Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница86 из 367
    1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    ЖАС ЗЕРТТЕУШІ


    3-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    САТЫМБАЕВА ГУЛНУР УМИРЗАКАВНА


    №173 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
    Пікіржазғандар:Жумaбaевa A.Е., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгoгикaлық унивеpcитетінің

    «Бacтaуыш білім беpу бaғдapлaмaлapы» кaфедpacының жетекшіcі, п.ғ.д., пpoфеccop

    Абдрашова А.К, 12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.


    Түсініктеме хат мазмұны


    Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың не- гізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Құзыреттілік тәсіл оқыту процесінде мектеп оқушыларының зияткерлік және зерттеу мәдениетін қалыптастыруды, баланың әлеуетті мүмкіндікте- рін өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауды болжайды.

    Қазіргі оқыту процесі білім алушылардың оқу, танымдық, жеке дамуы, құндылық бағдары мен шығармашылық саласында тәжірибе жинақтау негізінде олардың функционалдық сауаттылығын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге арналған. Осыған байланысты қолымыздағы элективті курс бағдарламасы ақпараттық қоғамда өмір сүруге және өзін-өзі анықтауға қабілетті, өзінің әлеуетті мүм- кіндіктерін, ресурстарын және таңдалған өмір жолын жүзеге асыру тәсілдерін нақты көрсететін құзы- ретті тұлғаның қалыптасуын анықтайтын оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, зияткерлік, шығармашылық және коммуникативті қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Әлемді танысам, көрсем, білсем деген адам өмірге келген күннен басталады. Үлкендердің мақ- саты – бұл тілекті сөндірмей, оған қолдау көрсету, дамыту болмақ. Танымдық іс-әрекеттің сәттілігі – уәжге (мотивация) байланысты. Сондықтан зерттеу жұмысатрымен айналысуда оқушының қызығу- шылығы маңызды болмақ. Өзінің зерттеуі арқылы әлемді тану жалпы таным процесінің ажырамас бө- лігі ретінде бағаланады. Мұғалімнің кәсіби дайындығының құрамдас бөлігінің бірі - оқушылармен зерттеу жұмыстарын сауатты ұйымдастыра білу қабілетінде.

    Ғылыми-зерттеу қызметі оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін неғұрлым толық анықтауға және дамытуға мүмкіндік береді.

    Зерттеу жұмысы оқушылардың еңбекте және қарым-қатынас жасауда әлеуметтік тәжірибесін ба- йытады, сонымен қатар ол:

      • мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша және одан тыс оқушылардың білімін тереңдетуге және өзектендіруге;

      • оқушылардың өзін-өзі дамытуына, өзіне-өзі талдау жасауына, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі бағалауға;

      • пәнаралық байланыстар туралы түсініктердін кеңейтуге;

      • негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру процесінде оқушылардың зияткер- лік шығармашылық бастамаларын дамытуғңа;

      • ғылыми ойлау тәсілін дамыту үшін алғышарттар жасауға;

      • ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруге ықпал етеді.

    Сонымен, «Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке үйрету үшін не істеу қажет?» – деген сұраққа жауап беру үшін, зерттеу жүргізуді оқушылардың тереңірек білуі үшін және соған сәйкес ти- істі дағдыларын қалыптастыру үшін элективті курс тақырыбы «Жас зерттеуші» деп алынды.

    Бағдарламаның өзектілігі. «Жас зерттеуші» элективті курсының бағдарламасы қазіргі уақытта өзекті болып отырған құзыреттілікке, тұлғаға, іс-әрекетке бағытталған тәсілдерді жүзеге асыруға мүм- кіндік береді, сонымен қатар келесі оқыту міндеттерін анықтайды:

      • оқу-зерттеу қызметінің құрылымы туралы;

      • зерттеуге қажетті ақпаратты іздеу тәсілдері туралы;

      • нәтижелерді өңдеу және оларды таныстыру тәсілдері туралы білім алу;

      • іс-әрекет тәсілдерін меңгеру: оқу-танымдық, ақпараттық-коммуникативтік, рефлексивті;

    -құндылық-мағыналық, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерді игеру. Оқушылардың ақпараттық және оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру негізінде оқу-

    шылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің екі негізгі түрі жатыр: шағын топтардағы жобалау қызметі, кі- тапхана қорындағы жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша ұсы- нымдарды зерделеу.

    Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастырушылық қызметін (әдіснамалық) қа- лыптастыруға бағытталған оқу-зерттеу қызметінің мақсаттарын түсіну қабілеті, мақсат қою және оған қол жеткізуді ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ креативті (шығармашылық) қасиеттер – шабыт; ақыл- дың икемділігі; қарама-қайшылықтарға төзімділік; болжамдылық; сыншылдық; өз пікірінің болуы; басқа адамдармен, қоршаған әлем объектілерімен және оның ақпаратымен өзара әрекеттесу қажеттілі- гіне байланысты коммуникативті қасиеттерді дамыту; топта және ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған.

    Бағдарламаның өзектілігі оның әдіснамалық маңыздылығымен де байланысты, сондықтан оқу- зерттеу қызметін ұйымдастыруға қажетті білім мен дағдылар болашақта бейінді мектепте оқу-зерттеу жобаларын іске асыру үшін, сондай-ақ жоғары оқу орындарында, колледждерде, техникумдарда оқу кезінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру үшін негіз болады.

    Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш сынып oқушыларының әлемнің жаратылыстану көрінісін танымдық, тұлғалық, кoммуникативтік әм- бебап oқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

    Ұсынылған материалдар оқушылардың жас ерекшелігін, олардың қызығушылығын ескере оты- рып берілді.

    Бағдарламаның мақсаты бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетіне қажетті білім, білік, дағдыларын дамыту және қoршаған әлемнің құбылыстарын, маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгерту.
    1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   367


    написать администратору сайта