Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • Бaғдapлaмaның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница69 из 367
    1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   367

    БAҒДAPЛAМA ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ


    элективті куpcы

    (3-cынып oқушылapынa apнaлғaн, aптacынa 1 caғaттaн, бapлығы 34 caғaт)

    БЕКТАСОВА ГҮЛДАНА АМАНБОЛҚЫЗЫ


    М. Базарбаев атындағы 138 гимназияның бacтaуыш cынып мұғaлімі
    Пікіpжaзғaндap:Туралбаева A.Т., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгoгикaлық унивеpcитетінің

    «Бacтaуыш білім беpу бaғдapлaмaлapы» кaфедpacының аға оқытушысы, PhD, пpoфеccop Абдрашова А.К., 12 гимнaзияның бacтaуыш cынып мұғaлімі, педaгoг-шебеp


    Түcініктеме хaт


    Қазіргі әлемде экология мәселесі өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелер- дің біріне айналып отыр. Экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проб- лемаларының бірі. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған ортаға адам- заттың ықпалының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады.

    Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Ғылыми-техникалық прогресс және қоршаған ортаға антропогендік қысымның күшеюі экологиялық жағдайдың шиелені- суіне әкелді. Елімізде қоршаған ортаның жай-күйі туралы жыл сайын жарияланатын мемлекеттік есеп- тер бойынша қоршаған орта жыл сайын нашарлай түскендігін байқауға болады.

    Экологиялық проблема – бұл табиғаттың құрылымы мен жұмысының бұзылуына әкелетін та- биғи ортаның өзгеруі (антропогендік әсерлер немесе табиғи апаттар). Жаһандық проблемалар әлеумет- тік дамудың қарама-қайшылықтарынан туындайды, адамзат әрекетінің қоршаған ортаға әсер ету ау- қымы күрт артып, елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы- ның біркелкі еместігімен байланысты. Жаһандық проблемаларды шешу халықаралық ынтымақтас- тықты өрістетуді талап етеді.

    Қазіргі ғалымдар адамзат қазірдің өзінде бүкіл өркениеттің дағдарысына айналатын қатал эко- логиялық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр деп санайды. Экологиялық дағдарысты біз экология- лық жүйелердегі және адамзат қоғамының табиғатпен қарым-қатынасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы деп анықтай аламыз. Ол, атап айтқанда, адам, қоғам және мемлекет қоршаған ортаның нашарлау тен- денциясын бұза алмайтындығымен сипатталады.

    Қазіргі таңда ең маңызды жаһандық экологиялық проблемалар: қоршаған ортаның ластануы, парниктік эффект, «озон қабатының» сарқылуы, фотохимиялық тұман, қышқыл жаңбыр, топырақтың тозуы, шөлейттену, қалдықтар мәселелері, т.б.

    Соған орай Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақ- сартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (2003 ж.),

    «Қазақстан Республикасының экология кодексі» (2021 ж.) және т.б. құжаттар экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызды екендігін нақтылап берді.

    Бағдарламаның өзектілігі. Қазіргі таңда мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік деңгейде қарастырылуда. Оған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Прези- денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу бойынша берген тапсырмасына сәйкес мектептерде экология сағатын өткізу және білім беру бағдарламасына экология- лық білім беру мен тәрбиелеу мәселесі ықпалдастырылатынын айтуымызға болады. Соған орай оқу- шыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мектепалды даярлық тобынан басталып, бастауыш сы- ныптан әрі қарай жалғасын табуы керек.

    Жoғapыдa aтaлғaн мәcелелеpді еcкеpе келе, coнымен қaтap экологиялық білім беру мен тәрбие- леудің мaңызын теpең түcіне oтыpып, бacтaуыш cынып oқушылapының қоршаған ортаға қамқорлығы мен экологиялық мәдениетін қaлыптacтыpу үшін элективті курс бaғдapлaмaсының тaқыpыбын «Қор- шаған ортаға қамқорлық» деп aлдық.

    Курстың негізгі тұжырымдамасы: табиғатты дамытудың экологиялық заңдылықтарын білу және «Адам Қоғам Табиғат» жүйесі арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл курс оқушыларға қоршаған ортаға қамқорлық жасау – әр азаматтың міндеті екендігін түсіндіруге ықпал етеді. Қазіргі адамзат ұмтылатын адам мен табиғаттың үйлесімділігіне қол жеткізуге болатын- дығын, ал экологиялық заңдарды білу табиғаттың пайдасын өзіңе және болашақ ұрпаққа зиян тигізбеу үшін қажет екендігін біледі.

    Курстың идеясы: оқушыларды қарастырып отырған мәселенің маңыздылығын түсінуге, зерт- телетін материалды өз бетінше талдауға үйрету.

    Күтілетін нәтижелер:

    • зерттелетін материалды тәжірибеде қолдана білу;

    • тиісті экологиялық қорытынды жасау, өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау, пікірталасқа қа-

    тысу;

    • басқа адамдардың ұстанымдарын ескере отырып, экологиялық міндеттерді шешу кезінде

    ұжымдық әрекет ету;

    • өмір сүру үшін қолайлы табиғи ортаны сақтау үшін өзінің жеке жауапкершілігін түсіну;

    • тaбиғaтты cүюге, қopғaуғa деген aдaмгеpшілік қapым-қaтынacын қaлыптacтыpуғa жaғдaй жacaу. Oлapғa жaуaпкеpшілік пен бopыш cезімін ұғындыpу.

    Бaғдapлaмaның мaқcaты: оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, оларды табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану дағдыларымен қаруландыра отырып, табиғатқа қатысты белсенді адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.
    1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   367


    написать администратору сайта