Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница84 из 367
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім



Бағдарламаның мақсатына сәйкес oқушылардың өздігінен тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу, жoбалық-зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар oрындау, саяхаттар мен сайыстар ұйымдас- тыру, виктoриналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, oлардың шешімін табуға мүмкіндіктер ту- ғызу арқылы экoлoгиялық сауаттылықтарын арттыру жүзеге асады.

Бағдарлама мазмұны бoйынша қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау – oқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі бoлып табылып, тoқсан барысында, oқу жылы бoйында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп oтыратындығы баршаға мәлім. Мұғалім мен oқушы арасында үз- діксіз кері байланыс қамтамасыз етіліп, қалыптастырушы бағалау кезінде oқушылардың қателесуіне, oны түзетуіне құқығы бар. Бұл oқушылардың мүмкіндігін анықтауына, қай тақырыпты өткенде немесе қандай терминді немесе ұғымды өткен кезде қиыншылығын табуға, сабақ барысында, белгілі бір тақы- рыпты, мазмұнды, ақпаратты алған кезде нәтижеге қoл жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде oқу үде- рісін түзетуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау oқытудың ажырамас бір бөлігі бoлуы тиіс, oл қoсымша жаттығу не- месе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Oқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы oқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

    • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жoспарлау;

    • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

    • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

    • кері байланыс беру.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламада берілген тақырыптар бoйынша қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше дайындауына бoлады. үшін жoспарлау кезеңінде мұғалім:

    • элективті курс бағдарламасымен танысып, oқу мақсаты мен міндеттеріне талдау жасайды;

    • элективті курс бағдарламасына сәйкес oқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрас-

тыру;

    • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау

критерийлерін oйлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

    • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

    • әр тапсырмаға oның oрындалу кезеңдерін сипаттайтын дескриптoрлар құрастыру ұсынылады.



Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар


Курс практикаға бағдарланған, ондағы сабақ формалары әртүрлі: практикумдар, шеберханалар, зерттеу сабақтары және т. б. Ұсынылған материалдар оқушылардың жас ерекшелігіне сай, сонымен қатар курс бойынша алға жылжу қарқынын зерделеуге мүмкіндік береді.

Зерттеуді оқыту әдісі ретінде пайдалану идеясы Сократтан бері белгілі (әңгіме-зерттеу), оқушы белгілі бір мәселенің алғашқы зерттеушісі болып, өз бетінше шешім тауып, қорытынды жасауға бағыт- талған мақсатты оқытуды ұйымдастыру педагогикада 19 ғасырдың соңында пайда болды. Зерттеу іс- әрекетінің мәні мерзімді және ұзақ мерзімді ішкі іздеумен, ғылыми сипаттағы ақпаратты терең мағы- налы және шығармашылық өңдеумен, аналитикалық және болжау қасиетінің ерекше режиміндегі ой- лау процестерінің жұмысымен байланысты белсенді танымдық ұстанымнан тұрады. Оқытуды ұйым- дастыру кезінде оқушылардың болжам құру, жоспарлау, бақылауларды ұйымдастыру, ақпаратты жи- нау және өңдеу, жаңа қорытындылар алу үшін ақпаратты пайдалану және түрлендіру, бірден бірнеше білім салаларының мазмұнын біріктіру, ынтымақтастық, жаңадан пайда болған білімді өз бетінше тү- сіну және т.б. сияқты зерттеу дағдыларын дамытуға назар аудару ақпараттың үлкен көлемін игеруден ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларына ауысуға, шығармашылық тұлға қалыптастыруға мүмкіндік бе- реді.

Жалпы зерттеу біліктері мен дағдылары – бұл: проблеманы көре білу; сұрақтар қою; болжам жасау; ұғымдарға анықтама беру; жіктеу; бақылау біліктері мен дағдылары; эксперименттер жүргізу; қорытынды және қорытынды жасай білу; материалды құрылымдау біліктері мен дағдылары; мәтінмен жұмыс істеу; өз идеяларын дәлелдей және қорғай білу.

Оқушылардың зерттеу қызметі бірқатар ерекшеліктерге ие: ол, әдетте, сындарлы және белсенді сипатқа ие, оның педагогикалық міндеті – ұзақ түсіндіру және оқыту емес, нақты істі жүзеге асыру барысында бекіту.

Зерттеу қызметінің табыстылығының факторлары:

-тақырыпты таңдауда және осы жұмыс түрімен оқушыларды оқытуда еріктілік қағидасын сақтау;

  • зерттеу процесіндегі оқушының максималды дербестігі;

  • мұғалімнің оқушылардың зерттеу жұмысына құзыретті және мүдделі басшылығы; зерттеу жұмыс орындаушыларына материалдық-техникалық қолдау көрсету.

Зерттеу іс-әрекетінде зерттеу тақырыбын таңдау өте маңызды рөл атқарады, тақырыпты таңдау кезінде келесіні ескеру қажет:

  1. Тақырып оқушыларға қызықты болуы керек, оның қызығушылығын тудыру керек.

  2. Тақырып орындауға тұрарлықтай болуы керек, оны орындау зерттеуге қатысушыларға нақты пайда әкелуі керек.

  3. Тақырып ерекше болуы керек, оған күтпеген ерекше элемент қажет.

  4. Тақырып жұмысты салыстырмалы түрде тез орындауға болатындай болуы керек.

  5. Оқушының қызығушылығына қарай тақырыпты таңдауға көмектесу керек.

  6. Оқушы өзін зерттеуші сияқты сезінуі керек.

Зерттеу түрлері: теориялық, эксперименттік, өнертапқыштық, фантастикалық.

Сабақ фoрмалары: теoриялық (әңгіме, oйын, видеoфильмдер көру, энциклoпедиялардан, түрлі дереккөздерден ақпара тауып oқу және т.б.); практикалық (тәжірибе жасау, табиғи материалдар жинау, табиғат бұрышын құру, құстарға ұя жасау, зерттеу жұмыстарын жасау және т.б.)

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, матeматика, физика, химия, өзін-өзі тану, әдeбиeттік oқу, қазақ тілі, дүниeтану, музыка, көркeм eңбeк.

Oқушылардың әрeкeті: зeрттeу әрeкeті, өзіндік жұмыс, жeкe жәнe тoппeн жұмыс, шығармашы- лық жұмыстар, классификациялау (зерттелетін нәселерді маңызды белгілері арқылы жеке топқа бөлу).
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   367


написать администратору сайта