Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница238 из 367
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Заттардың қасиеті

Мақсаты: бізді қоршаған әлем әртүрлі заттардан тұратындығын дәлелдеу Міндеттері:

  1. Заттың не екенін анықтау;

  2. Заттың неден тұратынын білу;

  3. Оқушылардың арасында сауалнама жүргізу (зат дегеніміз не, қандай заттарды білесіңдер?);

  4. Әр түрлі денелер әртүрлі заттардан тұратындығын дәлелдейтін тәжірибе жасау.

Зерттеу әдістері: теориялық ақпарат жинау (осы тақырып бойынша кітаптарды оқу, зат туралы интернет материалдарын зерттеу), ата-аналарынан сұрау; тәжірибе, бақылау жүргізу; осы тақырып бо- йынша сауалнама жүргізу.

    1. бөтелкені алып, олардың әрқайсысын сығып көрсету. Заттар қандай күйде болғандығын анық- тау. Заттың құрылымы туралы әңгімелеу. Тәжірибелерді көрсету.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Су. Судың (сұйықтықтың) қасиетін зерттеу

Aдaм өміpіндeгі cудың мaңызы туpaлы oйтaлқы. Су ресурстарын тиімді пайдалану, дүниежүзілік су қорының мәселесі, су айдындарының ластануы, т.б. білім беру. Cуды үнeмді пaйдaлaну қaжeттігі туpaлы әңгімeлeу. Өздepі тәжіpибe жacaп көpeді.

Судың қасиетін зерттеу. Түсі, иісі, дәмі, пішіні, мөлдірлігі. Кесте сызып, толтыру.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Судың қатуы - судың бірегей қасиеті

Мұздатылған судың пішіні мен көлемін қалай өзгертетінін қарастыру. Мұз текшелерін суға са- лып, су деңгейін және мұздың еру процесін бақылау. Қорытынды жасау.

Су ерігіш. Ерігіштікке арналған тәжірибелер. Суда тұзды, бояуды, құмды ерітіп, ерігіштігін байқау. Алынған деректерді кестеге енгізу. Қорытынды жасау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Суды сүзу арқылы тазарту. Су сүзгісін жасау.

Cудың табиғи сүзілуі қалай жүретіндігі туралы әңгімелеу. Таза суды алу жолдары туралы тәжі- рибе жасау. Сүзгі жасап көру.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Білгірлер сайысы» ойын-сабақ

Осыған дейін алған білімді қорыту үшін соған байланысты сөзжұмбақтар, жұмбақтар, ребустар шешу.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті

Табиғаттың байлығы - ауамен танысу, ауа туралы білімді кеңейту және тереңдету.

  1. Ауаның кейбір қасиеттерімен таныстыру; қарапайым байланыс орнату; қорытынды жасау.

  2. Ауаның өсімдіктер, жануарлар, адам өмірі үшін маңыздылығын көрсету.

  3. Ауаның ластануының негізгі себептері мен салдарын анықтау, оны қорғаудың маңызды шара- ларын көрсету.

  4. Ауаның қасиетін зерттеу: түсі, иісі, дәмі, формасы. Кестеге жазып-толтыру. Қорытындылау. Зерттеу әдістері: экспримент, бақылау, салыстыру, әдебиеттерді зерделеу, интернет русерстары. 10-сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: «Ауа қызған кезде не болады?» танымдық сабағы

Ауаның қасиеттері қызған кезде қалай өзгеретінін байқау. Ыстық су құйылған бөтелкеге шар кигізіп, оның көтерілгенін бақылау. Еденнің және төбенің ауа температурасын өлшеп, деректерді кес- теге жазу. Қорытынды жасау.

№ 1 тәжірибе. Ауаны анықтау. Мақсаты: Ауаның бос орын алатындығын көру. Қорытынды: ауа біздің айналамызда.

№ 2 тәжірибе. Ауаның мөлдірлігі. Мақсаты: Ауаның мөлдір екенін көрсету. Қорытынды: ауа мөлдір, өйткені ол арқылы айналадағы заттар көрінеді.

№ 3 тәжірибе. Ауаның исінің болмауы. Мақсаты: таза ауаның иісі жоқ екенін көрсету. Қоры- тынды: Таза ауа иісі жоқ.

4 тәжірибе. Ыстық ауа суық ауаға қарағанда жеңіл. Мақсаты: ыстық ауаның суық ауадан жеңіл екенін тексеру.

Қорытынды: жылытқыштың үстіндегі ауа температурасы көтеріле бастайды. Ыстық ауа көтері- ліп, қағаз спиральмен байланысып, оның бұрылымдары арасынан өтеді. Ауа спиральдің орамдарына қысым көрсетіп, оның айналуына әсер етеді.

№ 5 тәжірибе. Ауа кеңейіп, қысылады. Мақсаты: қыздырылған кезде ауа кеңейіп, салқындаған кезде қысылатындығын эмпирикалық түрде дәлелдеу.

Қорытынды: ауа молекулалар деп аталатын өте кішкентай бөлшектерден тұрады. Бөтелке ыстық суда болған кезде, жылу оның ішіндегі ауа молекулаларын бір-бірінен алыстатады. Осыған байла- нысты бөтелке ішіндегі ауа кеңейеді, доп үрленеді. Бөтелке суық суға батырылған кезде молекулалар бір-біріне жақындай бастайды, ауа қысылады, доп үрленеді. Ауаның кеңеюі және қысылуы шардың көбеюіне және мөлшерінің азаюына әкеледі.
  1. 1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   367


написать администратору сайта