Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница82 из 367
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   367

сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Кірпі арқасына алма салып алып, қайда барады?» танымдық-зерттеу сабағы Көбінесе балалар мультфильмдерден, ертегілерден, өлеңдерден, ойындардан, балалар әндерде

және т.б. арқасына алма салып алған кірпіні байқайды. Неліктен олай деген сұрақ туындайды? және бұл сұраққа жауап табу балалар үшін қызықты болуы мүмкін.

Зерттеу міндеттері:

-сыныптағы балалардан сауалнама алу (сұрау);

  • кірпі туралы әдебиеттерден, түрлі дереккөздерден ақпарат жинау;

  • кірпі туралы мультфильм не танымдық фильм көру;

  • кірпінің тіршілігімен танысу;

  • кірпі шынымен де алмамен қоректене ме және қысқа қорек ретінде алма жинай ма сұрағына жауап іздеу үшін қоректенуі, қысқа қор жинауымен танысу;

  • қорытынды ретінде презентация дайындау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Тіс пастасының тістің беріктігіне әсері бар ма?» танымдық зерттеу сабағы Мақсаты: тіс пастасының тістің беріктігіне әсерін зерттеу

Міндеттері:

-тіс пастасы компоненттерінің жасалу тарихын, құрамы мен әсерін зерттеу;

  • сауалнама және эксперимент жүргізу;

  • тісті дұрыс күту бойынша жадынама жасау.

Зерттеу әдістері: тиісті әдебиетті оқу, интернет желісінде қажетті ақпарат іздеу; сауалнама; * эк- сперимент; практикалық: тіс күтімі туралы жадынама мен ұсынылған тіс пасталарының тізімін жасау.
  1. сабақ (1 сағат)


Тақырыбы: «Түрлі-түсті бор жасау» практикалық зерттеу сабағы

Бордың түрлі-түсті болатынын барлық балалар біледі. Оны қалай жасайтындығы туралы зерттеу оқушыларға қызықты болады. Неліктен олар түрлі-түсті және оны қалай жасайды? Ол қалай пайда болған? Құрамы қандай? сұрақтарына жауап іздеу.

Мақсаты: қолдан түрлі түсті бор жасау арқылы оның құрамын зерттеу. Міндеттері:

-бордың шығу тарихымен танысу;

  • борды әзірлеу технологиясымен танысу;

  • бордың құрамын зерделеу;

  • бордың адам денсаулығына әсерін анықтау;

  • қолдан түрлі-түсті бор жасау;

  • зерттеу қорытындысын шығару.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерді қарау; тәжірибе жасау; алған нәтижеге талдау жасау. Тәжірибе. Қолдан түрлі түсті бор жасау.

Қажетті заттар: гипс; гуашь бояу; балауыз қағаз (немесе қағазға балауыз жақса болады), борды құятын қалып (ыдыс, форма) ретінде мұзға арналған пластикалық ыдыстарды немесе дәретхана қағазының картонын алуға болады; изолента немесе скотч (трубканың түбін жабу үшін).

Ыдысты дайындап, 2 ас қасық ыдысқа бояуды құйып, 2/1 стакан гипс қосып, мұқият араластырып, 1-2 тамшы ыдыс жуатын сұйықтық қосып, формаларға құяды. Құрғақ жерге қойып, кепкенше күтеді.

Осылайша тәжірибе жасау арқылы басқаша да әзірлеуге болады.
  1. 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   367


написать администратору сайта