Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница286 из 367
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім



Бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, өз ойын дәлелді түрде жеткізетін, өз ісіне сенімді, ынталы, басқа оқушылармен ынтымақтастықта жұмыс істей алатын, сыни ойлау мәде- ниеті дамыған оқушы қалыптасуын қамтиды. Сондықтан бұл элективті курста оқу материалы терең- детіледі және тақырып ауқымы кеңейтіліп, оқушылардың қызығушылығы артады. Элективті курстағы логикалық, шығармашылық, тапқырлыққа жетелейтін тапсырмалар оқушылардың ізденімпаздық, шы- ғармашылық қабілеттерін арттырады.

Элективті курста нақты тақырыптармен қатар әртүрлі математикалық диктант, фокустар, ойын- дар, ребустар, басқатырғыштар құрастыру, логикалық тапсырмалар, қызықты әзіл есептер берілген. Бұл шығармашылық тапсырмалар оқушылардың интеллектуалдық, өздігінен ізденушілік қабілеттерін дамытуға арналған.

Қалыптастырушы бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін баға- лауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прог- рессін анықтау. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәти- жені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Элективті курста да мұғалім қалыптастырушы бағалауды қолдан- ғаны дұрыс. Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушыны сенімділікке, ойшылдыққа, шығармашы- лыққа жетелейді.

Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар



«Қызықты математика» элективті курсының мазмұны оқушылардың танымдық қабілеттерін да- мытуға бағытталған:

- оқушылардың математикаға ынта-ықыластарын күшейту;

  • математикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ой дағдыларын дамыту;

  • өздігінен ізденуге, шығармашылықпен айналысуға бағыт беру;

  • ақпараттық технологияны дұрыс пайдалануға баулу; Сабақтарды ұйымдастыру түрлері:

  • білім беру платформаларындағы интерактивті сабақтар;

  • логикалық тапсырмалар;

  • ойындар, ребустар, әзіл есептер, басқатырғыштар;

  • жеке, жұптық, топтық жұмыстар;


Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:


«Қызықты математика» элективті курсының бағдарламасы бoйынша білім алған 3-сынып oқу- шысы:

  • математикалық таным дағдысы қалыптасады;

  • шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды;

  • логикалық ойлау және дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады;

  • дереккөздерді, ақпараттық технологияны тиімді пайдалануды үйренеді;

  • күнделікті өмірде есептеу дағдыларын қолдана алады.



Пайдаланған әдебиет

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж.

№604 бұйрығы).

  1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған үлгілік oқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж. №115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576).

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 Қаулысы).

  3. «2021-2022 oқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы oрта білім беретін ұйымдарында oқу прoцесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2021 ж.

  4. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мыңжасарова, Т.В.Лихобабенко Математика оқулығы, 3-сынып,

«Алматыкітап» баспасы, 2018 ж.

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагoгикалық шеберлік oр- талығы. Астана, 2015 ж.

  2. Математикадан тест жинақтары . - 2001-2009 ж.ж.

  3. Жанасбаева Ұ.Б. Логикалық және комбиноторикалық есептер. – Алматы, 2017 ж .

  4. А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. -Алматыкітап бас- пасы, 2012ж.

  5. Ұ.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. Алматы, 1997 ж.

  6. «Ойнайық та ойлайық». – Алматы,1996 ж.

  7. Қызықты математика. Алматыкітап, 1998 ж.

  8. К. Ерешева, Г.Жамалбекова. Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары. – «Өлке» баспасы. – Алматы, 2009 ж.

https://bilimsite.kz/bastaush/5431-matematikadan-3-shi-synypka-logikalyk-oylauga-arnalgan-tapsyrmalar.html 15.https://ust.kz/word/matematika_alemi_3 synyp_oqysylaryna_arnalgan_qyzyqty_oiyn_esepter_men_logikalyq

_tapsyrmalar_jinagy_jumys_dapteri_-206640.


1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   367


написать администратору сайта