Главная страница

ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу


Скачать 0.9 Mb.
НазваниеАбсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Дата19.12.2021
Размер0.9 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖДП 100 Бетон.docx
ТипДокументы
#309859
страница17 из 66
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66

A) бромсульфалиенді сынама

B) белокты және оның туындыларын анықтау

C) альфа-фетопротеин құрамын анықтау

D) қан сарысуындағы аммиакты анықтау

E) АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау

ANSWER: D

Науқас Х., 49 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША МӘЛІМЕТТІ?

A) пантапрозол, себебі, тұз қышқылы экскрециясы мен синтезінің соңғы сатысына қатысатын ферментті тежейді

B) фамотидин, себебі, қабаттасқан жасушаларда орналасқан Н2 рецепторларды тежейді

C) метронидозол, себебі, антигеликобактерлік әсері бар

D) алмагель, себебі, антацидтік әсері бар

E) метацин, себебі спазмолитикалық әсері бар

ANSWER: A

Науқас Ч., 56 жаста, ол артериальды гипертензиямен, қантты диабетпен, семіздікпен ауырады. Науқастың емдеу жоспарына нақты қосу керек:

A) тенорик (атенолол)

B) физиотенз (моксонидин)

C) амлодипин

D) гипотиазид

E) фуросемид

ANSWER: B

Науқас Э., 18 жаста 38,5° дейін дене ыстығының жоғарлауына, тізе буындарының ісінуіне және ауырсынуына, координациясының бұзылуына шағымдалады. Анамнезінде: 10 күн бұрын баспамен ауырған. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдістері қажет?

A) Scl 70 антиденелер

B) Ваалер-Розе реакциясы

C) Хаддлсон реакциясы және Райта реакциясы

D) стрептококкқа қарсы антиденелер титрі

E) цитруллиннирленген пептидке анидене

ANSWER: D

Неспецификалық жаралы колит диагнозын анықтайтын зерттеулердің ішіндегі маңыздысы?

A) Физикалық зерттеу

B) Нәжісті жасырын қанға тексеру.

C) Ирригоскопия

D) Нәжісті микробиологиялық зерттеу

E) Ректоманоскопия

ANSWER: E

Нефротикалық синдромның жиі даму себебін көрсетіңіз:

A) Қантты диабет

B) Жедел пиелонефрит

C) Бүйрек веналарының тромбозы

D) созылмалы пиелонефрит

E) созылмалы гломерулонефрит

ANSWER: E

Өкпенің барлық бетінде құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі тән патологиялық процесс:

A) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы

B) өкпе ауалылығының артуы

C) бронхтар өтімділігінің бұзылысы

D) өкпе тінінің тығыздалуы

E) өкпедегі қуыс

ANSWER: C

Өкпенің кабыну ауруларына жатпайды

A) бронхит

B) пневмония

C) деструктив аурулар

D) бронхоэктазия

E) өкпе рагы

ANSWER: E

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқастардың емдік жоспарында тиімді:

A) мукорегуляторларды тағайындау

B) бронходилататорларды қолдану

C) тыныс жеткіліксіздігін реттеу

D) тұрақты глюкокортикоидты ем

E) қабынуға қарсы емді жүргізу

ANSWER: B

Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмонияның қоздырғышы :

A) микоплазма

B) клебсиелла

C) аденовирус

D) пневмококк

E) стафилококк

ANSWER: E

Өңештің төменгі сфинктерінің гипертонусы тән:

A) өңеш ахалазиясына, өңештің диффузды тарылуына

B) эзофагитке

C) склеродермияға

D) өңеш дивертикулына

E) фарингитке

ANSWER: A

Осыдан 3 күн бұрын 27 жастағы науқаста қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінің ауырсынуы, 38,90С қызба кенет пайда болды. Тыныс алғанда кеуденің оң жартысы қалыңқы. Перкуссияда: алдыңғы бетте 3-ші қабырғадан, артқы бетте жауырын аралықтың ортасынан бастап төмен қарай-тұйық дыбыс, бұл аймақта тыныс естілмейді. Жүрек шала тұйықтығының сол жақ шегі бұғана ортасы сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) созылмалы бронхиттің өршуі

B) оң өкпе төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

C) оң жақты бөліктік пневмония

D) оң жақты экссудатты плеврит

E) оң жақты гидроторакс

ANSWER: D

Отбасылық дәрігерге жоспарлы қаралуға 41 жасты, М. науқас келді. Қарауда диагнозбен келді: ЖИА. Кернеу стенокардиясы ІІ ФК. Артериальді гипертензия ІІ, қауіптілігі ІІІ, НК0. Қараған кезде шағымданбайды. АҚ 130/80 мм.с.б., ЖЖЖ 72 рет минутына. ЭКГ сирек қарыншалық экстрасистола белгіленді. Эхо КГ қосымша желі аңықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау керек пе?

A) иә, қарыншаның пароксизмальді тахикардияның дамуына қауіптілігі болғандықтан

B) иә, қосымша желі аңықталғандықтан

C) жоқ, өйткені науқаспен субъективті аритмия жақсы көтеріледі

D) жоқ, жасанды ритм өткізгіштігін орнату керек

E) иә, Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

ANSWER: C

Өт жолдарының дискинезиясының гиперкинетикалық түрін емінде қолданылады:

A) гистаминнің Н2 – блокаторлары

B) сукральфат тобының препараттары

C) спазмолитиктер

D) зондсыз тюбаждар

E) хирургиялық ем

ANSWER: C

Өт жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде нені қолдануға болмайды:

A) жылу процедураларын

B) спазмолитиктерді

C) холецистокинетиктерді

D) холинолитиктерді

E) седативтік дәрілерді

ANSWER: C

Өт шығару жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде ауырсыну синдромының сипаттамасы:

A) спазмолитиктермен басылады

B) интенсивтігі шамалы, тұйық

C) ауырсыну тағам қабылдаумен байланысты

D) эмоциялармен байланысты

E) ұстама тәрізді

ANSWER: B

Пациент созылмалы пиелонефритпен. Жалпы зәр анализінде- салыстырмалы тығыздығы 1007; ақуыз 0,05 г/л, лейкоциттер- 20-30 көру аймағында, эритроциттер жоқ, бактериурия - +++. Қанда: креатинин - 0, 23 мкмоль/л. Науқасты емдеу үшін керек препаратты таңдаңыз:

A) Ампициллин

B) фурадонин

C) пенициллин

D) гентамицин

E) бисептол

ANSWER: A

Профилактикалық тексеруде науқас 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:

A) жедел бронхит

B) бронхоэктазды ауру

C) созылмалы іріңді бронхит

D) созылмалы катаральды бронхит

E) созылмалы обструктивті бронхит

ANSWER: D

Р. атты 35 жастағы науқасты бетінің және аяқтарының ісуі, бел аймағындағы ауру сезімі, шырышты-іріңді қақырықты жөтел мазалайды. Балалық шағынан бронхоэктазбен ауырады. Нв - 76 г/л, эритроциттер - 2,6 млн., лейкоциттер - 3,4 мың, тромбоциттер – 158 мың, ЭТЖ - 43 мм/сағ, жалпы белок – 46 г/л, альбуминдер - 28%. Зәр анализі: белок – 14,3 г/л, лейкоциттер - 6-7 к/а, эритроциттер – 0-2 к/a. Емдеу жоспарына қай дәріні қосқан НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

A) делагилді

B) кризанолды

C) метотрексатты

D) преднизолонды

E) D-пеницилламинді

ANSWER: A

Р. атты науқас 40 жаста. Найзды ұзақ қабылдаған науқасты соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ТИІМДІ?

A) маалоксты

B) алмагельді

C) мотилиумды

D) рабепразолды

E) мизопростолды

ANSWER: E

Рентгенограммада өкпе мөлдірлігінің жоғарылауы, қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі, диафрагма күмбезінің тығыздалуы қандай аурудың көрінісі?

A) спонтанды пневмоторокстың

B) өкпеден қан кетудің

C) кавернозды өкпе туберкулезінің

D) ауруханадан тыс пневмонияның

E) өкпе эмфиземасының

ANSWER: E

С. атты 42 жастағы науқас, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 21%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?

A) Ревматикалықемес миокардит, аралас түрі, жедел асты ағым

B) Алкогольді кардиомиопатия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)

C) Ишемиялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ І (ФК І)

D) Рестриктивті кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

E) Дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

ANSWER: E

Семсер тәрізді артына локализациясымен, кеуде клеткасының, қолының сол жақ бөлігіне иррадиацияланатын, жатқан кезде кеудеде күйдірулі мінезді ауырсыну пайда болатың және вертикалді жағдайда әлсірейтін немесе мүлдем жоғалатын ауырсыну жағдайында қандай патологияны ойлау керек?

A) миокард инфарктісі

B) перикардит

C) өнеш тесігінің жарығы

D) плевропневмония

E) қабырға аралық невралгия

ANSWER: C

Созылмалы бронхит пен бронхоэктаз ауруын айыру үшін ең сенімді зерттеу әдісі:

A) томография

B) бронхоскопия

C) қақырық анализі

D) бронхография

E) өкпе сцинтиграфиясы

ANSWER: D

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқасқа созылмалы гемодиализбен емдеуді, шумақты фильтрацияның қандай деңгейінде бастайды:

A) 5 мл/мин және төмен

B) 35 мл/мин

C) 40 мл/ мин

D) 45 мл/мин

E) 55 мл/мин

ANSWER: A

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысында байқалады:

A) полиурия, гипоизостенурия

B) макрогематурия, цилиндрурия

C) лейкоцитурия, бактериурия

D) полиурия, глюкозурия

E) цилиндрурия, лейкоцитурия

ANSWER: A

Созылмалы бүйрек шамасыздығының ерте анықталатын белгісі:

A) метаболикалық ацидоз

B) никтурия

C) гиперкалиемия

D) креатинин деңгейінің жоғарылауы

E) бүйрек көлемінің кішіреюі

ANSWER: B

Созылмалы вирусты, жоғары белсендiлiктi гепатит емiнiң ең тиiмдi схемасын таңдаңыз:

A) интерферон, нуклеозидер аналогтары, гепатопротекторлар

B) азатиоприн

C) декарис және интерферон

D) делагил және В тобының витаминдерi

E) глютамин қышқылы және декарис

ANSWER: A

Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекіру шағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады:

A) Перфорация

B) Пенетрация

C) Стенозирлеу

D) Малигнизация

E) Қан кету

ANSWER: C

Созылмалы гепатиттің циррозға айналуының ең маңызды белгісі болып табылатын синдром:

A) сарғаю

B) портальды гипертензия

C) астеновегетативті

D) артериальды гипертензия

E) қан айналымының жеткіліксіздігі

ANSWER: B

Созылмалы гломерулонефрит кезінде глюкокортикоидтарды тағайындауға көрсеткіш:

A) артериялық гипертензия

B) нефротикалық синдром

C) бүйрек шамасыздығы

D) гематурия

E) протеинурия

ANSWER: B

Созылмалы гломерулонефриттің латентті формасына тән:

A) нефротикалық синдром

B) макрогематурия

C) қан қысымының жоғарылауы

D) айқын емес протеинурия мен микрогематурия

E) гипертониялық криз

ANSWER: D

12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын 42 - жастағы әйел, әлсіздік, бас айналуы, ентігу, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастриде ауыру сезімі. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8, лейкоциттер - 3,8 мың. Ойық жара ауруының асқынуы фонынында қандай анемия дамуы БАРЫНША мүмкін?

A) В12-тапшылықты

B) гипопластикалық

C) темір тапшылықты

D) Маркиафава-Микели ауруы

E) аутоиммунды гемолитикалық

ANSWER: C

26 - жастағы ер адам, үдемелі әлсіздікке, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 2 ай болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозарған; кеуде, іш, сан терілерінде петехия және экхимоздар. Қанында: эритроциттер - 1,8 млн., Нв - 56 г/л, ТК - 0,93, лейкоциттер - 2,6 мың, тромбоциттер - 30 мың. ЭТЖ - 50 мм/сағ. Стерналды пунктатта –майлы сүйек кемігі басым. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

A) коагулограмма

B) трепанобиопсия

C) сахарозды сынама

D) зәрдегі гемосидеринді анықтау

E) агрегат-гемагглютинационды сынама

ANSWER: B

30 - жастағы әйел, соңғы жарты жылдың ішінде әлсіздік, жүрек қағуы, меноррагияға шағымданады. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақта көлденең сызықтар, койлонихия. Жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 2,8 млн., Нв - 72 г/л, ТК - 0,77, лейкоциттер - 4,2 мың, тромбоциттер - 192 мың. ЭТЖ - 16 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробластар - 12%. Диагнозды нақтылауға төмендегі көрсетілгендердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

A) ретикулоциттер

B) жалпы билирубин

C) сарысулық темір

D) нейтрофильдердің сілтілі фосфатазасы

E) эритроциттердің осмостық резистенттілігі

ANSWER: C

35 жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы тромбоцитопениямен емделуде. Денесінде аздаған петехиальді-дақты қан құйылулар байқалады, етеккірінің көлемі көбейген, басқа өзгерістері жоқ. Тромбоциттер 18,0х109/л. Осы ауруына байланысты бұрын емделмеген. Қандай емдеу әдісін қолдану тиімді?

A) Преднизолонмен емдеу

B) Спленэктомия

C) Цитостатик

D) Плазмаферез

E) Тромбомассаны енгізу

ANSWER: A

Гипохромия, микроцитоз, ферритин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуі және 1 айдай темір препараттарымен емдеудңғ оң нәтиже беруі қандай ауруға БАРЫНША тән?

A) талассемияға

B) В12-ташылықты

C) темір тапшылықты анемияға

D) фолитапшылықты анемияға

E) Минковский-Шоффар ауруына

ANSWER: C

Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты?

A) Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен

B) Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен

C) Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен

D) тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен

E) Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен

ANSWER: C

Қабылдауға 35 жастағы науқас келді. Гипохромды микроцитарлы анемия диагнозымен Д-тіркеуде тұрады. Анамнезінде 7 жыл бойы созылмалы энтерит. Ранферон қабылдағаннан кейін жүрек айнуға, құсуға, эпигастрии аймағындағы қолайсыз сезімге шағымданады. Науқасты емдеу тактикасын таңда:

A) Емге церукал қосу

B) Эритроцитарлы масса құю

C) Ранферон мөлшерін төмендету

D) Темір препараттарын парентеральды

E) басқа темір препараттарын тағайындау peros

ANSWER: D

Мына қан анализі қандай анемияға БАРЫНША тән: эритроциттер -1,8 х 1012/л , Нв – 36 г/л, ТК – 0,9; лейкоциттер – 1,6х109/л, тромбоциттер – 5,0х109 /л?

A) апластикалық

B) гемолитикалық

C) B12- тапшылықты

D) темір тапшылықты

E) сидероахрестикалық

ANSWER: A

Науқас 38 жаста, бірнеше жылдар бойы тері мен ауыз қуысының шырышты қабатында петихиальді қан құйылулар, мұрыннан қан кетулер мазалайды. Идиопатиялық тромбоцитопения диагнозы қойылған. Преднизолонмен терапия курсы қандағы тромбоцитті 80-90х109/л дейін көтереді. Бірақ геморрагиялық синдром сақталған. Емдеудің қандай жолы дұрыс емес:

A) спленэктомия жасау

B) мұрыннан қан кеткенде жергілікті гемостатикалық губка қолдану

C) преднизолонмен емді жалғастыру

D) донор тромбоцитін құю

E) цитостатиктер

ANSWER: D

Панцитопения, эритроциттер гиперхромиясы, қан жасаудың мегалобластық түрі мынаған БАРЫНША тән:

A) талассемияға

B) В12-тапшылықты анемияға

C) темір тапшылықты анемияға

D) сидероахрестикалық анемияға

E) Минковский-Шоффар ауруына

ANSWER: B

15 жастағы қыздың шағымдары: 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады, ал соңғы 2 күн бөлінділер мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан басталды, қазіргі кезеге дейін реттелмеді. Соңғы етеккір 2,5 ай бұрын басталды. Науқасты тексергенде тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан кеткен қан мөлшері көп. Ректалді зерттеу мәліметтері: жатыр көлемі кішкентай, қосолқылары пальпацияланбайды. Диагноз.

A) жатырлық жүктілік, аборт

B) жатыр миомасы

C) ювенилдік жатырдан қан кету

D) жатырдан тыс жүктілік

E) көпіршікті тығын

ANSWER: C

24 жастағы жүкті әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды. Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз.

A) жүктіліктің 31-32 аптасы. Гестациялық гипертензия.

B) жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66


написать администратору сайта