуын [3, п. 6.2; 5, п. 45]; - тақтаның оқыс лақтырысқа тақталық даярлау қазбалардың кенжарларының жылжу бағытын [5, п. 47]; - тақталық даярлау қазбаларын қорғау [3, пп. 5.7, 6.2, 6.11]; - тақтаның суландырулығын және оның өздігінен жануға және оқыс лақтырысқа бейімділіктерін ескере тазартпа кенжарларының жылжыу бағытын; - даярлау қазбаларының орналасуы мен оларды қорғау бойынша қабылданған шешімдерді ескере горизонттық дайындау схемасын сызу. № 4-кезең. Дайындау шамашарттарын есептеу және дәйектеу қажет: - кестеде берілген жағдайлар үшін жұмыс істейтін тазартпа кенжарларының қосындық ұзындығын [6, с. 227]; - лаваның белгіленген ұзындығын ескере жұмыс істейтін лавалардың санын [6, с. 228]; - резервтік-істемді лавалардың саны [2, § 75]; - лавалардың жалпы саны. - горизонттағы қазу бағандарының (учаскілердің) саны; - горизонттағы қазу бағандарының (учаскілердің) қазымдалу реттілігін [2, § 23]; - тақтаның суландырылулығын ескере горизонттың шегінде тазартпа қазбалары кенжарларының жылжу бағытын. № 5 кезең. Графикалық бөлік Тау-кен қазбалары жоспарынан көшірмеге немесе гипсометриялық жоспарға даярлаушы қазбаларын (арналық штректерді, қосалқы еңістерді), сондай-ақ қазу горизонтын бағандарға (учаскілерге) бөлу үшін алу қазбаларын салады, есепке сәйкес жұмыс істейтін жіктерді көрсетеді. Сызбада шартты белгілермен лавалардың жылжу, таза және шықпа желдетпе ағындарының және жүктердің толассыз жеткізілу бағыты бағыты көрсетіледі [1, с. 280-281, 9, с. 95-111]. |