Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламаның міндеттері:өз бетінше іздену әрекеттерін, зерттеу, oйлау дағдыларын қалыптастыру; oқушыларда бақылау, эксперимент, сауалнама алу, жoба жұмысын жазу тәжірибелерінің қа- лыптасуын қамтамасыз ету; қoршаған әлемнің құбылыстарын, маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көзде- рінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгеру; проблеманы көре алу; сұрақ қоя алу; болжам жасай алу; ұғымдарға түсінік бере алу; жіктей алу; байқай алу; эксперимент жүргізе алу; қорытынды шығара алу; материалды құрастыра алу; өз идеясын дәлелдей және қорғай алу дағдыларын дамыту. «Жас зерттеуші» курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүкте- месінің көлемі:2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 2-сыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат 1-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Мен – зерттеушімін Кіріспе. «Мен – зерттеушімін» таныстырылымы арқылы курсқа кіріспе. Оқушыларды оқытыла- тын курстың мақсат-міндеттерімен таныстыру. «Зерттеу әрекеті» ұғымы. Қазіргі уақыттағы зерттеу дағдыларының маңыздылығы. I бөлім. Ойлау әрекетінің тәсілдері 2-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Проблеманы көре білу дағдысын қалыптастыру Оқушыларға ойын, теренинг арқылы тақырыпты түсіндіру. «Тақырыптың мүмкіндігінше көп белгілерін ата», «тақырыптың қанша мағынасы бар», «әлемге басқалардың көзімен қара», «тақырып бір – сюжеттер көп», «басқа кейіпкердің атынан әңгіме құрастыр». сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Болжам жасау Тренингтік жаттығулар «Не болды?», «Егер де...» Оқушылар жазатын ғылыми жоба жұмысының болжамы (гипотезасы) зерттелетін объектімен (пәнімен) тығыз байланысты болғандықтан, оны тұжырымдау алынған тақырыпқа қатысты болжам- дармен байланысты. Болжамды дұрыс құру үшін: алдымен тақырыпты анықтап алу керек, яғни зерттеу тақырыбын бекіту керек (оқушы үшін қызықты әрі зерттеу үшін болашағы бар өзекті тақырыпты таңдау); қолжетімді материалдарды (тақырып бойынша әдебиеттер, бұған дейінгі зерттеу жұмыстары және басқа да дереккөздер) зерттеу; болашақ жобаның тақырыбына қатысты барлық алдыңғы дәлелденбеген болжамдарға талдау жасау және оларды біріктіру; болжамның тексерілетінін анықтау (әйтпесе басқа жұмыс болжамын табу керек); ұсынылған болжам автордың жеке тәжірибесіне және осы тақырып бойынша бұрын алынған тұжырымдарға қайшы келетіндігін тексеру. Болжам түрлері: сипаттау (объектінің немесе процестің құрылымы туралы болжам; зерттелетін объектінің эле- менттері арасындағы байланыс нысаны туралы болжам); түсіндірме (эксперименттік тексеру талап етілетін зерттелетін объектідегі себеп-салдарлық байланыстар туралы болжам); Болжам келесі сөздермен жазылады: болжауға болады ...; егер..., содан кейін; болжамдалған...; айталық...; мүмкін...; егер ... және т. б. |