аналитика. Академия правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Научный центр Изучения проблем административного и уголовного правосудия
Скачать 130.01 Kb.
|
Айыптау актісін және адвокаттардың қорғау актісін қылмыстық іссіз сотқа жолдаудың халықаралық практикасын зерделеу бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА КІРІСПЕ 1 АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ 2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ 3 ҰСЫНЫСТАР МЕН ҰСЫНЫМДАР НОРМАТИВТІК БАЗА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕККӨЗДЕР КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық Кеңестің Жұмыс жоспарын орындау үшін (2019 жылғы 26 ақпандағы шығ. № 6001-19-6-1-6/8 хат) Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамасы және «Айыптау актісін және адвокаттардың қорғау актісін қылмыстық іссіз сотқа жолдаудың халықаралық практикасы» тақырыбындағы шетел тәжірибесі зерделенді. Мақсаты: отандық заңнаманы және шетелдің озық іс-тәжірибелерін талдау негізінде айыптау және қорғау актілерін қылмыстық іс материалдарынсыз сотқа жолдау рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу. Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қылмыстық сот ісін жүргізудің процестік нысанын оңтайландыру және жаңғырту Қазақстанның қылмыстық-процестік саясатының дамуының қазіргі сатысындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарында дамыған елдердің базалық қағидаттарына сәйкес келетін, адам құқықтарын қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартудан қорғау кепілдіктерін нығайтуды, айыптауды төмендетуді, қылмыстық іс бойынша процестік шешімдер қабылдау кезінде объективтілікті арттыруды болжайтын сотқа дейінгі процесс моделін кезең-кезеңімен енгізу қарастырылған. ілетін болады. Қорғаушы тарапқа дәлелдемелер жинау және оларды сотқа ұсыну бойынша неғұрлым кең мүмкіндіктер бере отырып, қылмыстық процесте айыптау және қорғау тараптарының жарыспалылық қағидатын күшейту көзделеді. күшейтілетін болады, Бүгінгі күні заң шығарушылар қылмыстық істерді тергеп-тексеру және соттарда қарау рәсімдерін жылдамдату және қысқартуға бағытталған әрекеттер жасады. Айыптауды төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәнмәтінде қылмыстық процестегі диспозитивтілік қағидатына айрықша көңіл бөлінген. Қылмыстық-процестік заңнамаға процестік келісім, келісімдік іс жүргізуі, қылмыстық теріс қылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны, бұйрықтық іс жүргізу т.б. жаңа институттар енгізілді. Заңнамалық новеллаларға енгізілген сот-тергеу практикасы өз тиімділігін дәлелдеді және қылмыстық процесті жеңілдеткенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, еліміздегі криминогенді ахуалды, тергеу аппаратының және судьялар корпусының процестік жүктемесін ескерсек, қылмыстық процесті және оны іске асыру тетіктерін жетілдірудің жаңа амалдарын қажет ететін проблемалар әлі де туындауда. Аталған өзгерістер қылмыстық процестегі жеке және жариялы мүдделер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, енгізілуі тиіс деп есептейміз. Осыған орай сотта айыптаушы және қорғаушы тарап ұсынған дәлелдемелерді қылмыстық істі сотқа жолдамай-ақ қарау мәселелері бойынша қылмыстық сот төрелігінің халықаралық тәжірибесін зерделеген жөн. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар аталған зерттеудің өзектілігін және практикалық маңыздылығын көрсетеді. АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі құқықтың континенталды жүйесіндегі көптеген елдер сияқты қылмыстық процестің аралас түріне жатады. Оған алдын ала тергеп-тексеру үшін іздестіру процесі (мүлде жариялылық жоқ, айыпталушының қорғалу мүмкіндігін шектеу, іс жүргізу жазбаша т.т.) мен сот жарыссөздерінің жарыспалылығы (отырыстарының жариялығы, сотталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету,судьялардың дәлелдемелерді ішкі түйсігі бойынша бағалауы т.б.) белгілерінің бірігуі тән. Қылмыстық сот ісін жүргізудің жай-күйін талдау үшін республиканың қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамасы негізінде сотқа дейінгі іс жүргізудің ерекшеліктері мен сот талқылауының нысандарын қарастырған жөн. Бұл жағдайда прокурордың айыптау актісін қылмыстық іссіз және қорғау актінсіз жолдауының процестік тәртібіне баса назар аударылады. Қазақстан Республикасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді құқық қорғау және арнайы органдардың тергеу құрылымдары мен анықтау органдары жүзеге асырады. Олардың тергеулігі ҚР ҚК-да қатаң айқындалған. Қылмыстық қудалау органдары қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында дәлелдеу нысанасы шеңберінде дәлелдеме жинау жұмысын жүргізеді, олар кейін қылмыстық іс материалдарымен бірге зерттеу және бағалау үшін сотқа ұсынылады. Айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жолдау сотқа дейінгі іс жүргізудің аяқтаушы сатыларының бірі болып табылады және прокуратура органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған. Кейбір іс жүргізу белгілі бір түрлері ғана жатқызылмауы мүмкін, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өздері қылмыстық істі тікелей сотқа қарау үшін жолдайды (қылмыстық істі бұйрықтық тәртіппен қарау кезінде қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысан). Бұл жерде қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысанына қарай сотқа жолдауда заңнаманың сараланған жолы көрінеді. Оларға жеке-жеке тоқталамыз. ҚР ҚПК 189-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі. Анықтау. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді. Анықтау мерзімі бір айдан аспайды. ҚР ҚПК 191-бабы 13-бөлігіне сәйкес осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiлетіні белгіленген. Күдік келтірілген адам белгiлi белгісіз болған жағдайда алдын ала тергеп-тексеру жүргізіледі. Не болмаса ҚР ҚПК 45-бабы негізінде сотқа дейінгі іс жүргізу мерзімі үзіледі. Бұдан бөлек, ҚР ҚПК анықтау органының бастығына қылмыстық теріс қылықтары туралы істер бойынша ҚР ҚПК 526-бабында белгіленген мерзімде іс бойынша дәлелдеуді қажет ететін мән-жайларды анықтауды толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда бір тәулік ішінде прокурорға ескерте отырып, анықтау тағайындауға мүмкіндік береді. Әдетте, анықтау ҚР ҚПК 24-тарауының баптарында көзделгендерді қоспағанда, алдын ала тергеп-тексеруге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі. Дәлелденуге жататын барлық мән-жайларды анықтап, процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстырғаннан кейін және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін анықтаушы айыптау актісін жасайды және келісу және одан әрі бекіту үшін прокурорға жіберу мақсатында анықтаушы орган бастығына жолдайды. Одан кейін прокурор ҚР ҚПК 39-тарауына сәйкес айыпталушыны сотқа береді және істі сотқа жолдайды. ҚР-дың қолданыстағы ҚПК-да 1997 жылғы редакциясындағыдай алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша анықтама жүргізу көзделгенін атап өту керек. Мысалы, ҚП ҚПК 196-бабында алдын ала тергеудің жүзеге асырылуы қажет қылмыс белгiлерi болған жағдайда, анықтау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және қылмыс iздерiн анықтау және бекiту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін: қарап-тексеруді, тiнтудi, алуды, куәландыруды, күдіктілерді ұстап алу мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы екені көзделген. Анықтау органы анықталған қылмыстық құқық бұзушылық және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы прокурорды дереу хабардар етеді. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындағаннан кейiн, бiрақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей, анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған ретте бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, iстi дәл осы органның тергеушiсіне беруге мiндеттi. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі. Алдын ала тергеу. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің классикалық үлгісі болып табылады, ол 2 ай мерзімге дейін жүргізіледі және оны прокурордың ұзартуға мүмкіндігі бар. ҚР ҚПК 189-бабының 3-бөлігіне сәйкес алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады. Қолданыстағы ҚР ҚПК бойынша тергеушінің мәртебесі оның қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезіндегі процестік дербестігін айқындайды. Тергеуші өз қаулысымен істі өз іс жүргізуіне қабылдауға, ол бойынша алдын ала тергу жүргізуге және барлық тергеу әрекеттерін жүргізуге, айыптау актісін жасауға және тергеу бөлімі бастығының келісімінсіз оны прокурорға жолдауға құқылы. Алдын ала тергеп-тексеруді ҚПК-да белгіленген тергеулік бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің тергеушілері жүргізеді. ҚР ҚПК сотқа дейінгі тергеп-тексеруді прокурордың жүргізуіне мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Прокурор өзінің қаулысымен істі өз іс жүргізуіне қабылдауға және тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді өзі тікелей жүргізуге құқылы. Қылмыстық істі қозғау сатысын реформалау мәселесін жақтаушылар да, қарсыластар та да болғанына қарамастан, ҚР жаңа ҚПК қылмыстық істі қозғау сатысын тұжырымдамалық түрде қайта жасап шықты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру не шұғыл тергеу әрекеттері арыздың, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген сәтінен басталады. Осылайша, заң шығарушы есепке алу-тіркеу тәртібінің жаңа құралдарын және қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруға қарсы іс-қимыл тетіктерін енгізді. Тергеушінің қылмыстық іс шеңберіндегі процестік қызметін бақылау мына нысандарда жүзеге асырылады: - ведомстволық бақылау; - сот бақылауы; - прокурорлық қадағалау. Қылмыстық-процестік заңнаманың жаңа новеллаларының біріпроцесс прокуроры мен тергеу судьясы түріндегі жаңа процестік фигураларды енгізу болып табылады. Процесс прокуроры нақты қылмыстық іс бойынша прокуратура басшысы айқындайды. Процесс прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен бастап қылмыстық іс бойынша қадағалауды жүзеге асырады және мемлекеттік айыптаушы ретінде бірінші сатыдағы сотқа қатысады. Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның құзыретіне ҚПК-да көзделген тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына соттың бақылауын жүзеге асыру жатады. Бастапқыда тергеу судьясының құзыретіне бірқатар процестік жолын кесу шараларына, тергеу әрекеттеріне санкция беру, анықтаушының, анықтау органының, тергеуші мен прокурордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау, жәбірленуші мен куәнің айғақтарын сақтап қою және т.б. енгізілген болатын. 2017 жылы 21 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданған, ол сотқа дейінгі тергеп-тексеруге соттың бақылауын елеулі түрде кеңейтті. Осылайша, тергеу судьяларының өкілеттіктеріне жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкция беру және олардың мерзімдерін ұзарту, үлгілерді мәжбүрлеп алу және мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау және т.б. мәселелер берілді. Күдіктінің, айыпталушының кінәсын дәлелдеу процесін ҚР ҚК нормаларына сәйкес белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жүзеге асырады. Бұл ретте, негізгі ұстаным кінәсіздік презумпциясының қолданылуы болып табылады. Қорғаушы тарап өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін барлық заңды құралдар арқылы қорғауға құқылы. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген заңмен ҚР ҚПК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айта кету керек. Мысалы, тергеу судьясы жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, қорғаушы ретінде қатысып отырған адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша сараптама тағайындау немесе қылмыстық қудалау органының өзге тергеу әрекеттерін жүргізу туралы мәселелерді қарастырады. Айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жолдау жылпы тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тергеуші барлық процес қатысушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан кейін айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолдайды. Қылмыстық істі сотта қарау жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауының қысқартылған тәртібі. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру 2014 жылғы ҚР ҚПК енгізілгенге дейін тергеу практикасында жақсы қолданылған жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің орнына келді. ҚР ҚПК нормаларына сәйкес анықтау мен алдын ала тергеу жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін. Оған жеңілдетілген тәртіп қолданылмайтын хаттамалық нысан жатпайды. Жеделдетілген тәртіппен тергеп-тексеру кезінде процестік нысан сақталады, мерзімдері ғана қысқартылады (он бес тәулік ішінде). Алайда кей ғалымдар жеделдетілген тәртіп кінәсын мойындау туралы мәміле нысанында аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қосарлайды деген пікірді ұстанады. Бұл анықтаманың келесі бөлігінде біз кінәсын мойындау туралы процестік мәміле процестік нысанын сипаттаймыз. Іс жүргізудің осы екі түрін салыстыра отырып, елеулі айырмашылықтарын көруге болады. 2017 және 2018 жылдардағы сот-тергеу практикасын талдау жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексерудің салыстырмалы түрде тұрақты қолданылғанын айғақтайды. Пайыздық мөлшермен 2017 жылы қылмыстар бойынша түскен барлық қылмыстық істердің 21,96 %-ы жеделдетілген тәртіппен жолданған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 19,15 % құраған, яғни 2,81 % 1-кесте
|