Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламаның міндеттері:күнделікті өмірде кездесетін физикалық құбылыстар туралы бастапқы білімді қалыптастыру; физикаға, техника мен ғылым тарихына қызығушылықты дамыту; - әртүрлі ақпарат көздерін, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, білім мен дағдыларды өз бетінше игеру процесінде оқушылардың танымдық қызы- ғушылықтарын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; - бақылау жүргізу, экспериментті жоспарлау және орындау, гипотеза жасау және эксперимент- тік фактілерді түсіндіру үшін модельдер құру біліктерін қалыптастыру; физика тұрғысынан күнделікті өмірде оларды қоршаған құбылыстар, заттар туралы оқушы- лардың білімін жалпылау; зерттеу қызметі, шағын жобаларды орындау бойынша оқушылардың біліктерін дамыту; бірлескен жұмыс процесінде ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру, пікірталас проце- сінде қарсыластың пікіріне құрметпен қарау, фактілер мен оқиғаларға моральдық - этикалық баға беру қабілетін дамыту; - оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. «Физика біздің айналамызда» курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бо- йынша оқу жүктемесінің көлемі: 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 2-сыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат 1-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Физика біздің айналамызда Кіріспе. «Физика біздің айналамызда» таныстырылымы арқылы физика дегеніміз не, оған не жа- тады, неліктен «Физика біздің айналамызда» деп атаймыз жайында түсінік беру. Сонымен қатар оқушылар курс бойында неше түрлі қарапайым тәжірибелер, зертханалық жұ- мыстар жасайтындығын ескеріп, қауіпсіздік ережесімен таныстыру. 2-3-сабақтар (2 сағат)Тақырыбы: Құбылыстар Табиғатта үнемі қандай да бір өзгерістер болып жатады: жел соғады, қар ериді, күн мен түн ал- масады, жыл мезгілдері ауысады, т.б. Бұл өзгерістердің барлығын құбылыстар деп атайды. Мысалы, физикалық құбылыстар адамның күнделікті өмірінде орын алады: көшеде, үйде, мек- тепте. Біз бұларға үйреніп кеткеніміз соншалықты, оларға аса мән бермейміз. Оқушыларға осы құбы- лыстар туралы ақпарат беру. Талдау, зерделеу. Табиғи құбылыстар. Түрлері, себептері мен оған мысалдар келтіру. Ерекше табиғат құбылыс- тары туралы әңгімелеу. Белгілі бір жыл мезгіліне қарамастан ерекше табиғат құбылыстары болатынын түсіндіру. Мысалы, сел, су тасқыны, солтүстік (теріскей) шұғыласы, домалақ найзағай (шаровая мол- ния), сағым, цунами, жер сілкіну, вулкан атқылау, жұлдыздардың ағуы, т.б. Физикалық және химиялық құбылыстар. Механикалық құбылыс. Механикалық құбылыс жайлы қарапайым түсінік беру. Тәжірибе жасау. Шарды инемен тесуге болады. Бірақ ол жарылмауы мүмкін. Неліктен? https://www.youtube.com/watch?v=e8xUNWXejdY; https://www.youtube.com/watch?v=lGzU- LW8YFw |