Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница88 из 367
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері

Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу келесі кезеңдерді қамтиды: диагностикалық (зерттеу тақыры- бын таңдау, мақсат пен міндеттерді анықтау); болжамдық (проблеманы, оның өзектілігі мен жаңалы- ғын анықтау); ұйымдастырушылық (ақпарат жинау, әдебиеттер тізімін құрастыру; материалды жазу, өңдеу және жүйелеу; жұмыс жоспарын құру; ғылыми-зерттеу жұмысын жазу; тұжырымдау және қо- рытындылау; мәтінді редакциялау, ықтимал сұрақтар мен оларға жауаптарды болжау; көпшілік ал- дында сөйлеу).

Оқушыларды зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерімен таныстыру:

  1. Мәселені табу, яғни нені зерттеу керек?

  2. Тақырып (оны қалай атауға болады?)

  3. Өзектілік (бұл мәселені неге зерттеу керек?)

  4. Зерттеу мақсаты (қандай нәтиже алу керек?)

  5. Болжам (гипотеза) (бұл объектіде айқын емес не?)

  6. Жаңалық (зерттеу барысында қандай жаңа нәрсе табылды?)

  7. Зерттеу міндеттері (теориялық және тәжірибелік тұрғыда не істеу керек?)

  8. Әдеби шолу (бұл мәселе бойынша бұрыннан не белгілі?)

  9. Зерттеу әдісі (қалай және нені зерттеді?)

  10. Зерттеу нәтижесі (жеке өзінің алған деректері)

  11. Қорытынды (қойылған міндетке қысқаша жауап)

  12. Ерекшелігі (алынған нәтиже тәжірибеде қандай пайда тигізеді)
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: Зерттеу тақырыбы

Зерттеудің, ғылыми зерттеу жобасының тақырыбын таңдау. Тақырыптың өзектілігін анықтау.

Зерттеу тақырыбын таңдау өте маңызды, себебі тақырып арқылы одан кейінгі жұмыстың барысы анықталады. Зерттеу жұмысының тақырыбы тым кең немесе тым тар болмауы керек. Сонымен қатар, тақырып атауындағы сөздер неғұрлым аз болса, соғұрлым мағынасы кеңірек болады (Қазақ тіліндегі

фразеологизмдер). Керісінше, - тақырыпта неғұрлым көп сөз болса, тақырып аясы тар болады (Қазақ тіліндегі бір алуан фразеологизмдердің құрылымы).

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбына қойылатын талаптар:

өзектілігі және жаңалығы (белгілі бір ғылымның қазіргі жағдайына сәйкестік); ғылымилығы (терминдерді, ұғымдарды, тұжырымдамаларды дұрыс қолдану); проблемасы (тақырып зерттеу-іздестіру сипатында болуы тиіс);

дәлдік (ғылымдағы объективті фактілерге сәйкестік); түпнұсқалық (тақырып шаблон болмауы керек).

Дәстүрлі талаптарды есте ұстаған жөн: тақырып қысқа тұжырымдалуы керек, ал оны тұжырым- дау кезінде қолданылатын ұғымдар логикалық түрде өзара байланысты болуы керек.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Зерттеу тақырыбы» практикалық жұмысы

Оқушылар өздерінің болашақ зерттеулерінің тақырыбын қойып үйренеді. Жоба жұмыстарының тақырыбын қою бойынша ізденіп, қазіргі уақыттағы өзекті мәселелерді анықтайды. Қазақ тілі, әдеби- еттік оқу, жаратылыстану, дүниетану пәндері бойынша өзекті мәселелерді қарастырады. Әр оқушы не- месе оқушылар командасы өздерінің зерттейтін тақырыбын анықтап, оны не үшін алғандығын тал- дайды, түсіндіреді.
  1. 1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   367


написать администратору сайта