Главная страница

ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу


Скачать 0.9 Mb.
НазваниеАбсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Дата19.12.2021
Размер0.9 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖДП 100 Бетон.docx
ТипДокументы
#309859
страница41 из 66
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66


A) Емге церукал қосу

B) Эритроцитарлы масса құю

C) Ранферон мөлшерін төмендету

D) Темір препараттарын парентеральды

E) басқа темір препараттарын тағайындау per os

ANSWER: D

Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:

A) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі

B) Крон ауруы, жіңішке ішектің зақымдануымен

C) Созылмалы энтероколит, жіңішке ішектің зақымдануымен

D) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен

E) Тоқ ішектің қатерлі ісігі

ANSWER: C

Қабылдауда 47 жастағы науқас жалпы әлсіздікке және жүрек соғуының жиілеуіне шағымданады.Созылмалы маскүнемділікпен наркодиспансерде Д-есепте тұрады. Қараған кезде тәбеті төмендеген, қол басының дірілі байқалады. АҚҚ 145/95 мм.с.б.б. ЖСЖ 96 рет минутына. ЖҚА: Нв- 72 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер - 3,2∙109/л, тромбоциттер- 138∙109/л. Анемияның даму себебін анықтаңыз:

A) Темір жетіспеушілігі

B) глютена жетіспеушілігі

C) эритропоэтин жетіспеушілігі

D) фоли қышқылының жетіспеушілігі

E) гастромукопротеин жетіспеушілігі

ANSWER: D

Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнез бойынша: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жаұсартуда қандай дәріні қолдануға болады?

A) Ілмекті диуретиктер

B) жүрек гликозидтері

C) альдостерон антагонистері

D) селективті бета-блокаторлар

E) гликозидті емес инотропты дәрілер

ANSWER: D

Қабылдауда 58 жастағы науқас келді. Ұзақ уақыт бойы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. ЖҚА: Нв - 73 г/л, ТК – 1,6, Эр. - 2,8х1012/л, макроцитоз. Міндетті түрде қандай ем тағайындау керек?

A) Хеферол 350 мг 2 р/д

B) Эр-масса құю 250 мл

C) Фенюльс қабылдау 150 мг 2 р/к

D) Цианокобаламин енгізу 500 мкг 2 р/к

E) Аскорбин қышқылын 50 мг 3 р/к

ANSWER: D

Қабылдауда науқас 26 жаста,дене қызуының 38,7°C дейін көтерілуіне, іш ауруына,тәулігіне 7─9 рет қан аралас сұйық дәреттің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде іші ұлғайған,сол жақ мықын аймағында ауырсыну бар, сонымен қатар пальпацияда тоқ ішек тәж тәрізді. Науқаста аурудың қай түрі болуы мүмкін

A) Жедел дизентерия

B) Тік ішек рагы

C) Уиппл ауруы

D) Крон ауруы

E) Спецификалық емес жаралы колит

ANSWER: E

Қақырықта Шарко-Лейден және Куршман спиральдары табылса бұл қай ауруға тән

A) эмфизема

B) бронх демікпесі

C) өкпетекті жүрек

D) крупозды пневмония

E) бронхит

ANSWER: B

Қалқанша безі гормондарының әсерлері:

A) белок синтезін күшейтеді

B) ағзаның өсуіне және дамуына, жасушалардың пролиферациясына әсер етеді

C) белок синтезін тежейді

D) көмірсу синтезін күшейтеді

E) жүрекке теріс мәнді инотроптық және хронотроптық әсер етеді

ANSWER: B

Қандай ауруда нефротикалық синдроммен науқастарға глюкокортикостероидтарды тағайындау нәтижелі болады:

A) гломерулонефритпен

B) дәрілік аурумен

C) туберкулезбен

D) бүйрек ісігімен

E) қантты диабетпен

ANSWER: A

Қант диабетінің клиникалық синдромдары:

A) гипогликемия және гипокалиемия

B) гипертензия және гипонатриемия

C) гипотензия және гипогликемия

D) гипергликемия және глюкозурия

E) гипернатриемия және гиперкалиемия

ANSWER: D

Қант түсіруші сульфаниламидтік препараттардың әсер ету механизмі:

A) ұйқы безінің инсулинді секрециялауын күшейтеді

B) β-клеткалардың глюкозаға сезімталдығын қалпына келтіреді

C) НЭЖК және глицерин түзілуін азайтады.

D) бауыр мен бұлшық еттерде глюкозаның утилизациясын жоғарылатады

E) глюконеогенезді тежейді

ANSWER: A

Қараудан кейін науқаста өңеш веналарының кеңеюі,асцит байқалған.Болжам диагноз

A) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

B) Созылмалы гепатит

C) Созылмалы оң жақ қарынша жетіспеушілігі

D) Нефротикалық синдром

E) Бауыр цирозы

ANSWER: E

Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі қандай ауруға тән:

A) плевритке

B) пневмонияға

C) пневмотораксқа

D) миокард инфарктысына

E) қабырғааралық невралгияға

ANSWER: C

Компьютерлі томография нәтижесінде екі жақтық фиброз және екі жақтық «бұлыңғыр шыны» өзгерістер барынша тән:

A) фиброзирлеуші альвеолитке

B) екі жақты пневмонияға

C) милиарлық туберкулезге

D) өкпе амилоидозына

E) өкпе саркоидозына

ANSWER: A

Көп жылдар бойы бронхообструктивті синдроммен 65-жастағы науқаста тұншығу ұстамасы, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, зәр мөлшерінің азаюы байқалады.Объективті: акроцианоз, мойын веналарының білеуленуі, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясында II тон акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. ЭКГ-да қандай өзгеріс анықталуы мүмкін:

A) қарыншаішілік блокада

B) сол қарынша гипертрофиясы

C) сол жүрекше гипертрофиясы

D) оң қарынша гипертрофиясы

E) Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

ANSWER: D

Коронар артериясы атеросклерозының диагностикасында қолданылатын ең тиімді әдіс:

A) ЭКГ

B) эхокардиография

C) стресс - эхокардиография

D) коронарлық ангиография

E) велоэргометрия

ANSWER: D

Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді:

A) бейтарап майлардың

B) май қышқылдарының

C) бұлшық ет талшықтарының

D) стеркобилиннің

E) крахмалдың

ANSWER: C

Креаторея тән:

A) созылмалы панкреатитке

B) Крон ауруына

C) ишемиялық колитке

D) ішек тітіркендіргіш синдромына

E) өт қабының дискинезиясына

ANSWER: A

Крон ауру кезіндегі патологиялық үрдістің орналасу түрі:

A) перианальды аймақ

B) көлденен доғалы ішек

C) өңеш

D) асқазан

E) мықын ішегінің терминальды бөлігі

ANSWER: E

Л. атты 32 жастағы науқас бел тұсындақы ауру сезіміне, жиі ауру сезімді зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтыруға шағымданып түсті. Суық тигеннен кейін 1 аптадан соң ауырған. Объективті: АҚҚ - 160/80 мм.c. б.б. ЖЖЖ - 90 рет мин. Ұрғылау белгісі оң жағында оң. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Зәр анализінде: лайлы, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – 0,036 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған. Төмендегі дәрілік препараттардың қай тобын пайдаланған БАРЫНША ТИІМДІ?

A) цитостатиктерді

B) антибиотиктерді

C) антикоагулянттарды

D) кортикостероидтарды

E) аминохинолин туындыларын

ANSWER: B

М. атты 40 жастағы науқас шап және сан аймағына берілетін бел аймағындағы және зәр шығарғанда пайда болатын ауру сезіміне, лоқсу мен құсуға шағымданады. Қарап тексергенде: науқас ыңқылдап жатыр. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,6 мың., ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина - 9,2 ммоль/л, креатинин - 0,120 ммоль/л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1018, лейкоциттер - 5-6 к/а, эритроциттер - 20-25 к/а, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Бұл жағдайда қандай топтың препараттарын тағайындаған барынша тиімді?

A) уросепттиктерді

B) антибиотиктерді

C) цитостатиктерді

D) спазмолитиктерді

E) кортикостероидтарды

ANSWER: A

М. атты 40 жастағы науқас шап және сан аймағына берілетін бел тұсындағы ауырсынуға және зәр шығарғанда пайда болатын ауру сезіміне, лоқсу мен құсуға шағымданады. Қарап тексергенде: науқас ыңқылдап жатыр. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,6 мың., ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина - 9,2 ммоль/л, креатинин - 0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1018, лейкоциттер - 5-6 к/а, эритроциттер - 20-25 к/а, оксалаттар &&&, фосфаттар &&. Қандай топтың препараттарын тағайындаған БАРЫНША ТИІМДІ?

A) уросептиктерді

B) антибиотиктерді

C) цитостатиктерді

D) спазмолитиктерді

E) кортикостероидтарды

ANSWER: D

Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?

A) себебі, онда гипонатриемия орын алады

B) себебі, онда гипогонадизм орын алады

C) себебі, онда гипертиреоидизм орын алады

D) себебі, онда гиперинсулинемия орын алады

E) себебі, онда гиперпролактиемия орын алады

ANSWER: D

Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?

A) өкпе сусіңділенуі

B) кардиогенді шок

C) жүрек аневризмасы

D) Дресслер синдромы

E) қайталамалы миокард инфарктісі

ANSWER: B

Миокард инфарктісінің диагностикасындағы ең спецификалық маркерға не жатады?

A) аспартатаминотрансфераза

B) аланинаминотрансфераза

C) тропонин Т, І

D) креатинфосфокиназа

E) лактатдегидрогеназа

ANSWER: C

Миокард инфарктымен сырқаттанған науқастарға ұзақ уақыт аспирин беріледі, өйткені ол: Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің I функциональді класында ентігу пайда болады: {

тыныштықта горизонтальды жағдайда =ауыр физикалық күш түскенде жеңіл физикалық күш түскенде күнделікті физикалық күш түскенде }

A) протромбин индексін төмендетеді

B) тромбоциттер агрегациясына кедергі жасайды

C) түзілген тромбтарды лизистейді

D) қан ұюының ішкі механизмін тежейді

E) аспириннің оң әсерінің механизмі белгісіз

ANSWER: B

Миокардтың ауырсынусыз ишемиясында негізгі әдіс болып табылады:

A) тыныш жағдайындағы ЭКГ

B) эхокардиография

C) ЭКГ-ін тәуліктік мониторлау

D) ФГДЭС

E) УЗИ

ANSWER: C

Миокарт инфаркты бар науқаста 15-20 күн қызба, артралгия, кеуде клеткасының ауырсынуы тыныс алумен байланысты болса, не жайында ойлау қажет?

A) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B) миокарт инфарктының қайталануы

C) Дресслер синдромы

D) эпистенокардиялық тромбоэндокардит

E) жүрек аневризмасы

ANSWER: C

Н-2 гистаминді рецепторлардың блокаторларына жатады:

A) омепрозол

B) висмут субсалицилат

C) гастроцепин

D) фамотидин

E) сукральфат

ANSWER: D

Н. атты 26 жастағы науқас баспамен ауырған. 2 апта өткеннен кейін қабағының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, ал 1 ай өткеннен кейін бел және жыныс ағзалары аймағында ісінулер пайда болған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1021, белок - 4,0 г/л, эритроцттер - 15-20 к/а, препаратта гиалинді цилиндрлер анықталды. Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН?

A) бүйрек амилоидозының

B) зәр-тас ауруының

C) созылмалы пиелонефрит өршуінің

D) созылмалы гломерулонефрит өршуінің

E) стрептококтан кейінгі жедел гломерулонефриттің

ANSWER: A

Н. атты 37 жастағы науқас басының ауруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшықеттердің ауыруы, жалпы әлсіздік, кейде тырысулар мен шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларында қиғаш жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015. Қандай емдеу әдісі науқастың жағдайын жақсартуға көмектесуі БАРЫНША МҮМКІН?

A) ААФ ингибиторлары

B) b-адреноблокаторлары

C) оперативті ем

D) I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері

E) ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері

ANSWER: C

Науқас 15 жыл бойы созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Ұйқы безінің кальцинозын қандай қарапайым әдіспен анықтауға болады:

A) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

B) лапаротомия

C) лапароскопия

D) ирригоскопия

E) холангиография

ANSWER: A

Науқас 18 жаста, бала кезінен қанағыштықпен ауырады: мұрыннан қан кетулер, гематомалар байқалған. Бір жыл бұрын тізе және тобық буындарында қан кетулер болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) ДВС-синдромының созылмалы формасы

B) гемофилия

C) геморрагиялық васкулит

D) тромбоцитопатия идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

ANSWER: B

Науқас 18 жаста, физикалық күш түскенде ентікпеге және шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронх-өкпелік инфекциялық аурулар. Тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшының түрткісі күшейген, төстің сол жақ шетіндегі IV қабырғааралықта естілетін дөрекі пансистоликалық шуыл, өкпе артериасында ІІ тон акценті естіледі. ЭХОКГ –дан күтетін өзгерістер:

A) Қанның сол қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

B) Сол қарыншадан оң қарыншаға шунт

C) Қанның оң қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

D) Сол жүрекшеден оң жүрекшеге шунт

E) Қанның аортадан сол жүрекшеге регургитациясы

ANSWER: B

Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:

A) Бауырдың билиарлы циррозы

B) Аутоиммунды гепатит

C) Созылмалы гепатит

D) Коновалов ауруы

E) Жильбер ауруы

ANSWER: C

Науқас 20 жаста, дәрігерге тамақтанудан 30 минуттан кейін эпигастральді аумақта ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. Анамнезі ерекшеліксіз. Пальпациялағанда эпигастрий аумағында ауырсыну. Сіздің алдын ала диагнозыныз?

A) гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

B) асқазан денесінің ойық жарасы

C) асқазанның пилорикалық бөлімінің ойық жарасы

D) 12-елі ішектің ойық жарасы

E) гастропатиямен асқынған, ЖТНП индуцирленген ойық жарасы

ANSWER: B

Науқас 21 жаста, психоэмоциональді стресстен кейін пайда болатын шырышпен араласқан іш өту ұстамалары мазалайды. Жиырылған сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Ректороманоскопия: патология жоқ. Болжам диагноз:

A) Крон ауруы

B) созылмалы энтероколит

C) тітіркенген тоқ ішек синдромы

D) асқазан токсикоинфекциясы

E) спецификалық емес ойық жаралық колит

ANSWER: C

Науқас 25 жаста, бір ай бойы қызбаның болуына, 6кг дене салмағының төмендеуіне, тәулігіне 5-6 рет сұйық нәжістің болуына шағымданды. Анамнезі бойынша: ошақты пневмониямен ауырған. Объективті: қолтық асты және шаптағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Өкпе туберкулезі

B) Сепсис

C) ВИЧ-инфекция

D) Іш сүзегі

E) Малярия

ANSWER: C

Науқас 25 жаста. Шағымдары:жүрек айнуға, құсуға, дене қызуының 38* С дейін жоғарлауына,тәулігіне 5─8 рет жасыл түсті, сұйық нәжістің болуына шағымданды. Болжам диагноз қойыңыз:

A) Арнайы емес жаралы колит

B) Крон ауыруы

C) ащы ішектің дивертикулезі

D) Сальмоннеллез

E) дизентерия

ANSWER: D

Науқас 27 жаста, 6 ай бойы– тәуілігіне 6-8 рет диарея, әлсіздік, қызба. Іштің оң жақ төменгі квадратында периодты ауырсынулар. Болжам диагнозыңыз:

A) карциноидты синдром

B) Крон ауруы

C) тітіркенген ішек синдромы

D) ұйқы безінің жеткіліксіздігі

E) бейспецификалық ойық-жаралы колит

ANSWER: B

Науқас 27 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, қан аралас сұйық нәжістің күніне 8-9 рет болуына шағымданып келді. Ауырғанына бірнеше күн болған. Ректороманоскопия жүргізілді:онда ішектің қуысы тарылған, шырышты, ісінген, қызарған, эрозирленген, кей жерлерде қанталаған диметрі 0,9 смдейінгі жаралар анықталды. Науқасты жүргізу әрекетіңіз:

A) Күндізгі стационар жағдайында емдеу

B) Үйде 5-10 күн бойы бақылау

C) Жедел хирургия бөліміне жатқызу

D) Жедел инфекция бөліміне жатқызу

E) Жедел гастроэнтерология бөліміне жатқызу

ANSWER: E

Науқас 28 жаста, отбасылық дәрігер қабылдауында жеңіл физикалық жүктемеден кейін демікпеге, тез шарғауға, жүректің жиі соғысына шағымданады. Бала кезінде жиі ангинамен ауырған. Аускультацияда: жүрек ұшы қатайған және диастолалық шу бар, І тон дауысты, ІІ тон өкпе діңінің үстінде екіге бөлінуі, ІІІ тон митральді қақпақшаның ашылуы шертуі. Сіздің диагнозыныз?

1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66


написать администратору сайта