Главная страница
Навигация по странице:

  • 14. АВ0 жүйесі бойынша донор мен реципиенттің және сәйкестігіне сынама жасау үшін қандай компоненттер қажет

  • Лечебное дело тест. Документ. A. Вирусты гепатит А


    Скачать 20.34 Kb.
    НазваниеA. Вирусты гепатит А
    АнкорЛечебное дело тест
    Дата16.06.2022
    Размер20.34 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДокумент.docx
    ТипДокументы
    #597019

    . Науқас З 25 жаста, 8 күн бұрын ауру басалған, дене температурасы 38С дейін көтерілген, мұрыны бітеліп қалған, тамаққа тәбеті қашқан, диарея жүрегі айниды, іш қуысында өзгеріс барын сезінеді. Өздігімен емделген, дене температурасы қалпына келген, бірақ қал- жағдайы нашарлап кеткен, әлсіздігі күшейген, зәр түсі қонырланған. Кешке қарай көздің склерасы сарғайғанын байқаған, сондықтан дәрігер шақырды, науқасқа жұқпалы ауруханаға жолдама берді. Науқас ауруын екі апта бұрын даладағы дәмханада қолдарын жумастан тамақтанғанымен бпайланыстырып отыр. Обьективтік тексеруде терісі мен көздің склерасы сарғайған, шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, тыныс алу везикулярлы, жүрек қағысы қалыпты, ритмі дұрыс. АҚ 120/80 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры қабырға доғасы шетінен 2 см шығып тұр, ауырмайды, жұмсақ тегіс консистенцияда, шеттері тегіс. Кіші дәретінің түсі қоңыр. Науқаста қандай ауру дамыған?

    A. Вирустық гепатит А

    B. Вирустық гепатит В

    C. Бөртпе сүзегі

    D. Сальмонеллез

    E. Дизентерия

    2. С есімді 4 жасар бала балабақшаға барады. Бір апта ішінде анасы баласы әлсіреп баратқанын, тәбеті нашарлағанын байқайды, ринит, құрғақ жөтел қысатынына, жарықтан қорқатыны және баланың терісіне бөртпелер шыққанын байқайды. Бөртпелер анық, бір – бірімен бірігіп нүктеге айналғаны (көлемі – 10 мм-дей), терісінен көтеріңкі: құлақтың артында, маңдайында, мойнында орналасады (аллергиялық бөртпеге ұқсас). Кешке қарай анасы баласының дене температурасы 38,5С көтерілгенін, қабақтары ісініп қызарғанын көрді. Баланың терісініде нүктелі – папулалық бөртпелер шықты, конъюктивит, көзінен жас шығуы, дауысы қарлығып қалған, ринит, мұрынан су ағады, дене қызуы көтеріліп тұрақтанды, беті ісінген, еріні құрғап қабырщақтанған. Қандай диагнозды болжауға болады?

    A. Қызылша

    B. Мононуклеоз

    C. Жел шешек

    D. Скарлатина

    E. Қызамық

    3. 55 жастағы ер адамға шақыру бойынша дәрігер үйіне келді. Жақын арада оң жақ аяғында күрт әлсіздік байқалды. Науқас адам 18 сағатта кіші дәреткебаралмады. Намнезінде науқас адам қант диабеті және жүректің аритмиясымен сырқаттанады. Неврологиялық тексеруде оң жақ қолдың проксималды бөлігінде және аяқтың башпайларында спазмалық парез, сол жақ қолы апраксия, Янишевский – Тернер симптомы және ауыздың автоматизм симптомы бар. Артериялық қысымы осындай,науқаста нормасынан төмен – АҚ 130/60 мм рт.ст. дене температурасы 37,0 С. Науқаста қандай жағдай дамығанын табыңыз?

    A. Ишемиялық инсульт

    B. Субарахноидальді қан құйылуы

    C. Паренхиматоздық қан құйылуы

    D. Тромбтық ишемиялық инсульт

    E. Менингит

    4. 40 жаста, басының салбырауына шағымдануда. Анамнезде науқаста тайгага барғаннан кейін дене қызуының 40 С – қа дейін көтерілуі, құсумен, миалгиямен қарқынды бастың ауруы байқалды, мойын мен қолдар бұлшық еттерінің солғын парездері дамыды. Қарағанда қолдар күшінің төмендеуі, олардың атрофиялары, басы салбыраған. Қолдардың терең рефлекстері төмен, біркелкі. Аяқтардың күші жеткілікті. Пациентте тайгада болғаннан кейін қандай ауру дамыды?

    A. Кене энцефалиті

    B. Серозды менингит

    C. Токсоплазмоз

    D. Ишемиялық инсульт

    E. Бульбарлы папалич

    5. Терапия бөлімшесінде емделуші пациентте 6 күн бойы таңертеңгі уақытта 36,7 – 37,2 ОС, ал кешкі уақытта – 37,4 – 37,7 ОС қыз болды. Пациенттің қызба түрін анықтаңыз:

    A. +Әлсіретуші

    B. Ауыспалы

    C. Бұрмалаушы

    D. Тұрақты

    E. Титықтататын

    6. Өкпе туберкулезін DOTS – стратегиясы бойынша диагностикалаудың негізгі әдісі:

    A. Қақырықтың бактериоскопиясы

    B. Бронхоскопия

    C. Өқпе рентгенотомографиясы

    D. Өкпенің компьютерлік томографиясы

    E. Иммуниорлогилық зерттеу

    7. Көп мөлшерде іріңді қақырықтық бөлінуі мына жағдай үшін тән болып келеді:

    A. ошақтық пневмония

    B. созылмалы бронхит

    C. бронх демікпесі

    D. құрғақ плеврит

    E. өкпе абсцесі

    8. Бір сыныпта оқитын 7 оқушының арасынан бір жасөспірімге жедел А гепатиті диагнозы қойылды. Онымен контактіде болған басқа оқушыларға мынаны тағайындаған жөн:

    A. иммуноглобулин

    B. С витамині

    C. Сарысу

    D. А гепатитіне қарсы рекомбинантты вакцина

    E. Анатоксин

    9. Асқазанды жуу үшін мына құрал – жабдықтарды дайындау керек:

    A. Жанэ шприці, 5 пробирка, 33% магний сульфат ерітіндісі

    B. Асқазан зонды, 8 пробирка, гистамин ерітіндісі

    C. Эсмарх кружкасы, штатив марганцовка ерітіндісі, судно

    D. Ұзындығы 50см зонд, 3 пробирка, 33% магний сульфат ерітіндісі

    E. Ұзындығы 120 смзонд, воронка, леген, су

    10. Жедел жәрдем бригадасы оқиға болған жерге келді. 35 жасар әйелдә оң жақ сан сүйегінің жоғаррғы үштен бір бөлігінде жұлынған жарадан сыртқы алқызыл пульсацияланған қан кету болып жатыр. Қарағанда терісі бозарған, ылғалды, мәрмәр тәрізді АҚҚ 70/50 мм сб.б, ЖСЖ минутына 110 рет. Пациенттегі альговердің «шоктық» индексі нешеге тең:

    A. 50

    B. 60

    C. 10

    D. 1,57

    E. 2,2

    11. Қазан айының соңында дерматологқа 16 жастағы науқас терісі қышуына және бөртіп кеткеніне шағымданып қаралды. Оқушы 6 жасынан бастап ауырады, ауру көктем, күз айларында қозып, жазда тоқтайды. Осындай терідегі көріністер бастың шаш арасында, арқасы мен іш аймағында болады. Осындай учаскелердегі бөртпелер айқын қызыл түстегі папулла, бір – бірімен біріккен, сұр түсті қабықшамен қапталған. Тізе аймағы ісінген, папулалар ылғал жайылмалы. Сонымен қатар қолтық асты, жамбас аралық қатпарлары да зақымданған. Осы жерлерде экссудативтік ақтандақтар шеттері анық қызыл түспен шекараланған, сәл қабыршақтанған. Күдікті диагноз қойыңыз, қосымша зерттеулер жолдаңыз, емдеу принципін анықтаңыз:

    A. Псориаз, қанның морфологиясы, несептің жалпы анализі, сенсибилизацияға қарсы препараттар, седативті дәрілер. Дәрумендер. Сырттай қышымаға қарсы, дезинфекциялық, кейін дегенеративтік заттар.

    B. Қызыл волчанка, қанның морфологиясы, қызыл волчанканың клеткалары. Антималярлық препараттар, В дәрумені кезеңі, никотин қышқылы. Сырттай стериодтық жақпа май, фотоқорғаныс кремдер.

    C. Көпформалы экссудативтік эритема. Қанның морфологиясы, антибиотиктер, сенсибилизацияға қарсы препараттар, салицилаттар. Дәрумендер.

    D. Вульгарлы пузырчатка, қанның морфологиясы, кортикостериодты гормондар, ішке цитостатиктер, асқынғанда антибиотиктер, калий, кальций препараттары, плазмаферез, дәрумендер.

    E. Есекжем (крапивница), қанның морфологиясы, аллергосынамалар, қышуы бәсендету үшін седативтік препараттар, аллергияға қарсы дәрілер, қабынуды басатын стериодтық препараттар.

    12. Әйелдер консультациясына 27 жасар жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 33 – 34 апта. Шағымы аяқтарының ісінуі. 1 – ші жүктілік. Анамнезінде созылмалы пиелонефрит. 14 кг салмақ қосқан, соңғы аптаад 1 кг салмақ қосқан. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері мен кілегей қабаттар түсі қалыпты. Пульс мин 64, АҚҚ 120/80 және 115/80 мм с.б. Жатыр тонусы қалыпты. Ұрық қалпы ұзына бойы, басымен келген, кіші жамбасқа кіре берісте қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты мин 140. Аяқтары ісінген. Қан, зәр талдаулары өзгеріссіз. Сәйкес диагнозды көрсетіңіз:

    A. 33 – 34 апталық жүктілік. Жүктілік ісіктері. Созылмалы пиелонефрит, ремиссия.

    B. 33 – 34 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі жүктілік құсығы.

    C. 33 – 34 апталық жүктілік. Ауыр презклампсия. Ұрық дамуының тежелуі.

    D. 33 – 34 апталық жүктілік. Созылмалы артериалдьды гипертензия. Эклампсия.

    E. 33 – 34 апталық жүктілік. Эклампсия.

    13. Әйелдер консультациясына 25 жасар жүкті әйел келді. 1 – ші жүктілік. Жүктілік мерзімі 5 – 6 апта. Шағымдары тәбеті болмады, жүрек айнуы, тәулігіне тамақтануға байланыссыз 6 – 10 ретке дейін құсу. 1,5 аптада 1,5 кг салмақ жоғалтқан. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Қозғыштығы жоғарылау тері мен кілегей қабаттарының түсі өзгеріссіз, құрғақ. Дене қызуы субферильді. Пульс мин 100, ырғақты, толысуы мен кернелуі қанағаттанарлық АҚҚ 100/60 мм с.б. Тәуліктік диурез 850 мл. Сәйкес диагнозды көрсетіңіз.

    A. 5 – 6 апталық жүктілік. Орташа дәрежелі жүктілік құсығы.

    B. 5 – 6 апталық жүктілік. Жүктілер тетаниясы.

    C. 5 – 6 апталық жүктілік. Ревматизм. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі.

    D. 5 – 6 апталық жүктілік. Темір тапшылық анемиясы.

    E. 5 – 6 апталық жүктілік. Жатыр миомасы. Миоматозды түйін некрозы.


    14. АВ0 жүйесі бойынша донор мен реципиенттің және сәйкестігіне сынама жасау үшін қандай компоненттер қажет?

    A. Донордың плазмасы мен реципиент сарысуы

    B. Реципиенттің пламасы мен донордың сарысуы

    C. Донордың плазмасы мен реципиенттің қаны

    D. Реципиент сарысуы мен донор қаны

    E. Донор мен реципиент қаны

    15. Пациенттің тыныс жолында бөгде дене анықталды. Осы жағдайдағы медицина қызметкерінің іс – әрекеті:

    A. Коникотомия жасау

    B. Геймлих әрекетін жасау

    C. Сафардың үштік әрекетін жасау

    D. Арнайы бригада шақыру

    E. Трахеостомия жасау

    16. Науқас (В) 28 жаста, 2 сағат бұрын ЖТА ІШ жарақат алды. Ота барысында құрсақ қуысында көкбауырдың зақымдануынан 1500 мл қан анықталды. Бұл жағдайда гемотрансфузиялық келесі түрін қолдануға болады:

    A. Реинфузия

    B. Тура емес қан құю

    C. Тура қан құю

    D. Аутотрансфузия

    E. Алмастырушы трансфузия

    17. 5 жастағы бала балабақшада ойнап жүргенде сол қолын зақымдап алды. Сүйек сынуының нақты белгісін атаңыз.

    A. Сүйек функциясының бұзылуы

    B. Сүйек сынықтарының крепитациясы

    C. Гематома болуы

    D. Ауырсыну

    E. «серіппелі фиксация»

    18. Бала 7 жаста. Ауырғанына 5 күн болды. Дене температурасы 37,6 С. Тыныс алудың қиындауына, әлсіздікке шағымданады. Оны қараған кезде аңқасына сұр түсті жамылғы байқалады, шпательмен алынбайды, сыбырлап сөйлейді, терісі бозарған, жүрек соғу жиілігі минутына 120 рет, жүрек тондары тынықталған. Болжамалы диагнозды таңдаңыз:

    A. Жалған круп

    B. Баспа

    C. ЖРВИ

    D. Дифтерия

    E. Бронхит

    20. Пациенттің сол жақ бел тұсында өте күшті ұстамалы ауырсыну пайда болып, шап аймағында тарады. Пациент беймаза. Болжамалы диагнозды атаңыз:

    A. Жедел аппендицит

    B. Бүйрек коликасы

    C. Ойық жараның тесілуі

    D. Шек өтімсіздігі

    E. Қыстырылған жарық


    написать администратору сайта