Диана. психология рубежка ответ. А. А. Леонтьев з ебегінде арыматынас білім мен мдениетті компоненті, оны блінбейтін блшегі іспетті адам баласыны тлім трбиесі мен згелермен байланыс орнатуды ерекше жолы деп арыматынас проце
Скачать 230.32 Kb.
|
№ 1 БИЛЕТ Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп, қабылдайды. Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз. Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды „аударуға“ болады. Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. А.А.Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі ерекше маңызымен қатар оның өзіндік анықтамасын да көрсетіп өткен № 2 БИЛЕТ Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды. Тұлға қажет (қажеттілік) – бұл жеке іс-әрекеттің көзі, себебі ол адамның белгілі бір әрекеттерге ұмтылатын қажеттілігі, оларды дұрыс бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Осылайша, қажет немесе қажеттілік – субъектілердің белгілі бір жағдайларда немесе өмір сүру жағдайына тәуелділігі анықталған жеке мемлекет. Қазіргі кездегі кейбір ойлау мектептері (мысалы, психоанализ және мінез-құлық ) проблемалық мінез-құлыққа баса назар аударғанымен, Маслоу адамдарды бақытты ететін және осы мақсатқа жету үшін жасайтын нәрселер туралы білуге қызығушылық танытты. Гумманист ретінде, Маслоу адамның өзінен-өзі ақылға қонымды болуды, яғни бар болуы үшін, туған тілегі бар деп ойлады. Алайда осы соңғы мақсаттарға жету үшін азық-түлік, қауіпсіздік, махаббат пен өзін-өзі бағалау қажеттілігі сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет. № 3 БИЛЕТ Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты - арақатынаc жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынастың негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни акпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы. Дәрігер де өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым-қатынас, байланыс, срібат (коммуникация) жасауға мәжбүр болады: оның ішінде — науқаспен, оның туған — туысқандарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен), т.б. Дәрігер мен сырқат адамның карым-қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді. Қарым-қатынас - адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігср жұмысының нәтижелілігі мен деңгей-дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық. Коммуникация - басқа адамдармен байлалысу, қарым-қатынас орнату. Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермсн (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру. Қатынасуда субъектІлер (адамдар) сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербалъды емес коммуникация — қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхбаттаса келе, бірін-бірі түсініп, танысады. №4 билет Мейірбикенің кәсіби қызметіндегі коммуникативтік дағдылар маңызы Медбикенің коммуникативті дағдылары пациенттермен достық қарым-қатынас орнату, оларға көзқарас табу, осылайша оларды олардың алдына қою. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту өмірге де, кәсіби табысқа да ықпал етеді. Мейірбике ісі медициналық процедуралар мен манипуляцияларды мейірімді, техникалық сауатты орындаумен қатар психологиялық және физикалық қиындықтарды, депрессияны, қорқынышты, кейде агрессивтілікті бастан кешіретін клиентпен немесе пациентпен қарым-қатынасты білдіреді. Медбикенің коммуникативті дайындық деңгейі, оның эмпатияға дайындығы оның кәсіби жетілгендігінің және диагностикалық және емдеу процесінде өз міндетін орындауға дайындығының көрсеткіші болып табылады. Коммуникациялық дағдыларды меңгеру медбикеге науқастың өзіне ғана емес, оның отбасына деген сенімге қол жеткізуге мүмкіндік береді; емдеу процесіне қатысатын дәрігерлермен және басқа мамандармен конструктивті өзара әрекеттесу. Жанжалдар және оларды шешу жолдары Жанжалдар әрқашан қоғамдық өмірдің табиғатының мәнінен шығатын әлеуметтік құбылыс болып табылады. «Конфликт» (лат. «conflictus») сөзінің өзі «соқтығыс» дегенді білдіреді (қарсы көзқарастар мен мүдделер, елеулі келіспеушілік, қызу қайшылықтар тудыратын дау, т.б.). Бәріңіз білетіндей, дауды шешудің ең жақсы әрі жеңіл жолы – одан қашу. Алайда қырсық адамдарға жолыққанда: Жинақы және сыпайы болыңыз Бірінші кезекте нақты дәлелдер Сенімге ие болу Қулық танытыңыз Жағымпаздақ Ретті пікір бірлігі Әңгімені қауіпті тақырыптарға бұрмаңыз Әрбір ұсақ нәрсені бақылап отырыңыз Адамдар пайда мен тиімділікті сүйеді Күтпеген жерден ілтипат танытып, құрмет көрсетіңіз 3. Ситуациялық тапсырма. Эмпатия дағдысы Нұсқау: Сіз емшара жасайтын кабинетте мейірбикесіз. Науқас Л.;30жаста, емдеуші дәрігер операцияның алдында науқасқа тазалау клизмасын тағайындауға келді. Науқастың бойында қорқыныш сезімі бар. Тапсырма: Науқасқа эмпатия дағдысын көрсетіңіз Сіз уайымдап тұрған сияқтысыз. Бұл өте қалыпты жағдай, өйткені бұл өте үлкен стресс. Сіз қашпағаныңыз үшін кереметсіз енді әрі қарай біздің жұмысымыз біз сізге қамқорлық жасаймыз, бәрі тез өтеді №5 билет Қарым-қатынас жасаудың вербальдық және вербальдық емес тәсілдері. Вербальды қар.қ. сөздермен орындалады. Вербальды қарым-қатынас құралдарына адамның сөйлеуі жатады. Вербалды емес коммуникацияда ақпаратты беру құралы ретінде бейвербалды белгілер (позалар, ым-ишара, мимика, интонациялар, көзқарастар, кеңістіктік орналасу және т.б.) табылады. Тұлғаның қорғаныс механизмдері Ауыстыру. Бұл импульсты (әдетте агрессияны) адамға немесе объектіге бағыттауды білдіреді. Сублимация. Бұл ығысуға ұқсас, бірақ импульс қолайлы формада орналасқан. Сексуалдық ұмтылыс сексуалды емес мақсатқа сублимацияланған 3. Репрессия. өзін-өзі саналы деңгейде ұстағанда ауыр болатын оқиғалар мен ойларды өшіретін процесс 4. Проекция. жеке адамдардың өз ойларын, мотивтерін немесе сезімдерін басқа адамға беру (жобалау) тенденциясы 5. Теріске шығару. субъект сыртқы оқиғаларды сананың бөлігі болмауы үшін бұғаттайды 6. Регрессия. алдыңғы жағдайларға немесе әдеттерге кез-келген регрессия, жетілмеген мінез-құлық үлгілеріне оралу. 7. Реактивті оқыту. қарама-қарсы мінез-құлықты әсірелеу арқылы басқарылады 8. Оқшаулау- естеліктер оқиғалардан жақсы шыдау және төзімділік тәсілі ретінде ажырасады 9. Конденсация-бейсаналық кейбір элементтер (жасырын мазмұн) ұйқы кезінде бір кескінге немесе затқа біріктіріледі 10. Рационализация қолайсыз нақты себеп қолайлы себеппен ауыстырылады Ситуациялық тапсырма. Эмпатия дағдысы Нұсқау: Сіз жедел-жәрдемде фельдшерсіз. Науқас Р.; 58 жаста, тағамдық токсикоинфекция диагнозын қойдыңыз. Науқастың бойында қорқыныш сезімі бар. Тапсырма: Науқасқа эмпатия дағдысын көрсетіңіз Блять я не ебу тоже самое что и в 4 билете №6 билет Топтағы,ұжымдағы тұлға аралық қарым-қатынас дұрыс па білмим Тұлғааралық қарым-қатынастар жеке тұлғаның топтағы, қоғамдағы орнын анықтайды. Олардың сипаты көбінесе адамның осы ұжымда болуына қанағаттануын немесе қанағаттанбауын, жеке тұлғаның эмоционалдық әл-ауқатын, ұжымның бірігу дәрежесін және практикалық мәселелерді шешу қабілетін анықтайды. Іс-әрекет ұғымы.Қажеттілік Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Ситуациялық тапсырма. Эмпатия дағдысы Нұсқау: Сіз стоматология кабинет қызметкерісіз(дәрігер-стоматолог көмекші, тіс дәрігері). Науқас Ш.; 35 жаста, көптеген тіс жегілерін емдеу жоспарлануда. Науқастың бойында қорқыныш сезімі бар. Тапсырма: Науқасқа эмпатия дағдысын көрсетіңіз Тот же сценарий 1 сіз қобалжып отырғыныз көрініп тұр 2 бұл норма 3 сіз келген үшініз молодецсіз 4 енді біз сізге көмектесеміз 10-билет 1-сұрақ: Интервьюдің әдістемелік негіздеріне жататындары: 1. алғашқы қатынастың ұзақтығы 50 минут шамасынан аспауы; 2. кейінгі қатынастар мерзімі бұдан қысқа болуы мүмкін; 3. Вербальді және вербальді емес тәсілдерді кеңінен қолдану; 2-сұрақ: Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Қабілет дегеніміз –белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі қасиеттерінің қиысып келуін айтады. Мысалы: Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенімен, сурет салуға деген қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан оны академияға қабылдамаған. Академия мұғалімдері Суриковвтың сурет өнеріне тиісті қабілеттігін көре алмай,үлкен қате жіберген.Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне деген білім мен дағдыны 2-3 ай ішінде меңгерді де академияға түсуге құқық алды. Қабілеттілік екіге бөлінеді: 1.Жалпы қабілет. 2.Арнайы қабілет. Нышан – қабілеттіліктің қалыптасуының алғашқы шарты. Нышан екі түрге бөлінеді. 1- Анатомиялық нышан. 2- Физиологиялық нышан. Анатомиялық нышан – адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. 11-билет 1-сұрақ: Коммуникация – басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату. Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру. 2-сұрақ.Эмпатия(лат. empatheіa) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. 12-билет 1-сұрақ:сауалнама әдісінің негізгі түрлері 2-түрі бар : анкеталық,және сұхбат немесе сұхбатнама 2-сұрақ: Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарымқатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы 13билет 1 сұрақ Қарым-қатынас – адамдардың бірлескен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасы, ақпарат, эмоция, сезім, контекст алмасуы. Вербальды қарым – қатынас сөздің дыбыстық көрінісі дауыстың ырғақтылығы. Вербальды емес қарым – қатынас яғни ым шара эмоция арқылы қатынас 2 сұрақ 14билет 1 сұрақ Темперамент- жүйке саласының тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке- дара өзгешелігі.Темперамент сауалнама әдісі арқылы анықталады. Сабақ үстінде әр топ оқушылардың үйде орындаған 4 темперамент типіне жасаған сипаттамасы қарастырылып, сол типке келетін сыныптағы оқушыларға мінездеме беріледі. Меланхолик Эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Мәнерсіз ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көөрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп арласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе толық аяқтап шығады. Флегматик Эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр қимылдайды. Сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды сөйлейді, кісімен араласып жақындасуыда мардымсыз, іске ырғалып – жырғалып барып кіріседі. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Холерик Эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп – сәтте қызып кетіп, күйіп піседі. Ашуланса бұрқ – сарқ етіп қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасын да терең із қалдырады, қимыл – қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс әрекет атқаруға бейім келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді. Анық әсерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен мимикасынан білініп тұрады. Сангвинвк Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл күйі әп – сәтте өзгереді. Ол әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, желігінің басылуы да оңай. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді.Шапшаң да икемді. Қозғалғыш, еті тірі, сергек.Сезім күйлері сыртқы қимылдары көрініп тұрады. Көтеріңкі , мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп, ақжарқын ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас байланысында үстірттік болады. Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды: Үйірсек тип; Агрессивті тип; Жатырқаушы тип. Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип. Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды. Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар. Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі: Гормониялық тұлға; Конфликтілі,қайшылықты тұлға; Импульсивті тұлға. Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты. Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам. Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін. 2 сұрақ Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады. 15билет 1 сұрақ Грек тілінен аударғанда «мінез»- «із қалдыру» деген түсінік береді.Шынымен де мінез- адамның қоғамдық ортада жүріп қалыптасатын «белгісі». Демек, «мінез- бір-бірімен белгілі байланысы бар адамның қасиеттерінің ерекшелігі». Адамның мінезін біле отырып, оның қандай уақытта өзін қалай ұстайтынын алдын ала білуге және оның іс-әрекетін бағыттауға болады. Ұстаз тек оқушысының білімі мен қабілетін ғана емес оның мінезін де есепке алады. Мінездің акцентуациясы - мінездің шектен тыс күшеюі. Олар норманың шекті нұсқаларын көрсетеді. Оларға ортаның және тәрбиенің әсеріне байланысты әлеуметтік оң және әлеуметтік теріс тенденциялары тән. 2 сұрақ. Коммуникация – басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату. Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру. 16 билет Тұлғаның бағыттылығы Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Қарым-қатынас деңгейлері, контактты әрекеттесудің түрлері Қарым-қатынастың деңгейлері – мезо, макро, микро, стандартты,манипуляциялық, рухани, іскерлік, ойын. Вербальды емес қарым-қатынас дағдысын қолданамыз. Себебі, 1 жасында мимика, ым-ишара арқылы түсіндірген дұрыс. Дене бітімі, көзге немесе ым-ишара, яғни вербальды емес тіл (немесе вербальды емес қарым-қатынас) да қарым-қатынас жасайды. 17-билет Эмпатия туралы түсінік Эмпатия( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Тұлғаның қорғаныс механизмдері Жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдері: Бірінші міндет көргенсіздік танытады күресуге түсіну болып табылады; Екінші міндет агрессивті дене тілі мен өрнектерді көруге және түсінуге үйрену; Үшінші міндет жеке тұлғаның психологиялық қорғаудың негізгі тетіктері мен әдістерін үйрену болып табылады. Жұмысымның объектісі жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдері болып табылады. Дене бітімі, көзге немесе ым-ишара, яғни вербальды емес тіл (немесе вербальды емес қарым-қатынас) да қарым-қатынас жасайды. Жайбарақат болу және айтқымыз келген нәрсені жеткізу басқаларға жібергіміз келетін хабарды барынша арттыра алады. 18 – билет 1 - сұрақ 1.1Қабілет Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі. Қабілет арнайы және жалпы болып бөлінеді. Арнайы – белгілі бір іс әркетке адамның икемділігі мен қабілеттілігін айтады. Жалпы – адам баласы еңбек етуге, өмір сүруге, білім алуға қабілетті. 1.2 Нышан – адам бойындағы биологиялық (физиологиялық) фактор болып саналса,қабілет нышанның дамып жетілу нәтижесі.1.3 Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалықерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.И.П.Павлов бойынша адамның жүйке жүйесінің типтері Сангвиник -Ширақ -Жүйке жүйесі күшті -Қозуы мен тежелуі тең -Қозғалғыш адам Холерик -Ұстамсыз -Жүйке жүйесі күшті Флегматик -Жүйке жүйесі күшті -Қозғалысы баяу -Қозуы мен тежелуі тең Меланхолик -Жүйке жүйесі әлсіз 2 – сұрақ 2.1 Дәрігер әркашан озінің сыртқы пішініне, күнделікті киетін киіміне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына тұрақты түрде көңілін бѳліп отыруы ѳте кажет. Дәрігердің киген киімі ѳзіне шақ, таза және қарапайым болғаны дұрыс. Әрине, дәрігердің киімі өз заманының сәніне, модасына сәйкес болғаны да дұрыс, өйткені әдемі және сәнімен киіну - жалпы мәдениеттіліктің белгісі. Бірақ, сән сактап, «модадан калыспаймын» - деп жұмысқа, өзінің мамандығына, мінез-құлқына, қоғамдағы орнына сәйкес келмейтін киім киіп, әртүрлі әшекей тағу да ерсі жағдай, Сән (мода) жаңальтктарының бәрі бірдей дәрігер мамандығына сәйкес келе бермейді. Тіпті кейбір жагдайларда, дәрігерлерге, әсіресе әйел дәрігерлерге, жұмыс уақытында әсемдікті сақтауды мүлде ұмытуға да тура келеді. Мысалы, хирург әйелдер, кызмет уақытында тырнағын ұзын етіп өсіріп, оны бояп, шашын әсемдеп, саусақтарына сақина, білегіне білезік тағып жүре алмайды. Дәрігердің мінезі сыпайы болса, қызмет әтикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар оньтмен ашық сөйлесіп, айтқан сѳзіне сеніп, кѳнілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай дәрігер, әрбір ауру адамның мүң-мүласының түсініп, олардың жасьгаа, жынысына, сырқатының түріне карай керекті, құлаққа жағымды сөздер тауып, көңілін жұбатады. Ал жағымды сездің ауру адамға деген әсері туралы біз жоғарыда әңгімелегенбіз. Сондықтан, жас дәрігер, ѳзін-ѳзі тәрбиелеуге көп мән беріп, оған түрақты көңіл бөліп отыруы қажет. 19 – билет 3.1 Вербальды емес ара-қатынасу тәсілдері. Қарым-қатынас барысында медициналық қызметкерлер сөз арқылы араласуымен қатар,қосымша келесі вербальды емес әдістерді де қолданады: • Қатынасушының мимикасын зерттеу; • Дене қалпын зерттеу; • Қас қабағын,көзқарасын зерттеу; • Қол қимылдар зерттеу; • Дауыс ерекшеліктерін анықтау; Вербальді немесе сөзбен қатынасу(verbumлат.: сөз,етістік) – сөйлеу әсерінен жүзеге асады. Сөз және сөйлем адам психикасының қажетті бөлшегі болып табылады. Сөз психикалық үрдістің ағымына әсер етеді. Бірақ, сөз ойлаумен ерекше тығыз байланыста, ал тіл ойдың материальді қабығы ретінде көрінеді. 3.2 Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі. «Мен» концепциясы ғылымға XIX-XX ғасырларда енген, адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі. 1950 жылы «Мен» концепциясы Ресейде А.Маслоу, К.Роджерс сияқты ғалымдардың арқасында феномологиялық, гуманистік психологияда дами бастады. «Мен» концепциясы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы «мендік» қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз «менін» айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. «Мен» концепциясы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады. 20-билет 1. Тұлға (ағылш. Person) — пайымдау, мораль, зерде, мендік сана секілді болмыстық қырларын, сондай-ақ әлеуметтік байланыс пен мәдени нормалға қатысты туыстық, мүлік меншігі, заңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды сипаттайды.[1][2][3][4] Тұлғалық қасиеттер мен тұлғалық қырлар бір адамның қандай адам болғанын, қандай қасиеттер мен қабілеттер оны сондай адам еткенін, оның түрлі мәдени контекстегі ерекшелігі мен рөлін білдіреді. Тұлғаның екі негізгі ерекшелігі бар, ол ортақтық және даралық. Ортақтық тұлғаны басқа адамдармен бірдей негіз бен мүмкіндікке ие етсе, ал даралық оның ешкімге ұқсамайтын өзіне тән айырықша бөгенайын көрсетеді.[ Даралылық - жеке индивидтің өзінің ұстанымы мен мұдделерін коғамның мүддесіне, адамдар тобына қарама-қарсы қоюында көрінетін тұлганың ерекшелігі, дүниетану типі. Моральдік-психологиялық тұрғыда бұл белгі эгоизмге жақын. 2. Қабілет Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес. Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн. . Ал туа пайда болатын нәрсе – қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік – нышан. Нышаның табиғи негізі – жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі. Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. с. с. Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. [1] ТемпераменттерӨңдеу Холерик Флегматик Сангвиник Меланхолик Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады. Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын. Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді. Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады 21– билет 1..Жанжал — қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қордаланған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмей, әр түрлі қақтығыстарға алып келуі. ЖАНЖАЛДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ: Бәріңіз білетіндей, дауды шешудің ең жақсы әрі жеңіл жолы – одан қашу. Алайда қырсық адамдарға жолыққанда: Жинақы және сыпайы болыңыз Бірінші кезекте нақты дәлелдер Сенімге ие болу Қулық танытыңыз Жағымпаздақ Ретті пікір бірлігі Әңгімені қауіпті тақырыптарға бұрмаңыз Әрбір ұсақ нәрсені бақылап отырыңыз Адамдар пайда мен тиімділікті сүйеді Күтпеген жерден ілтипат танытып, құрмет көрсетіңіз. 2.Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі. «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Психопатия – бал кезінде пайда болатын және өмір бойы байқалатын клиникалық психология және психиатриядағы тұлғаның психикалық бұзылыс түрі. 3. Өзіңіздің қабілетіңізді науқастың күрделі эмоционалды проблемасын анықтауға талқылауға бағыттаңыз.Оған қол жеткізудің бірден-бір жолы науқастың сезімдері жөнінде сұрақ қою,мысалы: «бұл жөнінде сіз не сезінесіз?» «сізді ең басты мазалайтын не нәрсе?» «үйде немесе жұмыста болып жатқан жағдайдың қайсысы сізді көбірек мазалайды?» Сізді мен толық түсінемін. Көптеген адамдар мұндайда өздерін осылай сезінер еді деп қолдау көрсетіңіз. «Науқас жағында» екеніңізді және оның қиындығын шешуге көмектесуге дайын екеніңізді білдіру үшін, серіктестік пен қолдау көрсетіңіз. Науқастағы жан күйзелістерінің белгілерін мұқият іздеп дұрыс анықтауға тырысыңыз.Бұл сөздік және сөздік емес қимыл әрекеттерге деген сонымен қатар науқастың не айтқаны мен қалай айтқанының арасындағы алшақтықты бақылауға деген бағыттылық болып табылады. 22-билет 1. Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.Іс-әрекет әлемді және өзін-өзі саналы түрде өзгертетін процестер адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті. Іс-әрекет адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты қоршаған айналаны игеріп шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Жалпылай қарастыратын болсақ іс-әрекеттің 4 түрі бар. Олар: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Іс-әрекет тек белсенділікпен емес, мінезбен де ерекшеленеді. Қажеттілік – бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Қажеттілік 2ге бөлінеді: материалдық (тамақ, киім, тұрғын-үй) және рухани (қоғамдық өмірге, еңбекке). Қажеттілік кез келген іс-әрекет белсенділігінің бастау көзі болып табылады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттерінің бірі болып табылады. 2. Көшбасшылық – бұл адамның ішкі күшінің, өзіне деген сенімділігінің көрінісі. Менің ойымша көшбасшы болу үшін мынадай қасиеттер қажет: ынта, тіл тапқыштық, ұйымдастырушылық және талапкерлік. Көшбасшы міндетті түрде беделді тұлға болуы керек, алайда сонымен қатар басқа да маңызды қасиеттер де бар. Олардың ішінде басты қасиеттердің бірі – қасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алуы, ол әдетте сенімділікпен қатар жүреді. Адамдармен сөйлескен әрбір кезді көшбасшы олардың сенімділігіне ие болу іске асырылған немесе айырылып қалған мүмкіндік ретінде қарау керек. Көшбасшының тағы бір ерекшеліктердің бірі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталса да, ең бастысы үдеріс әр уақытта бірдей жүреді. 3. Ең алғаш науқастың уайымын басып оған ауруы туралы толық мән жайды түсіндіру керек. Кейін науқасқа алғашқы көмек көрсету туралы айтып оны сабырға шақыру қажет. Науқасқа қолдау көрсетіңіз оның жанында болатыныныз туралы айтыныз. Оған жанаршылық танытып бәрі жақсы болатынын түсіндірініз. 23-билет 1.Индивидуальді психологиялық факторлар: •темперамент қасиеттеріне •мінезінің ереекшеліктеріне 2.Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.[1][2] Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. 24-билет 1.Тұлға— пайымдау, мораль, зерде, мендік сана секілді болмыстық қырларын, сондай-ақ әлеуметтік байланыс пен мәдени нормалға қатысты туыстық, мүлік меншігі, заңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды сипаттайды 2.Жекеше – конституционалдық факторларға келесілер жатады: жынысы; жасы; мамандығы; 25-билет 1.Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Психопатия (конституциялық психопатия, тұлғалық бұзылулар) – психикалық бұзылулар, оған сәйкес мінез-құлық пен мінез-құлық үрдістерінің тұрақты бұзылуы бар, жеке тұлғаның бірнеше саласына әсер етеді. Туғаннан немесе ерте балалықтан туындайды және өмір бойы сақталады. 2.Сангвиник — оптимист адамды белгілеу үшін қолданылатын термин. Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. 3.Ең алдымен, депрессияның қандай тұрімен жұмыс жасайтыныңызды анықтап алыңыз - невротикалық депрессия, психотикалық ауру керінісімен берілетін депрессия немесе көптеген ауыр оқиғаларға деген қалыпты реакция. Депрессияны басқа бұзылыстармен шатастыруға болмайды. Дәрігер науқастан белсенділік күтпей, оның күйзелістері мен ойлары жөнінде әңгімелесуде өзі белсенділік танытуы қажет. Себебі, басқа наукастарға қарағанда, депрессивті наукастар біршама белсенділікті талап етеді. кеңес беруші мен науқас арасында эмпатиялық байланыс болуы керек, кеңес беру кезінде мағынасыз үнсіздік билеп кеткен немесе өте шулы, жылдам, көп сөйлеп кетуді болдырмау қажет, яғни ешқашан тым көп немесе тым аз беруге болмайды. Депрессивті науқастарға олардың коңіл күйлеріне орай, жиі және біршама уақытқа созылатын кездесулер қажет. |