Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница77 из 367
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Сұрақ қоя білу

«Не жөнінде сұрағанын тап», «Шығарманың кейіпкеріне сұрақ қой», «Сұрақ қою арқылы оқиға- ның себебін анықта» сияқты жаттығулар арқылы оқушыларды сұрақ қоюға үйрете отырып, өздерінің зерттеу жұмысының өзектілігін анықтау.

  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Ұғымдарға анықтама беру дағдысын қалыптастыру

«Сипаты бойынша тап», «Қиын сөздер», «Сыныптасыңа оқиғаны (жағдаятты, заттың сипатын, т.б.) түсіндіріп бер» жаттығулары арқылы ұғымдарға анықтама беру. Сөзжұмбақтар, жұмбақтар құрас- тыру.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Саралау, топтастыру дағдыларын қалыптастыру

«Артығын тап», «Несімен ерекшеленеді (ұқсайды)», «Қатарды толықтыр», «Заттарды біріктір»,

«Қатесін тап» сияқты жаттығулар арқылы оқушыларды саралауға, топтастыруға үйрету.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Бақылау жасау дағдыларын дамыту

Бақылау – әлемнің объектілері мен құбылыстарын тану үшін жүйелі, мақсатты қабылдау. Таби- ғатты зерттеудің негізгі ғылыми әдісі, оның көмегімен оқушылар күрделі оқу зерттеулеріне дайында- лады.

Бақылау. Бақылау дағдыларын дамыту. «Не жоғалды?», «Айырмашылығын тап», «Бақылау», т.б. жаттығулар жасау.

Мұғалім бақылауларды дайындау бойынша алдын-ала келесідей жұмыс жүргізуі керек:

  • бақылау мақсатын анықтау;

  • нысанды таңдау;

  • тапсырмаларды әзірлеу және олармен оқушыларды таныстыру;

  • қажетті жабдықты таңдау;

  • балаларды бақылау әдістерімен және нәтижелерді белгілеу формасымен таныстыру.

Бақылау белгілі бір мәселені шешу үшін, туындаған сұраққа жауап алу қажеттілігінен жасалуы

керек. Біз, мысалы, оқушыларға көктемде өсімдіктердің гүлденуін байқауға кеңес бере алмаймыз. Ол үшін танымдық міндеттер қою керек: «Көктемде ағаштардың гүлдену ретін анықтау. Неліктен ерте гүлдейтін ағаштардың жапырақтары пайда болғанға дейін гүлдейтінін білу. Бақылау нәтижелері жұ- мыс дәптерінде немесе «бақылау күнделігінде» жазылуы тиіс.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Тәжірибе жасау (Эксперимент)

Тәжірибе (эксперимент) (лат. Experimentum - сынақ, тәжірибе) – бақыланатын жағдайларда бел- гілі бір құбылысты зерттеу әдісі. Ол зерттелетін объектімен белсенді өзара әрекеттесуді бақылаудан ерекшеленеді. Әдетте эксперимент ғылыми зерттеу аясында жүзеге асырылады және болжамды тексе- руге, құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды орнатуға қызмет етеді.

Тәжірибе жасаудың қарапайым түрлерімен таныстыру. Ойша эксперимент жасау және нақты ны- санмен эксперимент жасау, т.б. тәжірибені топтастыру. Тәжірибені жоспарлау.

«Пікірдің (идеяның, ойдың) дұрыстығын нақтыла», «Неге ұқсайды?» жаттығуларын жасау. Пайымдау бұл бір нәрсені растайтын немесе жоққа шығаратын ойлау түрі.
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   367


написать администратору сайта