Главная страница
Навигация по странице:

  • Optima est legum interpres consuetudo.

  • Ei incumbit probacio, qui dicit, non qui negat.

  • Мысалы, аталған тарау мына шектеулерді регламенттейді

  • Украина ҚПК 219-бабы 1-тармағы

  • Барлық

  • аналитика. Академия правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Научный центр Изучения проблем административного и уголовного правосудия


    Скачать 130.01 Kb.
    НазваниеАкадемия правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Научный центр Изучения проблем административного и уголовного правосудия
    Анкораналитика
    Дата08.12.2021
    Размер130.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2._analiticheskaya_spravka_uk_rassh_kaz.docx
    ТипДокументы
    #297111
    страница3 из 4
    1   2   3   4
    жоқ.

    Процессуалистердің көпшілігі сынға алған бұл ереже шынайы жарыспалылықтың «қас жауы» болып табылады. Осылайша, алдын ала тыңдау сатысы бізге «басты шайқастың» - істі мәні бойынша қараудың алдындағы басты даярлық ретінде көрінеді. Қазіргі зерттеушілер бұл сатыдағы функциялардың бұл процестік модельді қалыптастыру кезіндегі қаланған мәнісін жоғалтқанын айтады. Магистрант мемлекеттік айыптаушыға сеніп, сотқа беруге қажетті дәлелдемелерді жеткілікті түрде зерттемейді.

    Тараптардың дәлелдемелерді ұсынуы және судьялардың оларды қабылдауы туралы айтқанда, америкалық дәлелдеме теориясын атап өткен жөн. Ол дәлелдемелерді бағалау үшін, сондай-ақ олардың жол берілетіндігін және дәлелдеу тәсілдерін айқындау үшін қызмет ететін бірқатар ережелерден тұрады. Дәлелдемелердің америкалық теориясы бір жағынан формальді теория болып табылады, бірақ оның икемділігі казуалды сипатымен қамтамасыз етіледі.

    Федералдық қағидалар мен заңдар дәлелдемелерге жол берілуінің тек негізгі ережелерін ғана бекітеді, ал оны бағалау судьялардың ішкі түйсігі негізінде жүргізіледі. «Үздік дәлелдеме» туралы жол берілу ережесі континенталдық құқыққа тән емес.

    Белгілі бір фактінің дәлелдемелік құндылығы дәлелдеменің бастапқы деркекөзге жақындығының деңгейі бойынша бағаланады, сол себепті Федералдық қағидалар тараптардың сотқа айғақтары тікелей дәлелдеме болып табылатын куәларды, егер олар жеткіліксіз болса, онда басқа да куәларды ұсынуды тапсырады.

    Жалпы куәлардың айғақтары дәлелдеменің басты және барынша артықшылығы мол түрі болып табылады. Бастапқы дереккөзге жақындығы туралы талаптарға сәйкес куәлардың барлық айғақтарын тікелей жеке және «қауесет» айғақтар деп бөледі. Жалпы ереже бойынша «қауесет» айғақтар процесте жол берілетін дәлелдеме ретінде қолданылмайды.

    Қазіргі уақытта АҚШ-та ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жаппай бас бостандығынан айыруға қатысты мемлекеттің ұстанымын реформалау кеңінен танылуда және теріс қылықтарды қылмыстан арылтудың танымалдығы үдерісі байқалады. Қайта жіктеу процесі мемлекет қаражатын үнемдеудің жолы ретінде кеңінен қабылданады, түрмеге қамауға жатпайтын құқық бұзушылықтар адвокатқа құқығын қолдануға негіз болмайды, сонымен қатар сотталушыларға жазалаушы әсерін бәсеңдетеді. Осылайша, жазалаудың көп таралған және барынша қалыптан тыс түрлерін қолдай отырып, барынша ауқымды институционалдық және әлеуметтік ымыраны көрсетеді.

    Жалпы, теріс қылық пен онша ауыр емес құқық бұзушылықты тергеп-тексерудің әр сатысы үлкен жылдамдықпен, дәлелдемелердің жоқтығымен, құқық бұзушылының кінәлілігі туралы болжамның басымдығына байланысты жарыспалылықтың болмауымен сипатталады. Нәтижесінде әділдік қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір процестік іс-шараларды жүргізусіз шығарылған айыптау үкімдерінің санының артуы. Елеусіз қылмыс үшін қамауға алу қылмыстық соттауды негіздеумен пара-пар болып барады.

    Optima est legum interpres consuetudo.

    Заңды ең жақсы түсіндіретін - практика.
    Ұлыбритания

    Ағылшын-саксон құқық жүйесінің жарыспалылығы күдік келтіру (айыптау) фактісі бойынша дәлелдемелерге қатысты айыптау тарапы мен қорғаушы тараптың арасындағы міндетті негіздегі тең дәрежедегі ақпарат алмасу, сондай-ақ берілетін мәліметтердің шынайылығына адал көзқарас таныту дегенді білдіреді.

    Сот төрелігін жүргізу кезіндегі өзара тиімді іс-қимыл сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ерекше жүйесімен қамтамасыз етіледі, онда қорғаушы тарап өзі жеке тәуелсіз тергеп-тексеру жүргізе алады.

    Жоғарыда баяндалғандардың негізінде мынадай тұжырым жасауға болады: жаңалықтарға қарамастан, ағылшын қылмыстық қудалауының базалық моделі бұрынғысынша қалады және мемлекеттің қылмыстың қоғамға қауіптілігіне қарай дәстүрлі екі нұсқасынынң арасынан таңдаудың болуына байланысты.

    -  айыптау тұрғысынан адамды ресми қылмыстық қудалаудың нәтижесі - қылмыс жасаудың құқықтық салдары ретінде жаза болуы тиіс;

    - қылмыстық қудалаудан бас тарту.

    Тиісінше, ағылшын қылмыстық процесінде қылмыс жасаған адамдарды қудалаудың екі түрлі тәртібі көзделген:

    1) айыптау актісі бар істер бойынша іс жүргізу, ең алдымен мемлекеттік және өзге ауыр қылмыстар туралы;

    2) онша қауіпті емес қылмыстар бойынша жиынтық іс жүргізу.
    Айыптау актісі бар істер бойынша қылмыстық қудалауды жалпы ереже бойынша айыптаушы, яғни полицей немесе қылмыстан зардап шеккен адам, не жәбірленушінің адвокаты бастайды. Айыптаушы дәлелдеме жинайды, кейін оларды жазбаша арызбен (ақпаратпен) бірге магистрат сотына ұсынады. Ант бере отырып расталған ақпарат негізінде сотқа келу туралы шақырту немесе қамауға алу туралы бұйрық беріледі.

    Қылмыстарды тергеп-тексеру айыпталушының таңдауы бойынша полиция тергеп-тексеруі нысанында және соттағы алдын ала іс жүргізу (тергеп-тексерудің соттан тыс және соттағы нысаны) тәртібінде жүргізіледі. Кейбір ауыр емес қылмыстар бойынша істер айыпталушының таңдауына қарай айыптау актісі бойынша да, жиынтық тәртіппен де сот тергеп-тексеретін балама соттылыққа рұқсат етіледі.

    Айыптау тарапы мен қорғаушы тарап арасындағы «деректерді ашу» немесе ақпарат алмасу институты қызыгушылық тудыруда. тергеу органы өзінің тергеп-тексеруін жүргізеді, онымен қатар қорғаушы тарап тәуелсіз тергеп-тексеру жүргізеді. Айып тағу және істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдау туралы шешімді қабылдау кезінде тараптар (айыптау және қорғау) бір-біріне ақпаратты толық ашуға міндетті.

    Бұл ретте барристерлер өздерін қорғалушы (күдікті немесе айыпталушы) ретінде санамай, дәлелдемелерін (тәуелсіз тергеп-тексеру барысында алынған ақпаратты) толықтай және адал ниетпен ашуға міндетті. Барристерлердің сот алдында ақпаратты жасыруына жол берілмейді.

    Адамға қатысты жазбаша айыптау оған пошта арқылы жолданады, яғни жеке келудің қажеті жоқ. Айыптауды айыптаушылар (полиция, Тергеп-тексеру бюросы, салық инспекторы, прокурор, көлік басқармасы) жасайды. Құжаттары бар папка барристерге сотта сөйлегенге дейін 1-2 күн бұрын (бірақ 3 күннен ерте емес) түседі. Бұл мерзімді ұзарту мүмкін емес, ал барристер бос болмаса немесе ауырып қалса, сот ол тарапқа оны басқа барристерге ауыстыруды ұсынады, не адвокаттық кеңсе бастама көтеріп, сотқа басқа адвокатты жібереді. материалды толықтай солиситор дайындайды, ол залда болады және барристерге көмектеседі.

    Құжаттардың түпнұсқасын тек судья ғана көре алады, ал тараптарға, айыптау және қорғаушы тараптарға көшірмелері ғана жолданады. Қорғаушы айыптаушыдан материалдардың цифрлық нұсқасын алғаннан кейін ғана, яғни қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін бірнеше күн ішінде деректерді ашады, адвокат өз дәлелдемелерін ашып, айыптаушы тарапқа цифрлық нұсқасын жолдауға тиіс. Бұдан бөлек, соттар адвокаттарға ешқандай құжат (не олардың көшірмелерін) бермейді, бұл тергеп-тексерудің сотқа дейінгі сатысында Ұлттық айыптау агенттігі мен Әділет министрлігі арқылы цифрлық нұсқада жасалады деп ұйғарылады.

    Заңсыз дәлелдемелер тергеп-тексеруден алынып тасталуы мүмкін.

    Қорғаушы өзінің тәуелсіз тергеп-тексеруі нәтижесінде алынған өз дәлелдемелерінің сотта көрсетілуін және зерттелуін, балама сараптамаларды тағайындауды, сот арқылы тінту мен алып қоюды, оқиға орнын қарауды, тергеу экспериментін жүргізуді талап етуге құқылы. Яғни өзі заңды жолмен алған барлық дәлелдемелер айыптау актісін көрсеткеннен кейін қылмыстық іс материалдарына толық көлемде қоса тіркелуге тиіс. Аталған дәлелдемелерге сот қана баға береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органдар қорғаушы тарап тапқан дәлелдемелерге құқықтық баға бермейді.

    Тергеп-тексеру 1985 жылдан бастап Англияның әр округында жұмыс істей бастаған мемлекеттік айыптаушылар қызметіне полицияның материалдарды ұсынуымен аяқталады. Мемлекеттік айыптаушы айыптауды қолдау-қолдамауды өз бетінше шешеді. 1994 жылы шыққан Нұсқаулыққа сәйкес жариялы қудалау директоры, мемлекеттік айыптаушы іске қатысу мәселесін шешерде екі өлшемшартты басшылыққа алуға міндетті: 1) істің соттағы «шынайы келешегі» және 2) көпшілік мүддесінің болуы.

    Осы өлшемшарттар бойынша істі бағалауға байланысты мемлекеттік айыптаушы айыптауды қолдаудан бас тарта алады, бұл жағдайда да оны сотта жәбірленуші немесе оның өкілі қолдауға құқылы. Прокуратура дұрыс шешім қабылдау үшін әрдайым қорғаушы тарап көрсеткен алибиді тексеруге міндетті. Егер алиби болса, прокурор қылмыстық қудалауды тоқтатады.

    Бірақ мемлекеттік айыптаушы қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Егер прокурор айыптаудан бас тартса, судья оған тергеп-тексеруді жалғастыруға нұсқау бере алмайды.

    Ол бойынша айыптау актісі шығарылуы тиіс, мемлекеттік айыптаушы мақұлдаған алдын ала соттан тыс тергеп-тексеру материалдары магистраттық сотта тексерілуге жатады. Осындай тексеру кезінде судья айыптаушыны тыңдайды және жиналған дәлелдемелерді зерделейді. Олар жеткілікті деп санаса, судья оны сотқа беру туралы шешім қабылдайды. Судья осындай шешім қабылдаған кезде айыптаушы айыптау актісін жасайды және оны бекіту үшін сотқа береді.

    Англияда осы елге тән құзыреттілік аясы тар екі тергеп-тексеру органы жұмыс істейді. Ондай органның біреуі - жариялы қудалау директоры. Оның қарамағында кейбір ауыр қылмыстарды тергеп-тексеретін қызметкерлерден тұратын шағын штаты бар. Екінші орган – коронерлер, ерекше функцияларды орындайтын, зорлық-зомбылықпен немесе күтпеген өлімді тергеп-тексеру үшін жергілікті билік тағайындайтын адамдар. Бұндай тергеп-тексеру «мейірімді» және «жүріс-тұрысы жақсы» жеті-он бір адамнан тұратын әділқазының қатысуымен де өткізілуі мүмкін.

    Сот талқылауының алдында іс қаралатын соттың клеркі айыптау актісін бекітеді. Егер айыпталушы өзін кінәлімін деп мойындаса, сот талқылауының бүкіл рәсімі елеулі түрде жеңілдейді. Сонымен қатар оның қылмыс жасағанын растайтын дәлелдемелер, әдетте, зерттелмейді. Судья көбінесе айыпталушының жеке басын, оған сипаттама беретін деректерді анықтаумен шектеледі және жазаның шамасын айқындайды.

    Айыпталушы өзінің кінәсін мойындамаған жағдайда сот бұл мән-жайды анықтағаннан кейін алқабилерді қалыптастыруға кіріседі. Алқабилер 12 адамнан тұрады. Алқабилер туралы 1974 жылғы заңда алқабилерді іріктеу қағидасы және оларға қойылатын талаптар белгіленген.

    Айыпталушы бұрын уәжсіз 7 алқабиден бас тарту құқығын пайдаланып келген, олар 1982 жылы үшке дейін, содан кейін, 1988 жылы Алқабилер туралы заңмен айыпталушының бас тарту құқығы алынып тасталған. Айыпталушылардың алқабилерге қоя алатын уәжді бас тартуының саны шектелмеген.

    Корона сотында сот талқылауы мыналарды қамтиды: айыптаудың дәлелдемелерін зерттеу; қорғаушының дәлелдемелерін зерттеу; судьяның тілек сөзі; алқабилердің үкім шығаруы; жаза тағайындау.

    Судья сот талқылауы барысында айыптаушы істі ұсынғаннан кейін қорғаушының қылмыстық қудалауға «заңды негіздердің» болмауына қатысты өтінішхаты бойынша оны жеке дара тоқтата алады.

    Тараптардың сөздерінен кейін судья алқабилерге тілек сөзінде істің құқықтық жағына ғана емес, дәлелдемелерге де талдау жасайды. Судья тілек сөзінде өзі дұрыс деп санайтын шешім жөнінде ой салуға мүмкіндігі бар.

    Алқабилер «кінәлі» немесе «кінәлі емес» деген үкім шығарады. «Кінәлі емес» деген үкім шығарылған жағдайда судья сотталушының ақталғаны туралы жариялайды. «Кінәлі» деген үкім шығарылған кезде судья жаза тағайындайды.

    Магистраттық, сондай-ақ «шағын сессия» деп аталатын соттарда жиынтық іс жүргізу болады, олардың жұмысына алқабилер қатыспайды. Істі бір бітістіруші судья – кәсіби заңгер, стипендиялық (ақы төленетін) магистрат немесе факт мәселесін (айыпталушының кінәсінің дәлелденуі), құқық және жаза тағайындау мәселелерін шешетін осындай бірнеше бітістіруші судья қарайды.

    Магистраттық соттарда істі талқылау айып тағудан басталады. Егер айыпталушы өз кінәсын мойындаса, судья немесе судьялар бірден үкім шығарады. Егер айыпталушы өз кінәсын мойындамаса, дәлелдемелер істі айыптау актісімен алдын ала қарау кезіндегідей тәртіппен зерттеледі. Талқылау үкім шығарумен аяқталады.

    Ағылшын қылмыстық процесінде дәлелдемелік құқықтың маңызы ерекше. Ол шартты түрде үш бөліктен тұрады:

    1) дәлелдеменің қатыстылығы;

    2) дәлелдеу тәсілдері және дәлелдемелердің жол берілуі;

    3) дәлелдеу және презумпция ауыртпалығы.

    іске қатысы бар дәлелдемелерге шешім шығарылуы тиіс фактімен (басты факт) азды-көпті себептік байланысы бар дәлелдемелер жатады. Бұл ортақ ережеде бірқатар алып тастайтын бірқатар ерекшелік бар. Мысалы, астыртын сөз байласу туралы істер бойынша бірнеше айыпталушы болған жағдайда олардың біреуінің барлық жасағаны басқаларды айыптауға қатысты деп танылады.

    Ағылшын құқығындағы дәлелдеудің негізгі тәсілдері (құралдары) мыналар: айыпталушының айғағы, куәлардың айғақтары, сараптама қорытындысы, жазбаша дәлелдемелер.

    Ағылшын дәлелдеу құқығының ерекшеліктерінің бірі – егер айыпталушы өзінің ісі бойынша айғақ берсе, ант бере отырып, өз келісімімен куә ретінде де жауап алынады, ал кінәсын мойындау даусыз дәлел болып табылады, бірақ 1984 жылғы Заң бойынша сот өз еркімен мойындағанын тексеруге міндетті. Куәлардан жауап алғанда және олардың айғақтарын бағалау кезінде бірқатар формальды ережелер бар. Мысалы, жалпы ереже бойынша айыпталушының өтініші бойынша ғана әйелі күйеуіне қарсы немесе күйеуі әйеліне қарсы айғақ бере алады. Ағылшын доктринасына сәйкес сарапшылар куәлардың бір түрі ретінде қарастырылады. Әдетте, жазбаша дәлелдемелерге қатысты түпнұсқасын ұсыну арқылы құжаттың мазмұнын дәлелдеу талабы қойылады.

    Егер оларды қолдануға арнайы ережелермен тыйым салынбаса, дәлелдеме ретінде жеткілікті дәлелдемелік құндылығы бар фактілер қолданылады; мысалы, «қауесет бойынша» айғақ беруге дәлелдеме ретінде жол берілмейді. Практикада дәлелдеменің жол берілуі туралы мәселені шешу көбінесе соттың қарауына байланысты болады.

    Ағылшын дәлелдеу жүйесі, жоғарыда көрсетілгендей, дәлелдемелерді ішкі түйсік бойынша бағалау қағидатымен бірге қолданылатын бірқатар формальды ережелерді қамтиды. Осыған байланысты, ағылшын дәлелдеу құқығына формальды дәлелдемені бағалау қағидасы мен дәлелдемелерді ішкі түйсік бойынша еркін бағалау қағидасының арасында орташа орын берілген.

    Бас бостандығынан айыру туралы заңды күшіне енген үкімді судьяның нұсқауы бойынша полиция орындауды.

    Тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы қағидаты қорғаушы тараптың дәлелдемелерді жинауы күдіктінің (айыпталушының) мүддесіне жүзеге асырылады деп шамалайды, осыған байланысты күдіктінің (айыпталушының) дәлелдеме жинау құқығын нақты құқықтары мен міндеттерімен, сондай-ақ аталған дәлелдемелердің қылмыстық тергеп-тексеру материалдарына қалай қосылатынын заңнамамен бекіту қажет.

    Тараптардың тең құқықтылығы - күдікті (айыпталушы) адамның мүддесі үшін қорғаушы тарап жинаған барлық дәлелдемелерді міндетті түрде тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеудің шарттарының бірі. Осылайша, қорғаушы тараптың дәлелдемелеріне құқықтық баға сотта ғана берілуі тиіс.

    Қазіргі кезде Ұлыбританияда онлайн байланыс арқылы виртуалды сот төрелігінің дамығаны байқалады. Виртуалды сот онша ауыр емес қылмыстар жөніндегі істер бойынша қолданылады.

    Ұлыбританияның қылмыстық процесінің сатылары мыналар:

    - алдын ала іс жүргізу (полиция тергеп-тексеруі), бірақ сот та белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. Континенталдық анықтаумен салыстыруға да болады;

    сотқа беру (полицияның іс материалдарын Корольдік қудалау қызметіне беруі, іс материалдарын алдын ала магистраттық соттың қарауы, және істі Корона сотына жолдау туралы шешім );

    сот талқылауы (істі Корона сотында мәні бойынша қарау)

    апелляция – түріне қарамастан кез келген шағымның түрі.

    Ағылшын қылмыс процесінде үкімнің орындалуы сатысын аса бөліп көрсетпейді.

    Ei incumbit probacio, qui dicit, non qui negat. 

    Дәлелдеме ауыртпалығы теріске

    шығарушыға емес, сендірушіге түседі

    (рим құқығының ережесі).
    Украина

    Украинаның ҚПК-да қылмыстарды сотқа дейін тергеп-тексеру - алдын ала тергеу нысанында, ал қылмыстық теріс қылықтарды – анықтау нысанында жүзеге асыру көзделген.

    Қылмыстық теріс қылықтар бойынша жеңілдетілген іс жүргізу Украина ҚПК-сында қарастырылған сот ісін жүргізудің жалпы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

    Мысалы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәлімет енгізілген сәттен бастап күдік туралы адамға хабарлаған күнге дейін:

    - қылмыстық теріс қылық бойынша қылмыстық іс жүргізуде - алты ай;

    - онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қылмыстық іс жүргізуде – он екі ай;

    - ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық іс жүргізуде – он сегіз айды құрайды.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру:

    - адамға қылмыстық теріс қылық жасағаны туралы күдік келтірілгені жөнінде хабарлағаннан күннен бастап бір айдың ішінде;

    - адамға қылмыс жасағаны туралы күдік келтірілгені жөнінде хабарлағаннан күннен бастап екі айдың ішінде аяқталуы тиіс.

    Алдын ала тергеп-тексеру мерзімі ҚПК 24-тарауының 4-тармағында көзделген тәртіппен ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте, алдын ала тергеп-тексерудің жалпы мерзімі:

    - адамға қылмыстық теріс қылық жасағаны туралы күдік келтірілгені жөнінде хабарлағаннан күннен бастап екі айдан;

    - адамға онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны туралы күдік келтірілгені жөнінде хабарлағаннан күннен бастап алты айдан;

    - адамға ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны туралы күдік келтірілгені жөнінде хабарлағаннан күннен бастап он екі айдан аспауы тиіс.

    Прокурор адамға күдік келтірілгені туралы хабарлағаннан кейін қысқа мерзім ішінде мына әрекеттердің біреуін жүзеге асыруға міндетті:

    - қылмыстық іс жүргізуді тоқтату;

    - адамды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгіну;

    - сотқа айыптау актісімен, медициналық және мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдану туралы өтінішхатпен жүгіну.

    Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы мәліметтерді Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

    ҚПК-да адамның оған қатысты айыптауды сотта қысқа мерзімде қаралуына және іс жүргізуді жабу арқылы оны тоқтатылуына құқығы регламенттелген.

    ҚПК 290-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жиналған дәлелдемелерді айыптау актісін жасауға жеткілікті деп таныған прокурор немесе тергеуші оны алғаннан кейін күдіктіге, оның қорғаушысына, заңды өкіліне және адамның қорғаушысына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны турады хабарлауға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын көруге рұқсат беруге міндетті. Оның ішінде кез келген дәлелдеме немесе дәлелдемелер жиынтығы кінәсіздігінің немесе айыпталушы кінәсінің аз екендігінің дәлелі ретінде пайдаланылуы немесе жазасын жеңілдетуге ықпал етуі мүмкін. Материалдарды көруге рұқсат беру материалдардың көшірмесін немесе кескінін жасап алу мүмкіндігін қамтиды.

    Танысу үшін берілген құжаттардан сот талқылауы кезінде жарияланбайтын мәліметтер алынып тасталуы мүмкін. Алынып тасталғаны нақты көрсетілуі керек. Қылмыстық сот ісін жүргізу тарапының өтінішхаты бойынша сот алынып тасталған мәліметтерді көруге рұқсат беруге құқылы.

    Қорғаушы тарап өз кезегінде прокурордың сұрауы бойынша кез келген заттай дәлелдемені немесе олардың бөліктерін, құжаттарды не олардың көшірмелерін тиісінше көруге және көшірмесін немесе кескінін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ егер қорғаушы тараптың иелігіндегі немесе бақылауындағы тұрғын үй немесе иеліктегі мәліметтерді сотта дәлелдеме ретінде пайдаланғысы келсе, оған кіргізуге міндетті.

    Бұл ретте, заң шығарушы айыпталушының қылмысты жасауға кінәлілігін растау үшін прокурор қолдануы мүмкін деген кез келген материалды қорғаушы тарап прокурорға бермеуге құқылы екені туралы ескертпе жасайды.

    Прокурор айыпталушының қылмысты жасауға кінәлілігін растау үшін қолдануы мүмкін деген нақты материалды анықтау мәселесін шешу және нәтижесінде бұндай материалдарды прокурорға көрсету не көрсетпеу туралы шешім қабылдау қорғаушы тарапты сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру аяқталғанға дейін шегерілуі мүмкін.

    Қылмыстық іс жүргізу тараптары қарама қарсы тарапқа материалдардың атауын көрсете отырып, материалдарды көрсету фактісін жазбаша растауға міндетті.

    Бұдан бөлек, УҚПК қылмыстық іс жүргізу тарапының сот талқылауына дейін немесе оның барысында алған қосымша материалдарды ашу міндетін регламенттейді.

    Мұндай материалдарды жасырып қалған жағдайда, сот онда қамтылған мәліметтерді дәлелдеме ретінде қолдануға рұқсат бермеуге құқылы.

    Украина ҚПК 25-тарауында қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексерудің жалпы ережелерін регламенттелген.

    Мысалы, аталған тарау мына шектеулерді регламенттейді: жасырын тергеу әрекеттерін (іздестіру) жүргізу; үйқамақ, кепіл немесе күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдануға жол бермеу.

    Украина ҚПК 219-бабы 1-тармағы қылмыстық теріс қылықты сотқа дейін тергеп-тексерудің жалпы мерзімін – алты ай регламенттесе, ҚПК 301-бабының ережесіне сәйкес тергеуші қысқа мерзім ішінде, бірақ адамға күдік келтірілгені туралы хабарлағаннан кейін жиырма бес күннен кешіктірмей прокурордың бекітуі үшін мына көрсетілген процестік құжаттардың біреуін:

    - қылмыстық іс жүргізуді жабу туралы шешімнің жобасын;

    - адамды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтінішхаттың жобасын;

    - айыптау актісін, медициналық және тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шараларды қолдану туралы өтінішхатты;

    - ҚПК-да қарастырылған негіздер бойынша алдын ала тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттыұсынуы тиіс.

    Қажет болған жағдайда прокурор процестік құжаттарды өз бетінше рәсімдеуге құқылы.

    Айыптау актісі мына мәліметтерді қамтуы тиіс:

    қылмыстық іс жүргізудің атауы және оның тіркеу номері; әр айыпталушының анкеталық деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері, тұратын жері, азаматтығы); әр жәбірленушінің анкеталық деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері, тұратын жері, азаматтығы); тергеушінің, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты және атқаратын лауазымы; қылмыстық құқық бұзушылықтың прокурор анықталған деп санайтын нақты мән-жайларын баяндау, Украинаның қылмыстық жауаптылық туралы заңының ережелері мен заңның баптарына (баптарының бөліктеріне) сілтеме жасай отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың құқықтық саралануы және айыптаудың тұжырымдамасы; жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар; қылмыстық құқық бұзушылық арқылы келтіріген зиянның мөлшері; заңды тұлғаға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану негіздері; сарапшыны тартуға кеткен шығын (сотқа дейін тергеп-тексеру кезінде сараптама жүргізілген жағдайда) мөлшері; оның жасалған және бекітілген күні және орны.

    Айыптау актісіне мыналар қоса тіркелуі тиіс: сотқа дейін тергеп-тексеру тізілімі; сотқа дейін тергеп-тексеру кезінде берілген азаматтық талап арыз; күдіктінің айыптау актісінің, сотқа дейін тергеп-тексеру кезінде азаматтық талап арыз берілген болса, оның көшірмесін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тізілімінің көшірмесін алғаны туралы қолхаты немесе азаматтық жауапкердің айыптау актісінің, сотқа дейін тергеп-тексеру кезінде азаматтық берілген азаматтық талап арыздың көшірмесін; оған қатысты іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға туралы анықтама, онда заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы, есеп шоты, сәйкестендіру коды, мемлекеттік тіркеуден өткен күні және орны көрсетіледі.

    Сот талқылауы басталғанға дейін сотқа басқа құжаттарды ұсынуға тыйым салынады.

    Айыптау актісіне тергеуші мен оны бекіткен прокурор немесе егер оны өз бетінше жасаған болса, тек прокурор ғана қол қояды.

    Айыптау актісін прокурор жасауы мүмкін, әсіресе, егер ол тергеуші жасаған айыптау актісімен келіспеген жағдайда.

    Прокурор адамға күдік келтірігені туралы хабарланғаннан кейін отыз күндік мерзім өткенге дейін көрсетілген әрекеттердің біреуін жүзеге асыруға міндетті:

    -  қылмыстық іс жүргізуді жабу; туралы шешім қабылдау;

    - адамды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтінішхатпен сотқа жүгіну;

    - сотқа айыптау актісімен, медициналық және мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдану туралы өтінішхатпен жүгіну.

    - осы Кодексте көзделген негіздер бойынша алдын ала тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы өтінішхат беру.

    ҚПК нормаларына сәйкес прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің өз кінәсін сөзсіз мойындағанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде анықталған мән-жайларға дау келтірмейтінін және айыптау актісін өзінің қатысуынсыз қаралуына келісім бергенін, ал жәбірленуші, оған қатысты іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға осылай қаралуына қарсы емес екенін анықтаса, прокурор сот отырысында сот талқылауын өткізбей, жеңілдетілген тәртіппен қарау туралы өтінішхат көрсетілген айыптау актісін сотқа жолдауға құқылы.

    Тергеуші, прокурор оған қатысты іс жүргізіліп жатқан адамға сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталған мән-жайлардың мазмұнын, сондай-ақ айыптау актісін жеңілдетілген тәртіппен қарауға келісім берген жағдайда іс жүргізудің сот талқылауына қатысушыларсыз өткізілуі негізі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталған мән-жайларға дау келтіру, үкімге апелляциялық тәртіппен шағым келтіру құқығынан айырылатынын түсіндіруге міндетті. Сонымен бірге, тергеуші, прокурор күдіктінің, жәбірленушінің және оған қатысты іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға өкілінің айыптау актісін жеңілдетілген тәртіппен қарауына өз еркімен келісім бергеніне көзін жеткізуге міндетті.

    Прокурордың өтінішхатына: қорғаушының қатысуымен жазылған және өз кінәсын мойындағанын, сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталған мән-жайлармен келісетінін, апелляциялық шағым келтіру құқығының шектелуімен танысқанын және айыптау актісін жеңілдетілген тәртіппен қаралуына келісімін растайтын күдіктінің жазбаша өтініші; жәбірленушінің сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталған мән-жайлармен келісетінін, апелляциялық шағым келтіру құқығының шектелуімен танысқанын және айыптау актісін жеңілдетілген тәртіппен қаралуына келісімін растайтын жазбаша өтініші; сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары, оның ішінде күдіктінің өз кінәсын сөзсіз мойындағанын айғақтайтын құжаттар қоса тіркеледі.

    Сот айыптау актісін немесе белгілі бір өтінішхатты алғаннан кейін ол түскен күннен бастап бес күннен кешіктірмей дайындық сот отырысын белгілеп, оған сот талқылауына қатысушыларды шақыртады.

    Дайындық сот отырысы ҚПК-ның сот талқылауына арналған ережелеріне сәйкес прокурордың, айыпталушының, қорғаушының, жәбірленушінің, оның өкілінің, оған қатысты іс жүргізіліп жатқан заңды тұлға өкілінің және азаматтық талапкердің заңды өкілінің, өкілінің және азаматтық жауапкердің заңды өкілінің және өкілінің қатысуымен өтеді.

    Бұл сатысында (дайындық сот отырысы) сот мына шешімдерді қабылдауға құқылы:

    - мәмілені бекіту немесе мәмілені бекітуден бас тарту және ҚПК-да көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру үшін қылмыстық іс жүргізуді прокурорға қайтару;

    - ҚПК-да көзделген негіздер анықталған жағдайда іс жүргізуді жабу;

    - ҚПК-ға сәйкес келмейтін айыптау актісін қайтару;

    -қылмыстық іс жүргізудің басқа соттың қарауына жататыны анықталса, айыптау актісін тиісті сотқа жолдау;

    - айыптау актісінің негізінде сот талқылауын тағайындау;

    - пробация органы персоналының өкіліне сотқа дейінгі баяндама жасауға тапсырма беру.

    Бұдан бөлек, сот ҚПК-да көзделген жағдайларда өз бастамасымен немесе айыпталушының, оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша немесе прокурордың өтінішхаты бойынша және ұлттық қауіпсіздіктың, экономикалық әл-ауқаттың және адам құқығының мүддесі үшін ғана сотқа дейінгі баяндама жасау мәселесін шешеді, осындай баяндама дайындау мерзімін көрсете отырып, ол туралы қаулы шығарады.

    Сотқа дейінгі баяндама онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа немесе санкциясының төменгі шегі бес жыл бас бостандығынан айыру жазасынан аспайтын ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылып отырған адамға қатысты жасалады. 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған айыптаушыға қатысты сотқа дейінгі баяндама ҚПК-да көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмысының ауырлығына қарамастан жасалады.

    Бұл ретте, сотқа дейінгі баяндама:

    - прокурор оған қатысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтінішхат жаған адамға қатысты;

    - бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамға қатысты;

    - прокурор оған қатысты тәрбиелеу және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы өтінішхат білдірген кәмселетке толмаған балаға қатысты;

    - ҚПК-ға сәйкес тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шарасын қолдануға негіздер болған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген кәмелетке толмаған балаға қатысты жазылмайды;

    - жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, алайда жазасының өтелмеген бөлігі ішінде жаңа қылмыс жасаған адамға қатысты;

    - дайындық сот отырысы кезінде ҚПК-да көзделген келісімді бекіту туралы шешім қабылданған жағдайда жазылмайды.

    Мұндағы басты фактор сотқа дейінгі баяндама қылмыстық іс жүргізуде айыпталушының қылмыс жасағанының дәлелдемесі ретінде пайдаланылмайтыны болып табылады, ол тек қылмыстық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.

    Сонымен қатар сотқа прокурордан немесе тергеушіден прокурормен келісілген өтінішхат түскен жағдайда сот қылмыстық теріс қылық жасағаны туралы айыптау актісін сот егер қорғаушы өкілдік еткен айыпталушы өз кінәсін сөзсіз мойындаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде анықталған мән-жайларға дау келтірмесе және айыптау актісін өзінің қатысуынсыз қаралуына келісім берсе талқылауына қатысушылар болмаса да, сот отырысында сот талқылауын жүргізбей қарауға құқылы.

    Бұндай жағдайда сот жеңілдетілген тәртіппен қарау туралы өтінішхатпен айыптау актісін алған күннен бастап бес күннің ішінде оны және оған қоса тіркелген материалдарды зерделейді және үкімнің жалпы талаптарына жауап беретін үкім шығарады. Сот үкімінде жеңілдетілген іс жүргізу нәтижесі бойынша дәлелдемелердің орнына сот анықтаған мән-жайларды растау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы анықтаған және сот талқылауына қатысушылар дау келтірмейтін мән-жайлар көрсетіледі.

    Бұл ретте, сот айыптау актісін жеңілдетілген іс жүргізу арқылы сот отырысында қараған кезінде қатысуы қажет деп тапса, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды шақыруға құқылы.

    Барлық идея тәжірибеден алынады, олар өмір шындығының дұрыс көрсетілген

    немесе бұрмаланған көрінісі

    (Фридрих Энгельс)
    1   2   3   4


    написать администратору сайта