Асан Заңғар. І негізгі блім 1 Ксіпорынны аржы ресурстары
Скачать 70.39 Kb.
|
Мазмұны
Кіріспе Менің курстық жұмысымның мақсаты: жұмыстың мақсаты қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, қаржы ресурстарының мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру. Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған курстық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады және жұмыста қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды: -кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидаларын, яғни бір сөзбен айтқанда теориялық негіздерін зерттеу; -кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін анықтау; -кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау; -қаржы ресурстарын пайдаланудың көрсеткіштерін талдау; -кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау;. Курстық жұмыстың объектісі. Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың негіздеріне сүйене отырып, оны ұйымдастырыу тәртібін жетілдіру қызметін көтеру. Кәсіпорынның қаржысы-бұл өнімді өндіру және сату, басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде дамитын ақша қатынастарының жүйесі. Қаржылық жағдай-бұл өндірістік және экономикалық факторлардың бүкіл жиынтығымен анықталатын құрылыс кәсіпорнының қаржылық қатынастар жүйесінің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылатын қаржылық ресурстардың болуын, орналасуын және пайдаланылуын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын күрделі ұғым. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне байланысты. Орындалған ҚМЖ-ны іске асырудағы қиындықтар кәсіпорынның шоттарына ақша қаражатының түсуінің төмендеуіне алып келеді, соның нәтижесінде оның төлем қабілеттілігі нашарлайды. Кері байланыс бар, өйткені қаражаттың болмауы материалдық ресурстармен қамтамасыз етудегі, демек, өндіріс процесінде үзілістерге әкелуі мүмкін. Қаржылық қызмет қаржылық ресурстардың жүйелі түсуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, есеп айырысу және несие тәртібін сақтауға, кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі мақсатында Меншікті және қарыз қаражатының ұтымды арақатынасына, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы керек. І Негізгі бөлім 1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары 1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні, құрамы мен құрылымы Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады. Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады. Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал – бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінінбілдірмейді. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады. Кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары кәсіпорынның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады .Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары — қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша каражаттарының көздерін, шаруашышық орган ның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, каржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты қосалқы қорларындағы «байланысқан» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды — бұлар шаруашылық органдардың олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісім шарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес. Қаржы ресурстарын қалыптастыру көздері және қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері 1 кесте - Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың ішкі және сыртқы көздері болады. Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады. Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады. Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында табыстың маңызы ерекше. Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада табыс — өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады. Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорындар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен қолданылады. Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын құрылар кезде орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады. Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер,), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар. Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акциялар кәсіпорын құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін. Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта алады. Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастырудың тағы да бір нысаны – коммерциялық несиелер тарту. Коммерциялық несиелеу деп, жалпы алғанда, кәсіпорындардың бір-бірін өзара несиелеуін айтуға болады. Тауарды сатып алу барысында сатып алушы кәсіпорын өндіруші кәсіпорынмен есеп айырысу мерзімін белгілі бір уақытқа кейін қалдырады, өз кезегінде сатушы кәсіпорын көрсеткен қызметі үшін мәмілеге пайыздық үстеме ақы қосуға құқығы бар. Демек, коммерциялық несие – тауар нысанындағы несие болып табылады. Коммерциялық несиені қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: тауардың сатылуын жылдамдатады; айналым қаражаттарының айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді; банктік несиелермен салыстырғанда қарыз алушы кәсіпорын үшін арзан қаражат көзі болып табылады; кәсіпорындарға бір-біріне қаржылық жәрдем көрсетуге септігін тигізеді. Көптеген шағын кәсіпорындар үшін коммерциялық несиелер қаржыландырудың бірден-бір көзі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері Кәсіпорыннның сәтті қызметі қаржы ресурстарын тиімді пайдаланусыз мүмкін емес. Қаржы ресурстарын рационалды пайдалануды қажет ететін мақсаттар төмендегідей: кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда өмір сүруі; банкроттықтан және ірі қаржылық сәтсіздіктен қашу; бәсекелестермен күресте көшбасшылық; кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату; кәсіпорынның экономикалық потенциал өсімінің қолайлы қарқыны; өндіріс пен өткізу көлемдерінің өсімі; табысты жоғарылату; шығындарды төмендету; рентабельді қызметті қамтамасыз ету және т.б. Кәсіпорын таңдаған мақсатқа жету көбіне кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың жетілгендігіне тәуелді болады. Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржы ресурстарын пайдалану жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар оның оның кадрлық құрамы кәсіпорынның мөлшеріне, оның қызметінің түрлеріне байланысты әр түрлі әдістер арқылы құрылуы мүмкін. Ірі компания үшін қаржылар бойынша вице-президентпен басқарылатын және құрамында бухгалтерия мен қаржылық бөлімі бар арнайы қызметті бөлген жөн. Шағын кәсіпорындарда қаржылық менеджердің рөлін көбіне бас бухгалтер атқарады. Қаржыларды пайдалану келесі функцияларды атқарады: Өндірістік немесе кәсіпорын қаражаттарының айналымын ақшалай ресурстар көздерімен, ақшалай ағымдарын қалыптасуымен қамтамасыз ету. Шаруашылық және қаржылық қызмет процесінде кәсіпорын толық көлемде және теңдестірілген меншікті, тартылған және қарыздық көздермен қамтамасыз етілуі қажет. Қаржыларды пайдалану процесінде ақшалай ағымдар қалыптасады және кәсіпорынның даму және меншік иесінің табысын арттыру мақсаттарына сәйкес негізгі және айналым капитал құрамында, қаржылық нарықта ақшалай қаражаттарды орналастырудың оптимизациялау және рационализациялау сұрақтары шешіледі. Бөлу немесе кәсіпорынның ақшалай ресурстарын пайдалану және бөлу, ақшалай ағымдарының қалыптасу функциясы. Бұл функцияның орындалу процесінде кәсіпорынның капитал немесе мүлкінің құнын, меншік иесінің табысын арттыру немесе оны сақтау үшін қаражаттарды, есептер, төлемдер мен аударымдарды аванстау мен инвестициялау нұсқауларын таңдауда, шаруашылық жүргізуші басқа субъектілермен қатынастарды таңдауда кәсіпорында бар қаржылық ресурстарды пайдаланудың рационализациясы сұрақтары шешіледі. Бақылау функциясы. Берілген функцияның мазмұны кәсіпорын ресурстарының айналымын түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы нақты бақылау мүмкіндігіне негізделеді. Қаржылық көрсеткіштер мәндерінің өзгерістерін сандық бақылау қаржылық жағдайды, капитал мөлшерін, оның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін, сонымен қатар меншік иесінің табыс көлемінің өсімін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялау және қаржыландыру процестерін пайдалану көмегімен болашаққа қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен оларды сақтау және түрлі факторларды есепке ала отырып, капитал құны мен оның құрылымын бағалау жүзеге асырылады. Қаржыларды пайдалану процесі өзімен бірге кәсіпорын экономикасын жалпы басқаруының негізігі бөлігін құрайды және ол келесі кезеңдер арқылы жүреді: - талдау; - жоспарлау; - орындау, түзету; - бақылау. 1.2 Кәсіпорындардың қаржы ресурстарын басқару стратегиясы Кәсіпорындардың қызметінде қаржы ресурстарын басқару стратегиясы нарық жағдайларында кәсіпорындардың жоғары табыстарға жетуінің негізгі құралы болып саналады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару стратегиясы - бұл кәсіпорынды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету шараларының бас жоспары болып табылады. Ол қаржы ресурстарының қалыптасуының, оларды жоспарлаудың және қамтамасыз етудің теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістерін қамтиды, шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы шаруашылық жүргізудің нарықтық объективті заңдылықтарын зерттейді, бәсекелестік жағдайларда өміршеңдікті қамтамасыз етудің әдістері мен нысандарын жасайды. Қаржы стратегиясы келесілерді қамтиды: кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау; негізгі құралдар мен айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын оңтайландыру; табысты үлестіру (бөлу); салық және баға саясаты; құнды қағаздар жөніндегі саясат (инвестициялық саясат). Қаржыны басқару стратегиясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын, ішкі және сыртқы факторлардың объективті сипаттарын жан-жақты ескереді. Егер қаржы саястаты кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне және оның өнімінің нарығында қалыптасқан жағдайларына сәйкес келмесе, кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін. Қаржы менеджментінің басты мақсаты – кәсіпорынды қажетті және жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес нарық талаптарына сай және кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай қаржы саясаты қалыптасады. Мұнда жауапкершілік орталықтарына және жұмыс бағыттарына қарай қаржы ресурстарын қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлінеді. Қаржы ресурстарын басқару стратегиясы басты мақсатқа жетудің алуан түрлі әдістері мен әрекеттерін қамтиды, атап айтқанда: қаржы ресурстарының қалыптасуы және оларды орталықтандырылған түрде стратегиялық басқару; оларды орындау үшін шешуші бағыттарды анықтау және күштерді жұмылдыру; мақсаттарды саралау және оларға қол жеткізу; қаржылық қызметтің кәсіпорынның экономикалық жағдайына және материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі; әрбір кезеңдегі қаржылық-экономикалық жағдайды және кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті түрде ескеру; |