Главная страница
Навигация по странице:

  • Шақты алабын блоктік даярлау тәсілi.

  • Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13 Қосымша әдебиеттер: 14-21 СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) /3- 6/

  • 9-тақырып Шақты алабын даярлау және ашу тәсілдерін конструктрлеу (4 сағат)

  • Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13 Қосымша әдебиеттер: 14-21 СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) /3- 6, 7-13, 14-22/

  • 4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 6-шы семестр

  • Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулықтар

  • Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


    Скачать 2.54 Mb.
    Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
    Дата14.02.2023
    Размер2.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшу дәріс.docx
    ТипДокументы
    #936002
    страница6 из 17
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

    Шақты алабын этаждық тәсілімен даярлау. Бұл тәсілде (3.3,а-сурет), шақты алабы, құлама бағытта штректермен шектелген, бойлары біркелкі, жазылым бойынша ұзын бағаналы этаждарға бөлінеді. Этаждың жоғарғы шекарасы - этаждық желдетпе штрегi, төменгi шекарасы - этаждық тасыма штрегi болады, ал екi жақтары шақты алабы шекарасына тiреледi. Этаж штректері күрделі бремсбергтен (еңістен) әлде этаждық квершлагтардан өткізіледі. Этаждық дайындық тәсілдері, шақты алабы өлшемдері және тақта құлама бұрыштарымен байланысты болғандықтан, әртүрлі конструктивтік амалдармен орындалу мүмкін. Мысалы: этаж бойында бір тазартпа кенжар немесе 2 - 3 тазартпа кенжар істе болу мүмкін, соған орай этаж біртұтасты немесе құлама бойынша биіктіктері бірдей 2 - 3 аралық этаждарға бөлшектенуі мүмкін (бірінші жағдайда - кенжар-этаж, екіншісінде этажды аралық этаждарға бөліп алу қазу жүйелеріне сәйкес дайындалады).

    Штректер арасындағы арақашықты - этаждың құлама биiктiгi деп атайды. Ол төмендегiдей формуламен есептелінеді
    hЭ= АЖ / 2Lmγс, м,(3.2)
    мұнда АЖ - шақтының жылдық өндірістік өнімділігі (қуаты), млн.тонн жылында; hЭ - этаждың көлбеу биiктiгi (120-дан 200 - 250 метрге дейін, АҚШ-та 400 метрге дейін болады), м; L - тазартпа жұмыстарының жылдық жылжу мөлшерi, м; γ - пайдалы қазбаның (кеннің) тығыздығы, т/м3; m - тақтаның орташа қалыңдығы (қуаты), м; с - этаждың көмiр алымының толықтығын көрсететiн коэффициент; 2 - қос қанатты шақты жұмыс бағытының саны; Sр = mγ - тақтаның өнiмдiлiгiн (т/м2) сипаттайтын көбейтiндi.

    Көп тақталы шақты алабында этаждың құлама биiктiгi келесі формуламен анықталады
    hЭ = АЖ / 2LSрс, м,(3.3)
    тақталардың қосынды өнiмдiлiктері тақталар санына қарай алынады
    Sp = р1+р2+ р3+ .... + рn , т/м3.(3.4)
    Этаж құлама бетiнiң тiк беткейге проекциясы - тiктеме биiктiгi болады
    hВ =hЭsina ,
    мұнда a - тақтаның құлама бұрышы, град.

    Этаждың көлбеу биіктігі кенжар ұзындығымен нақты байланыста:

    кенжар-этаж дайындығында
    hЭ = lК + hш + hд ,(3.5)
    этажды 2 - 3 аралық этаждарға бөлуде
    hЭ = S lК + S hш+ hд,(3.6)
    мұнда lК , SlК- бір немесе 2 - 3 кенжардың қосынды ұзындықтары; hш,Shш - бір немесе бірнеше этаждық және этажаралық штректердің қосынды ендері; hд - кендіңгек ені (кендіңгексіз қазу жүйелерде hд = 0).

    Этаждар, жоғарыдан төменге қарай (I→II→III→IV→V→VI) даярланып қазылады (3.3,а-сурет). Тазартпа кенжарлардан (бремсберг алабында орналасқан жағдайда) пайдалы кеннің тасымалдану жолдары былай: қанаттардағы тазартпа кенжарлардан (3), этаждық тасыма штректерге (5), олардан күрделі бремсбергке (4), одан тасыма квершлагқа (бұдан әріқарай суретте көрсетілмеген), одан оқпан албарына, одан басты оқпанға, онымен жер бетіне. Ал желдетудегі ауа жолдары мынандай: клеттік оқпан арқылы (1') (бұл оқпан бас оқпаннан 20 - 30 метр аралығында орналасады, суретте нақты көрсетілмеген) желдетпе квершлагқа, одан адамдар жүретін қазбаға (4') (бұл қазба күрделі бремсбергтен 20 метрдей параллелді өткізіледі), одан тасыма штректерге (5), олардан тазартпа кенжарларға (3), олардан желдетпе штректерге (6), олардан желдетпе оқпанға (шурфқа) (2).

    Өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін, біздің тәжірибеде этаж қанаттары учаскелік бремсберг (еңіс) немесе учаскелік құлама үңгілері арқылы, жазылым ұзындықтары 700 - 800 метрдің шамасындай қазба алабтарына бөлінетін.

    10 - 15 жылдан бері озат мемлекеттерде шақты-кенжар, шақты-тақта атты технология үлгілері іске қосылып, шақтыларда бір тәулікте 15 - 20 мың тонна көмір өнімделе бастады (АҚШ, Австралияда 25 - 30 мың тоннаға дейін, әлем рекорды 54 мың тонна), жоғары өнімді тазартпа кенжарлар кеңінен жарияланды. Бүгінгі күні ТМД мемлекеттерінде де, оның ішінде Қазақстанда, ал нақты айтқанда Қарағанды шақтыларында да, жоғары өнімді кенжарлар іске кіргізіліп жатыр. Бұл үлгімен өнімді жұмыс істеу үшін ықтималды тау-кен, таутехникалық жағдайлар болу қажет және келесідей шаралар мен талапталар орындалу керек:

    біріншіден, шақтыда тек ұзын бағаналы қазбалар даярлануға тиісті (ұзындықтары 2000 - 3000 метрден 4000 - 5000 метрге дейін);

    екіншіден, жоғары өнімді және берікті механикаландырылған кенжар комплекстері (механикаландырылған бекітпе, қазба комбайн, кенжар конвейері) қолданылуға тиісті;

    үшіншіден, даярлау үңгілерін өткізу технологиялары мен жабдықтары жоғары қарқынды және сапалы болу керек (тәулікте 30 - 40 метрге дейін, одан жоғарыда, үңгілер дайындалу қажет);

    төртіншіден, Қарағанды шақтыларындағы көмір тақталары газдылық көрсеткіші бойынша өте қауіпті болғандықтан, дегазация (жерастынан метан газын шығару) жұмыстары мол көлемде және тиімді жүргізілу керек;

    бесіншіден, шақтылардың бүкіл қызметі мен шаруашылығын осы үлгіге сәйкестендіру қажет (желдету жүйелері, жерасты тасыма көліктері мен көтермелер, даярлау жұмыстардың көлемдері мен жерасты үңгілер саны, жұмысшылар саны және тағы басқа).

    Этаждық тәсілдің пайдалану саласы - көлбеу және құлама көмір тақталары, кейде жазық тақталар. Бұл тәсілді басқа тәсілдерден көрі газы мол, газ бен көмірдің кенеттен лақтырысы кауіпті тақталарда пайдалануға қолайлы.

    Тәсілдің артықшылықтары - желдету процесі мен тау-кен үңгілерін орындауға және жүйелендіруге оңай түсуі, көлбеу үңгілер көлемінің аздығы, шақтыны өндіріске жылдам кіргізуге мүмкіншілік беруі;

    Тәсілдің кемшіліктері - тазартпа жұмыстарының көлемін (өзгеше айтқанда тазартпа кенжарлардың санын) тіке өсіруге мүмкіншілік бермеуі (қазіргі кезде оның керектігі шамалы), желдетпе және тасыма этажды штректерін шақты алабының бүкіл ұзындығы бойымен өткізу және оларды үздіксіз қорғап ұстау.

    Шақты алабын блоктік даярлау тәсілi. Шақты алабының ауданы үлкен (жазылым ұзындығы 8 - 12 километрден астам), курделі геологиялық бұзылыстары мол, газы көп топты көмiр тақталарын өндіруде және жоғары өнімді, ірі шақты құруда, блоктік даярлау тәсілi (3.3,г-сурет ) қолданылады. Ол үшін шақты алабы бiрнеше блокқа бөлiнеді, әр блок тәуелсіз шақты сықылды жұмыс істейді. Блоктарда, тазартпа кенжарлар мен даярлау үңгілерді бөлек желдетету мақсатында, желдеткіш оқпандар (14) өткізiледi. Блоктардың өзі, көбінесе, панел тәсілiмен даярланады. Тазартпа жұмыстары барлық блоктарда бiр уақытта өткізiледi. Блоктардың пайдалы кені негiзгi штрек (8) арқылы басты оқпанға (1) жеткiзiлiп, жер бетіне шығарылады.

    Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

    Қосымша әдебиеттер: 14-21

    СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) /3- 6/
    1. Шақты алабын панелдік тәсілімен даярлаудың артықшылығы, кемшілігі және қолдану орны.

    2. Шақты алабын этаждық тәсілімен даярлаудың артықшылығы, кемшілігі және қолдану орны.

    3. Шақты алабын блоктік даярлау тәсілінің артықшылығы, кемшілігі және қолдану орны.
    9-тақырып Шақты алабын даярлау және ашу тәсілдерін конструктрлеу (4 сағат)
    Дәрістер жоспары

    1. Даярлау жүйесін конструктрлеу. Ашу және даярлау тәсілдерінің

    элементтерін декомпозициялау. Шақты алабын пішу және рациональдық ашу тәсілдерін талдау.

    1. Шақты алабын даярлау тәсілдерін және ашу жүйелерінің негізгі

    шамашарттарын анықтау.

    1. Шақты алабының даярлау схемалары және ашу тәсілдері

    бойынша техникалық шешімдердің варианттарын салыстыру. Күрделі және пайдаланушы қаражаттың құндық көрсеткіштері.
    Дәрістің қысқаша мазмұңы.

    Даярлаудың рациональды жүйесің таңдауды келесідей жүзеге асыруға болады: қазу жүйесінің кен-геологиялық жағдай мәліметтері үшін техникалық келісімді варианттар таңдалады және конуструктеленеді; даярлау жүйесінің негізгі шамашарттары қабылданады немесе есептелінеді.

    Шақты алабын даярлау дегеніміз – ашылған алабты бөлшектеп, көмір қазуға қажетті тау-кен үңгілерін өткізу.

    Көмір кенорындарының жатыс жағдайлары әр түрлі болатындықтан қазу жүйесін таңдау геологиялық, техникалық және ұйымдастырулық факторларға байланысты.

    Көмір кенорындарының қазу жүйелерін таңдауға әсер етуші негізгі факторлар болып мыналар саналады: жер қойнауындағы көмірлердің жатыс пішіні, қалындықтары, құлама бұрыштары, құрылымы; көмірлердің және жанас жыныстардың қасиеттері; кенорындарының газдылылығы және сулылығы; тақталардың кенеттен көмір мен газдың лақтырысына бейімділігі және өздігінен жанғыштығы; тақталардың ара қашықтықтары; қазу тереңдіктері; тазартпа және даярлау қазбаларында өндірістік үдірістерді механикаландыру тәсілдері және т.б. Пайдалы кенорындары дұрыс орналасқан (тақта, линза) және дұрыс орналаспаған (ұя, желі, шток) деп екі топқа бөлінеді.

    Тақталық кенорындарының (көмірлердің, жанартастардың және т.б.) жатыс элементтері айтарлықтай ауданда сақталады.

    Алайда кейбір жағдайларда жатыс элементтер (жазылымы, құлама бұрышы, қалындығы және т.б.) тіпті бір шақты алабының шекарасында өзгеруі мүмкін. Сондықтан даярлау жүйесін таңдау кезінде бір жүйеден басқа жүйеге ауысуды қарастырған жөн болады. Бұндай ауысуда уақыт пен шығын ең аз мөлшерде болуы қажет және алдынғы даярлау тәсілін қолданған жөн.

    Бұндай жағдайда жаңа даярлау учаскелері оңтайлы жүзеге асырылуы қажет.

    Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

    Қосымша әдебиеттер: 14-21

    СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) /3- 6, 7-13, 14-22/
    1. Даярлау жүйесін конуструктрлеу принципі.

    2. Әр түрлі даярлау тәсілдерін салыстырмалы бағалау.

    3. Даярлаудың аралас тәсілдері.
    4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
    6-шы семестр

    1-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Жазылым бойынша лавалармен алу кезінде шақты алабын даярлау тәсілдерін жобалау

    Тапсырма: берілген жағдайлар үшін шақты алабын панелдік дайындау тәсілін жобалау (11.1- кесте).

    Жұмыстың мақсаты – шақты алабын панелдік даярлау тәсілінің рациональды вариантын дербес жобалауды үйрену.

    Практикалық оқу объектілері: даярлау тәсілі туралы шешім қабылдауға әсер ететін тақталардың гипсометриялық жоспарлары (кен-геологиялық жағдайларда тақтаның қазымдарын көрсетеді).

    Жұмысты ұйымдастыру: әрбір студент М 1: 10000, 1: 20000 істемді шақтылардың жоспарлары тау-кен қазбаларының көшірмесін түсіріп алады немесе тақталардың гипсометриялық жоспарын алады. Басқа масштабтардағы сызбалар қолданылуы мүмкін.

    Ескерту. Шақты алабын даярлау тәсілін жобалау да істемді саладағы және бассейндегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алған дұрыс [l , с. 196].

    Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулықтар

    Жұмыстың барлық көлемін кезеңмен орындау ұсынылады.

    1-кезең. Кестеде, көрсетілген шақты алабының геологиялы-тектоникалық ерекшеліктерін оқып білу.

    Шақты алабының игерілген ерекшеліктерінің негізінде келесілерді дәлелдеу және қабылдау:

    - шақты алабының бөлшектерге бөліну қажеттілігін [6, 196 б.];

    - жазылым бойынша шақты алабы учаскелерінің өлшемдерін [6, 213 б; 7, п. 4];

    - құлама бойынша учаскілердің өлшемдерін [6, п. 2, 51 б; 7, п. 4];

    - тақтаның құлау бұрышын ескерумен бөлінген уаскелердің шегінде лавалардың жылжу бағытын [2, § 22, 78].

    Жүргізілген талдаудың негізінде шақты алабын даярлау тәсілдері туралы алдын ала шешім қабылданады.

    2-кезең. Кестеде, бүйір жыныстардың қасиеттерін оқып білу.

    Бүйір жыныстардың қасиеттері туралы терең меңгерілген мәліметтердің негізінде келесілерді дәлелдеу және қабылдау:

    - тақта төбесінің жыныстарындағы жарықшақтардың негізгі жүйесінің бағытын ескере (өрлеме-құлама, жазылым бойынша) және тақтаның құлау бұрышын ескере тазартпа кенжарларының жылжу бағытын;

    - табан жаныстарының бекемдігін, оның істеуге бейімділігін ескере қазылатын тақтаға қатысты даярлаушы қазбалардың орналасуын [3, пп. 6.1, 6.2, 7.33];

    - даярлаушы қазбалардың орналасу орнын ескере оларды қорғау тәсілдерін [3, пп. 6.6, 6.7, 6.68];

    - даярлаушы қазбаларды қорғау тәсілдерінің шамашарттарын [3,пп. .6.3, 6.6, 6.7];

    11.1- кесте – Берілген жағдайлар үшін шақты алабын панелдік дайындау тәсілін жобалау




    р/р


    Шақты алабы


    Көмір қоры,млн.т

    Көмір тығыздығы,т/м3

    Қатысты газбөлгіштік,

    м3/т с.д.

    Тақтаның бейімділігі

    Тақтаның суландырылу-лығы

    Жыныстардың тікелей суландыры

    лулығы

    Төбе жарықшақтарының бағыты

    Тазартпа жұмыстарының жылдық жылжуы, м/жылына

    барлығы

    сондай-ақ тақтадан

    оқыс лақтырысқа

    өздігінен жануға

    төбенің

    табан-ның

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    1

    1-сурет

    М 1:10000

    I.5-

    1,4

    15

    10

    бейімді емес

    бейімді емес

    суландырылма

    ған

    жоқ

    жоқ

    жазылым бойынша

    600

    2

    2-сурет

    М 1:10000

    1,8

    1,а

    20

    5

    бейімді емес

    бейімді

    суландырылма

    ған

    иә

    иә

    жоқ

    800

    3

    3-сурет

    М 1:10000

    1,5

    1,4

    25

    15

    бейімді

    бейімді

    - « -

    жоқ

    иә

    жоқ

    700

    4

    4-сурет

    М 1:10000

    1,8

    1,3

    10 .

    5

    бейімді

    бейімді емес

    суландырылған

    жоқ

    иә

    жазылым бойынша

    650

    5

    5-сурет

    М 1:10000

    2,1

    1,4

    12

    6

    бейімді

    бейімді

    суландырылма

    ған

    жоқ

    иә

    жоқ

    600

    6

    6-сурет

    М 1:10000

    1.8

    1.3

    20

    15

    бейімді емес

    бейімд

    суландырылма

    ған

    жоқ

    иә

    құлама бойынша

    700

    7

    7-сурет

    М 1:10000

    1,5

    1,3

    25

    10

    бейімді

    - « -

    - « -

    иә

    иә

    жазылым бойынша

    700

    8

    8-сурет

    М 1:10000

    1,8

    1,4

    27

    17

    бейімді емес

    - « -

    суландырылма

    ған

    жоқ

    иә

    жазылым бойынша

    600

    9

    9-сурет

    M 1:10000

    2,1

    1,3

    30

    20

    бейімді

    бейімді емес

    суландырылған

    жоқ

    иә

    жоқ

    700

    10

    10-сурет

    М 1:10000

    1,2

    1,3

    25

    10

    бейімді

    бейімді

    суландырылма

    ған

    жоқ

    иә

    құлама бойынша

    500
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


    написать администратору сайта