Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница242 из 367
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Табиғат үні» экскурсия

Табиғат үнін (дыбысын) тыңдап үйрену. Немесе «Шудың әсері» шағын зерттеу сабағын өткізу.

Мақсаты: Сыныпта әсер ететін шуды анықтау және оның оқушылардың денсаулығы мен сабақ оқу қабілетіне әсерін талдау.

  1. Шу туралы жазылған түрлі дереккөздерін зерделеу.

  2. Шудың деңгейі туралы әңгімелеу.

  3. Шудың теріс және жағымды жақтарын анықтау.

  4. Сынып кабинетіндегі шудың деңгейін анықтау.

  5. Зерттеудің нәтижесін талдап, қорытындылау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Компас

Компаспен таныстыру. Жұмыс принципін айту. Қалай пайдалану керектігін түсіндіру. Қарапа- йым компас жасау (тығындыны (пробка) суға саламыз, оған ине қойып, бұрылғанша күтеміз). Компас- тың пайда болу тарихын әңгімелеу. Ғаламтордан ақпарат жинау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Магнит. Магниттік кен. Жердің магнит өрісі

Магниттің шығу тарихымен таныстыру. «Магниттік кен» ұғымымен танысу. География кабине- тіне саяхат жасау. Минералдар жиынтығымен таныстыру. Магнит өрісінің сызықтарын бақылау. Жо- лақты магнитке қағаз парағын қойып, оған металл үгіндісін құйып, шайқау арқылы тәжірибе жасау. Жердің магнит өрісі: шығу тегі, сипаттамасы, қызметі жайлы әңгімелеу. Құстар, жәндіктер жер бетінде қалай жүреді? әңгімелеу. Магнитті күнделікті өмірде қолдану. Фиксики «Магнит» мультсериалын көру.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Электр тоғы. Статикалық электрлік

Оқушыларға электр тоғы туралы ақпарат беру. Тәжірибелер жасау. Шарды, суды, сабын көпір- шігін электрлендіру. Статикалық электр туралы ақпарат беру. Кеңсе жабдықтарын статикалық электр- ден қалай қорғауға болады? сұрағына жауап іздеу. Ойыншықтардағы электр. Балаларға арналған электр ойыншықтарын қарау. Электроконструктор құрастыру.

Тәжірибе: «Электр ғажайыптары»

Статикалық электр дегеніміз не екенін зерттеу, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін табу, күнделікті өмірде статикалық электрден қалай арылуға болатындығын анықтау.

Міндеттері:

  1. Статикалық электр энергиясын құру бойынша тәжірибелер өткізу.

  2. Статикалық электр тогының себептерін анықтау.

  3. Статикалық электрдің оң және теріс факторларын анықтау.

  4. Бұл құбылыстан күнделікті тұрмыста қалай сақтануға болады?

  5. Статикалық электр энергиясын практикалық қолдануды табу.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Жарық. Жарықтың қасиеттері. Жарықтың таралуы

Жарық туралы ақпарат беру. «Күн қояндары». Күн қоянын, жарық көзін, айнаны қалай ұстауға болады. Жарықтың тікелей таралуы. Көлеңке. Тұтылу. CD түстері. Сабын спектрі. Балалар жарық спек- трін алдымен ықшам дискілерде, содан кейін сабын пленкасында бақылайды.
  1. 1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   367


написать администратору сайта