Главная страница
Навигация по странице:

  • 9. Шақты алабын екі горизонттық ашу жүйесі.

  • 9. Топты тақталарды тік оқпандар және этаждық квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

  • 10. Жекеленген екі горизонталді немесе жазық тақталарды тік оқпандар және екі күрделі (жеке) квершлаг арқылы ашу жүйесі.

  • 10. Топты жазық тақталарды тік оқпандар, күрделі квершлаг және гезенк арқылы ашу жүйесі.

  • 11. Топты жазық тақталарды тік оқпандар, этаждық квершлагтар және учаскелік гезенктер арқылы ашу жүйесі.

  • 11. Құлама бұрышы өзгермелі тақтаны тік оқпан, этаждық және күрделі квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

  • 12. Топты жазық тақталарды басты көлбеу, тік оқпандар және этажды квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

  • 12. Топты тақталарды көлбеу оқпандар және этаждық квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

  • Шақты алабын блокпен ашу жүйесіне түсінікте.

  • Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13 Қосымша әдебиеттер: 14-21 СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) /1-4, 5-13/

  • Ашу дәріс. 6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат


    Скачать 2.54 Mb.
    Название6шы семестр 1 блім Дниежзілік кмір кені геологиялы орларыны сипаттамасы 6 саат
    Дата14.02.2023
    Размер2.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАшу дәріс.docx
    ТипДокументы
    #936002
    страница4 из 17
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

    8. Қос тақтаны тік оқпан және күрделі квершлаг арқылы ашу

    жүйесі. 2.13-суретте Қос тақтаны тік оқпан және күрделі квершлаг арқылы

    ашу жүйесі көрсетілген.

    Бұл жүйе, бір горизонттық ашу жүйелердің қатарына жатады. Топтағы көмір тақталарды, шақты алабы ортасында орналасқан қос тік оқпандардан (5, 6) өткізілген күрделі квершлаг (9) арқылы ашады. Бремсберг алабы, желдетпе квершлаг және шурфпен (3), ал еңіс алабы, жоғарыда айтылғандай, тасыма квершлагқа (9) параллелді өткізілген желдетпе квершлаг және орталық оқпан көмегімен (5) желдетіледі (қажет болса ортадан қосымша тағы желдетпе оқпан өткізілу мүмкін).

    9. Шақты алабын екі горизонттық ашу жүйесі.

    2.14-суретте тақталарды тік оқпандар және горизонттық квершлагтар арқылы

    ашу жүйесі көрсетілген.

    Бұл жүйеде басты (5) және қосалқы (6) тік оқпандар шақты алабының ортасында орналасады. Шақты алабы екі транспорт горизонтына бөлінеді. Бірінші горизонттың даярлау және қазбалау жұмыстары жоғарғы тасыма квершлаг (10) арқылы, ал екінші (төменгі) горизонт, оқпандар (5, 6) екінші горизонт деңгейіне тереңдетілген соң, өзінің тасыма квершлагы (10') арқылы жұмыс істей бастайды. Бірінші горизонттың желдетілуі, желдетпе квершлаг (7) әлде шурф (3), ал екінші горизонттың - бірінші тасыма квершлагқа (10), паралледі өткізілген желдетпе квершлаг пен орталық оқпан (5) арқылы, орындалады. Горизонттар кезекпен жұмыс істейді, жоғарыдан төмен қарай, тік оқпандар тереңдетілгеннен кейін.

    2.1-кесте Негізгі ашу жүйелерінің жіктемесі




    Ашу жүйесінің

    негізгі қазба бойынша түрі

    Қолайлы даярлау

    тәсілдері

    Ашу жүйесін пайдалануға ыңғайлы тау-кен жағдайлары

    1

    2

    3

    4

    1

    Штолнямен

    а) этаждық;

    б) панелдік

    жазық, көлбеу және құлама тақталарда, таулы жерде

    2

    Көлбеу оқпандармен

    а) этаждық (кенжар - этаж);

    б) этаждық (аралық этаждарға бөлу)

    терең емес, сулы жыныстар мен қорыстар жоқ тұрақты жазық және көлбеу тақталарда

    3

    Тік оқпандар және күрделі бремсберг - еңіспен (бір гориз-онттық)


    а) этаждық (кенжар-этаж);

    б) этаждық (аралық этаждарға бөлу біржақтық және екіжақтық бремсбергке)

    в) панелдік

    жазық, көлбеу тақталарда

    4

    Тік оқпандар және күрделі квершлагпен (бір горизонт-тық)

    а) этаждық (кенжар-этаж);

    б) этаждық (аралық этаждарға бөлу біржақтық және екіжақтық бремсбергке)

    в) панелдік

    топты жазық және көлбеу тақталарда

    5

    Тік опандар және горизонттық квершлагтармен, оқпанды тереңдету арқылы (көп горизонттық)

    а) этаждық (кенжар-этаж);

    б) этаждық (аралық этаждарға бөлу біржақтық және екіжақтық бремсбергке)

    в) панелдік

    топты жазық және көлбеу, газы мол тақталарда

    6

    Тік оқпандар және этаждық квершлагтармен

    а) этаждық (кенжар-этаж);

    б) этаждық (аралық этаждарға бөлу біржақтық және екіжақтық бремсбергке)

    құлама, көлбеу, кейде жазық тақталарда


    3.1-кесте жалғасы

    7

    Тік оқпандар және екі күрделі квершлагпен (екі горизонттық, горизонттар бір уақытта алынады)

    а) этаждық (кенжар-этаж);

    б) этаждық (аралық этаждарға бөлу біржақтық және екіжақтық бремсбергке)

    в) панелдік

    арақашықтары алыс немесе сапалары әртүрлі топты жазық тақталарда


    8

    Тік оқпандар, күрделі квершлаг және күрделі (екі горизонтқа бірдей жұмыс істейтін) гезенкпен

    а) этаждық;

    б) панелдік

    жазық тақталарда

    9

    Тік оқпандар, этаждық кверш-лагтар және учаскелік гезенк-термен

    блоктік (Рур тәсілі)

    жазық тақталарда

    10

    Этаждық және күрделі кверш-лагтармен (құранды жүйе)

    а) этаждық;

    б) панелдік (бөлшектерде)

    жазық, көлбеу, құлау бұрыштары өзгермелі, геогиялық бұзылыстары бар тақталарда

    11

    Басты көлбеу, тік оқпандар және этажды квершлагтармен (Тентек шақтысында пайдала-нылды)

    құранды тәсіл

    жазық тақталарды өнімдейтін жоғары өнімді шақтыларда

    12

    Көлбеу оқпандар және этаждық квершлагтармен

    құранды тәсіл

    жазық тақталарда

    13

    Блоктік ашу

    а) панелдік

    б) этаждық

    әртүрлі құлама бұрыштарда, геологиялық бұзылыстармен қиылған үлкен шақты алабтарында, жоғары өнімді шақты құруда



    2.12-сурет Бір тақтаны тік оқпан және күрделі бремсберг (еңіс)

    арқылы ашу жүйесі.



    2.13-сурет Тік оқпан және күрделі квершлаг арқылы

    ашу жүйесі



    2.14-сурет Тік оқпандар және горизонттық квершлагтар

    арқылы ашу жүйесі.
    9. Топты тақталарды тік оқпандар және этаждық квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

    2.15-суретте топты тақталарды тік оқпандар және этаждық квершлагтар арқылы ашу жүйесі келтірілген.

    Топты құлама әлде көлбеу тақталар тік оқпандар (5, 6) және этаждық квершлагтар (8) арқылы ашылады. Оқпандар, дүркін-дүркін бір немесе екі этаждардың бойларымен тереңдетіліп тұрады. Этаждардың қызмет мерзімдері 10 жылға жуық болып тұру керек. Жоғарғыдағы этаждың ауасы желдетпе квершлагтар (7) және шурфтармен (3) шығарылады, ал төмендегілердікі орталық (5) әлде қосымша өткізілген желдетпе орталық оқпан арқылы шығарылады. Тереңдету жұмыстарының көлемі көп болғандықтан, әр оқпанның ішінде тереңдеткіш бөлімдер тағайындалады немесе бөлек тереңдеткіш оқпан жоспарланады.



    2.15-сурет Тік оқпандар және этаждық квершлагтар арқылы

    ашу жүйесі.

    10. Жекеленген екі горизонталді немесе жазық тақталарды тік

    оқпандар және екі күрделі (жеке) квершлаг арқылы ашу жүйесі.

    Стратиграфиялары ерекше, жекеленген екі горизонталді немесе жазық тақталар әлде тақталар тобы осы жүйемен ашылады. Бір мерзімде істейтін екі көтергіш машинамен жабдықталынған басты тік оқпан (5) өткізіледі. Оқпандағы көтергіш машиналардың бірі - жоғарғы, басқасы - төменгі горизонт үшін қызмет етеді. Шақтыға ауа қосалқы оқпан (6) арқылы кіреді. Әр горизонтта өзінің жеке желдетпе квершлагтары өткізіледі. Екі горизонттың де ауасы бір желдетпе шурфпен (3) шығарылады.



    2.16-сурет Тік оқпандар және екі күрделі (жеке) квершлаг

    арқылы ашу жүйесі.

    10. Топты жазық тақталарды тік оқпандар, күрделі квершлаг

    және гезенк арқылы ашу жүйесі.

    Топты жазық тақталар, скип кейде клет көтермесімен жабдықталынған, басты тік оқпанмен (5) ашылады. Оқпандарды тереңдету жұмыстарын жою үшін, оқпан төменгі тақтаға дейін бірақ өткізіліп, онда оқпан албары құрылады. Жоғарғы тақтада өндірілген көмір, гезенк (11) арқылы төменгі тақтаға түсіріледі. Гезенк спиралді түсірмемен жабдықтандырылады. Басты оқпан скипті болатын болса онымен ауа жіберуге тыйым салынады, сол себептен қосымша клетті оқпан (6) өткізілуі мүмкін. Сонымен шақтыға ауа да жіберіледі, адамдар да көтеріліп - түсіріледі. Бремсберг алабының ластанған ауасы шурф (3) арқылы шығарылады.



    2.17-сурет Тік оқпандар, күрделі квершлаг және гезенк

    арқылы ашу жүйесі.
    11. Топты жазық тақталарды тік оқпандар, этаждық

    квершлагтар және учаскелік гезенктер арқылы ашу жүйесі.

    Жазық жатқан өнімді тақталар тобы тік оқпандар (5, 6) және 600 м сайын өткізілетін этажды квершлагтармен ашылуы мүмкін. Ол этажды квершлагтардан қосымша ашу қазба ретінде этаждық штректер өткізіледі. Тақталардағы учаскелер арасы гезенктермен (12) қосылады. Гезенк аралықтары тазартпа кенжар ұзындығына сәйкестелініп алынады.



    2.18-сурет Тік оқпандар, этаждық квершлагтар және учаскелік

    гезенктер арқылы ашу жүйесі.

    11. Құлама бұрышы өзгермелі тақтаны тік оқпан, этаждық және

    күрделі квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

    Құлама бұрышы өзгермелі тақтаның орта жағы тік опандармен (5, 6) және этаждық квершлагтармен (8), жоғарғы жағы күрделі бремсбергпен (2), төменгі жағы күрделі еңіспен (2) ашылады. Бұл ашу жүйесі құранды ашық жүйенің негізгі бір нысаны болып танылылады. Ауа қосалқы оқпаннан (6) кіріп, бремсберг алабында желдетпе шурфпен (3), өзге жақтарында орталық опанмен (5) шығады (мүмкін қосымша тағы бір тік оқпанмен).



    2.19-сурет Тік оқпан, этаждық және күрделі квершлагтар

    арқылы ашу жүйесі.

    12. Топты жазық тақталарды басты көлбеу, тік оқпандар және

    этажды квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

    Топты жазық тақталар, конвейермен жабдықталынған, басты көлбеу (4) және жыныстарды көтеру мен қосалқы операцияларды орындау үшін екі көтерме қондырғыларымен жабдықтандырылған қосалқы тік (5) оқпандармен ашылады. Басты көлбеу оқпан (4) этажды квершлагтар (8) мен топты этажды штректермен тіркестіріледі. Ал қосалқы тік оқпан (5) этаж аралықты квершлагтар мен топты этажаралықты штректермен қосылады.



    2.20-сурет Басты көлбеу, тік оқпандар және этажды квершлагтар

    арқылы ашу жүйесі.

    12. Топты тақталарды көлбеу оқпандар және этаждық

    квершлагтар арқылы ашу жүйесі.

    Шақты алабы бір жазықтықта орналасқан үш көлбеу оқпандармен ашылады. Оқпандар, біріншісі - көмір тасымалдау конвейерімен жабдықталынған, басты оқпан, екіншісі - жыныстарды көтермелеу үшін біршеттік болат арқанмен жабдықталынған, қосалқы оқпан, үшіншісі - механикалық көтермемен жабдықталынған, адамдарды тасымалдаушы оқпан, деп бөлінеді.



    2.21-сурет Көлбеу оқпандар және этаждық квершлагтар

    арқылы ашу жүйесі.

    Шақты алабын блокпен ашу жүйесіне түсінікте.

    Бұл жүйеде шақты алабы жазылым бағыты бойынша бірнеше бөлшектерге - блоктарға (I, II, III) бөлінеді. Әр блок, жеке шақты алабтары тәрізді, өз оқпандарымен (5, 6) ашылады және желдетіледі (3). Бірақта, пайдалы кенді бір жерге тасымалдау үшін, блоктар үздіксіз тасыма шртек (13) арқылы басты орталық оқпанмен (5) қосылады. Сол жерде бүкіл кен қырға шығарылады. Блоктардың тау-кен жұмыстары бір-бірінен тәуелсіз орындалады. Кенді тасымалдау, су ағызу, кенді сұрыптау - байыту, әкімшілік-тұрмыстық комбинат біріктірілген болады.



    2.22-сурет. Блоктік тәсілдегі ашу жүйенің жалпы

    көрінісі.
    Негізгі эдебиеттер: 1-4, 5-13

    Қосымша әдебиеттер: 14-21

    СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) /1-4, 5-13/

    1. Шақты алабын көпгоризонттық ашу тәсілдерінің сипаттамасы.

    2. Тақталық кенді біргоризонттық ашу тәсілдерінің қолдану орны, артықшылығы және кемшілігі.

    3. Тақталық кенді көпгоризонттық ашу тәсілдерінің қолдану орны, артықшылығы және кемшілігі.

    4. Құлама тақталарды ашудың ерекшелігі.
    6 - тақырып Ашу варианттарын конструктрлеу принциптері, технологиялық жиынтықтар және оқпан албарлары (4 сағат)
    Дәрістер жоспары

    1. Ашу варианттарын конструктрлеу. Шақты алабын ашу варианттарын рациональды таңдауды техника-экономикалық дәлелдеу. Шақты алабының өлшемдерін және горизонттың оңтайлы биіктігін анықтау.

    2. Оқпан албары. Негізгі камералар, олардың қызметі және орналасуы. Конвейерлік көлік және көлбеу оқпандар кезінде оқпан албарының ерекшелігі.

    3. Шақты алабында оқпандардың бір бірімен байланысты орналасуы: орталық оқпан, орталықты-жатқызылған оқпан, диагональды оқпан. Жер бетіндегі технологиялық жиынтықтар. Технологиялық жиынтықтарды жинақтау. Жер бетіндегі технологиялық жиынтықтар ғимараттарын және оқпан албарын пайдалануда техникалық қауіпсіздікке қойылатын талап.
    Дәрістің қысқаша мазмұңы.

    Схемада осы замандағы жоғары өнімділі тазартпа жұмыстарының механикаландырылған қондырғылар жиынтығын қолайлы жағдайларда нәтижелі қолдану қараластырылады. Тақталарды топтастыру, далалық даярлауда және тақталарды кендіңгексіз қазып алу арқасында көмірдің ең аз мөлшерде жоғалымын қамтамасыз ету.

    Қазу алабы өздігінен жанатын көмір тақталарында дарлау тәсіліне тәуелсіз далалық штректерден және аралық квершлагтардан (тасымалық және желдетпе горизонттардан өтілген) ашылады. Бұл эндогендік өрт бола қалған жағдайда тау-кен қазбалары торларынан қазу алабын шығаруға мүмкіндік жасайды.

    Шақты алабын панел тәсілімен даярлағанда, алабтың бремсберг жағын жазық бойымен оқпан тұсынан шақты алабының шетіне қарай алу керек. Бұл жағдайда бірінші панелді даярлауға өткізілетін негізгі штректердің аумағы азаяды. Панелдің еніс жағы біртіндеп шақты алабының шетінен оқпанға қарай алынуы керек. Негізгі штректердің қажетсіз бөліктері құлатылып отырылады.

    Оқпан албары

    Шақтының барлық қазбаларын шақты оқпанымен қосуға арналған қазбалар шоғырын - оқпан албары деп атайды. Оқпан албарынан барлық шақтыдан шығарылатын және жер бетiнен түсiрiлетiн жүктер өтедi. Сондықтан оқпан албары жүк алмастыруға ыңғайлы болуы керек. Оқпан албарындағы көп қоймалар су тартуға, транспорттарды даярлауға т.б жағдайларға қолданылады. Ашу жүйесiн таңдағанда, оқпан албарын тұрақты жыныстардың арасында орналасуын қарастыру керек. Оқпан албарының жүк тасу мүмкiншiлiгi, шақтының жылдық өнiмiне сай болуы керек. Оқпан албарындағы рельс жолдары жүк жүру бағыттарына сай қылып өткізiледi. Оқпан албарындағы қазбалардың аумақтары оқпандардың орналасуына, көтергiш құбырлардың түрiне, ашу жүйесiне, тақталардың жатыс жағдайына, жер бетiндегi темiр жолдардың орналасуына байланысты жасалуы керек. 1.25-суретте, оқпан албарының, пайдалы қазбаны тiк оқпанмен ашқандағы орналасуы көрсетiлген. Оқпан албарындағы барлық камераларда, қауiпсiздiк ережесiне сәйкес, өздерiнiң атқаратын жұмыстары болады. Мысалы, шақтыны тосыннан су басып кетпеу үшiн, насосты камераларға, электр станцияларына үш жүрiс жолдары өткізiледi. Оның бiреуi шақты оқпанына, камерадан жоғары 7 м биiктiкте қосылады, ал басқалары, тығыз жiктi есiктермен жабдықталып, оқпан албарына шығады. Орталық электр станциясының камерасы және басты су шығаратын камералар, оқпан албарындағы рельстерден 0,5 м жоғары орналасуы керек. Насос камерасынан 5,5 м төмен су жинағыш (шұңқыр) жасалынады, барлық шақтыдан шығатын су осында жиналады. Су жинағыш екеу болады, олар кезек-кезек жиналған, ластанған суларды тазалап тұрады. Басты су жинағыш камерасы 4 сағат бойындағы суды жинауға есептелiнедi.

    Қауiпсiздiк ережесi бойынша, шақтының әр горизонтында өрт сөндiргiш поезд және өрт сөндiруге керек материалдар сақталынатын қойма болуы керек. Поезд және қойма оқпан албарында орналасуы керек. Қосалқы оқпанға келетiн қазбалар, өрт жiбермес есiктермен қамтамасыз етiледi. Көп шақтыларда жүк тасуда аккумляторлы электровоздар қолданылады, сондықтан аккумуляторды зарядтайтын станциялар және оларды жөндеу шеберханасы салынуы керек. Кеншiлер жұмыстан кейiн қырға шығу үшiн аялдама камерасына жиналады. Егерде шақтыда iстейтiн кеншiлердiң саны 500 ден асса, онда медпункт ашылады. Жүктер тасылған және шоғырланған жерiнде диспетчер бөлiмi болу керек.





    1.25 – сурет Оқпан албары: 1 – скипті оқпан; 2 – клетті оқпан; 3 – ЖЗ қоймасы; 4 – ЖЗ қоймасын желдететін түйіліспе; 5 – зарядтау камерасы; 6 – жөндеу шеберханасы; 7 – электртасымалдаушы тұратын жер; 8 – алмастыру станциясы; 9 – жыныстар түсіретін шұңқыр; 10 – көмір түсіретін шұңқыр; 11 – медпункт; 12 – туалет; 13, 14 – орталық электрстанциялары; 15 – су жүретін жүрісжол; 16 – кеншілердің поезға мінетін жері; 17 – насос станциясы

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


    написать администратору сайта