Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
БАҒДАРЛАМАэлективті курс МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ(4-сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) ЖУНИСОВА ФАРИЗА ТИЛЕУБЕКОВНА№177 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Пікір жазғандар: Карсыбаева Р.К., Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, педагогика ғы- лымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Абдрахманова К.С., Ы.Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер Түсініктеме хат мазмұны«Математика» – грек тілінен аударғанда «білуге құштарлық» деген мағынаны білдіреді. Түпкі мағынасы «ғылым, білім, оқу» сөздерінен туындағандықтан математиканы әрқашан жоғары сатыға қоя аламыз. Математика – ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік пішіндері жайлы ғылым. Ма- тематика санау, есептеу, өлшеу сияқты қарапайым ұғымдардан басталып, біртіндеп күрделене түседі. Математиканың нақты ғылымдар саласында алатын орны ерекше, сондықтан да бұл пәнді – ғылым- дардың іргетасы деп бекер айтпаған. Физика, информатика, химия, тіпті биология салалары да мате- матикамен тікелей байланысты. Математика – қоршаған ортаны танып-білуге, заңдылықтарын анық- тауға мүмкіндік береді. «Математика әлемінде» элективті курсы бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, күнделікті өмірде қолдан білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның_өзектілігі.'>Бағдарламаның өзектілігі. «Математика әлемінде» элективті курсының мазмұны оқушылар- дың логикалық тұрғыда ойлау және зерделеу, дұрыс таңдау жасау және оңтайлы шешім қабылдауға негізделген. Элективті курс оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі тапсырмаларды қамтиды. Бағдарламаның мақсаты – оқушылардың ойлау жүйесінің дамуына ықпал етіп, математикалық сауаттылығын арттыру. Бағдарламаның міндеттері:алдын-ала бірнеше қадамдарды жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру; логикалық ойлау қабілеттерін шыңдай түсу; өмірлік қиын жағдаяттарда дұрыс талдау жасап, әрекет етуге үйрету; өз бетінше іздену, зерттеушілік қабілеттерін дамыту; оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу; білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана білуге қалыптастыру. 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 4-сыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат |