Главная страница

код. Аллергиялық дерматит. Аллергиялы дерматит осы зата сезімталдыы жоары адамдарды терісіне аллерген айталап сер еткенде пайда болады


Скачать 21.33 Kb.
НазваниеАллергиялы дерматит осы зата сезімталдыы жоары адамдарды терісіне аллерген айталап сер еткенде пайда болады
Дата26.12.2021
Размер21.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАллергиялық дерматит.docx
ТипДокументы
#318968

Аллергиялық дерматит

Аллергиялық дерматит осы затқа сезімталдығы жоғары адамдардың терісіне аллерген қайталап әсер еткенде пайда болады.

Этиологиясы. Аллергиялық дерматит сенсибилизациялық қасиеті бар химиялық заттармен шақырылады. Аллергиялық дерматитті шақыруы мүмкін заттар саны өте көп, химиялық өндірістердің дамуына байлансты, әсіресе химиялық заттардың көбеюі басым. Мысалы: химиялық заттар хром тұзы, никель, синтетикалық смола сияқты химиялық заттар, урсол бояуы, кейбір өсімдіктер, гүлдер аллергендер болуы мүмкін. Аллергендердің үлкен тобы дәрілік заттардан тұрады: пенициллин, стрептомицин, эритромицин, нистатин, гризеофульвин, синтомицинді эмульсия, формалин, сынап, резорцин және т.б. көптеген дәрілер. Қатынасты дерматитті биологиялық факторлар қатарына жататын өсімдіктер, мысалы, солтүстік ақ көмесгүлі, шаған, балдырған, наурызгүл, сорғалдақ, сірке ағашы, кейбір қызыл ағаштың түрлері (мебель өндірісінің жұмысшыларында) туғызуы мүмкін. Зақымдану таңертеңгілік шақта жүргенде, шалғындық шөптерде демалғанда (әсіресе шомылудан кейін), шөп шауып жүргенде болады. Бұндай дерматит бірнеше адамда өсімдік тиген жерлерде (жиі қол басы мен аяқта, іште, санда, тізеде) болуы мүмкін. Серозды көбіршіктері бар эритема пайда болып, бір апта бойына орнында кейін пигментация қалдырып, жазылып кетеді. Фитодерматиттің пайда болуында өсімдік құрамындағы және фотосенсибилизациялаушы эфир майы, алколоид, терпен және хлорофилл маңызды рөль атқарады. Жиі наурызгүл туғызатын фитодерматит кездеседі. Аллергендер өсімдік қураған кезде сақталады. Жанасқан аймақта (жиі қолда) ашық ісінкі эритема көрінеді, ал оған жақын аймақ терісінде (шынтақ, иық, бет және т.б) уртикарлы бөртпелер, сиректеу ұсақ көбіршіктер, жиілеу эритематозды фонда байқалады. Қышу мен ашу сезімі мазалайды.

Аллергиялық дерматиттің клиникалық көрінісі әдетте шынайы полиморфизмді болып келеді. Қатынастық дерматиттің өзіне тән клиникалық көрінісімен қатар, аллергиялық дерматитпен ауыратын науқастарда экземаның белгілері байқалады, бірақ әлсіз түрде (везикуляция, ылғалдану қайталауға бейімділік) білінеді. Қатынастық аллергиялық дерматитте, эритема, ісіну, папулезді және везукулезді элементтер аллерген әсер еткен аймақта орналасады. Жиі қол басының сырт жағында (90-сурет), бетте, бет ұшында, мойында; сиректеу аяқ-қолда, білекте, иықта, кейбір науқастарда процесстің тері жамылғысының жабық жерлеріне барауға бейімділік байқалса да, орналасады (91-сурет). Аллергендермен қайталап жанасу аллергиялық дерматиттің экземаға ауысуына әкеледі. Экземаның аллергиялық дерматиттен негізгі айырмашылығы терілік сынамаға нәтиже беретін этиологиялық факторды алып жойғанда жазылып кетуі болып табылады. Аллергиялық қатынастық хейлит еріндердің қызыл жиегіне, сиректеу – еріндер кілегей қабаттарының химиялық заттарға, УКС, стоматологияда пайдаланылатын заттарға, тіс пасталарына, элексирлерге және факторларға сенсибилизация нәтижесінде пайда болады. Аурулардың көбін 18-50 жас аралығында әйелдер құрайды; кәсіби сипатты болуы да мүмкін. Аллергиялық қатынастық стоматит гиперемиямен, ісінумен, кейде нүкте тәрізді қан құйылумен, сонымен қатар күлдіреуік пен эрозиямен білінеді. Науқастар күю, құрғақтық, дәм сезу мүмкіндігінің жойылуын сезеді (92-сурет). Диагностикасы. Диагностикалауда тітіркендіргіш немесе сенсибилизатор әсер еткен зақымданудың орналасуын және клиникалық көрінісін есепке алады. Аллергиялық дерматитті анықтауда, сонымен қатар этиологиясын толық анықтауда диагностикалық, тамшылық немесе компрестік, әруақытта сезімталдық жоғары болып келетін аллергенмен оң нәтиже (эритема, ісіну, күлдіреуік) беретін, аллергиялық терілік сынамалар көмектеседі.

Емі: Ең бірінші аллергиялық дерматитті тудырушы себепті анықтап, оны жою. Бөртпелердің морфологиялық ерекшелігіне байланысты сыртқы қабынуға қарсы терапиядан басқа, десенсибилизациялық ем қолданады, седативті, антигистаминді препараттар, стероидты гормондар, витаминдер тағайындалады. Аллергиялық дерматитпен ауыратын науқастардың емі экземамен ауыратын науқастардың емінің ұстанымдарына (тиісті бөлімді қара) сәйкес, алдын ала тітіркендіргіш және сенсибилизирлеуші факторлардың әсерлерін жоя отырып, құралады. Пиогенді инфекциялар қосарланған жағдайда дезинфицирлеуші жақпамай және антибиотиктер қолданылады. Кеңес беру. Аллергиялық қатынастық дерматитте науқастың көңілін ауруды шақырған аллергенмен болашақта қатынас жалғаса берсе экзема дамуы мүмкін екендігіне аудару керек. Қатынастық дерматиттер – дәрігер-стоматологтың тәжірибесінде жиі кездесетін ауру. Оның дерматитті себебін анықтау және тиісті сыртқы және жалпы емді тағайындай алу мүмкіндігіне аурудың болжамы тікелей байланысты.

1) Аллергиялық дерматит - әртүрлі заттарға жоғары сезімталдығы бар адамдарда әртекті қоздырғыштардың қайталап әсерінің нәтижесінде пайда болатын терінің зақымдалуы.

Этиологиясы: Ауруды негізінен аллергендер шақырады. Оларға:

- химиялық заттар - бояулар, смола, динитрохлорбензол, бояғыш заттар, урсол, дезодоранттар және т.б

- дәрілік препараттар - анальгетиктер, антибиотиктер, пенициллиндер, стрептомицин, гризеофульвин

-биологиялық фактор - өсімдіктер, балдырған, наурызгүл, қызыл ағаш түрлері

-металлдар - кобальт, берилий, сынап, күміс, алтын, хром мен никель қосылыстары және т.б.

- тағамдық аллергендер

Патогенез: аллергиялық дерматит баяу типті аллергиялық реакцияның нәтижесінде дамиды. Патогенезінің негізі аллергендермен пайда болған иммунды кешен базофильдердің және мес жасушаларының бетіне орналасып, олардың дегрануляциясына алып келеді. Осының нәтижесінде брадикинин, серотонин және тағы да басқа биологиялық белсенді заттардың бөлінуіне алып келеді.

Клиникалық көрінісі:

Аллергиялық дерматит әдетте терінің қышуымен, күйдіруімен және қызарып, ісінуімен жүреді. Аллергиялық дерматит кезінде терідегі бөртпелер тек қана аллерген әсер еткен жерде ғана емес, басқа жерлерде шығуы мүмкін.Бөртпелер везикулезды, папулезды, көпіршікті, қабыршақ, серозды қабыршақты морфологиялық элементтермен көрінеді.

Диагностикасы:

-Жалпы қан анализі: эозинофилия

-Иммундыферментті талдау әдісімен қан сарысуындағы жалпы Ig E анықтау. Бұл кезде оның деңгейінің жоғарылауы байқалады

-Аллергендермен терілік сынамаларды жүргізу

Емі:

-Ең алдымен аллергиялық дерматитке әкеліп тұрған себепті анықтап, оны жою.

-Бөрпелердің морфологиялық сипатына байланысты сыртқы қабынуыға қарсы терапия(глюкокортикостероидты препараттар, комбинирленген препараттар, анилинді бояулар)

-Антигистаминді препараттар

- Денсенсибилизациялық терапия

- Мес жасушалары мембранасының стабилизаторлары

2) Папуло-некротикалық туберкулез

ПАПУЛОНЕКРОТИКАЛЫҚ ТЕРІ ТУБЕРКУЛЕЗІ. Папулонекротикалық туберкулез біріншілік туберкулездің созылмалы ағымында микобактерияның гематогенді диссиминациясы нәтижесінде пайда болады. Аурудың негізінде туберкулез микобактериясымен немесе оның өнімдерімен сенсибилизация әсерінен пайда болатын аллергиялық васкулит көрініс береді. Негізінен жасөспірімдер мен балалар ауырады. Бөртпелер ұстама тәрізді пайда болады, симметриялы орналасқан жазғыш беттерде, жамбаста, денеде, құлақ қалқандарында және беттерде орналасады. Көптеген топтасқан, тығыз қою қошқыл диаметрі 1-3 мм түйіншектер пайда болады. Олардың орталығында іріңді некротикалық қабыршақтар пайда болады. Кейінірек түйіншектер орнында ұсак дөңгелек жаралар қалады. Олар жазылғанда күлгін түсті тағамен (дөңгелекпен) жабылады. Жекеленген ошақтардың тыртықталуы 4-8 аптаға жалғасады. Бөртпелердің тегіс жаппай пайда болмауына байланысты элементтердің әртурлі даму кезеңдерінде екенін білуге болады. Аурудың кайталануы ерте көктемде және қыста байқалады, жазда білінбейді. Папулонекротикалық тукберкулез жиі лимфа түйіндерінің, өкпе, сүйек туберкулезімен, индуративті эритемамен қатар жүреді. Туберкулин сынамасы оң мәнді болады. Папулонекротикалық туберкулезді бірнеше түрге бөледі: - акнит (acnitis) – балаларда пубертат алды және пубертаттық кезеңде кездесетін және сырттай қарағанда тұрпайы (вульгарлы) безеулерді еске түсіретін папулезді түрі. Бөртпелер элементтері бетте симметриялы, сирек омырау терісінде және аяқ-қол терісінің жазғыш беттерінде пайда болады. Ыдырағаннан кейін терең тыртықтар қалады; - фолликулды (folliculis) – тереңдеу келетін пустулезді түрі дене және аяқ терісінің фолликулярлық зақымдаумен білінетін, жасөспірімдер мен жастарда жиі кездесетін түрі;

- acne cachecticorum – өздеріне тән жарық (кратер) тәрізді жаралар мен шешек тәрізді тыртықтар байқалатын папулопустулалар. Туберкулин сынамалары иммундық жауаптың төмен болуына байланысты теріс мәнді болады. Бөртпе элементтері иық, сан, балтыр, сиректеу бет, дене терісінде орналасады, жазылғанда таңбаланған (штампланған) тыртықтар қалады. Әлсіреген немесе астеникалық науқастарда ірілеу тығыздалған элементтер Базеннің тығыз эритемасына айналады. Бұл жағдайда некротизация мен ыдырау процесі көп байқалмайды. Процесс көбіне ерте көктем мен қыста тізе аймағында орналасқан, рецидив береді. Папулонекротикалық туберкулез ішкі мүшелер (ішек, лимфа түйіндері, сүйек) туберкулезімен қатар жүреді. Туберкулиндік сынама оң мәнді.

Аллергиялық дерматит

1) Аллергиялық дерматит - әртүрлі заттарға жоғары сезімталдығы бар адамдарда әртекті қоздырғыштардың қайталап әсерінің нәтижесінде пайда болатын терінің зақымдалуы.

Этиологиясы: Ауруды негізінен аллергендер шақырады. Оларға:

- химиялық заттар - бояулар, смола, динитрохлорбензол, бояғыш заттар, урсол, дезодоранттар және т.б

- дәрілік препараттар - анальгетиктер, антибиотиктер, пенициллиндер, стрептомицин, гризеофульвин

-биологиялық фактор - өсімдіктер, балдырған, наурызгүл, қызыл ағаш түрлері

-металлдар - кобальт, берилий, сынап, күміс, алтын, хром мен никель қосылыстары және т.б.

- тағамдық аллергендер

Патогенез: аллергиялық дерматит баяу типті аллергиялық реакцияның нәтижесінде дамиды. Патогенезінің негізі аллергендермен пайда болған иммунды кешен базофильдердің және мес жасушаларының бетіне орналасып, олардың дегрануляциясына алып келеді. Осының нәтижесінде брадикинин, серотонин және тағы да басқа биологиялық белсенді заттардың бөлінуіне алып келеді.

Клиникалық көрінісі:

Аллергиялық дерматит әдетте терінің қышуымен, күйдіруімен және қызарып, ісінуімен жүреді. Аллергиялық дерматит кезінде терідегі бөртпелер тек қана аллерген әсер еткен жерде ғана емес, басқа жерлерде шығуы мүмкін.Бөртпелер везикулезды, папулезды, көпіршікті, қабыршақ, серозды қабыршақты морфологиялық элементтермен көрінеді.

Диагностикасы:

-Жалпы қан анализі: эозинофилия

-Иммундыферментті талдау әдісімен қан сарысуындағы жалпы Ig E анықтау. Бұл кезде оның деңгейінің жоғарылауы байқалады

-Аллергендермен терілік сынамаларды жүргізу

Емі:

-Ең алдымен аллергиялық дерматитке әкеліп тұрған себепті анықтап, оны жою.

-Бөрпелердің морфологиялық сипатына байланысты сыртқы қабынуыға қарсы терапия(глюкокортикостероидты препараттар, комбинирленген препараттар, анилинді бояулар)

-Антигистаминді препараттар

- Денсенсибилизациялық терапия

- Мес жасушалары мембранасының стабилизаторлары

-Витаминотерапия

-Гипоаллергенді диета

2) Папуло-некротикалық туберкулез - терінің туберкулезді этиологиялы инфекциялық ауруы. Ол біріншілік созылмалы туберкулез кезінде гематогенді жолмен микобактериялардың жайылуының нәтижесінде болады. Көбіне бұл аурумен балалар мен жасөспірімдер ауыратын болып табылады.

Этиологиясы: микобактерия, Кох таяқшасы

Патогенезі: Аурудың патогенетикалық негізінде антиген-антиденелік аллергиялық реакция салдарынан дамитын капиллярдың ішкі қабықшасның қабынуылық реакциясы жатыр. Микобактерия гематогенді жолмен туберкулезді инфекция ошағынан теріге түседі. Антигенге жауап ретінде дерманың иммунды және ретикулярлы жүйесі антидене бөле бастайды. Одан кейін биологиялық белсенді заттар бөлініп, тамырлардың өткізгіштігін арттырады. Ұсақ тамырлардың ішкі қабатында қабынуылық өзгерістер пайда болып, қоздырғыштың қан арнасынан теріге түсуін жеңілдетеді.

Клиникалық көрінісі:

Папулонекротикалық туберкулез кезіндегі бөртпелер симметриялы және ұстама тәрізді болады. Бөртпелер көбінесе аяқ-қолдың жазғыш беттерінде, денеде, құлақ қалқандарында, жамбаста және бетте орналасады. Топтасып көптеген, тығыз, қою қоңыр-қошқыл түсті, диаметрі 1-3 мм болатын түйіншектер пайда болады. Олардың ортасында іріңді некторикалық қабыршақтар пайда болады. Содан кейін түйіншектердің орнында ұсақ дөңгелек жаралар қалады. Бұл жаралар жазылған кезде күлгін түсті дөңгелек сияқты болады. Ошақтардың тыртықталуы 5-8 аптаға созылады.

Диагностикасы:

-клиникалық симптом: таңбаланған тыртықтанудың болуы

-Туберкулинді сынамалардың оң болуы (Манту сынамасы, Кох сынамасы)

-Гистологиялық зерттеу: гистологиялық терінің барлық қабаттарының және тері асты май клечаткасының Лангханс алып жасушаларымен эпитеиодты-жасушалы гранулема түрінде зақымдалуы анықталады.

Ажырату диагностикасы: майлы фолликулиттен, сақиналы гранулемамен, түйінді васкулитпен, қатерлі пустулезбен, парапсориазбен және т,б, аурулармен жүргізіледі.

Емі:

-Фтивазид - изоникотин қышқылының гидразиді

-ПАСҚ - пара-аминсалицил қышқылы

-Витаминотерапия Д2 витамині, аскорбин қышқылы, тиамин, рибофлавин

-Туберкулезге қарсы препараттар (циклосерин, этионамид)


написать администратору сайта