акушер 60_12сурак. А. Ішті айналасын лшеу
Скачать 50.83 Kb.
|
1. Анетенатальды бақылау бойынша дәлелдік ұсыныстарға сәйкес, жүкті әйелді тексеру кезінде әр қабылдауда қандай манипуляция жасау керек? А. Іштің айналасын өлшеу В. Жүкті әйелдің салмағын өлшеу С. Пельвиометрияны Д. Ұрықтың қимылдауын есептеу Е. АҚҚ өлшеу 2. 50 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел, ентігу сезімдеріне шағымданады. Анамнезінде-30 жыл бойы темекі шегеді, күніне 1 қорап. Тексерілмеген, емделмеген. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. АҚҚ 140/100 мм.сын.бағ. Пульс 84 минутына. Өкпеде-қатты тыныс, төменгі және бөлімдерде құрғақ сырылдар. Дәрігер науқаста өкпенің патологиясы бар деп болжап, оны спирометрияға бағыттайды. Дәрігер пациентті мекемеден тыс диагностикалық тексеруге жіберу үшін қандай форманы толтырады? А. 021/у В. 001-4/у С. 001-7/у Д. 003-5/у Е. 001-3/у 3. Қайта босанушы М, 24 жаста, жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың болжамды салмағы 3300 г. Жамбас өлшемдері қалыпты. Жатыр түбінде ұрықтың басы анықталады, сол жақтан арқасы пальпацияланады. Бөксемен келген, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек қағысы минутына 140 рет, жақта кіндіктен жоғары. Шарана айналасындағы су тұтас. 3 минут сайынға толғақ ұзақтығы 40-45 секунд. Қынаптық тексерулер: жатыр мойны тегістелген, жатыр аңқасының ашылуы7-8 см, бөксесі кіші жамбас кіреберісіне тірелген, сегізкөз сол жақта және алдында, омыртқа аралық сызық сол жақ қиғаш өлшемде. Ұрық қабы бүтін. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2018 жылдың 16 сәуіріндегі №173 бұйрығына сәйкес перинаталды көмекті аймақтандырудың қандай деңгейінде жүкті әйелді жатқызуға болады? А. 1 деңгей В. 2 деңгей С. 3 деңгей Д. 4 деңгей Е. 5 деңгей 4. Перзентханада бір жылда 5000 әйел босанған, туылған сәбилердің 4900 тірі туылған, 4-і өлі туылған, 3-тәулікте 2 нәресте қайтыс болған, 5-тәулікте 3,6-тәулікте 1 нәресте қайтыс болған. Перинатальдық өлім-жітімділік көрсеткішін қандай формула бойынша есептеген дұрыс? А. (4+6/4900)*1000 В. (4/4900)*1000 С. (6/4900)*1000 Д. (4+6/5000)*1000 Е. (4/5000)*1000 5. Емхана дәрігеріне 29 апталық гестация мерзімінде жүкті әйел қаралды. Анамнезінде 3 жүктілік, 1-ші жүктілік-жатырдан тыс жүктілік, оң жақтық тубэктомия. 2-ші жүктілік-өздігінен болған түсік, жатыр қуысы қырналған, 3-ші жүктілік-осы жүктілігі. Аймақтандыру бұйрығына сәйкес әйелді қандай деңгейге жіберу керек? А. І деңгей В. ІІ деңгей С. ІІІ деңгей Д. IV деңгей Е. V деңгей 6. 67 жастағы ер адам тізе буындарының остеоартрозы, ІІІ кезең, ІІІ дәрежелі функционалдық буын жетіспеушілік диагнозымен Д-тіркеуде тұр. 16 жыл бойы ауырады. Соңғы кезде сол жақ тізе буыныныңқозғалысының нашарлауы байқалады. Дәрігер оны тізе буынын эндопротездеуге квота бойынша емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жібереді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін қандай нысан толтырылады? А. 003-5/у В. 001-3/у С. 021/у Д. 001-4/у Е. 001-7/у 7. Науқас Е, 70 жаста, жүрек қызметінің бұзылысына, жүрек соғуына, тез шаршағыштыққа, шамалы күш түскенде ентігуге, ісінуге, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын тамырлары ісінген. Жүрек импульсі кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, ЖСЖ минутына 100. Өкпесінде везикулярлы тыныс әлсіреген, төменгі бөліктерде екі жақтан естілмейтін ылғалды сырылдар байқалады. Бауыры ұлғайған, тығыз, орташа ауырсынады, беті тегіс, шеті сүйір. ЭКГ-да тістердің төмен кернеуі, жүрекшелердің фибрилляциясы, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, реполяризация бұзылыстары. NYHA (Нью-Йорк жүрек қауымдастығы) бойынша ХНК классификациясының сатысын көрсетіңіз А. ФК І В. ФК ІІ С. ФК ІІІ Д. ФК IV Е. ФК 0 8. Науқас 60 жаста. Ол емханаға дәрігердің қарауына келді. Кезекте тұрып, науқас басқа науқастармен ауызша ұрысқа түсті. Сонымен қатар ол жүрек соғысы , әлсіздік, ентігу, денсаулығының нашарлығына шағымданды. Сіз 11 кабинеттің дәрігері. Сіздің әрекеттеріңіз: А. Науқастарды айқаймен тыныштандыру В. Осы науқастарды қабылдаудан бас тарту С. Күзетшіні шақырып, барлығын емхана қабырғасынан шығарц Д. Жанжалдаушыларды тыныштандыру және зардап шегуші науқасқа көмек көрсету Е. Науқастармен жағдайды талқылау, қақтығыстың кінәлісін анықтау 9. Аяғы сынған жігітке түсіністікпен қараған дәрігер оның қолын сипады. Ол сынған жердің қаншалықты ауыратынын толығырақ білуге тырысады. Содан кейін науқасқа ауырсынуына қарамастан қатты ұстап тұрғанын айтады. Дәрігердің қандай коммуникациялық дағдылары бар? А. Рефлексиялық В. апперцепция С. эмпатия Д. интуиция Е. симпатия 10. Науқас дәрігермен сөйлескен кезде жан-жағына қарап, түсініксіз күйде болды. Тиімді қарым-қатынас үшін дәрігер қандай шеберлікті пайдалануы керек? А. Өзін-өзі таныстыру және амандасу В. Таныстыру және қорытындылау С. Сұхбаттарды жоспарлау және аяқтау Д. Ашық және жабық сұрақтарды қолдану Е. көз байланысын орнату және сақтау 11. 40 жастағы науқас ауруханадан шығарылуда. Емдеуші дәрігер оған 10 күн ішінде қабылдау қажет керекті дәрі-дәрмектерді тағайындады. Науқастың туысқандары тағайындауларды түсінбейміз деп қайта оралды. Сіз осы бөлімдегі дәрігерсіз. Сіздің әрекеттеріңіз: А. Басқа істермен айналысуды жалғастыру В. «Уақытында нақтылау қажет» деп айту С. Бұл дәрігердің міндетіне кірмейді деп айту Д. науқастың туыстарына тағайындауларды қайта түсіндіру Е. Ерте келіңіздер деп айту 12. Науқас, 45 жаста, нефрология бөліміне түсті. Қарау кезінде оң жақтағы бел аймағында ауырсыну анықталды. Науқас бір рет құсуды, зәр шығару кезінде ыңғайсыздық сезімін және шығарылған зәрдің аз мөлшерін атап өтеді. Сіз дәрігер медбикеге науқас қуығының шырышты қабатын тексеру үшін науқасты цистоскопияға дайындауды тапсырдыңыз. Науқас қобалжулы, зерттеу жүргізудің қажеті жоқ деп талап етеді. Сіздің әрекеттеріңіз: А. Процедураны дереу бастау В. Жылыту төсемін науқастың беліне орнату С. Ауырсынуды басатын заттар беру Д. зерттеу жүргізудің қажеттілігін түсіндіре отырып, науқастың келісімін алу Е. Науқастың сөздерінен зерттеуге қажеттіліктің жоқтығы туралы бас дәрігерге хабарлау 13. 5 жасар бала апаттан кейін жедел жәрдем бөліміне түсті. Қан құю қажеттілігі туындады. Ата-ана діни сеніміне байланысты қан құюға келіспейді. Дәрігердің әрекеті: А. Ата-анасын ұстау үшін полиция шақырыңыз В. Ата-анасының тыйымына қарамастан қан құйыңыз С. Баланың жағдайын бағалау үшін дәрігерлер кеңесін шақырыңыз, содан кейін ата-анасының рұқсатынсыз қан құйыңыз Д. Егер олар емдеудің басқа түрлерін қолданудан бас тартса, ата-аналарымен қайтадан сөйлесіңіз Е. Психиатриялық топты шақырыңыз 14. Науқас 17 жаста, тәтті майлы қаймақ қосылған балкүлше жегеннен 3 сағаттан кейін жедел ауырды. Әлсіздік, жүрек айну, жеген тағаммен көп реттік құсу пайда болды. Сұйық нәжіс, көп мөлшерде, қосындыларсыз. Дене температурасы-37,8С. Тері жамылғылары боз, аяқ-қолдары суық. Пульс-100 рет/мин. АҚ-90/60 мм.с.б.б. Жүрек тондары тығыздалған. Дәрігердің қағидасы қандай? А. Асқазанды шаю В. Лактулоза тағайындау С. б/і спазмолитиктер тағайындау Д. ципрофлоксацин тағайындау Е. энтеросорбенттерді тағайындау 15. 16 жастағы жасөспірім әлсіздікке, эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Бір апта бұрын ауырған: алғашқы екі күнде дене қызуы 39-38,50С. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температурасы субфебрильді. Жұмсақ таңдайдың, тіл астындағы және тері астындағы шырышты қабаттар субэктериальды. Пульсі қанағаттанарлық, орташа брадикардия, жүрек тондары тұйықталған. Өкпе жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Іші жұмсақ, оң жақ гипохондрияда аздап ауырады. Бауыры 2 см шығыңқы, сезімтал. Көкбауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланады. Зәрде«қою қайнатылған шайдың» түсі. Қандай алдын ала диагноз ең ықтимал? А. Гепатит В вирусы В. Гепатит А вирусы С. Гепатит С вирусы Д. Гепатит Д вирусы Е. Гепатит Е вирусы 16. 1,5 жастағы бала сауда орталығында кока-кола және пицца жеген соң екі рет құсқан, үш реттік сұйық дәрет болған, дене температурасы 37,5 С-қа жоғарылаған, ішін пальпациялағанда ауырсынады. Нәжісі көп, «батпақты жер балдырының» иісіндей сасық, шырыш түйіндері бар. Осы жағдайда қандай антибактериалды препарат этиологиялық факторға әсер етеді? А. Амикацин В. Тобрамицин С. Цефтриаксон Д. Фуразолидон Е. Ципрофлоксацин 17. 15 жасар балада ауру жедел басталған, температурасы 38С және тұмау (насморк) мен мұрын бітелуі байқалады, одан соң мұрыннан көп мөлшерде бөлінділер, тамағында ауырсыну мен жыбырлаулар, ылғалды жөтел, мойын лимфа түйіндерінің үлкеюлері, көздеріндегі ауырсынулар, жас ағу пайда болған. 2 реттік сұйық нәжіс болған. Аурудың ағымы толқынды (волнообразное течение) болғаны байқалады. Қанның жалпы анализі: нормоцитоз, лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, салыстырмалы моноцитоз. Осы типтік көріністер қандай вирустық инфекцияға тән? А. Тұмауға В. Паратұмау С. Риновирусты инфекция Д. Аденовирусты инфекция Е. Короновирусты инфекция 18. Су арнасында жұмысшы болып істейтін 40 жастағы ер адам ұзаққа созылған дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, бөртпеге шағымдармен ауруының 10-шы күні түсті. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, енжар, тері жабындылары бозарған, беті сұрғылт, көз айналасындағы қара шеңберлер, іште оқшауланған мономорфты раушан-папулезді элементтер, орташа ауырлықтағы ентігу байқалады. Тіл ортасында тіс ізі бар, құрғақ. Пульсі жұмсақ, ырғақты, тахикардия, орташа гипертензия. Өкпесінле қатты тыныс, сырылдар жоқ. Іші аздап ісінген, тыныс алуға қатысады, оң жақ аймағында пальпация кезінде орташа бауыр мен көкбауыр қабырға шетінде ауырсыну сезімі бар. Күндіз дәрет болған жоқ. Ең ықтимал диагноз қандай? (фото) А. Лептоспироз В. Эпидемиялық бөртпе сүзегі С. Іш сүзегі Д. Бруцеллез 19. Науқас 17 жаста, қуырылған жұмыртқаны жегеннен 6 сағаттан кейін жедел ауырды, ішінің ауырсынуы, жүрек айну, 4 рет құсу, жиі сұйық нәжіс пайда болды. Температура 38,0С, іші үрілген, пальпацияда оң жақ мықын аймағы ауырсынады. Нәжісі көп мөлшерде сұйық, шырышпен, қара-жасыл түсте, сасық иісті. Қай антибактериалық дәрілер таңдау дәрісі болып табылады? А. Цефалоспориндер В. Пенициллиндер С. Фторхинолондар Д. Макролидтер Е. Левомицетин 20. 19 жастағы жасөспірім ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін тобық буындарында шаншуды сезінді. Екі күн ішінде аяғының экстензорында әлсіздік пайда болды, аптаның аяғында оның жүруі қиындады. Зәр шығару және дефекация бұзылмаған. Апта ішінде әлсіздік күшейіп, жасанды желдету қажет болды. Тетраплегия көз алмасының қозғалысының сақталуымен дамыды. Ми-жұлын сұйықтығында ақуыз мөлшерінің жоғарылауы (10г/л жоғары) қалыпты цитозбен, эритроцитозсыз анықталды. Ең ықтимал диагноз қандай? А. Субакуталық АИВ энцефаломиелит (СПИД энцефалопатиясы) В. Субакутты склерозды панэнцефалит С. Прогрессивті мультифокальды лейкоэнцефалит Д. Тромэнцефалит Е. Синдром Гийен-Барр+ 21. Бас миы тамырларының атеросклерозымен ауыратын П есімді 70 жастағы науқаста оң жақ аяқ-қолында әлсіздік және ұю пайда болды. Объективті: АҚ 170/90 мм.с.б. Санасы сақталған. Оң жақ мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі шығарған кезде оң жаққа қарай ауытқиды. Оң жақ аяқ-қолының күші 3 баллға дейін төмендеген. Оң жақта тонусы және рефлекстер жоғарылаған. Оң жақта аяқ басының патологиялық Бабинский жазылу симптомы оң. Алдын ала диагноз: А. Геморрагиялық инсульт В. Ишемиялық инсульт С. Субарахноидальды қан төгілу Д. Серозды менингит Е. Менингоэнцефалит 22. 54 жастағы ер адам кенеттен оң жақ көзінің көру бұзылысы болуына, сол жақ аяқ-қолының әлсіздігі және ұюының пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем келу уақытында (20 минуттан кейін) аталған шағымдар жоғалды. Науқас соңғы жарты жылда осындай оқиға үшінші рет болғанын айтты. Объективті қарау кезінде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, екі көзіндеде көру қабілеті қалыпты. Неврологиялық статусында: терең рефлекстер S>=D, басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Болжам диагноз: А. Транзиторлы ишемиялық шабуыл В. Субарахноидальды қан құйылу С. Ишемиялық инсульт Д. Паренхиматозды қан құйылу Е. Мидың созылмалы ишемиясы 23. 59 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен көшеден жеткізілді, көшеден кенеттен есінен танып қалған. Қарау кезінде: сопор, сол жақ ұрты тыныс алу кезінде «желкен тәрізді» сол жақ аяғы ішке қарай ротацияланған, сол жақта Бабинский симптомы оң, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Топикалық диагноз қойыңыз: А. Оң жақ ми жартышары В. Сол жақ ми жартышары С. Оң жарты шардың шүйде бөлімі Д. Мишық Е. Ми бағаны 24. 44 жастағы ер адам, сантехник, ұйқыдан кейін таңертең оң қолының әлсіздігін байқады. Бір күн бұрын ол алкогольді көп мөлшерде ішіп, мерекенің соңында бірден ұйықтап кеткен. Қарап тексергенде: қол және саусақтардың экстензорларының әлсіздігі («ілулі қол»), бракиорадиальды бұлшықет, бас бармақтың созылу және ұрлану әлсіздігі, анатомиялық иіс қорабында сезімталдықтың барлық түрлерінің төмендеуі, одан рефлекстің төмендеуі. Иықтың үшбасты бұлшықеті байқалады. Ең ықтимал диагноз: А. Радиалды нервтердің нейропатиясы В. Радиалды жүйке нервтерінің нейропатиясы С. Перональды нервтің нейропатиясы Д. Жіліншік нервінің нейропатиясы Е. Дюшен миодистрофиясы 25.Пациент 22 жаста ,оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 39.0 С-қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті- үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген , ауырсынады, қызарға, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз: А. бартолини безінің жылауығы киста В. сарпай аймағының гематомасы С. бартолиний безінің абсцесі Д. сарпайының улкен жапсарының фурункулезі Е. парауретральді жылауық 26. 29 жастағы пациент етеккірінің тұрақсыздығына ,9 айға дейін кешігетініне , 7 жылдан бері салдарлық бедеулікке шағыманады. Анамнезінде 1 рет босанған. Объективті ІІ дәрежелі семіздік, босанғаннан кейін басталған, нормостениялық тип, салдарлық жыныстық белгіліері дұрыс дамыған . Миына КТ жасалды: гипофиздің микроаденомасы. Диагноз нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеруді жүргізген дұрыс: А.гонодотропиндер денгейін анықтау В. рилизинг-гормондармен сынама С. пролактин денгейін анықтау Д. ТТГ денгейін анықтау Е. АКТГ денгейін анықтау 27. 53 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне ,әлсіздікке ,терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш ,қатты түседі. Диагноз нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс: А. гонадотропиндер денгейін анықтау В. рилизинг гормон сынамасы С. пролпктин денгейін анықтау Д. ТТГ денгейін анықтау Е. АКТГ денгейін анықтау 28. 50 жасар әйел 2 апта бойы созылмалы пневмониясының асқынуына байланысты ішке доксициклин қабылдаған. Осы мерзімнің аяғында ауыз қуысындағы жағымсыз сезімдерді түйсінді. Стоматологқа қаралды, ол жуып шаю тағайындады. Жағдайы жақсармады, сол себепті дерматологқа бағытталды. Объективті: Тілдің бетін толық жапқан ақшыл-сұрғылт түсті,өңез, жиегінде тап осындай дөңгелек пішінді ошақ, көлемі 0,5х0,5см. Бойлық және кейбір көлденең жолақтар, сондай-ақ тегіс, емізікшелерінен айырылған қызыл түсті тілдің беті көзге түседі. Қосымша ауруларынан созылмалы анацидты гастрит, сусамыр. Берілген диагноздың қайсысы дұрыс: А.Кандидоз В. Кокцидиоидоз С. Екіншілік мерез Д. Қарапйым пемфигус Е. Қызыл жазық теміреткі 29. 32 жстағы әйелде тамақ ауруынан кеін пальпация кезінде тамақ ауырсыну, көлемі жанғақтан көгершін жұмыртқасына дейін өзгеретін , тері денгейінен біршама жоғары,ашық қызыл түсті ісіну байқалады. Негізі аяқтың терісінде ,жамбас аумағында локализацияланған . Сондай-ақ дене температурасы 38.5 С дейін жоғарлауы , буындағы ауырсыну бар .Мүмкін болатын диагноз : А.Түйінді эритема В. Экзема С. Қызғылт Жибер темиреткісі Д. Токсикодермия Е. Қотыр 30. 47 айел валидолмен немесе тыныштндыратын микстура қабылдағаннан кейін жүрек аймағындағы күйдіретін ауру сезіміне шағымданады Жиі бетінің гиперемиясымен,тершеңдікпен бірге жүретін қызу сезімі мазалайды. Әйелде 6 ай бойы аменорея. Қарап тексергенде –тері жабындылары ылғалды ,гиперемирленген. ЖСЖ 102 рет мин., АҚҚ 145/85 .Анапррилин сынама оң.Қынаптық жабынды атрофиялық. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал ? А. ЖМА принцметал стенокардиясы В.Патологиялық климакс С. НЦД гипертониялық тип бойынша Д. Артериалдық гипертензия Е. ЖИА күштемелі стенокардия 31. Науқас 60 жаста ,1 апта бойы сол жақ кеуде тұсының ауырсынуына шағымданады. 3 күн бұрын дене температурасы 38,0 С көтерілді ,қолтық аймағында бөртпе пайда болған. Кеуде терісін сол жақта бесінші қабырға аралықта қараған кезде ісінген және гиперемияланған негізде бірнеше ұсақ көпіршіктер тобы байқалады. Мүмкін болатын диагнозды атаныз: А. Атопиялық дерматит В. Стрептодермия С. Стафилодермия Д. Псариаз Е.Теміреткі 32. Науқас А ,27 жаста .2 күннен бері ішінің оң жақ бөлігінің ауыратынына ,әлсіздікке ,бас айналатынына шағымданады. Ауырсыну тікішекке беріледі. 23 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен , бір рет жүкті болған ,бірақ түсік түсіп қалған .Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын келген .Объективті жағдайы қанағаттанарлық ,терісі бозғылт температура 37,2 С ,пульс минутына 84 соққы ,АҚ 110/70,105/70 мм с.б.Іші жұмсақ ,пальпация кезінде төменгі бөліктері ,әсіресе оңжағы ауырады. Іншекті бимануальді қолмен тексергенде : жатыры шамамен үлкейген ,ыұысуы бірден ауыртады. Жатырдың солжақ қосалқысы анықталмады. Жатырдың оңжағында контуры айқын емес ,қамыр консистенциялы ,ісік тәрізді түзілім пальпацияланады.Шығындылар аз ,қара қоныр түсті. УДЗ –да жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы көрінбейді,жатырынын оңжағында тығыз ,эхогенді,сақина тәрізді формалы түзілім анықталды. 2013 ж 19 қыркүйектегі №18 Жатырдан тыс эктопиялық жүктілік диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес улбтрадыыспен зерттеу негізінде жатыр қуысында ұрық жұмыртқасы жоқ болғанда,қан сарысуындағы адамның хориондық гонодотропиннің қандай мөлшері жатырдан тыс жүктілікті нақтылайды. А. 500 МЕ/мл В. 700 МЕ/мл С. 800 МЕ/мл Д. 900 МЕ/мл Е. 1000 МЕ/мл жоғары болса 33. 45 жастағы науқаста ксифоидты процестің локализациясымен ,кеуде қуысы мен қолдың сол жартысына сәулеленумен жану сипатындағы кеудедегі ауырсыну байқалады. Сұрастыру кезінде науқас ауырсыну жағдайы жату барысында пайда болады және тік күйге ауысқан кезде жоғалады немесе әлсірейді . Қандай патология туралы ойлау керек? А. Жедел коронарлы синдром В. Перикардиттің ауырсыну синдромы С. Диафрагманың өнеш саңылауының грыжасы Д. Плевриттің ауырсыну синдромы Е. Қабырға аралық невролгияның ауырсыну синдромы 34. 60 жасар ер адамның мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болып, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін жеткен. Инфильтраттың бетіндегі тері қошқыл-қызыл, ортаңғы бөлігі көкшіл түсті және бірнеше жыланкөздері бар, одан қою, қан аралас, жасыл түсті іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Басы ауырып, денесі қалтырайды. Дене қызуы 38,5С. Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады: А. ультрадыбыстық ем В. Сұйық азотпен күйдіру С. магнитті- сәулелі- лазерлік ем Д. Анилин бояуымен өңдеу Е. хирургиялық ем, антибиотиктер 35. Бала 1 жаста. Ауруханада БЦЖ егілді- тыртық жоқ. Манту сынамасы 2ТУ-теріс. Сіздің тактикаңыз кандай? А. Сынақ нәтижесіне қарамастан, манту химиопрофилактиканы тағайындау үшін фтизиатрга жіберілуі керек. В. Бастапқы тексеру кезінде манту сынамасы 8-10 аптадан кейін қайталанады, R-гр. Жасушалар. С. Теріс жағын ескере отырып БЦЖ енгізу үшін манту сынағын жасау керек. Д. Манту сынамасы 2 ТЭ 6 аптадан кейін қайталанады және рентгенография гр. Ұяшықтар Е. Бір жыл бойы тіркеуге алып, бақылау. 36. 45 жастағы науқас флг тексеруде сол жақ өкпенің С1-2 аймағында гетерогенді құрылымды инфильтрат ошағы анықталды. Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыс жоққа шығарылады. Қақырықты бактериоскопия БҚ+. Ең ықтимал диагнозды атаныз: А. Өкпенің инфильтративті туберкулезі В. Бейспецификалық пневмония С. Кавернозды туберкулез Д. Орталық катерлі ісік Е. Фиброзды кавернозды туберкулез 37. 2 айлық балада өткір мазасыздану, тамақтанудан бас тарту, бала аяқтарының бұрылуы байқалады. Бір күн бұрын дәрет қалыпты болды. Ректальды тексеруде «таңқурай желе» титі бөлінді. Ең ықтимал диагноз кандай? А. Ішектің инвагинациясы В. Геморрагиялық васкулит С. Дизентерия Д. Копростаз Е. Тік ішектің полипі 38. Қыз бала 9 жаста, жалпы селқостық, субфебрильді дене қызуы, 1,5 ай бойы жөтеліңкіреу шағымдарымен тексерілді. Гемограммада: эритроциттер 4,2х1012, гемоглобин -120г/л, лейкоцит- 8,9х109, т/я-1,с/я-64, лимфоциттер -18, эозинофил-5, моноцит- 12, этж-12мм/саг. Рентгенде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі аймағында гомогенсіз көлеңке кеңейген өкппе түбірімен қосылған. Туберкулезбен ауыратын адаммен қарым қатынас болғаны белгісіз. Диагнозды нақтылау үшін тексеру тағайындаңыз: А. 2 ТБ манту сынамасы, ТМБ на микроскопиясы В. ТМБ на қақырык микроскопиясы, қоректі ортаға себу С. Қанның иммуноферментті анализы, бронхография Д. Өкпенің КТ Е. Жалпы қан және зәр сараптамасы, фибробронхоскопия 39. 9 жастағы қыз бала жарты жыл бойы жалғасып келе жаткан, 3 тәулікке созылатын іш қатуға, іштің төменгі бөліктеріндегі орташа ауырсынуға, ішектердің толықтай емес босау сезімімен бірге болатын «қой» дәреті түріндегі нәжіске байланысты шағымданады. Кейде іш қатулар іш отумен кезектеседі. Эмоцциялық жағдаймен байланыстырады. Қарау кезінде қыз баланың дене қалыпты, жалпы уланудың әлсін белгілері байқалады. Іші жұмсақ, пальпациялау кезінде ауырмайды. Зертханалық және аспаппен зерттеу әдістеріпатологияларды айқындаған жоқ. Алдын ала ең ықтимал диагноз кандай? А. Тітіркенген ішек синдромы В. Ойық жаралы колит С. Крон ауыруы Д. Муковисцидоз Е. Гришпрунг ауыруы. 40. Әйел 56 жаста. Эпигастрии аймағында дискомфортка, тамақтанғаннан кейін толу сезіміне, ауамен кекіріге кейде сасық иіспен болады. Анамнезінде- аутоиммунды тиреодит. ФЭГДС: сонымен қоса әлсіздік, тіліндегі күйу сезімі, парестезия мазалайды. Қарап тексеру кезінде терісі бозғылт сарғаюмен. Қанда кандай өзгерістің анықталуы барынша мумкін: А. Лейкоцитоз В. Лейкопения С. Гипохромды анемия Д. Гиперхромды анемия Е. Нормохромды анемия. 41. 34 жастағы әйел оң жақ емшегіндегі бұршақ дәні мөлшеріндей ісік тәрізді түзілімнің пайда болуына шағымданады. Тексеріп қарағанда сол жақ емшегінде өзгеріс жоқ, оң жақ емшегінде жоғарғы сыртқы квадранты дөңгелек формалы, тегіс серпімді консистенциялы, жылжымалы теріге жабыспаған дм 2 см-ге дейін, пальпациялағанда ауырсындырмайтын түзілім анықталды. Барынша негізделген емдеу тәсілі: А. Қабынуға карсы терапия В. Гормондық жакпа майларды сыртка қолдану С. Гормондық препараттарды қолдану Д. Емшекті алып тастау Е. Емшекті бөліктік резекциялау 42. 27 жасар әйелдің жүктілігінің қауіптілігі кезінде дюфастон тағайындалды. Дюфастон екі апта пайдаланганнан кейін теріде қышулар, трансаминаз көрсеткіштернінің жоғарлауы АЛТ 885ед/л, АСТ -447ед/л, препаратты қабылдауды доғарғаннан кейін байқалады. Босанғаннан кейін қандай контрацепцияның қолдануға ұсыныс бересіз? А. Контрацепция барьер В. Контрацепция мини-пили С. Контрацепция дезагистрел Д. Контрацепция левоноргистрел Е. Контрацепция депо-провера 43. 16 жастағы қыз етекірінің келмеуіне байланысты келді. 15 жасынан бастап ай сайын ішінің төменгі жағы ауырады. Бір апта бұрын ішінде ісікті анықтаған. Тексеріп қарағанда: бойы 160 см, салмағы 50 кг, салдарлық жыныстық белгілері жақсы дамыған. Ішін палпациялағанда ісік тәрізді түзілім анықталады, жоғары шеті қасағадан 4 см жоғары. Сыртқы жыныстық ағзалары әйел типі бойынша дамыған, іншекке кіреберісте көгіс тартқан томпаю бар. Ректоабдоминалдық тексергенде кіші жамбас қуысында өлшемі жүктіліктің 16-17 аптасына сәйкес келетін түзілім анықталады, қослқылары анықталады. Қандай тәсілді қолданған дұрыс: А. Жатыр қуысын қырнау В. Сарпайдың жапсарын кесу С. Қыздық пердені кесу Д. Диагностикалық лапароскопия Е. Диагностикалық гистероскопия 44. 26 жасар әйел жүктіліктің 27-28 аптасында. Бақылау барысында ісіну, саусактарның ұлғаюынан науқас сақинасын шешті. АҚ сол қолында 150/80, оң қолында 135/75. Жалпы несеп талдауында акуыз 0,33г/л, лейкоцит-10 п/зр дейін, эриттоцитер 2-3 п/зр. Осы тізімдердің қайсысы әйелде көрсетілген жағдайда дамыған? А. Жүктіліктегі пиелонефрит В. Преэклампсия С. Жедел гломерулонефрит Д. Созылмалы гломерулонефрит, асқынған Е. Вегетативтік-тамырлық дистония. 45. 6 жастағы бала. Шағымдары: қатты түнгі тершеңдік, ашуланшақтық, ұйқысының бұзылуы. Емханада невропатологтың есебінде тұрады. Улану белгілері жоқ. Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Туберкулезді қатынас жоққа шығарылды. 2 ТБ Манту сынамасы- алғаш рет оң, 12мм. Диаскинтест – 10мм. Рентгенде өзгерістер анықталған жоқ. Ең қолайлы диагноз? A. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, шағын түрі B. Біріншілік туберкулезді кешен C. Алғаш анықталған туберкулезді инфицирленген D. Созылмалы туберкулездік улану E. Алғашқы туберкулездік улану 46. Әйел 42 жаста. Шағымдары: кіндік айналасы аймағында толғақтәрізді ауырсыну, ботқа тәрізді үлкен дәреті өте көп, шырыш араласқан, тәулігіне 7-8 рет, оң қабырға астының ауырлығы, аяқтарында ауық-ауық бөртпелер шығады, терісі қышиды (әсіресе түнде), әлсіздік, есте сақтауы нашарлаған, ұйқысы нашарлаған, түнгі қорқыныштар, тәбеті нашарлаған. Түйінді эритема. Іші жұмсақ, пальпацияда кіндік айналасы аймағы аурысынады, оң қабырға асты аймағы біршама ауырсынады. Курлов бойынша бауыры 12-10-9см. Беткейі аздап бұдырлы, шеттері тегіс емес. Қандай тексеру диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді? А. Құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы В. Құрсақ қуысы ағзаларына КТ С. Колоноскопия биопсиямен бірге Д. Ректоромоноскопия Е. Ирригоскопия 47. Ер адам 49 жаста. Бір жыл бұрын тұтас гастрэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін азапты қыжылдау науқастың мазасын алады. Осы көрініске қандай препарат көмектесе алады? А. Омепразол В. Рамепразол С. Мизопростол Д. Итоприд Е. Ранитидин 48. 6 жасар балаға жедел қан құю жүргізілді. Мектепке барар алдында қызылша, қызамық, паротитке қарсы ревакцинация жүргізілуі қажет. Осы вакцинаны қанша уақыттан кейін жүргізуге болады? А. 2 апта В. 6 апта С. 1 ай Д. 3 ай Е. 6 ай 49. 14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спорттық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және шаршағыштықты ет тағамдарын жегісі келмейді деп түсіндіреді. Қарау кезінде терісі, алақандары және шырыш қабаттары бозғылт. Тілі бозғылт, бүртіктері тегістелген. Тынысы везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырады, бауыры +1 смқабырға доғасының астынан. ЖҚА: эритроциты 3,58х1012/л, HB 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін анықтауда қандай зерттеу БАРЫНША мәлметті? A. тыныстық тест B. биопсиямен ЭФГДС C. құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ D. жалпы белок, АЛТ, АСТ, СРБ E. стернальды пункция 50. 1 жастағы бала. Түскен кездегі анасының шағымдары ентігу, енжарлық, тәбеттің бұзылуы, ұйқышылдық. Температурасы 39.1гр. Рентгенограммада оң жақ өкпенің төменгі медиальді аймағында ошақты жайылмалы инфильтрация. Цефтриаксон жасағаннан бері үш күнде температурасы жоғарыламаған. Ұйқысы қалпына келді, тәбеті ашылды, қимылдай бастады. Сіздің ары қарайғы іс әрекетіңіз A. Рентгенограммада қабыну инфильтрациясы толығымен жойылғанша антибиотикті жалғастыру B. Баланы антибиотикті альтернациялық енгізу түріне көшіру C. Сол антибиотикті температура қалпына келгенше жалғастыру+3-4 күн D. Қақырықты бак себуге өткізіп, қоздырғыштың антибиотикке сезімталдығын анықтау E. Береген антибиотикті 4-ші тұқымдығы цефалоспориндеріне ауыстыру 51. 42 жастағы науқаста жедел іш ауруы, құрсақ қуысының рентгенографиясында диафрагма күмбезінің астында газдың “орағы ” анықталды. Бұл симптом тән ауруды көрсетіңіз: А. Жедел перфорацияланған аппендицит В. Жедел перфорацияланған холецистит С. Жедел ішек өтімсіздігі Д. Жедел панкреонекроз Е. Перфорацияланған асқазан жарасы 52. Тұрмыстық химия құралдарының буларымен дем алу кезінде, балалардың бірі кенеттен орнынан секіріп, қашып кетуге тырысты. Бет-әлпетінен қорқыныш сезімі, біреуден қашып, жанында отырған қызды ұрып жіберді. Дем алуын тоқтатқанда, қолынан “” түсіп кетті, “есін жинады”, қорқып айналасындағыларға қарай берді. Жанындағы балалардан “жақындама, қорқамын, енді олай істемеймін” деп сандырақтап сөйлегенін білді. Ол өгей әкесінің дауысын нық және анық естігенін есіне алды, ол оны ұрып тастайды деп қорқып, “қашып кеткісі келді”. Бұл қандай бұзылыс? А. Ұйықтататын дәрілермен интоксикация В. Сананың қарауытуы С. Интоксикациялық делирий Д. Истериялық ұстама Е. Онейроидты кататония 53. 14 жасар қыздың анамнезінен: 3 жылдан бері әйел киімін киюден, тіпті іш киімді киюден де бас тартқан. Оған ұлдар үшін арналған ойыншықтарды сатып алуды талап етті. Спорттық үйірмелерге қатысып, кик-боксингпен айналысты. Жыныстық жетілу кезеңінде етеккір кезінде “депрессия” басынан өткізді. Балалар психиатрының кеңесіне сыныптың қызын зорлап сүйіп, оған махаббаттық сезімі бар екендігін айтқан. Сыртынан жігіт сияқты көрінеді-қысқа шаш, дене бұлшық еті ширақталған. “А” есімді еркек жынысты атта өзін атауды талап етеді. Ең ықтимал бұзылыс? А. Жыныстық құштарлықтың артуы В. Жыныс рольдық мінез-құлық патологиясы С. Жыныстық аутоидентификацияның бұзылуы Д. Психосексуалды бағдарлаудың бұзылуы Е. Ерте психосексуалды даму 54. Мектеп мінездемесінен: баланың молекулярлық генетикаға жоғары дарындылығы байқалады, логикалық пайымдауға бейім, турашылдығымен, басқа адамдардың іс-әрекеттерін талқылау қабілетінің жоқтығымен ерекшеленеді, басқа адамдардың эмоцияларын түсінбейді. Сонымен қатар, бейәлеуметтік мінез-құлқы бар баламен жүретіні байқалған, ол оның сөздерін қайталап, оның эмоцияларын қайталаған және қоғамда қабылданбаған әлеуметтік қарым-қатынас ережелерін де қайталайды-қоқыс жәшіктерін тебеді, адамдардың артынан әдепсіз сөздер айтып айқайлайды. Ең ықтимал бұзылыс қандай? А. Балалық аутизм В. Каннер синдромы С. Аспергер синдромы Д. Жеке тұлғаның бұзылысы Е. Шизофренияның балалық түрі 55. 66 жастағы науқаста бүйрек ісігі омыртқа жотасына және бас миына метастаздануымен IV саты, T4N1M1. Емдеу қағидасын таңдаңыз: А. Радикальды емдеу В. Радикальды тәртіптегі полихимиотерапия С. Сәулелік ем Д. Комплексті ем Е. Паллиативті ем 56. 8 жастағы қызда тері жабындыларының ,сірлі қабаттардың бозаруы,әлсіздік ,бас айналуы ,тәбетінің төмендеуі байқалады, өткір иістер ұнайды ,шикі қамырды жегенді ұнатады. Терісі құрғақ ,езулері «желінген» ,глоссит .Жүрек тондары айқын ,жүрек ұшында қысқа систолалық шуыл. Тексеру нәтижелері: сарысулық темір-9,5 мкмоль/л ,ферритин 24 нг/мл ,эритроциттер 2,3х1012/л,гемоглобин 80г/л ,ТК0,7; ретикулоциттер 4% .Қандай терапия қажет ? А. Пероральді полимальтоздын темір (ІІІ)гидроксиды + В. Парентеральді темір оксидының сахараты С. рекомбинантты эритропоэтн альфа Д. Дарбэпоэтин альфа Е. Эпоэтин бета 57. Сарғаюы бар науқаста УДЗ кезінде келесі белгілер анықталды: бауыры ұлғаймаған ,жиектері тегіс ,құрылымы біртекті,бауырішілік өзектері кеңейген .жалпы өт өзегінің диаметрі 1,5 см ,дистальді бөлімінде өлшемі 0,7 см –ге дейін акустикалық көлеңкесі бар эхопозитивті түзіліс анықталады . Өт қабы өлшемі 9*4 см қабырғасының қалындығы 0,2 см ,қуысында 0,6-0,8 см эхопозитивті түзіліс анықталады.Ұйқы безі ұлғаймаған ,құрылымы біртекті . Сіздің болжам диагнозыңыз қандай ? А. жалпы бауыр өзегінің ісігі,билиарлы гипертензия В. өт-тас ауруы ,холедохолитиаз ,механикалық сарғаю С. созылмалы тасты холецистит , холедохолитиаз Д. Ұйқы безінің басының ісігі ,билиарлы гипетензия Е. үлкен дуоденальді өзектің ісігі ,билиарлы гипертензия 58. 16 жастағы қыз бала жасөспірімдер артериалдыг ипертензиясы диагнозымен 2жыл бойы үздіксіз 10мг/тәулігіне дозасымен Эналаприл қабылдайды.Эффект жақсы. Бірақ соңғы 2ай көлемінде ұстамалы құрғақ жөтел пайда болды. Терапияға коррекция жасаңыз? A. Эналаприл дозасын азайту B. Эналаприлді Каптоприлге ауыстыру C. ЭналаприлдіЛозартанға уыстыру D. Эналаприлді қалдырып, ацетилцистеин қосу E. Эналаприлді қалдырып, амброксолмен ингаляция қосу 59. Қыз бала 13жаста, жүрек аймағындағы жайсыздық пен ауру сезіміне, қолдарының дірілдеуі, темп 39,0С көтерілуі. Әкесінің айтуыншабір ай бұрын іріңді ангинамена уырды. Кейіннен анасы қызының жазуы өзгергенінбайқаған, бет бұлшықеттері дірілдеуіжәне саусақтарының треморы. Объективті: жүректің салыстырмалы тұйықтығынын шекарасы солға 1,0см-ге ауысқан. Жүрек тондары тұйықталғантұйықталған, систолалық шу жүрек ұшында. ЖҚА: ЭТЖ 45мм/сағ, Лей- 11мың, фибриноген 8г/л, Антистрептолизин 1:850гр. ЭКГ ритм ырғақты, ЖСЖ-100, АВ блокада 1 дәрежелі. Диагноз? Жүйелі қызылжегі, полиартрит, кардит НК1 Жеделревматикалыққызба, кардит, кіші хорея НК1 Қайталамалыревматикалыққызба, митральды клапан жеткіліксіздігі , НК Iia Ревматикалықемесмиокардит, жеделдеутүрі, НК1 Жеделревматикалыққызба, кардим, полиартрит, НК1 60. Қыз бала 14 жаста, шағымдары:жүрек тұсының шаншып ауруы, тізе буындарының ісінуі, дене қызуы 38,5 жоғарлауы. Анамнезінде: бала кезінен ангинамен жиі ауырған. 7жасында шынтақ және оң тізе буындары ісінді, тремор және фебрильді қызба аясында аяқ- қолдарының еріксіз қозғалысы пайда болған. Бұл жағдайының нашарлауы 2апта аясында, кезекті ангинамен ауырған соң пайда болды. Объективті: тізе буындарының артриті, аускультацияда 1тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ-110.пульс 110, ритм дұрыс. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы қыз балада дамыды? Қайталамалы ревматикалық қызба Екіжақты пневмония Белгісізгенездіқызба Жеделревматикалыққызба Ревматикалықемес миокардит |