Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница241 из 367
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Жас физик» ойын-сабақ

Осыған дейін алған білімдерін пысықтау, қайталау мақсатында тапсырмалар орындау. Оқушы- ларды санына қарай топқа бөлу. Команда атауын қою. Ойын 3 кезеңде өткізіледі: 1 кезең. Тапсырма орындау. Жаттығу (жұмбақтар). 2 кезең. Тәжірибені түсіндіру. 3 кезең. Ребус шешу. Сабақтың нәти- жесі: әр команда коллаж жасайды.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Ығысу. Ығысқан судың көлемінің дененің пішініне байланысы. Архимед күші Мақсаты: сұйықтыққа батырылған денеге әсер ететін ығыстыру күшінің мөлшерін зерделеу. Ар-

химед күші туралы қарапайым ақпарат беру.

Міндеттері:

  1. Архимед күшінің ашылу тарихын білу.

  2. Архимед күшінің іс-әрекеті бойынша оқу әдебиетін зерделеу.

  3. Тәуелсіз эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту.

  4. Ығыстыру күшінің мәні сұйықтықтың тығыздығына байланысты екенін дәлелдеу. Оқушы- ларға қандай денелердің көп суды ығыстыратындығына болжам жасату. Су құйылған ыдысқа кезекпен әртүрлі массадағы заттарды түсіріп, тәжірибе жасау. Әртүрлі пішіндегі заттарды суға батыру. Нәтиже- сінде ығыстырылған судың көлемі массаға байланысты емес деген қорытындыға келу. Балалар қоры- тынды жасайды, нәтижелерін дәптерге енгізеді.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Суда әр түрлі денелердің жүзуі

Неліктен судағы денелер анағұрлым жеңіл көрінеді? Су құйылған ыдысқа түрлі заттарды салып, тәжірибе жасалынады. 1 тәжірибе. Суға картофельді салып бақылау. Содан кейін суға тұз салып, кар- тофельдің судың бетіне қалқып шыққанын бақылау. Өлі теңіз туралы ақпарат беру, бейнефильм көр- сету.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Денелерді сұйықтықпен суландыру құбылысы. Мюнхгаузен құпиясы

Тамшуырды пайдаланып, парафинмен жағылған қағаз парағына су тамызып, тамшының парақ- тың бетінде қалай домалағандығын бақылау. Материалдың бөліктерін алып, қайсысы ылғалданатын- дығын, ал қайсысынан су тамшылары домалайтындығын анықтау. Құстардың қанатынан, өсімдіктер- дің жапырақтарынан да осылайша болатындығы туралы әңгімелеу. Қорытынды жасау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Атмосфера. Атмосфералық қысым

Атмосфера ұғымын түсіндіру. Оның жердің микроклиматына әсерін айту. Атмосфералық қысым туралы ақпарат беру. Қолды суламай монетаны судан қалай алуға болады?

Атмосфералық қысымның биіктікке тәуелділігі. «Барометр» аспабымен таныстыру. Ғимараттың 1 қабатында және 5 қабатында қысымды өлшеп көру. Қорытынды жасау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Дыбыс көздері

Дыбыс көздері дегеніміз не? Интернет-ресурстар арқылы дыбыс көзі туралы ақпарат беру. Дыбыс біздің өміріміздің бір бөлшегі. Біз дыбысты ойланбастан қолданамыз. «Жаратылыс-

тану» сабағынан оқушылар бұған дейін де дыбыс туралы білім алған болатын. Сол білімдерін жүйелеп, толықтыру мақсатында дыбыс туралы шағын зерттеу сабағын өткізуге болады.

Зерттеу мақсаты: дыбыс туралы алған білімдерін толықтыру, жүйелеу Зерттеу міндеттері:

  1. Түрлі дереккөздерден дыбыс туралы мәлімет жинау.

  2. Дыбыстың қалай пайда болатынын анықтау.

  3. Біздің дыбысты қалай еститіндігіміз жөнінде білу.

  4. Дыбыстың түрлерімен танысу.

  5. Дыбысқа тәжірибе жасау.

  6. Қорытындылау.

«Дыбыс қалай пайда болады?»

Мақсаты. Дыбыстың пайда болу себебін анықтау.

Тәжірибе үшін: ұзын сызғыш, созылған ішек (аспаптың ішегі сияқты сым темір).

Сызғыштың бір ұшын үстелге жабыстырып қойып, екінші ұшын тартамыз. Дыбыс шығады. Бұл уақытта сызғыш дірілдеп, шайқалады. Егер сызғышты қолмен ұстасақ, дірілі басылып, дыбыс басы- лады. Енді ішекті тартып, одан дыбыс шығару. Сосын қолды тамаққа қойып, сөйлеу. Дыбыс шығады. Яғни сызғыш, ішек, адамның тамағынан дыбыс дірілдеп шықты, сонымен қатар ауа да дірілдегендей болды. Осы ауадағы діріл арқылы адам дыбысты естиді. Қорытынды: дыбыс – дірілдеп шығып, жан- жаққа тарайды.

Әр түрлі дыбыстарға тәжірибе жасау. Металл сызғыш сызғыш арқылы дыбысты анықтау. Камер- тон құралымен таныстыру. Әр түрлі жиіліктегі дыбыстарды шығару.

Дыбыстардың пайда болу себебін анықтау. Тәжірибе үшін: жіп, стакандар (йогурттың). Стакан- ның түбін тесіп, оған жіпті өткізіп, түйіндеп, байлап қою. Яғни стакан арқылы ұзын жіп өтіп тұруы керек. Бұл тәжірибені жасау үшін екі оқушы керек. Әрқайсысы бір стаканнан алып, жіпті созып, бір- бірінен алысырақ тұрады. Бір оқушы өзіндегі стаканға дыбыстап сөйлейді, ал екіншісі өзінің стаканы арқылы сол дыбысты естиді. Қорытынды: дыбыс жіп арқылы беріледі.

Хрусталь бокалмен тәжірибе жасау. Жіптен телефон жасау. Дыбыстың қалай таралатындығы ту- ралы қорытынды жасау. «Ненің даусы?», «Бұзылған телефон», музыкалық немесе музыкалық емес ды- быстар» ойындары. Ұсыным әзірлеу: «Балалар қандай музыка таңдауы керек»
  1. 1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   367


написать администратору сайта