Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • Бағдарламаның мақсаты

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница236 из 367
    1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    ФИЗИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА

    2-сынып оқушыларына арналған элективті курстың бағдарламасы (аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    АКШАЛОВА ГУЛЖАН КАЛАШОВНА


    128 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
    Пікір жазғандар: Жумабаева А.Е., Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Бас- тауыш білім беру бағдарламалары» факультетінің жетекшісі, п.ғ.д., профессор.

    Абдиханова С.А., 128 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер

    Түсініктеме хат мазмұны


    Қазіргі әлемнің прогрессивті өзгерісі жағдайында уақыт ерекшелігі жаратылыстану бағытына негізделген кәсіби кадрларды даярлау қажеттілігін арттыруда. Осылайша, мектеп алдына жаратылыс- тану цикл пәндерін, атап айтқанда физика, биология, география, химияны мақсатты түрде зерттейтін оқушыларды дайындау міндеті қойылуда.

    Бұдан басқа, физика-математика бағытындағы бейіндік мектептер, қосымша білім беру ұйым- дары да құрылуда. Жоғарыда аталған пәндерді зерттеу орта буыннан бастап оқытылатын болса да оларға кіріспе ретінде қарапайым элементтері бастауыш сыныптың пәндеріне кіріктірілген. Соның бірі ретінде физиканың қарапайым ұғымдары мен түсініктері жаратылыстану пәнінде де қарастырылады. Біріншіден, физика адам үшін әлем туралы білімнің маңызды көзі болып табылады. Екіншіден, физика адамның мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп, бірнеше рет көбейте отырып, оның техникалық прог- ресс жолында сенімді алға жылжуын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, физика адамның рухани келбетін дамытуға айтарлықтай үлес қосады, оның дүниетанымын қалыптастырады, мәдени құндылықтар шка- ласында бағдарлауды үйретеді. Инновациялық типтегі тұлғаның негізгі қасиеттері: шығармашылық- пен ойлау, бастамашылық, білімге деген қызығушылық, стандартты емес шешімдерді таба білу, жаңа типтегі экологиялық мәдениет. Осы қасиеттердің барлығы ерте жаста қалыптасады. Өскелең ұрпақтың бойында аталған қасиеттерді қалыптастыру үшін экологиялық білім басымдыққа ие болып, барлық жас

    топтарын қамтуы керек.

    Бағдарламаның өзектілігі. Бағдарламаның өзектілігі оның физика бойынша белгілі бір бі- лімді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар іздеу, зерттеу қызметінің оқу-практикалық дағдыла- рын игеруге ықпал ететіндігінде, оқушылардың табиғатқа практикалық көмек көрсетудің маңыздылы- ғын түсінуінде. Яғни оның практикалық экологиялық бағыты бар. «Физика біздің айналамызда» элек- тивті курсы «Жаратылыстану» білім беру саласына бағыттала отырып, оқушылардың табиғатты дамы- тудың негізгі заңдары және адам мен табиғаттың оңтайлы өзара әрекеттесу ережелері туралы білімде- рін кеңейтуге арналған. Бағдарлама экология, биология, химия және физика саласын қамтиды.

    Курс мазмұны оқушыларды физиканың қарапайым заңдарымен таныстыру, өмірде болып жат- қан түрлі құбылыстарды түсіндіру үшін осы заңдарды қолдана білу мақсатында құрыла отырып, өмірде болып жатқан жалпы құбылыстарды түсіндіру.

    Физика туралы қарапайым білім беруде қағидаттарды жіктеу және оларды жүзеге асыру мәсе- лелеріне арналған ғылыми жұмыстарды зерттей отырып, физиканы ерте оқытудың 5 қағидасы анық- талды:

      • ортаның әралуандылығы қағидаты;

      • ынтымақтастық қағидаты;

      • көрнекілік қағидаты;

      • қолжетімділік қағидаты;

      • мақсатқа бағыттылық қағидаты.

    Курсты игерудегі тұлғалық, пәнаралық және пәндік нәтижелер. Тұлғалық нәтижелер:

    -білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын, зияткерлік және шығармашылық қабілет- терін дамыту;

      • табиғатты тану мүмкіндігіне сену, ғылым жетістіктерін орынды пайдалану қажеттілігі;

      • ғылым мен техника жасаушыларына құрмет көрсету;

      • өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезіну, табиғи объектілер мен құбылыстарды тануға деген ұмтылыс.

    Пәндік нәтижелер:

    -табиғи құбылыстарды байқауға және түзетуге үйрену, оларды ажырату, физикалық және ас- трономиялық құбылыстарға мысалдар келтіру, олардың сипаттамаларын бөліп көрсету;

      • ұғымдарды түсіну: табиғат құбылысы, табиғат туралы ғылым, физикалық құбылыс, физика- лық дене, физикалық шама, физикалық заң, ғалам, планета, жұлдыз;

      • физикалық құралдар мен физикалық шамаларды өлшеуге арналған өлшеу құралдары;

      • қарапайым эксперименттік тапсырмаларды орындау дағдыларын меңгеру;

      • бақылаулар мен эксперименттер кезінде қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары мен ере- желерін ұстану;

      • алған білімдерін күнделікті өмірде практикалық міндеттерді шешу үшін қолдану. Метапәндік нәтижелер:

      • өз бетінше жаңа білім алу, нәтижелерді бағалау дағдыларын игеру;

      • оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын бөліп көрсете білу, онда қойылған сұрақтарға жауап таба білу және оны баяндау білігін қалыптастыру;

      • әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеру;

      • сөйлеуді дамыту, өз ойын еркін білдіре білуге баулу;

      • ұсақ моториканы дамыту;

      • оқу барысында жұппен, топпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.

    Бағдарлама 2-сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаны игеру барысында оқушылар «Фи- зика» ғылымымен және оның зерттеу саласымен танысады, айналадағы құбылыстардың физикалық табиғатын талдауға және түсінуге үйренеді. Бұл оқушының қоршаған әлем туралы білімін тереңдетуге және жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Бағдарламаның мақсаты – жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқуға деген қызығушы- лықты арттыру үшін бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасау.
    1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   367


    написать администратору сайта