A ж_лынны_ мойын буылты_ынан жо_ары де_гейiнде за_ымдануы. A жлынны мойын буылтыынан жоары дегейiнде заымдануы
Скачать 153.8 Kb.
|
Қай артерияның зақымдалуы латеральды медуллярлы синдромаға (Валленберг синдромына) алып келеді? A) төменгі-артқы мишықтық артерия B) артқы ми артериясы C) жоғары мишықтық артерия D) алдыңғы жұлындық артерия E) жоғарғы-артқы мишық артериясы ANSWER: A Қай жұп нерв мимикалық бұлшық еттерді иннервациялайды. A) VII B) IX C) VIII D) XII E) X ANSWER: A Қай жұп нервтердің зақымдануы бульбарлы синдромға алып келеді A) IX, X, XII B) IX, X, XI C) VIII, IX, X D) XII, VII E) VII, X ANSWER: A Қай жұп нервтің зақымдануы дисфагияға алып келеді. A) IX, X B) IX, XII C) VIII, IX D) XII, VII E) VII, X ANSWER: A Қай түбіршек зақымданғанда тізе рефлексі төмендейді: A) L3-L4 B) S3-S5 C) S3-S5 D) L2-L3 E) L1-L2 ANSWER: A Қарттар үйінде тұратын Альцгеймер ауруымен ауыратын 69 жасар ер адамда дәрігерлер екі қол-аяқтарында да әлсіздік пен бұлшықет атрофиясын және сөйлеуінің қиындауынан түсініксіз сөйлеуін байқаған. Невролог шақыртты, оның тексеруі бойынша: тілдің гипотрофиясы, тілдің фибрилярлы жыбыры, спастикалық тетрапарез, 2 жақтан да Бабинский срмптомы оң мәнді, айқын бұлшықет гипотрофиясы, фибрилярлы бұлқынулар, оральды-автоматизм симптомдары оң мәнді. Болжамды клиникалық диагноз? A) Бүйірлік амиотрофиялық склероз B) Штрюмпель ауруы C) Эрб-Рот миодистрофиясы D) Томсон миотониясы E) Шашыраңқы склероз ANSWER: A К. есімді науқас жалпы әлсіздікке, гипергидрозға, буындарының деформациясы және ауру сезіміне шағымданып түсті, жалпы жағдайының нашарлау және жақсару кезеңдері, эмоциональды лабильділік, радикулярлы ауру сезімдері болатынын айтады. Анамнезінде: Райт-Хедельсон реакциясы оң. Клиникалық диагноз қойыңыз: A) нейробруцеллез B) нейроревматизм C) нейросифилис D) рассеянный склероз E) полиомиелит ANSWER: A .... кіңдік байламынан жоғары сан жүйкесінің зақымдануында байқалады. A) санның алдыңғы беткей гипестезиясы B) барлық аталғандар C) санды бүккіш бұлшық еттерінің гипертрофиясы D) сирақты жазғыш бұлшық еттерінің орталық салдануы E) дұрыс жауабы жоқ ANSWER: A Клиниканың нейроинсульттық бөлімшесінде 54 жасар ер кісі «Ми инфаркты» диагнозымен ем алып жатыр. Объективті түрде: моторлы афазия, оң жақты гемиплегия. Науқастың жауыр ауруының (ойық жара) алдын алу үшін қандай шараларды жүргізу қажет: A) әр 2–3 сағат сайын төсектегі орнын ауыстыру B) аптасына 1 рет терінің тазартылуы C) аптасына 2 рет терінің тазартылуы D) тәулігіне 2 рет төсектегі орнын ауыстыру E) күніне 1 рет төсектегі орнын ауыстыру ANSWER: A Клод-Бернар-Горнер синдромының үштігі: A) птоз, миоз, энофтальм B) мидриаз, энофтальм, көз саңылауының кішіреюі C) мидриаз, экзофтальм, птоз D) мидриаз, жас ағу, көз саңылауының ұлғаюы E) птоз, миоз, экзофтальм ANSWER: A Көз қозғалтқыш жүйкесінің жұпсыз артқы ядросы.... жауап береді (Перлея ядросы) A) аккомодацияға B) қарашық реакциясын қамтамасыз етуге C) жарыққа D) ауырсынулы тітіркенуге E) конвергенцияға ANSWER: A Көз қозғалтқыш нервтiң зақымдануына тән: а) iшке қарай қылилануы б) сыртқа қарай қылилануы в) мидриаз г) миоз д) птоз A) б,в,д B) а,б C) а,б,в D) б,г,д E) в,г,д ANSWER: A Көру агнозиясы бар науқас .... . A) заттарды көреді, бірақ оларды танымайды B) айналасындағы заттарды нашар көреді, бірақ оларды таниды C) заттарды жақсы көреді, бірақ олардың пішіндерін бұрмаланып көреді D) шеткі көру аймағы бойынша заттарды көрмейді E) барлығы дұрыс ANSWER: A Көру агнозиясы қай жер зақымданғанда дамиды. A) шүйде бөлімі B) көру нерві C) көру тәжі D) көру төмпешігі E) көру трактісі ANSWER: A Көру аймағының концентрациялық тарылуы .... жартылай қысылуына әкеледі. A) көру қиылысының B) көру жолдарының C) сыртқы тізелі дененің D) көру жуашығының E) көру трактісі ANSWER: A Көру жолдарының зақымдануы кезінде ... гемианопсия дамиды. A) гомонимды B) биназальды C) битемпоральды D) төменгі квадрантты E) гетеронимді ANSWER: A Кугельберг-Веландер ауруы дамиды: A) 4 - 15 жас аралығында B) туылғаннан кейін алғашқы күндері C) 15-17 жасқа дейін D) жатыр ішінде E) 25-50 жас аралағында ANSWER: A Құлақ қалқаны және сыртқы есту тесігінде герпестік бөртпелер мен ауырсынудың болуы, есту және вестибулярлы қызметтің бұзылуы .... түйіннің зақымдану белгілері болып табылады. A) тізе B) вестибулярлы C) сына-таңдай D) гассеров E) кохлеарлы ANSWER: A Қыз бала 30 жасар,ауруханаға өз бетімен қаралды, келген кездегі шағымдары омыртқаның мойын бөлігіндегі ауру сезімі, жүрек айну, бас айналу ұстамалары, қолдарының ұюы, жүрек қағуы қорқу сезімімен бірге. 12 сағат бойы еріксіз қалыпта отырған (ұзақ уақыттық ұшу)Ұстамасы жүрек ритмі бұзылысымен байқалады, артериялық қысымның тұрақсыздығы, тамырлық көрініс тері қатпарларының бозғылттығымен. Нитроглицерин қабылдау жеңілдік алып келмейді. Сіздің алғашқы диагнозыңыз? A) артқы мойын симпатикалық синдром B) бүйірлік амиотрофикалық склероз синдромы C) бас сақинасы D) цервикальды миелопатия E) эпилепсия ANSWER: A Қызы 78 жастағы анасын невролог қабылдауына әкелді. Анасы шағымдар айтпайды, қызының соңғы жылы анасы күнделікті үй шаруасын орындауды қойғанын, жақын арада плитадағы газды өшіруді ұмытып кеткенін, ал кеше үйден ешкімге ескертпей кетіп қалғанын, екі сағаттан соң көрші көшеден табылғанын айтады. Қызының айтуынша есте сақтаудың төмендеуі соңғы 5-6 жылда анықталады, қоршаған ортаға қызығушылығы төмендеген. Қарау кезінде дәрігер есте сақтаудың өрескел бұзылуын, псевдобульбарлы синдром белгілерін және тепе-теңдіктің жеңіл бұзылыстарын анықтады. Алдын ала диагноз: A) Альцгеймер ауруы B) мидың созылмалы ишемиясы C) жедел ми қанайналымының бұзылысы D) созылмалы энцефалит E) Пик ауруы ANSWER: A Ландузи-Дежерин ауруында тұқым қуалау типі: A) аутосомды-доминантты B) аутосомды-рецессивті C) Х-хромосомамен байланысқан D) голондрикалық E) митохондриальды ANSWER: A Лимбико-ретикулярлы комплекс құрамына ... жатпайды. A) қара зат B) гиппокамп C) миндалин D) мамиллярлы дене E) ретикулярлы формация ANSWER: A Маңдай бөлімінің қыртысы зақымданғанда қандай симптомдар байқалады: A) аграфия, моторлы афазия, Джексонды эпилепсия B) анозогнозия, аутотопагнозия, сенсорлы афазия C) көру галлюцинациясы, сенсорлы афазия, Джексонды эпилепсия D) анозогнозия, аграфия, моторлы афазия E) сенсорлы афазия, моторлы афазия,көру галлюцинациясы ANSWER: A Менингиоэнцефалиттің бактериялық түптегін анықтайтын симптомокомплекс? A) Қызба, бас ауру, тырысу ұстамасы. Ликворда: жалпы ақуыз 300мг/л, жасуша саны 1500/мкл, лактат 3,0 ммоль/л; глшюкоза 4, 1 B) Менигизм, бас ауру, гипертермия 37,6°С. Ликворда: жалпы ақуыз 200мг/л; жасушалар саны 5/мкл; лактат 3,0 ммоль/л; глюкоза 3,5 C) Миалгия, қозу, ошақтық неврологиялық симптоматика, есінің бұлыңғырлануы. Ликворда: жалпы ақуыз 200 мг/л;жасушалар саны 800 /мкл; лактат 3,0 ммоль/л; глюкоза 3,5 D) Жалпы милық синдром, менингеальды синдром, интоксикациялық синдром. Ликворда: жалпы ақуыз 650 мг/л; жасуша саны >1200 /мкл; лактат 4,0 ммоль/л; глюкоза 2.0 E) Тұмау тәрізді синдром, бас ауру, шүйде бұлшықеттерінің аздаған ригидтілігі, нормометрия. Ликворда: жалпы ақуыз 180 мг/л; жасуша саны 10 /мкл; лактат 2,0 ммоль/л; глюкоза 3,8 ANSWER: A Ми абсцессінің клиникасы бар науқаста сол жақты гемианестезия, гемианопсия, сенситивті гемиатаксия анықталады. Гиперпатия. Алдын ала диагноз: A) таламустың оң жақты абсцессі B) таламустың сол жақты абсцессі C) ішкі капсуланың оң жақты абсцессі D) бозғылт шардың оң жақты абсцессі E) жолақты дененің шардың оң жақты абсцессі ANSWER: A Миастения белгіленеді: A) синапстық аппараттың патологиямен B) жұлынның алдыңғы мүйіздерінің зақымдануымен C) шеткілік нервтердің зақымдануымен D) жұлынның бүйір бағаналарының зақымдануымен E) жұлынның артқы бағаналарының зақымдануымен ANSWER: A Мийяр – Гублер альтернациялық синдромы кезінде ошақ .... орналасады. A) ми көпірінің төменгі бөлігі негізінде B) ми аяқшалары негізінде C) сопақша мидың артқы бүйір бөлімінде D) қызыл ядро аймағында E) бозғылт шар аймағында ANSWER: A Ми қан тамырларының атеросклерозымен ауратын 70 жастағы сырқаттың оң жақ қол-аяғы әлсiрей бастаған, АҚ 170/ 90 мм. сын. бағ. Оң жақ мұрын- ерін қатпары жазылған, тілі оң жаққа қарай ауытқыған, оң жағынан сiреспелi гемипарез. Бабинский симптомы оң жағында оң. Сiздiң клиникалық диагнозыңыз, синдромды атаңыз: A) ишемиялық инсульт, оң жақты гемипарез B) геморрагиялық инсульт, оң жақты гемипарез C) гипертониялық энцефалопатия, сіреспелі парез D) паркинсон ауруы, гемипарез E) созылмалы ми қан айналымы бұзылысы, оң жақты гемипарез ANSWER: A Миопатияларда алдымен зақымданады: A) қаңқа бұлшықеттері B) жұлынның алдыңғы мүйіздер жасушалары C) перифериялық нерв бағаналары D) жұп нервтердің ядролары E) жұлынның артқы мүйіздері ANSWER: A Мишықтың жарты шары зақымданғанда координация бұзылуының қандай түрi кездеседi? A) динамикалық атаксия B) статикалық атаксия C) маңдай атаксиясы D) вестибулярлы атаксия E) сенситивті атаксия ANSWER: A Миястенияның қай түрінде дизартрия дисфония, дисфагия кездеседі: A) бульбарлы B) көздік C) мимикалық D) генерализацияланған E) туа біткен ANSWER: A ... мойын өрімінің тармағы болып табылады. A) кіші шүйде жүйкесі B) қанатасты жүйкесі C) шынтақ жүйкесі D) ортаңғы жүйкесі E) барлығы дұрыс ANSWER: A Моторлы афазиясы бар науқас ...... A) бағытталған сөзді түсінеді, бірақ сөйлей алмайды B) бағытталған сөзді түсінбейді, сөйлей алмайды C) сөйлейді, бағытталған сөзді түсінеді D) буындап сөйлейді E) бұрмалап сөйлейді ANSWER: A Нағыз астереогноз ... зақымдануына тән. A) төбе бөлігі B) самай бөлігі C) маңдай бөлігі D) шүйде бөлігі E) самай мен шүйде бөліктерінің қиылысында ANSWER: A Науқас 26 жаста, жүргізуші. Неврологиялық бөлімшеде оң иық бұлшықеттерінің үнемі ырғақсыз тартылуларына байланысты тексерілді. Бұл тартылулар инфекциялық аурумен ауырғаннан 6 айдан кейін 3 ай бұрын пайда болған, жоғары дене қызуымен, бас ауруымен, құсумен жүрген. Бұл клиникалық көрініс ... тән. A) Кожевник эпилепсияна B) Горнер синдромына C) Гагарина-Джексон қыртыстық локальді эпилепсиясына D) Гиперкинетикалық-гипотониялық синдромына E) Паркинсон ауруына ANSWER: A Науқас 45 жаста. Жедел бас ауруына, жарықтан қорқуға, жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Көшеде құлап, басын ұрып алып есінен танып жатқан жерінен қабылдау бөліміне жеткізілгне. Об-ті: науқас мазасыз, көп сөйлейді, қимылы қозған. Шүйде бұлщықеттерінің жеңіл ригидтілігі, Керниг симптомы екі жағынан оң. Диагнозды анықтау үшін ... жүргізу керек. A) люмбальді пункция B) ЭХО-ЭГ C) ЭЭГ D) көз түбін тексеру E) краниография ANSWER: A Науқас жүргенде аяғын қатты көтеруде, оны өзгерген күшпен түсіруде. Көзін жұмған кезде жүрісі қатаң бұзылуда. Науқас жүрісі ... . A) «штамптаушы», сенситивті атаксияға сәйкес B) «степпаж», шеткері салдануға сәйкес C) «мас», мишықтық атаксияға сәйкес D) «қуыршақ тәрізді жүріс», акинетико – ригидті синдромға тән E) «ағашты», вестибулярлы атаксияға сәйкес ANSWER: A Науқас П 4 жаста психикалық дамуының артта қалуына жиі құлауға шағымданып түсті. Ертеңгі анамнезі ерекшеліксіз. Бала 2,5 жасқа келгенде анасы баласының жиі құлауын, қатарластарынан қалып кетуін, сөйлеуінің кешігуін байқаған. 3 жасынан бастап теккпешекке көтерілеуі қиындаған. Қарағанда аяқтарының дистальді бөлімдерінің псевдогипертрофиясы, Говерс симптомы, омыртқаның бел бөлімдерінің айқын емес лордозы. Бұлшықет тонусы төмендеген. Сіңірлік рефлекстері төмендеген, ахилл сіңірі шақырылуда. Дюшен миопатиясы диагнозы қойылған. Диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеулер … . A) қандағы КФК ның белсенділігі, ЭМГ тексеру, бұлшықетті ультрадыбыспен тексеру, ДНҚ тексеру B) ЭМГ зерттеу, ЭХО ЭС, бас миының МРТ C) қандағы КФК мөлшері, ҚБА, көз түбі D) ЭЭГ, қандағы КФК, ЭМГ, көз түбі E) бас миының МРТ, ЭЭГ, көз түбі, бас миы тамырларын УЗДГ ANSWER: A Науқаста ауру кенеттен басталды, қысқа уақытқа есінен тану, есеңгіреу, бас ауруы, құсу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, оң менинигеальды Керниг және Брудзинский симптомдары, брадикардия, жұлын сұйықтығының қызыл түске боялуы анықталды. Алдын ала диагноз: A) субарахноидальды қан құйылу B) ми тамырларының эмболиясы C) паренхиматозды қан құйылу D) эпидемиялық менингит E) кенелік энцефалит ANSWER: A Науқаста бірден пайда болатын айналдырушы компонентпен, оң аяқ пен қолдың проксимальді бөлімдерінде лақтырушы, ірі-амплитудалы қимылдар бар. Науқаста … . A) оң жақты гемибаллизм B) сол жақты гемибаллизм C) торсионды дистония D) хореоатетоз E) хорея ANSWER: A Науқаста еріксіз, аз уақытқа созылатын, қайталанбалы, стереотипті, ырғақсыз қимылдар, бет бұлшықеттеріне таралатын қимылдар дамиды. Науқастағы гиперкинез ... деп аталады. A) тиктер B) тремор, діріл C) атетоз D) миоклония E) гемибаллизм ANSWER: A Науқаста жұлынның ауруы салдарынан қолдарында сіңірлік рефлекстердің жойылуымен, бұлшықеттер атониясы және атрофиясымен, аяқтарында бұлшықет тонусы жоғарылауы және сіңір рефлекстерінің жоғарылауымен тетрапарез пайда болды. Зақымдану деңгейін анықтаныз? A) жұлын миының мойындық қалыңдауы B) жұлын миының белдік қалыңдауы C) жұлын миының кеуде бөлігі D) жұлын миының алдыңғы мүйізі E) жұлын миының жоғарғы мойын бөлігі ANSWER: A Науқаста жұлынның ауруы салдарынан қолдарында сіңірлік рефлекстердің жойылуымен, бұлшықеттер атониясы және атрофиясымен, аяқтарында бұлшықет тонусы жоғарылауы және сіңір рефлекстерінің жоғарылауымен тетрапарез пайда болды. Зақымдану деңгейін анықтаныз? A) жұлын миының мойындық қалыңдауы B) жұлын миының кеуде бөлігі C) жұлын миының белдік қалыңдауы D) жұлын миының жоғарғы мойын бөлігі E) жұлын миы ANSWER: A Науқаста жұлынның мойын бөліміндегі (CVI-CVIII) Голль және Бурдах жолдарының үзілуі байқалады. Бұл қандай симптоммен жүреді? A) бұлшық ет буын сезімінің және діріл бұзылысы B) орталық салдану C) ауырсыну сезімталдығының бұзылысы D) тактильді сезімталдықтың бұзылысы E) температуралы сезімталдықтың бұзылысы ANSWER: A Науқаста күрделі логико-грамматикалық конструкциялар мағынасын түсіну бұзылған «Оля Сонядан қаралау, бірақ Катядан ақтау. Ең ақтауы кім?» Ағамның әкесі және әкемнің ағасы, екеуі бір адам ба? Науқаста ... байқалады. A) семантикалық афазия B) амнестикалық афазия C) сенсорлы афазия D) моторлы афазия E) дизартрия ANSWER: A Науқаста объективті интенциялық діріл, скандирленген сөйлеу, адиадохокинез, нистагм, құрсақ рефлекстерінің төмендеуі, битемпоральды гемианопсия байқалады. Болжам диагноз: A) шашыраңқы склероз B) жедел шашыраңқы энцефаломиелит C) арахноидит D) энцефалит E) бүйірлі амиотрофиялық склероз ANSWER: A Науқаста өз денесін бағалауы бұзылған. Оң және сол жағын, қолдары мен аяқтарын шатастыруда. Бұл симптом ... A) аутотопагнозия B) алексия C) апраксия D) астереогнозия E) акалькулия ANSWER: A Науқаста симметриялы белбеу тәрізді диссоцирленген түрде сезімнің бұзылысы анықталған. Қай жер зақымданған: A) алдынғы сұр дәнекер B) артқы түбіршік C) спинноталамикалық жол D) артқы мүйізше E) артқы бағаналар ANSWER: A Науқаста сіңірлік рефлекстердің, бұлшықет тонусының жоғарылауымен және Бабинскийдің патологиялық рефлексімен оң жақты орталық гемипарез, ал сол жақтан жоғарғы қабақтың птозы, мидриаз және әкетпелі қылилық. Науқаста ... альтернацияланған синдромы. A) Вебер B) Бенедикт C) Фовиль D) Мийар-Гублер E) Джексон ANSWER: A Науқаста сол жақ мимкалық бұлшықеттерінің шала салдануы. Бет нервісінің зақымдалу деңгейін көрсетіңіз: A) бет нервінің біземізік тәрізді саңылау аймағында зақымдалуы B) бет нервінің барабанды қылы шығуынан жоғары жерде зақымдалуы C) бет нерві түбірінің ішкі тізе аймағында зақымдалуы D) бет нервінің сыртқы тізе аймағында зақымдалуы E) бет нерві түбірінің көпір-мишықтық бұрышында зақымдалуы ANSWER: A Науқаста тетрапарез, аяқ-қолдарының дистальды бөлімдерінде айқынырақ білінеді, қолдары мен аяқтарының бұлшықеттерінің атрофиясымен, карпорадиальды және ахилл рефлекстерінің болмауымен, тізелік рефлекстің, m.biceps және м.triceps сіңірлік рефлекстерінің төмендеуімен қатар жүреді. Ақтяры және қолдарының дистальды бөлімдерінде сезімталдықтың барлық түрі қолғаптар және шұлықтар түрінде төмендеген. Ласег, Вассерман, Нери тартылу симптомдары орташа білінеді. Топографиялық диагноз: A) перифериялық нервтердің көптік зақымдануы B) артқы түбіршек C) артқы мүйіз D) жұлынның бүйір бағанасы E) алдынғы мүйіз ANSWER: A Невральды амиотрофияларға жатады A) Шарко-Мари, Дежерин-Сотт B) Кугельберг-Веландер C) Вердинг-Гоффман D) Эрб-Ротт, Дюшен E) Ландузи-Дежерин ANSWER: A Нәрестелерге қолданатын антиэпилептикалық препарат: A) конвулекс B) карбамазепин C) финлепсин D) топамакс E) леветирацетам ANSWER: A Нәрестелерде кездесетн менингококкты менингитке тән: A) гиперестезия, қайталамалы құсу, гипертермия, үлкен еңбектің көтерілуі B) гипертермия, бір рет құсу C) жөтел, сарғаю, қайталамалы құсу D) үлкен еңбектің ішке кіруі,гиперестезия, қайталамалы құсу E) параличтер мен парездер,гипертермия, үлкен еңбектің көтерілуі ANSWER: A Оқушы 8 жаста. 3 ай бойы тонико-клоникалық сипаттағы, бетінің және тілінің бұлшықеттерінде басталатын, гиперсаливациямен, сөйлеудің тоқтауымен, қалыпты қозғалыс белсенділігінің тоқтауымен, қоршаған ортамен байланыстың үзілуімен қоса жүретін, қолының автоматизирленген қимылдары байқалады, кейін тонико-клоникалық генерализацияланған тырысулар дамиды. Ұстамалар 1-2 аптада 1 рет, еш себепсіз пайцда болады, ұстамадан кейін бала ұйқыға кетеді. ЭЭГ-да маңдай-самай аймақтарында конвеск бойынша жайылатын шыңдар пайда болады. Бас жарақаты, нейроинфекциялар болмаған. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдісін жүргізу керек? A) бас миының МРТ, ВЭЭГ B) брахиоцефальды тамырлардың УДДГ, омыртқаның мойындық бөлігінің КТ C) көз түбі, қандағы мыс мөлшерін анықтау D) ЭКГ, ангиография, РЭГ E) Эхо КГ, экстакраниальды тамырлардың УДДГ ANSWER: A |