Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница92 из 367
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Қоқысты қайда апарады?» шағын жобасы

Зерттеудің мақсаты: қоқыстар мен қалдықтарды жою, кәдеге жарату мәселесін зерделеу Міндеттері:

    • қаламызда қоқыстар мен қалдықтарды қалай жояды немесе қалай қайтадан кәдеге жарататын- дығын білу;

    • қоқысты қайда қабылдайтынын, оны қалай сұрыптау керектігін білу;

    • қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесу.

    • қалдықтарды қайта өңдеу зауыты туралы білу.

    • қалдықтардың экологиялық мәселелерімен танысу.

    • қалдықтардың шіру (бұзылу, ыдырау) мерзімдері (мысалы, банан қабығы 6 айда, қағаз 2 жыл- дан аса әйнек 1000 жыл, т.б.)

    • қалдықтарды бөлек жинаумен және қайта өңдеумен айналысатын волонтерлік ұйымдармен ын- тымақтастық.

    • алынған мәліметтерді талдау.

Зерттеу әдістері: тақырып бойынша ғылыми-танымдық әдебиеттерді зерделеу; осы мәселе бо- йынша Интернет желісіндегі материалдарды зерделеу; зерттеу; бақылау; сауалнама.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Креатив» үйірмесі

Практикалық сабақ. Тұрмыстық қалдықтардан бұйым жасау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Ермексаз жасау практикалық сабағы

Көптеген балаларға ермексаздан түрлі заттар жасау ұнайды. Бірақ ол балалар үшін қаншалықты қауіпсіз? Ермексаз неден жасалады? Сатып алған кезде ермексазды қалай таңдауға болады ? Үйде ер- мексаз жасау мүмкін бе?

Мақсаты - зиянсыз және қауіпсіз ермексаз дайындау. Орындалатын жұмыстар:

  1. Ермексаздың пайда болу тарихымен танысу.

  2. Ермексаздың құрамын, түрлерін зерттеу. Жоғары сапалы ермексазды қалай таңдауға болаты- нын анықтау.

  3. Қолдан ермексаз жасау;

  4. Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасау.

Түрлі дереккөздерді қарап, зерделеп ермексазды қолдан жасауға болады. Соның ішінде бір үл- гісін ұсынуға болады:

Керекті заттар: ұн 1 стакан, тұз ½ стакан, суық су 1 стакан, өсімдік майы 1 ас қасық, лимон согы немесе лимон қышқылы 1 ас қасық, әртүрлі түсте тағамдық бояуыштар.

Жасалуы: Үлкен ыдысқа барлық заттарды (ұннан басқасын) араластырып саламыз. Ыдысты отқа қойып, жылытамыз. Оттан алып, ұнды қосып, тұтас масса болғанға дейін араластырамыз. Ермек- саз дайын.

Сонымен қатар, қолдан ермексаз жасау үшін оны отқа қоймай-ақ жасайтын рецептісі де бар. Мысалы, кәдімгі тұзды қамыр. Ол үшін: 250 мл су, 1 стакан тұз, 2 стакан ұн, өсімдік майы керек. Осы заттармен кәдімгі нан иленеді.

Қорытынды: Қолдан жасалған ермексаз бала денсаулығына қауіпсіз әрі зияны жоқ. Қымба емес. Құрамындағы заттардың барлығын табуға болады. Сонымен қатар көп уақытты алмайды.
  1. 1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   367


написать администратору сайта