аналитика. Академия правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Научный центр Изучения проблем административного и уголовного правосудия
Скачать 130.01 Kb.
|
Әзірбайжан Әзірбайжанның ҚПК-да «Елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді» реттейтін XXXIX тарау бар. Мәселен, елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыстар бойынша шағымды жәбірленуші, оның заңды өкілі немесе өкілі анықтаушыға, тергеушіге немесе алдын ала тергеп-тексеруге процестік басшылық жасайтын прокурорға ҚПК 214.4. бабында көзделген қылмыстар бойынша жазбаша немесе ауызша нысанда береді. Егер шағым анықтаушыға, тергеушіге немесе алдын ала тергеп-тексеруге процестік басшылық жасайтын прокурорға ауызша нысанда берілген болса, онда ол хаттамаға енгізіледі және оған шағым беруші мен хаттама толтырған адамның қолдары қойылады. Елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыс бойынша ауызша шағым қабылдау туралы жазбаша шағымда немесе хаттамада: шағым беруші туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, айналасатын кәсібі, лауазымы); жасаған қылмысы туралы мәлімет (қылмыстық заңмен көзделген, қандай әрекет, қашан және қайда жасалды, егер жасау барысында залал келтірілген болса, қандай залал, оның ішінде материалдық шығынның көлемі); қылмыстық заңмен көзделген әрекетті кім жасады (тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты мекенжайы) және әрекетті дәл осы адамның жасағаны немен дәлелденеді; қандай куәлік түсініктермен және қандай нақты адамдардың куәлік түсініктерімен расталады (тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты мекенжайы), шағымда көрсетілген, қылмыс жасау жағдайлары қандай басқа дәлелдермен, қандай құжаттармен расталады; қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы өтініш; шағымды беру мерзімі (жылы, айы мен күні) және берген орны көрсетіледі. Сондай-ақ шағымда немесе хаттамада көпе-көрінеу жалған шағым үшін қылмыстық жауаптылық туралы ол адамға ескерту айтылған. Сондай-ақ ҚПК егер келесі аталғандар бойынша, елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыс бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді болдырмайтын тізім анықталған болса: - қылмыстық заңмен көзделген әрекетті кәмелетке жетпеген адам жасаса; егер қылмыстық заңмен көзделген әрекетті жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралар қолдану жөніндегі іс жүргізу қажет болса; - қылмыстың ең болмағанда біреуін, екі немесе одан көп қылмыс жасаған адам жасағанда, ҚПК; - жәбірленуші немесе айыпталушы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде анықтау жүргізуге қарсы болғанда (ҚПК 291-1.0.1 бабынан, 293-1.0.4 бабына дейін). анықтаушы, тергеуші немесе тергеп-тексеруге алдын ала процестік басшылық жасайтын прокурор шағымды алғаннан кейін, келесі әрекеттерді орындауы тиіс: - елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыс бойынша шағымды дереу тіркеу және қарастыру; - ҚПК көзделген іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде және ҚПК сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға себептер мен негіздердің болуы туралы қорытындыға келе отырып, жазбаша шағымға немесе ауызша шағымды қабылдау туралы хаттамаға бұрыштама қойып, шағым түскен сәттен бастап, 24 сағаттан кешіктірмей, қылмыстық қудалау жөнінде сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу немесе мұндай қаулының негізін көрсете отырып, қылмыстық қудалау жөнінде сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуден бас тарту; - соттылығы немесе тергеуде болу реті бойынша шағымды жолдау туралы қорытындыға келе отырып, ол түскен сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей қылмыс іздерін рәсімдеу бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу (оқиға орнын қарау және табылған заттарды қарап-тексеру және алып қою), жасалған қылмыс куәларынан түсініктемелер алу, барлық жиналған материалдарды қосып, шағымды өз қаулысымен тіиісінше сотқа немесе тергеу органына жіберу. Егер елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыстар бойынша шағымды қарастырған кезде немесе осындай қылмыстар бойынша жеңілдетілген іс жүргізу түрінде іске асырылатын, анықтау барысында тергеу әрекеттерінің қажеттігі туындаса, анықтаушы, тергеуші немесе алдын ала тергеуге процестік басшылық жасайтын прокурор, анықтаушының немесе тергеушінің өтінішхаты бойынша не өз бастамасымен қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны қабылдауға және алдын ала тергеу жүргізуді тиісті тергеу органына тапсыруға құқылы. Анықтаушы, тергеуші немесе алдын ала тергеуге процестік басшылық жасайтын прокурор мыналарды орындауға тиіс: шағым берушіге оның шағымы бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу туралы жазбаша түрде хабарлауға; аталған шағым бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізуден бас тарту туралы қаулы қабылдаған кезде 3 (үш) тәулік ішінде қабылданған қаулының көшірмесін шағым берушіге поштамен жіберуді немесе қолына табыстауды қамтамасыз етуге. Елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыстар бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу түріндегі анықтау анықтаушыға, тергеушіге немесе алдын ала тергеуге процестік басшылық жасайтын прокурорға елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын анық қылмыстар бойынша шағым түскен сәттен бастап 10 (он) тәулік ішінде іске асырылады. Сот талқылауының жан-жақты, толық және әділ жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаудың мән-жайын анықтайды. Егер алынған ақпарат сот талқылауын жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, онда анықтаушы қажетті дәлелдемелерді жинау мақсатында шағым түскен сәттен бастап 20 (жиырма) күн ішінде күдіктіні ұстау және тергеу, жәбірленушіден, куәдан жауап алу, сараптама тағайындау, тануға әкелу, тексеру, тінту және алып қою, куәландыру, беттестіру, тергеу эксперименті тәрізді жедел-тергеу әрекеттерін жүргізе алады. Егер олар қажетті дәлелдемелерді ұсына алмаса немесе өздері хабарлай алмаса, сондай-ақ алдын ала тергеп-тексеруге процестік басшылық жасайтын прокурордың нұсқауы бойынша жоғарыда аталған тергеу әрекеттерін тергеуші, ал егер шағым берушіден, оның заңды өкілінен немесе қылмыстық заңда әрекетті жасаған адамның өкілінен және оның қорғаушысының өтінішхат түскен жағдайда да жүргізуі мүмкін. Елеулі қоғамдық қауіп тудырмайтын, анық қылмыстар бойыншажеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу нәтижелері бойынша анықтаушы қорытынды хаттама толтырады, онда хаттаманы толтырған мерзімі, уақыты мен орны; хаттама толтырушының деректері; шағым берушінің аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні, отбасылық жағдайы, жұмыс орны мен қызметі, тіркеу орны мен нақты тұрғылықты мекенжайы; қылмыстық заңмен көзделген әрекет жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні, отбасылық жағдайы, жұмыс орны мен қызметі, тіркеу орны/нақты тұрғылықты мекенжайы; қылмыс құрамы мен оның элементтері және басқа да маңызды жағдайлары; адамның кінәсін растайтын дәлелдер, адамның әрекетінің саралануы, сот отырысына шақырылуға тиісті адамдардың тізімі. ҚПК 296.3 бабының ережесі қорытынды хаттамаға қол қойғаннан кейін анықтаушы орындауы тиіс әрекеттер тізімін реттейді: - қылмыстық заңмен көзделген, әрекет жасаған адамға, оның қорғаушысына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және оның өкіліне жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарымен танысу мүмкіндігін ұсынуды қамтамасыз ету; - алдын ала тергеуге процестік басшылық жасайтын прокурорға жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарын жіберу. Алдын ала тергеп-тексеруге процестік басшылық жасайтын прокурор, елеулі қауіп төндірмейтін, анық қылмыс бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары өзіне түскен соң, келесі әрекеттерді жасауға тиіс: - түскен материалдарды дереу қарастыруға және анықтаушының шағымды қарастыру кезіндегі әрекетінің заңдылығын және негізділігін, сонымен қатар осы шағым бойынша тексерілген, жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын және негізділігін тексеру; - егер жиналған дәлелдемелер мен анықтау кезінде тергеп-тексерілген мән-жайлар айып тағуға мүмкіндік берсе; - анықтаушы толтырған қорытынды хаттамада жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу нәтижелері бойынша айып тағуды бекітеді; - егер жиналған дәлелдер жеткіліксіз болса немесе ҚПК 293-1 бабында көзделген жағдайлар болған кезде айып тағу үшін жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулы қабылдайды және алдын ала тергеу жүргізуді тиісті тергеу органына тапсырады; - қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар болған кезде қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады; - жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарымен танысқан адамдарға қабылдаған қаулылар туралы хабарлайды. Эстония Эстонияның қылмыстық процесі ғылыми-тәжірибелік қызығушылық тудырады. Қорғаушының Қылмыстық іс бойынша сотқа - қорғау актісін, ал прокуратураға айыптау актісінің көшірмесін берудің регламенттелуі - қылмыстық процестің ерекшелігі болып табылады, ол айыптау актісінің көшірмесін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Қылмыстық іс ерекше күрделі немесе көлемді болған жағдайда сот дәлелді өтінішхатта көрсетілген мерзімді ұзарта алады. Қорғау актісінде: айыптау актісінде келтірілген айыптау мен залалға қатысты қорғаудың ұстанымы, оның ішінде айыптау актісінде ұсынылған дәлелдер мен ұстанымдардың қандай екені, қайсысына шағым келтіріледі және қандайы қабылданатындығы; қорғаушы қандай мән-жайды қандай дәлелдемемен дәлелдеуге болатынын көрсете отырып, сотта ұсынғысы келетін дәлелдемелері; қорғаушы сот отырысына шақыруға өтінішхат берген адамдардың тізімі; қорғаушының басқа да өтінішхаттары көрсетіледі. Қорғау актісінің үлгісін осы салаға жауапты министр өз қаулысымен бекітеді. Егер қорғаушы қорғау актісін мерзімінде ұсынбаса, онда сот бұл жайлы дереу Эстония адвокатурасының басқармасына хабарлайды және айыпталушыға сот бекіткен мерзімде өзіне жаңа қорғаушы тағайындауға ұсыныс жасайды немесе Эстония адвокатурасына қорғаушы тағайындауды міндеттеп, айыпталушыға қорғаушы тағайындайды. Эстонияның қылмыстық-процестік заңнамасында қорғаушының актіні дайындауын және оны сот пен және прокуратураның мекенжайлары бойынша жіберуін талап ететін норманы бекіту қылмыстық қудалау шеңберіндегі адамдарға адвокаттардың білікті заң көмегін ұсыну сапасын арттыру бойынша құқықтық құралдарының бірі болып табылады. Бұл құқықтық реттеу адвокаттың қылмыстық істі зерделегенін, айыпталушыны (сотталушыны) қорғау үшін жеке ұстанымын қалыптастыруын талап ететін және айғақтайтын болғандықтан, адвокаттық корпустың өз кәсіби қызметтеріне жауапкершілігін күшейтуге едәуір ықпал етеді, қылмыстық процесс қатысушыларын тәртіпке салады. Сот қылмыстық-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешуде тәуелсіз мемлекеттік төреші бола отырып, айыптау актісін және қорғау актісін зерттеп, сот талқылауына дайындалу, қылмыстық материалдарын мұқият зерделеу мүмкіндігіне ие, өйткені айыптау тарапының және қорғау тарапының дәлелдері процестік құжаттардың, жүргізілген тергеу, процестік әрекеттері нәтижелерінің заңдылығын даулауда қорғау тарапының негіздемелерін келтіре отырып, алдын ала белгіленген. Судья алдын ала оймен жұмыс жоспарын жасау, сондай-ақ жиналған дәлелдемелерді зерделеу, салыстыруда, тексеруде, бағалауда ой қызметін іске асыру, сондай-ақ сот тергеуін жүргізген кезде қандай дәлелдер жинау қажет екенін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Біздің пікірімізше, сот талқылауы кезінде сотқа қорғаушы тараптың қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін, қосымша, кейде ұзақ уақыт беруі үшін бірнеше рет өтінішхат енгізуге және судьяның сот отырысын басқа күндерге мәжбүрлі ауыстыруына мүмкіндік болмауы - Эстонияда қорғау актісін ұсынудың артықшылығы болып табылады. Ұқсас құқықтық норманың Қазақстанда болмауы, кейбір жағдайларда адвокаттардың сот ісіне дайындықсыз келуіне, қылмыстық іс материалдарымен қылмыстық істі сотта қарау сатысында танысуға тырысуына алып келеді, бұл заңды көмек көрсету сапасына теріс әсерін тигізеді. Осының салдарынан: - сот-тергеу әрекеттерін іске асыруға судьяның уақытының жетпейді; - сот тергеуі сапасыз жүргізіледі; -судья кінәні дәлелдеуде немесе әрекетті қайта саралауда елеуді маңызы бар мән-жайларға назар аудару қажет екенін естен шығарып, өз жұмысын жоспарлауда қателіктер жібереді; - кейбір дәлелдемелер, оның ішінде, зиянды бағалау, сот отырысында зерттелмейді, сондықтан бұл нақты дәлелдемелер үкімге негіз болмайтындай жағдайға әкеледі. Апелляциялық шағым беру кезінде жоғарыда аталған себептерге байланысты дәлелдемелердің толық еместігі, жан-жақты болмауын жоғары сатыдағы инстанция соты ескереді, бұл үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеледі. Осылайша, Эстонияда сот талқылауын жүргізу, дәлелдемелер жинау, айыптау тарапынан да, сондай-ақ қорғаушы тарапынан да, куәлардан жауап алу, сот тергеуін жүргізу, дәлелдемелерді толық, жан-жақты және шынайы зерттеу жүргізу, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану үшін қажетті құқықтық алғышарттар жасалған деп санаймыз. Соттардың практикалық қызметкерлерінің пікірлеріне талдау арқылы Эстонияның тәжірибесін мұқият зерттеу, оны отандық заңнаманың және сот практикасының ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда енгізу және кейін құқықтық пайдалану үшін негіздердің бірі болып табылады. Эстонияның 12.02.2003 ж. Қылмыстық-процестік кодексінен үзінділер (23.01.2019 ж. өзгертулерімен және толықтыруларымен). үзінді 226-бап. Айыптау актісін толтыру және оны сотқа жіберу (1) Егер прокуратура қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін, қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдер жиналғанына сенімді болса, онда ол осы Кодекстің 154-бабына сәйкес айыптау актісін толтырады. (2) Айыптау актісіне прокуратура сот отырысына шақыруға өтінішхат бірген адамдардың тізімі тіркеледі. Тізімде шақырылғандардың аты-жөндері мен тұрғылықты жерлері, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық жауапкердің, үшінші тұлғалардың, олардың өкілдерінің, қорғаушының және айыпталушының мекенжайлары немесе тұрғылықты жерлері көрсетіледі. Құпия куәгерге қатысты тізімде оның шартты есімі көрсетіледі. Тізімнен үзіндіде шақырылатын адамның аты мен тегі ғана көрсетіледі. (3) Прокуратура осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген айыптау актісін және тізімнің үзіндісін, айыпталушыға және қорғаушыға береді, сондай-ақ айыптау актісін сотқа береді. Айыптау актісі сотқа электрондық түрде беріледі. (4) [Бөлігі 01.07.2014 бастап жарамсыз] (5) Айыптау актісін сотқа жіберген кезде осы Кодекстің 67-бабының 4-бөлігінде көрсетілген конверт прокуратурада сақтауда қалады. Сот талап еткен жағдайда конверт ұсынылады. (6) Егер қылмыстық істе бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылса және прокурор бұлтартпау шарасын қолдануды жалғастыру қажет деп санаса, онда прокуратура осы Кодекстің 130-бабының 3-бөлімінде көзделген мерзім аяқталғанға дейін 15 күннен кешіктірмей, осы баптың 3-бөлімінде көрсетілген әрекеттерді жасайды. (7) Егер сотқа дейінгі іс жүргізуде талап туралы азаматтық талап арыз немесе жария құқықтық арыз берілген болса, онда прокуратура айыптау актісімен бірге оны сотқа жібереді. Прокуратура азаматтық талап арыздың немесе талап қою туралы арыздың көшірмесін айыпталушыға, оның қорғаушысына және азаматтық жауапкерге жібереді. Сотқа жіберілген, қылмыстық іс бойынша жалпы іс жүргізуге, азаматтық талап арызға немесе талап туралы жария-құқықтық арызға дәлелдемелер тіркеле алмайды. 227-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу аяқтаған кездегі қорғаушының әрекеті (1) Айыптау актісінің көшірмесін алғаннан кейін, қорғаушы алдын ала отырысқа кемінде үш күн қалғанға дейін, сотқа қорғау актісін, прокуратураға оның көшірмесін тапсырады. Қылмыстық істің күрделілігі немесе көлемділігі жағдайында сот дәлелді өтініштегі мерзімді соза алады. (2) [Бөлігі 15.07.2008 бастап жарамсыз] (3) Қорғау актісінде көрсетіледі: 1) айыптау актісінде келтірілген айыптау мен және зиянға қатысты қорғаудың ұстанымы қандай, оның ішінде, айыптау актісінде ұсынылған қандай дәлелдер мен ұстанымдарға шағымданады және қандайлары қабылданады; 2) қандай мән-жайды қандай дәлелдемемен дәлелдеу керек екенін көрсете отырып, қорғаушының сотқа ұсынғысы келген дәлелдемелері; 3) қорғаушы сот отырысына шақыруға өтінішхат берген адамдардың тізімі; 4) қорғаушының басқа да өтінішхаттары. (4) Қорғау актісінің үлгісін осы салаға жауапты министр өз қаулысымен бекітеді. (5) Егер қорғаушы қорғау актісін көрсетілген мерзімде ұсынбаса, онда сот осы Кодекстің 441-бабының 1-бөліміне сәйкес бұл жайлы дереу Эстония адвокатурасының басқармасына хабарлайды және айыпталушыға сот бекіткен мерзімде өзіне жаңа қорғаушы тағайындауға ұсыныс жасайды немесе Эстония адвокатурасына қорғаушы тағайындауды міндеттеп, айыпталушыға қорғаушы тағайындайды. 228-бап. Тергеу органының және прокуратураның қызметіне шағымдану (1) Процеске қатысушы немесе процестік іс жүргізуден тыс адам процестік әрекет жүргізу немесе қаулы шығару кезінде процестік талаптардың бұзылуы оның құқықтарының бұзылуына әкеп соқты деп санайтын болса, айыптау актісін толтырғанға дейін прокуратураға процестік әрекетке немесе тергеу органының қаулысына шағым беруге құқылы. (2) Осы баптың 1-бөлімінде көрсетілген адамдар айыптау актісін 3. ҰСЫНЫСТАР МЕН ҰЙҒАРЫМДАР Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын, тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді жеңілдету мақсатында халықаралық тәжірибені ескере отырып мынадай ұсынымдар беріледі: 1. ҚР ЖС да қолдаған «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және санатқа бөлудің заңнамалық тәсілдерін қайта қарау; 2. сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот талқылауының нысандарын мен түрлерін заңнама арқылы жетілдіру кезінде жеке және жариялы мүдделердің теңгерімін сақтау қажет; 3. теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстартуралы істер бойынша айыптау және қорғау актілерін ұсынудың процестік реттелуін ескере отырып, қылмыстық сот ісін жүргізудің целеранттық нысандарын жүргізу және одан әрі жетілдіру мүмкіндігін қарастыру; 4. істің мән-жайын толық, жан-жақты зерделеу үшін судьяға құқықтық кепілдік пен мүмкіндік бере отырып, қылмыстық істі сотта дәлелдемелерді зерделеусіз қараудың құқықтық тетіктерін қарастыру; 5. ҚР ҚПК 7,9 –тараулары, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңы шеңберінде адвокат пен тергеу судьясының өзара іс-қимылы арқылы дәлелдемелерді жинау және ұсыну бөлігінде адвокаттардың сотқа дейінгі сатыдағы өкілеттіктерін кеңейту мүмкіндігін қарастыру; 6. сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК 63- тарауы шеңберінде кінәні мойындау туралы мәміле жасасумен аяқталған кезде күдіктіні (айыпталушыны) қылмыстық іс материалдарымен таныстыру рәсімін процестіктұрғыда регламенттеу туралы мәселені пысықтау; 7. қылмыстық саясатты және қылмыстық сот ісін жүргізуді ізгілендіру жағдайында қылмыстық теріс қылық институтына, процестік нысан бөлігінде қайта қарау қажет. Үкімнің орнына «сот бұйрығын» немесе қаулысын енгізу ұсынылады, ол процестік мерзімге және шешімді жедел шығаруға әсер етеді. НОРМАТИВТІК БАЗА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕККӨЗДЕР 1. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспары // http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1800000636 2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексі // http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000226/k226_.htm 3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық - процестік кодекс // http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000231 4. 2017-2018 жылдарға арналған статистикалқ деректер// http://qamqor.gov.kz 5. А.Н. Ахпанов. Қылмыстық сот ісін жүргізудегі процесстік келісімдер: Қазақстан Республикасының заң шығармашылық тәжірибесі // Байкал мемлекеттік экономика және құқық университетінің Криминологиялық журналы - 2015. - Т. 9, № 2. - С. 343 - 350. 6. Н. А. Абдиканов. Бұйрықтық іс жүргізудегі проблемалар туралы // http://sotreport.kz/stories/nurgazy-abdikanov-o-problemah-prikaznogo-proizvodstva/ 7. Манова Н.С., Францифоров Ю.Ф. Сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталғаннан кейінгі прокурор қызметінің процестік табиғаты // Ресей тергеушісі. 2003. №8. С.35-37. 8. Резяпов А.А. Алдын ала тергеп-тексерудің айыптау қорытындысымен (актімен, қаулымен) аяқталуы және қылмыстық істі сотқа жолдау: автореф. дис. … з.ғ.к. – Челябинск, 2014. – 30 с. 9. Франковски С, Гольдман Р, Лентовска Э. АҚШ Жоғарғы Соты азаматтық құқықтар мен бостандықтар туралы. Варшава, 1998. С. 224-226. 10. Стойко Н.Г., Семухина О. Б. АҚШ-тағы қылмыстық процесс: Оқу құралы /Краснояр мемл. университеті. Краснояр, 2000. 315с. 11. Украинаның Қылмыстық-процестік кодексі // http://continent-online.com 12. Әзербайжан Қылмыстық-процестік кодексі // https://online.zakon.kz/m/Document/?doc_id=30420280 13. Раисова Б.А. https://dknews.kz/economics/22-legislation/39605-printsip-sostyazatelnosti-storon-ugolovnogo-protsessa-v-velikobritanii.html 14. Эстонияның Қылмыстық-процестік кодексі // https://v1.juristaitab.ee/ru/zakonodatelstvo/ugolovno-processualnyy-kodeks |