Главная страница
Навигация по странице:

  • Сананың бұлыңғырлау критерийлеріне жатпайды

  • Сананың әлеуметтік қауіпті бұзылысына төмендегінің қайсысы жатады

  • Сананың сапалық бұлыңғырлануына не жатады

  • Сана патологиясының психотикалық түрлеріне не жатпайды

  • Сандырақтың қай формасында науқастардың өз-өзіне қол жұмсау ойы және орындауы мүмкін

  • Төменде келтірілген бұзылыстардың қайсысы әлеуметтік қауіп тудырады

  • Тұнжыраулық фантастикалық бұзылысымен не сипатталады

  • Эйфория қай кезде кездеспейдi

  • A ж_лынны_ мойын буылты_ынан жо_ары де_гейiнде за_ымдануы. A жлынны мойын буылтыынан жоары дегейiнде заымдануы


    Скачать 153.8 Kb.
    НазваниеA жлынны мойын буылтыынан жоары дегейiнде заымдануы
    Дата06.08.2022
    Размер153.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаA ж_лынны_ мойын буылты_ынан жо_ары де_гейiнде за_ымдануы.docx
    ТипТопик
    #641387
    страница14 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    Сананың бұлыңғырлану бұзылысындағы дисфорияның ерекше белгісі?

    A) кеңістікке және уақытқа бағдарсыздық

    B) ашу мен мұңаюлық аффект

    C) агрессияға бейім

    D) пароксизмнің пайда болуы

    E) эпилепсия кезінде пайда болу мүмкіндігі

    ANSWER: A


    Сананың бұлыңғырлау критерийлеріне жатпайды?

    A) астеникалық жағдай

    B) шынайы өмірден тысқары

    C) жалпы және жеке амнезия

    D) орынға және уақытқа бағдарсыздық

    E) ойлау бұзылысы

    ANSWER: A


    Сананың әлеуметтік қауіпті бұзылысына төмендегінің қайсысы жатады?

    A) сананың қарауытуы

    B) аменция

    C) онейроид

    D) кома

    E) есеңгіреу

    ANSWER: A

    Сананың психикалық патологиясына ... жатпайды.

    A) сопор

    B) обнубиляция

    C) делирий

    D) сананың қарауытып бұзылуы

    E) онейроид

    ANSWER: A


    Сананың сапалық бұлыңғырлануына не жатады?

    A) делирий

    B) есеңгіреу

    C) сопор

    D) кома

    E) естен тану

    ANSWER: A


    Сананың сопорозды бұзылысына не тән емес?

    A) Өзіндік бағдарлығы

    B) Уақытқа дезориентация

    C) Сөйлеу байланысының болжауы

    D) Кеңістікті бағдарлай алмауы

    E) Күшті тітіркендіргішке мимикалық және қозғалыс реакциясының сақталуы

    ANSWER: A


    Сана патологиясының психотикалық түрлеріне не жатпайды?

    A) обнубиляция

    B) сананың қарауытқан бұзылысы

    C) аменция

    D) онейроид

    E) делирий

    ANSWER: A

    Сандырақ белгілеріне ... жатпайды.

    A) ойдың жабысқақтығы

    B) ойдың патологиялық мазмұны

    C) ойының дерттік салдарынан түзілуі

    D) сандырақ ойының дұрыстығына сенуі

    E) логикалық коррекциялаудың мүмкін еместігі

    ANSWER: A

    Сандырақ жиі кездесетін дерт - ... .

    A) параноидты шизофрения

    B) эпилепсия

    C) маниакальды - депрессивтік психоз

    D) алкоголизм

    E) реактивті жағдайлар

    ANSWER: A

    Сандырақтық идеяларда ... болмайды.

    A) сын көзқарас

    B) жалған ой қорыту

    C) айнымас сенiмдiлiк

    D) патологиялық процесспен байланыстылығы

    E) психокоррекциялау мүмкін еместігі

    ANSWER: A


    Сандырақтың қай формасында науқастардың өз-өзіне қол жұмсау ойы және орындауы мүмкін?

    A) өз-өзін күнәлау

    B) өз-өзін төмен санау сандырағы

    C) ипохондриялық сандырақ

    D) дисморфофобиялық сандырақ

    E) өнер тапқыш сандырағы

    ANSWER: A

    Сенестопатиялық(сенсорлы) автоматизмдер төмендегілердің барлығымен көрінеді, біреуінен басқасы:

    A) сыртқы күштердің әсері нәтижесінде туындаған жағымсыз сезімдермен

    B) әр түрлі сипаттағы жасанды сезімдермен

    C) сезімдердің ерекшелігімен

    D) жасанды суық немесе ыстық сезімдермен, дененің әр бөлігіндегі ауру сезімдерімен

    E) жасанды көңіл-күймен, жасанды сезіммен

    ANSWER: E

    Сенестопатия ... сирек кездесетін дерт.

    A) реактивтi галлюцинозда

    B) шизофренияда

    C) соматогендiк психикалық бұзылыстарда

    D) ми тамырларының ауруларында

    E) ипохондриялық невроздарда

    ANSWER: A

    Сөздiң грамматикалық құрылымы өзгермегенімен оның мағыналық мазмұнының жоқтығы ... деп аталады.

    A) үзiлгендiк

    B) байланыссыздық

    C) резонерлік

    D) паралогия

    E) амбиваленттік

    ANSWER: A

    Созылмалы психикалық жарақат - шақырады:

    A) неврозды

    B) шизофренияны

    C) эпилепсияны

    D) циклотимияны

    E) олигофренияны

    ANSWER: A

    Сөйлеуінің баяулауы мен көңілінің құлазуы, бет бейнесінің күйзелуі мен және өзін - өзі жегідей жеу көрініс алатын ступорды ... дейміз.

    A) депрессивті

    B) апатикалық ступор

    C) кататоникалық ступор

    D) психогенді ступор

    E) кататоникалық синдром

    ANSWER: A

    Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, өз есімін, жасын атай алмайды, жұмысымда отырмын дейді. Өзінің үлкен жоcпарлары жөнінде айтады, сол уақытта қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолдарына киеді. Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

    A) кататониялық ступор

    B) истериялық ступор

    C) реактивті ступор

    D) пуэрилизм

    E) псевдодеменция

    ANSWER: E

    Төменде аталған жағдайлардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА науқастың жазбаша келісімінсіз ауруханаға шұғыл жатқызуға тиым салады:

    A) апиындық наркомания

    B) онейроидты синдром

    C) алкогольді шектен тыс қолдану

    D) истериялық психопатия

    E) тактильді галлюцинациялар

    ANSWER: B

    Төменде аталған жағдайлардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА науқастың жазбаша келісімінсіз ауруханаға шұғыл жатқызуға тиым салады:

    A) тұрақсыз психопатия

    B) қозғыш психопатия

    C) патологиялық мас болу

    D) наркотикалық мас болу

    E) апато-абулиялық синдром

    ANSWER: C

    Төмендегі препараттардан транквилизаторларға мынадан басқаның барлығы жатады:

    A) элениум

    B) седуксен

    C) родедорм

    D) аминазин

    E) рисполепт

    ANSWER: E


    Төменде келтірілген бұзылыстардың қайсысы әлеуметтік қауіп тудырады?

    A) императивті галлюцинациялар

    B) псевдогаллюцинациялар

    C) паранояльды галлюцинациялар

    D) сенестопатиялар

    E) гипнагогикалық галлюцинациялар

    ANSWER: A

    Тұлғалықтың жас ерекшклігіндегі регресс (кері даму) кезін ... дейміз.

    A) пуэрелизм

    B) вуайеризм

    C) некрофилия

    D) геронтофилия

    E) Корсаков синдромы

    ANSWER: A

    Тұлғаның бұзылыстары кезінде психотропты препараттарды қолдану бірінші кезекте бағытталған:

    A) аффективті бұзылыстарды коррекциялауға

    B) кататониялық бұзылыстарға

    C) сандырақтық бұзылыстарға

    D) галлюцинаторлы бұзылыстарға

    E) невротикалық бұзылыстарға

    ANSWER: A

    Тұлғаның патомінездемелік дамуының жүргізуші факторы болып табылады:

    A) конституциональді

    B) психогенді

    C) өмірінің алғашқы айынан бастап ұзақ аздырушы соматикалық аурулар

    D) жүктілік патологиясы, токсикоздар

    E) эндогенді

    ANSWER: B


    Тұнжыраулық фантастикалық бұзылысымен не сипатталады?

    A) онеироид

    B) делирий

    C) естің бұлыңғырлану бұзылысы

    D) аменция

    E) естің аментивті делириозды бұзылысы

    ANSWER: A

    Уақытта немесе орында дұрыс сәйкестендірілмеген шынайы оқиғалар жайлы қате естеліктер - аталады:

    A) ретроградты амнезия

    B) конфабуляциялар

    C) псевдореминисценциялар

    D) антероградты амнезия

    E) криптомнезия

    ANSWER: C

    Ұйқы кезіндегі туындайтын амбулаторлық автоматизмді ... дейміз

    A) сомнабулизм

    B) мутизм

    C) нарциссизм

    D) негативизм

    E) фетишизм

    ANSWER: A

    Учаскелiк психиатрдың мiндетiне ... жатпайды.

    A) соттық-психиатриялық сараптау

    B) диагноз қою

    C) амбулаториялық емдеу

    D) профилактикалық жұмыс жүргізу

    E) диспансеризация есебiне алу

    ANSWER: A

    Физиологиялық аффект дегеніміз бұл - … .

    A) сананың бұзылыссыз жүретін қимыл әрекет реакциясы

    B) психотравмаәсерінен санананың бұлыңғырлауымен жүретін қимыл әрекет реакциясы

    C) көңіл-күйінің қанағатсыздықпен жүретін төмендеуі

    D) эмоция әлсіздігі

    E) экстаз

    ANSWER: A

    Фиксациялық амнезия, конфабуляция және псевдореминисценция ... синдромында кездеседі.

    A) Корсаков

    B) Капгр

    C) Котар

    D) Фреголи

    E) Кандинский

    ANSWER: A

    Фиксациялық амнезия ... синдромына жатады.

    A) Корсаков

    B) астениялық

    C) депрессивтiк

    D) делириозды

    E) маникальды

    ANSWER: A

    Функциональді галлюцинация дегеніміз ... .

    A) тітіркендіргіш бар кезде галлюцинациялар болып, жоқ кезінде олардың болмауы

    B) сендірілген галлюцинациялар

    C) гигрикалық галлюцинациялар

    D) көзді жұмған кезде көрінетін галлюцинациялар

    E) галлюцинациялық бейне көру аймағында орналасады

    ANSWER: A

    Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауыратын науқастар төмендегі біреуінен басқаның бәріне құқылы:

    A) квалификациялық медициналық көмек алуға

    B) наркологиялық мекемені таңдауға

    C) наркологиялық ауруханада емін-еркін жүруге

    D) өзінің құқығы туралы ақпарат алуға

    E) жүргізіліп отырған емі туралы ақпарат алуға

    ANSWER: C

    Шизофренияға ... тән емес.

    A) көңіл-күйінің болмауы

    B) тұрақсыздық

    C) апатия

    D) үрей

    E) амбиваленттiлiк

    ANSWER: A

    Шизофрениялық кемақылдылықта ... кездеспейді.

    A) ұмытшақтық

    B) ойының үзік-үзіктігі

    C) көңіл-қошының болмауыі

    D) абулия

    E) апатия

    ANSWER: A

    Шынайы галлюцинацияның белгісіне ... жатады.

    A) анықтығы мен айқындығы

    B) галлюцинациялар басының ішінде орналасуы

    C) жасанды болуы

    D) психикалық «өзіндігіне» әсерленуі

    E) науқас өз жағдайын түсініп саналы түрде бағалауы

    ANSWER: A

    Шынайы көру елестеушiлiгi ... жағдайларында жиi кездеседi.

    A) алкоголдiк делирий

    B) реактивтi психоздар

    C) шизофрения

    D) эпилепсия

    E) алкогольдi галлюциноз

    ANSWER: A


    Эйфория қай кезде кездеспейдi?

    A) жабысқақ жағдайлар неврозында

    B) мидың iсiгiнде

    C) туберкулезде

    D) жүрек қан-тамырлары ауруларында

    E) прогрессивтiк параличте

    ANSWER: A

    Экстракамптік галлюцинациялар дегеніміз ... .

    A) галлюцинациялық бейнелер көру аймағынан тыс орналасқан

    B) фотопсиялар

    C) галлюцинация ояну кезiнде пайда болады

    D) галлюцинация ұйқыға кеткен кезде пайда болады

    E) псевдогаллюцинациялар

    ANSWER: A

    Эмоцияның амбиваленттілігі дегеніміз ... .

    A) бір мезетте қарама – қарсы келетін сезімдер

    B) адекватты емес ситуация сезімі

    C) ұстамсыз эмоция

    D) жайбарақат көңіл-күйі ашуға тез айналуы

    E) эмоциональді лабильділік

    ANSWER: A

    Эмоция патологиясына ... жатпайды.

    A) абулия

    B) өңіл-күйдің төмендеуі

    C) дисфория

    D) физиологиялық аффект

    E) көңіл-күйдің жоғарлауы

    ANSWER: A

    Эпилепсияға ... ерекше тән.

    A) дисфория

    B) тұрақсыздық

    C) апатия

    D) амбиваленттiлiк

    E) ынжықтық

    ANSWER: A

    Эпилептикалық кемақылдылықтың белгісі - ... қабілетінің бұзылуы.

    A) ойлау

    B) зерде

    C) зейін

    D) эмоция

    E) әуестік

    ANSWER: A

    Эпилептикалық ұстамаға қарағанда истериялық тырысулық ұстамаларға көрсетілгендердің қайсысы тән?:

    A) сананы жоғалтудың жоқтығы

    B) қарашықтардың жарыққа реакциясының жоқтығы

    C) науқастар жиі тілін тістеп қалады

    D) науқастар әдетте құлағанда жарақаттанады

    E) ұстамалар жағдайлық негізделмеген

    ANSWER: A
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта