Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Кәмпит пайдалы ма, зиян ба?» зерттеу сабағы. Мақсаты: Кәмпиттің адам ағзасына пайдасы мен зиянын анықтау. Міндеттері: Түрлі дереккөздер арқылы кәмпиттердің пайда болу тарихымен танысу. Кәмпиттер қалай пайда болды? Қандай кәмпиттер болады? Кәмпиттің құрамын зерделеу. 3. Кәмпиттің пайдасы мен зиянын анықтау. Зерттеу нысаны: түрлі өндірушілердің кәмпиттері Соңында белгілі бір қорытындыға келіп, «Практикалық кеңес» постерін әзірлеу. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Слайм – менің сүйікті ойыншығым» қолдан слайм жасау Мақсаты: қолдан слайм жасап үйрену арқылы бала денсаулығына оның зияны мен пайдасын анықтау Міндеттері: -слаймның пайда болу тарихымен танысу; слаймның не екендігін білу; слаймның түрлерімен танысу; слаймның құрамын зерделеу; слаймның бала денсаулығына пайдасы мен зиянын анықтау; қолдан слайм жасап үйрену; жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасау. Зерттеу әдістері: әдебиеттерді және басқа да дереккөздерді зерделеу; эксперимент; жаңа өнім жасау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Кішкентай үрмебұршақ дәнінің өсімдікке айналуы» шағын жобалық сабағы Зерттеу мақсаты: үй жағдайында үрмебұршақ өсіру үшін қандай жағдай қажет екендігін анықтау, үрмебұршақтың өсуін және дамуын бақылау. Зерттеу әдістері: ақпарат жинау, бақылапу, сауалнама, тәжірибе. Міндеттері: үрмебұршақтың шығу тарихымен танысу; үрмебұршақтың түрлерімен танысу; үрмебұршақтың адам организміне пайдасы мен зиянын тексеру; тәжірибе жасау арқылы үй жағдайында үрмебұршақ өсіру; қорытындылау; жиналған материалдарды зерделеп, постер немесе, т.б. жасау. №1 тәжірибе. 3 стакан алып, әрқайсысына үрмебұршақтың бірнеше дәнін (тұқымын) саламыз. № 1 стаканды сол күйінше қалдырамыз; № 2 стаканға толтырып су құямыз (яғни ауа кірмеу үшін); № 3 стаканға тұқым батып тұратындай ғана су құямыз. Нәтижесін тексереміз. № 1 стакан – еш өзгеріссіз сол күйінде қалды; № 2 стакан – дән ісінгенімен көктеп шықпады; № 3 стакан – дән көктеп шыға бастады. Қорытынды: дән көктеп шығуы үшін ауа мен су керек. № 2 тәжірибе. Ылғал мен ауадан басқа өсімдіктердің өсуіне температура жағдайлары әсер етеді. Бұған көз жеткізу оңай. Тұқымның өнуіне температуралық жағдайдың қажеттілігін дәлелдеу үшін ке- лесі тәжірибе жасалады. 2 стакан аламыз, оған топырақ толтырып, үрмебұршақ өнген тұқымды отыр- ғызамыз да су құямыз. Біз № 1 стаканды бөлмеде қалдырамыз (t=23-25). № 2 стаканды тоңазытқышқа қоямыз (t=3-5). Нәтижесін тексереміз. № 1 стакан – үрмебұршақ өсіп шықты; № 2 стакан – еш өзгеріссіз қалды; Қорытынды: дән көктеп шығуы үшін жылу керек. № 3 тәжірибе. Өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін жарық қажет. Бұған тәжірибеде көз жеткізуге болады. Ол үшін үшінші стаканды алып, оны топырақпен толтырамыз да бұршақ тұқымын отырғызып, су құямыз. № 1 стақан дайын және бөлмедегі терезенің алдында тұр. № 3 стаканды қараңғы жерге қойып, яғни жарыққа қол жеткізбейміз. Нәтижені қараймыз: № 1 стаканда бұршақ өсіп шықты, түсі – нәзік жасыл. № 3 стакандағы өсімдік бозғылт түсті болып, жарық іздеп, ұзынша боп, созылып өседі. Қараңғы жерде тұқым өніп шығуы мүмкін, біраақ өсімдіктің дұрыс өсу үшін жарық қажет. |