Главная страница

ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу


Скачать 0.9 Mb.
НазваниеАбсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Дата19.12.2021
Размер0.9 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖДП 100 Бетон.docx
ТипДокументы
#309859
страница43 из 66
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
ANSWER: E

Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

A) созылмалы гастрит А тип

B) созылмалы гастрит В тип

C) асқазан жарасы

D) созылмалы панкреатит

E) созылмалы энтероколит

ANSWER: B

Науқас дене тұлғасының алдыңғы бетінде және аяқтарында кенеттен пайда болған немесе шамалы жарақаттан кейін геморрагиялардың пайда болуына, енгізу жасалған жерлерде ірі қанталаулардың байқалуына шағымданады. Қарағанда: басқа патологиялық өзгерістерсіз петехиальды- дақты типті қанағыштық, лабораторлық көрсеткіштер гипо және афибриногенемияны, дисфибриногенемияны шектейді. Протромбин, проконвертин құрамы қалыпты деңгейде. Қан кету уақыты ұзарған. Қан ұйығының ретракциясы төмендеген, сүйек минының трепанатындағы мегакариоциттердің саны қалыпты. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) Геморрагиялық васкулит

B) Гемофилия

C) Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

D) ДҚІҚ (ДВС)- синдромы

E) Қырқұлақ

ANSWER: C

Науқас Е., 45 жас.Дене қызуының 39 градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Қандай ауру туралы ойлауға болады.

A) Ошақты пневмония

B) Экссудативті плеврит

C) Өкпе туберкулезі

D) Өкпе абсцессі

E) Өкпе гангренасы

ANSWER: B

Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40С-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдар мына пневмонияға тән:

A) микоплазмалы

B) клебсиеллалы

C) аденовирусты

D) пневмококкты

E) стафилококкты

ANSWER: E

Науқас И. 19 жаста, тізесінің ауруына, балтырының, білезік буынының ауырсынуына, дене температурсының 38 0С, жүрек қағысының күшеюіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 2 жұма бұрын фарингитпен ауырған. Объективті: денесіндегі сақиналы эритема байқалады. Буындары қалыпты пішінінен өзгерген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған тондары әлсіреген. ЖЖ – 58 рет/минутына. Қан анализінде: эр – 5,2 млн., Нв – 135 г/л, л – 18 мың. ЭТЖ – 35 мм/сағ. Осы жағдайды емдеу тактикасы.

A) Диклофенак+преднизолон+конкор

B) Амоксицилин+диклофенак+дигоксин

C) Амоксицилин + диклофенак+гипотизид

D) Амоксицилин + диклофенак+пренизолон

E) Амоксицилин +пренизолон + АПФ ингибиторлары

ANSWER: D

Науқас И. 56 жаста эпигастрий аумағында арқаға, оң жақ қабырға мен иыққа 1 сағат бойы иррадиацияланып ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: ұқсас ауырсыну сезімі байқалған. Жағдайының нашарлауы көп көлемде майлы тағамды жегенімен байланыстырады. Пальпациялағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі күшейеді. Мерфи симптомы оң. УДЗ нәтижелері: өт шығару жолдарында конкременттер, өт қуығы тығыздалған. Науқастың диагнозы:

A) холедохолитиаз

B) калькулезді емес холецистит

C) калькулезді холецистит

D) созылмалы панкреатит

E) созылмалы гепатит

ANSWER: C

Науқас К., 23 жаста, құрғақ жөтелге, қалтырауға, дене қызуының 38º градусқа жоғарылауына, артралгия мен миалгияға, терісінің бөртуіне шағымданады. Объективті қарағанда: лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі, қкпенің төменгі бөлігінде шекарасы айқын емес қараю. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз. Қай қоздырғыш аурудың дамуына себепші?

A) пневмококк

B) стафилококк

C) микоплазма

D) гемофильді таяқша

E) көкіріңді таяқша

ANSWER: C

Науқас К. 28 жаста, бел аймағында және іштің оң жақ жартысында күшті ауырсынудың оң жақ аяқ және шат аймағына таралуына, жиі кіші дәретке отырғысының келуіне шағымданады. Бір жыл бұрын осындай ұстама пайда болып «Жедел көмек» шақырған, ауырсынуы анальгетиктермен басылған, бірақ ұстамадан кейін зәрі қызыл түсті болған. Қарағанда: дене қызуы 36,40С. Науқас тынымсыз, ауырсынуды жеңілдету үшін ыңғайлы жағдайды іздейді. Тыныс алу және жүрек қантамыр жүйесі жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Тамыр соғысы 76 мин, АҚ 120/60 мм сын. б.б. Іші жұмсақ, пальпация кезінде іштің оң жағында ауырсыну байқалады. Постернацкий симптомы кенет оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) Бүйрек обыры

B) Гломерулонефрит

C) Пиелонефрит

D) Бүйрек амилондозы

E) Бүйрек тасты ауруы

ANSWER: E

Науқас К., 34 жаста, 2 апта бойы эпигастриядағы «түңгі» және «ашқарынды» ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түскен. Эндоскопиялық зерттеуде: алғашқы рет анықталған, 1,2 см көлемдегі, он екі елі ішегінің алдыңғы қабырғасындағы ойық – жара биоптатта Helicobacter pylori анықталған. Емнің адекватты кестесін таңдаңыз:

A) протонды помпаның ингибиторі + ампициллин + кларитромицин

B) протонды помпаның ингибиторі + метронидазол + ампициллин

C) Н2-гистаминоблокаторлары + висмут субсалицилаты + тетрациклин

D) протонды помпаның ингибиторы + висмут субсалицилаты + тетрациклин + метронидазол

E) Н2-гистаминоблокаторлары + ампициллин + кларитромицин

ANSWER: A

Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

B) ЖИА. Үдемелі і стенокардия

C) ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II

D) ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III

E) ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

ANSWER: A

Науқас К., 60 жаста, жүрген кезде күшейетін тізе буындарының ауырсынуына; 30 мин таңертеңгілік құрысуға шағымдалады. Ауырсынудың күшеюі ұзақ жүргеннен кейін байқалады. Объективті: тізе буындарының дефигурациясы, имеются уплотнения периартикулярлы тінінің тығыздануы, оң жақта гипертермиф көріністері, крепитация. Қол саусақтарының дистальды фаланг –аралық буындарда тығыз түйіндер анықталады. ЖҚА: эр - 4,2 млн., лейк - 5,6 мың. ЭТЖ – 15 мм/ СРБ – теріc. Мүмкін болатын диагноз?

A) реактивті артрит

B) ревматоидты артрит

C) подагралық артрит

D) псориаздық артрит

E) реактивті синовитпен остеоартроз

ANSWER: E

Науқасқа миокард инфаркт кезінде ацетилсалицил қышқылының әсері жеткіліксіз болса, қандай антиагрегантты тағайындаймыз:

A) дипиридамол (курантил)

B) клопидогрель (плавик

C) тромбо АСС

D) абсиксимаб

E) аминофиллин

ANSWER: B

Науқас Л., 29 жаста, физикалық жүктемеде демікпе, жүрек аймағында, жауырын ауырсынулар аралық бөлікте мазасыздандырады. Анамнезінде ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары үстіге және оң жаққа жылжыған, 1 тон күшейген, диастолалық шу үстінгі жақта, «перепел» ритмі, жыбырлы аритмия. R-графия: кіші радиус бойынша контрастирленген өнеш бағыты ауытқан. ЭКГ: Р - mitrale , оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыныз:

A) митральді қақпақшаның жеткіліксіздігі

B) аортальді қақпақшаның жеткіліксіздігі

C) митральді қақпақшаның пролапсы

D) атриовентрикулярлы сол жақ тесіктің стенозы

E) аорта сағасының стенозы

ANSWER: D

Науқас Л 35 жаста, бас ауруына, жалпы жағдайының нашарлығына, ауа жетіспеушілігіне шағымданады. Жүрек тұсындағы ауырсыну сезімдері психоэмоционалды жүктеме кезіде күшейеді, іш ауырады, кіші дәретке жиі барады. Бұл жағдайда зерттеудің қандай әдісі керек:

A) Ирригоскапия

B) Ректороманоскопия

C) Іш ағзаларының МРТсы

D) Шырыш биопсиясы мен колоноскопия

E) Тік ішектің саусақты зерттеу

ANSWER: D

Науқас М., 20 жаста, жүрек аумағындағы шаншып ауыруына, жүрек қатты соғысына, әлсіздікке, меңзеңге шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын гриппен ауырған. Қарағанда жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүректің барлық аумағында иррадиациясысыз систолалық шу естіледі, ЖЖЖ – 90 рет минутына. Дене қызуы 37,70С. Лабораторлы зерттеуде лейкоцитоз аңықталды, ЭТЖ (+) жоғарлаған, ақуыз реакциясы С. ЭКГ: реполяризация бұзылысы және қарынша ішілік өткізгіштігі баяулануы. Сіздің диагнозыныз?

A) Перикардит

B) Кардиомиопатия

C) Миокардиодистрофия

D) Нейроциркулярлы дистония

E) Миокардит

ANSWER: E

Науқас М., 40 жаста әлсіздікке, бас ауруына, тәбетінің нашарлауына, аяғының ісінуіне шағымданады. 8 жыл бойы бүйрек ауруларымен ауырады. Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері түсінің бозаруы. Қан анализінде: Нв-80 гр/л, эр – 3,2 млн., лейк – 6,8 мың, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Зәр анализінде: үд.салмағы – 1015, белок – 1,8 г/л, лейк – 6-7 к/ай, эрит – 3-4 к/ай. Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі қажет болып табылады:

A) Хромоцистоскопия

B) Бүйректің пункциялық биопсиясы

C) Бүйректің жалпы рентгенографиясы

D) Бенс-Джонс белогын анықтау

E) Зәрді бактериологиялық зерттеу

ANSWER: B

Науқас М. 63 жаста, кенеттен басталатын қатты бас айналу мен естен тануға шағымданады, 3 жыл бұрын инфекциялық миокардиттен соң пайда болған. Соңғы кездері айына 2-3 рет қайталану байқалған. АҚ 110/70 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин. 57 рет. ЭКГ-де PQ интервалының ұзартылуы, жүйелі Самойлов-Венкебах кезеңі. Берілген науқас үшін қандай емдеу түрі тиімді.

A) кальций антагонистерін тиянақты қабылдау

B) бета- адреноблокаторларын тиянақты қабылдау

C) М-холиноблокаторларын жүйелі түрде қабылдау

D) ырғақтың жасанды өткізгіштігін орнату

E) аортокоронарлы ұштастыруды өткізу

ANSWER: D

Науқас М. 65 жаста, соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасқа дәрі енгізудің әрекетін анықтаңыз.

A) Амиодарон+калий препараттары

B) Калций антоганистері + АПФ ингибиторлары

C) Жасанды ритм беруші имплантациялар

D) Коронаролитиктер, аорто-коронарлы шунтирлеу

E) Бета-блокаторлар+жүрек гликозидтері+диуретиктар

ANSWER: C

Науқас М., 78 жаста артериальды гипертензиямен ауырады. Қуық безіндегі аденома бойынша урологта есепте тұрады. Науқасқа АҚҚ төмендету үшін және зәр шығару каналының бітелуін азайту үшін аталған дәрілердің қайсысын науқасқа тағайындаған дұрыс?

A) Урегит (этакринді қышқыл)

B) Эсмолол

C) Кардура (доксазозин)

D) Нолипрел (периндоприл)

E) Верапамил

ANSWER: C

Науқас М. жедел миокард инфарктісімен кардиология бөліміндеемделу барысында жүрек ұшында І тон әлсіреуі, систолалық шу анықталған. Осы жағдайға қарап ЭХОКС-да қандай өзгерістер көруге болады:

A) митральді қақпақша регургитациясы

B) митральді қақпақша жармақтарының тығыздалуы

C) митральді қақпақша вегетациясы

D) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

E) перикард жапырақшаларының тығыздалуы

ANSWER: A

Науқас Н., 45 жаста, сол жақ тізесіндегі және оң жақ өкшесінің ауырсынуға, ісінуіне шағымдалады. Бір ай бұрын жедел дизентериямен ауырған. Объективті: сол жақ тізесіндегі және оң жақ өкшенің дефигурациясы терісінің гиперемиясы. Қанда: эр-4,2 млн., лейк -11 ты , ЭШЖ - 26 мм/сағ. Мүмкін болатын диагноз?

A) реактивті артрит

B) септикалық артрит

C) ревматоидты артрит

D) подагралық артрит

E) ревматикалық қызба

ANSWER: A

Науқас Н., 65 жаста, жүрек тұсында іркіліске, қатты жүрек соғысына, шаршауға, аз физикалық жүктемеден кейін демікпеге, ісінуге, оң жақ қабырға астында ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын тамырлары ісінген. Жүрек дүмпі кенейген. үстінгі дүмпі жоғарлаумен. Тондары тұйықталған, жыбырлы аритмия ЖЖЖ минутына 100 рет. скпеде везикулярлы тынысы әлсізденген, төменгі бөліктерде екі жағынан да дымқыл дыбыссыз сырылдар бар. Бауыры үлкейген, тығыз, жай ауырсынады, беті тегіс, өткір бұрышымен. ЭКГ: тісшелердің төмен вольтажы, ошақты өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, реполяризацияның бұзылысы. ХНК кезеңдерінің жіктелуін NYHA (Нью –Йорктық кардиологиялық ассоциация) бойынша көрсетініз.

A) ФКI

B) ФК II

C) ФК III

D) ФК IV

E) ФК анықтауы мүмкінсіз

ANSWER: C

Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:

A) АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

B) АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

C) АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

D) АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

E) АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

ANSWER: A

Науқас С., 52 жаста, бухталтер, эпигастрийдің оң жағында, интенсивті, оң жақ бұғанаға қарай иррадиациясымен, жауырынның үстінгі жағында ауырсынуға шағымданып келді. Кейбір кездерде жүрек айынуы және құсу. Анамнезінен: 3 жыл бұрын холецистэктомия болды. Соңғы 6 ай бойы 10 кг арықтауды белгілейді, іш кебуіне, тәбеттің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Жаман әрекеттері жоқ. Объективті: бойы 165 см, салмағы 50 кг. Аққабықтың, шырышты қабықтарының сарғаюы. Копрограмма: 10% стеаторея. ОАК: ЭТЖ жылдамдығы. Сіздің диагнозыныз?

A) созылмалы гастрит

B) созылмалы гепатит

C) созылмалы панкреатит

D) асқазанның ойық жарасы

E) бауыр циррозы

ANSWER: C

Науқас С., 52 жаста оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға оның оң жақ қолына берілуіне, өт аралас құсуға шағымданады. Объективті: тәбетінің жоғарылауы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейкоциттер – 9 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Өтті тексеру нәтижесі бойынша: үш порциясындада – сұйықтық, лейкоциттер 4 –ші порцияда лямблиялар анықталған. Емдеу әреткетіңіз:

A) Амоксициллин

B) Гентомицин

C) Левомицитин

D) Эритрмицин

E) Трихопол

ANSWER: E

Науқаста биохимиялық қан анализінде келесі өзгерістер бар: жалпы билирубин -26 ммоль/л, конъюгирленген билирубин 5,2 ммоль/л, бос 20,8 ммоль/л, АЛТ 560 ммоль/л, сілтілі фосфотаза 1,4 ммоль/л. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?

A) цитолитикалық синдром

B) астеновегетативті синдром

C) сарғаю холестаз

D) портальды гипертензия

E) гиперспленизм синдромы

ANSWER: A

Науқаста жүрек маңында күйдіріп ауырсыну, жалпы әлсіздік, суық тер пайда болды. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның артқы–төменгі қабырғасының миокард инфарктісі анықталды, бұл өзгеріс қай тіркемеде байқалады?

A) V1-V2

B) І, AVL

C) V3-V4

D) III, AVF

E) I, AVL, V5-V6

ANSWER: D

Науқаста қантты диабеттің 1-ші типті бар, физикалық жүктемеден кейін науқас есінен танып қалды, гликемия 1.0 ммоль/л. Дәрігер не істеу кере?

A) Инсулин енгізу

B) Глюкагон енгізу

C) 10% глюкоза ерітіндісін енгізу

D) Коллоидты ерітінді енгізу

E) Физиологиялық ерітінді енгізу

ANSWER: B

Науқаста кенеттен жүректің қатты соғысы ұстамасы пайда болды (минутына 160 рет), ұстаманы дәрігер каротидті синустың массажымен тоқтатты. Жүрек соғысы ұстамасы мүмкін ескертілген:

A) синусты тахикардиямен

B) пароксизмальді мерцательной аритмиямен

C) пароксизмальді жүрекшенің жыбырлауы

D) пароксизмальді қарынша үсті тахикардиясы

E) пароксизмальді қарынша тахикардиясы

ANSWER: D

Науқастардағы ауыспалы немесе интерметирлеуші қызба мына ауруларда кездеседі:

A) Пневмококкты пневмонияда

B) Өкпе абсцессінде

C) Өкпе түеркулезінде

D) Сепсисте

E) Малярияда

ANSWER: E

Науқаста синусты түйінің әлсіздік синдромымен минутына 45 рет синусты брадикардия белгіленеді. Науқас кардиостимуляторды орындаудан бас тартты. Аталған дәрілік заттардан консервативті емде қолдануға мүмкін?

A) анаприлин

B) кордарон

C) атропин

D) дигоксин

E) новокаинамид

ANSWER: C

Науқаста созылмалы пиелонефрит, СБЖ І. Зимницкий сынамасында: күндізгі диурез 700 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1007, түнгі диурез-1500мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1012. Зимницкий сынамасын талдаңыз:

A) полиурия және бүйректің концентрациялық қызметі сақталған

B) Зимницкий сынамасы қалыпты

C) полиурия, никтурия және изостенурия

D) олигурия, никтурия және изостенурия

E) никтурия және бүйректің концентрациялық қызметі сақталған

ANSWER: C

Науқаста тамақ қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пилородуоденальды аймақта күшті ауырсыну пайда болып, ол арқаға таралған және ауырсынудың жоғары шегінде жеңілдік әкелмейтін құсық байқалған. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66


написать администратору сайта