Анемия мәнжазба. Анемия а немия
Скачать 1.43 Mb.
|
Анемия А немия – қанда оттегіні ағзаларға негізгі жеткізушілер - сау қызыл қан жасушаларының тапшылығы болғанда дамитын ауру. Егер қанның қызыл жасушаларында гемоглобиннің мөлшері төмендесе, организм темірдің мөлшерін жеткіліксіз алады. Анемияның симптомдары, мысалы, шаршау оттегінің организмге жеткіліксіз түсуінен пайда болады. Анемия – қанның кең таралған дерті. Әйелдер және созылмалы ауруға шалдыққан адамдар осы дертке бейім келеді. Келесі факторларды есте ұстау қажет: Анемияның кейбір түрлері тұқым қуалайды, сәбилер туғаннан зардап шегуі мүмкін. Бала өрбіту жасындағы әйелдер анемияның темір тапшылықты аталатын түріне бейім, бұл етеккір кезінде қан жоғалтумен және жүктілік кезінде қан көлеміне қажеттіліктің артуына байланысты. Егде жастағы адамдар да анемияның даму қаупіне бейім, төмен калориялы емдәм және басқа аурулардың болуына байланысты. Анемияның түрі көп. Олардың бәрінің себебі мен емдеу тәсілі бойынша айырмашылығы бар. Темір тапшылықты анемия - аса кең таралған түрі, темір құрамдас қоспалар мен емдәмді түзету арқылы жақсы емделеді. Анемияның кейбір түрі, мысалы, жүктілік кезіндегі – табиғи саналады. Алайда, анемияның кейбір түрлері адамның өмір бойы денсаулығына мәселелер әкелуі мүмкін. Анемияның себебі неде? Анемияның 400 астам түрі бар, оларды үш санатқа жіктеуге болады: Қан жоғалтудан болатын анемия. Қызыл қан жасушалар санының азаюынан немесе түзілу механизмінің бұзылуынан туындайтын анемия. Қызыл қан жасушаларының бұзылуынан болатын анемия. Қан жоғалтудан болатын анемия. Қызыл қан жасушалары ұзақ уақыт бойы баяу созылған, байқалмаған қан кетуі салдарынан жоғатылуы мүмкін. Мұндай созылмалы қан кетулер әдетте, асқазан ішек жолдарының дертінің нәтижесінде болады, мысалы, ойық жаралар, геморрой, гастрит (асқазанның сілемей қабатының қабынуы) және қатерлі ісік. Созылмалы қан кетулер сондай-ақ, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік препараттарды (НПВП) қолданудан болуы мүмкін, мысалы, аспиринді. Етеккір және босану әйелдерде қанды едәуір жоғалтуға апарады, әсіресе, етеккірдің мол болуында және көп ұрықты жүктілікте. Қызыл қан жасушалар санының азаюынан немесе түзілу механизмінің бұзылуынан туындайтын анемия. Орақ тәрізді жасушалы анемияда қызыл қан жасушалары орақ тәрізді пішінді болады, (осыдан атауы, ”орақ тәрізді жасушалы”) генетикалық ауқау салдарынан. Олар тез жарылып-жойылады, сондықтан, оттегі ағзаларға жеткізілмейді, бұл анемияға апарады. Орақ тәрізді қызыл қан жасушалары ұсақ қантамырларында тіреліп қалуы да мүмкін, бұл ауырсынуды туындатады. Түзілетін қызыл қан жасушалар санының азаюынан туындайтын ан-емия. Темір тапшылықты анемия организмдегі органикалық емес темірдің жетіспеуі салдарынан дамиды. сүйек кемігі (сүйектің орталық бөілігі) оттегіні ағзаларға тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының құрамбөлігі – гемоглобинді өндіру үшін қажет. Темірдің мөлшері сәйкес болмағанда, организм қызыл қан жасушалары үшін гемоглобинді жеткілікті мөлшерде өндіре алмайды. Нәтижесі - темір тапшылықты анемия.Темірге жұтаң емдәм темір тапшылықты анемияның себебі болады, әсіресе, сәбилерде, балаларда, жасөспірімдер мен өсімдік тектес емдәм ұстанатындарда. Жүктілік және бала емізу кезеңіндегі метаболизм қажеттілігі, етеккір де әйел организміндегі темірдің қорын тауысады. Жиі қан тапсыру, ауыр дене жүктемесі организмдегі темірдің қорын тауысуы мүмкін. Кейбір адамдар тағаммен темірдің мөлшерін жеткілікті тұтынады, алайда, асқазан-ішек жолдарындағы дерттік өзгерістердің салдарынан ол сіңірілмейді, мысалы, Крон ауруы, немесе асқазанның , аш ішектің бөлігі хиургиялық түрде жойылған болса. Кейбір препараттар, тамақ пен кофеин құрамдас сусын да темірдің сіңу үрдісіне әсер етуі мүмкін. B-12 дәрумені және фолий қышқылының жетіспеуінен болатын анемия (мегалобластық анемия) – анемияның бір түрі, себебі, организмдегі В12 дәруменінің тапшылығы. Қызыл қан жасушаларын түзу үшін организмге В12 дәрумені және фолий қышқылы қажет, егер олардың бірі немесе екеуі де организмде жетіспейтін болса, мегалобластық анемия дамиды. Кейде организмде В12 дәрумені тағамнан сорылмайды, бұл пернициоздық анемия аталатын жағдайға апарады. В12 дәруменінің жеткіліксіз сіңуі Крон ауруының, ішектің паразитарлық инфекциясының, асқазан мен ішектің бөлігінің хирургиялық жойылуының, АИТВ (ВИЧ) - инфекцияның салдары болуы мүмкін. Етті аз жейтін немесе мүлде жемейтін, қатаң өсімдік тектес емдәмді ұстанатындар тамақпен В12 дәруменін жеткілік-ті мөлшерде алмайды. Фолий қышқылының тапшылығы құрамында фолий қышқылының мөлшері аз тағамды тұтыну салдарынан дамиды, мысалы, фолий қышқылының мөлшері аз көкөністерді немесе олардың термиялық өңделуі салдарынан. Белгілі бір препараттарды қабылдау кезінде немесе алкогольді шамадан артық тұтынуда, организмге фолий қышқылының қосымша мөлшері қажет болса (мысалы, жүктілік кезінде) тапшылық дамуы мүмкін. Екі ішек ауруы - тропикалық афталар мен глютенге сезімталдық энтеропатия (целиакия) – организмде В12 дәруменінің және фолий қышқылының тапшылығына апаруы мүмкін. Жүктіліктің ерте кезінде организмде фолий қышқылының жеткілікті мөлшері ұрықта жүйке түтігінің омыртқаның жырығы секілді ақауының дамуының алдын алады. Сүйек кемігінің қызметіне ж/е діңгекті жасушаларға байланысты пайда болатын анемия. Кейде организм сүйек кемігіндегі «діңгекті жасушалар» аталатын қарапайым жасушаларға (олар кейіннен қызыл жасушаларға дамиды) байланысты қызыл қан жаушаларының жеткілікті мөлшерін өндіре алмайды. Бұл қажетті жасушалардың мөлшері оларда ақау пайда болса немесе метастаздық қатерлі ісік жасушаларымен алмасуынан азаюы мүмкін. Aпластикалық анемия – діңгкекті жасушалар санының едәуір азаюында немесе олардың болмауында пайда болатын күрделі ауру. Апластикалық анемия тұқым қуалауы мүмкін, себепсіз немесе сүйек кемігінің дәрілік препараттармен, радиациямен, химиотерапиямен немесе инфекциямен зақымдануынан дамуы мүмкін. Талассемия – анемияның тұқым қуалайтын түрі, бұл кезде қан жасушала-рының дұрыс қалыптасуы және өсуі мүмкін болмайды. Талассемия – Жерорта теңізінің, Африканың, Орта және Оңтүстік Азияның өңірлерінен шыққан адамдарға тән келетін, тұқым қуалайтын дерттік жағдай. Бұл жағдайдың ауырлығы орташадан өмірге қатерліге дейін болуы мүмкін; аса ауыр түрі – Кули анемиясы аталады. Қорғасын сүйектің кемігіне уытты, онымен жанасу анемияның дамуына апаруы мүмкін. Қорғасынмен улану ересектерде жұмыста және балаларда, болған чипсілерді жегенде орын алуы мүмкін. Керамикалық ыдыстардың әйнекейі дұрыс болмауы да тамақты қорғасынмен улауы мүмкін. Басқа дерттік жағдайларға қосарланатын анемия. Бүйрек ауруы дамыса және гипотиреоидизмде организм қанның қызыл жасушаларының түзілу үрдісіне қажетті сәйкес гормондарды өндірмейді. Басқа созылмалы аурулар – аутоиммундық бұзылыстар, мысалы, қызылжегі немесе ревматоидты артрит, қатерлі ісік немесе инфекциялар да түзілетін қанның қызыл жасушаларының санын азайтуы мүмкін. Қанның қызыл жасушаларының мезгілінен бұрын бұзылуынан туындай-тын анемия. Қанның қызыл жасушалары сынғыш және айналым жүйесін-дегі әдеттегі жүктемелерге шыдай алмаса, олар мезгілінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл гемолитикалық анемияны туындатады. Гемолитикалық анемия адамда туа бітуі немесе кейін дамуы мүмкін. Бірқатар дерттік жағдайлар, мысалы, орақ тәрізді жасушалы анемия, қанның қызыл жасушаларының осы ақауларына апаруы мүмкін. Түзілетін жасушалардың санын азайтатын тұқым қуалайтын кейбір аурулар, мысалы, талассемия да сынғыш жасуша-лардың түзілуіне ықпал етеді. Гемолитикалық анемия кенеттен немесе инфекциялар, дәрілік препарат-тар, жыланның немесе бүйеннің уыты, немесе тағамның белгілі бір түрлері секілді күйзелісті факторлардан дамуы мүмкін. Бауыр мен бүйрек аурула-рының дамыған түрінде де қанның қызыл жасушаларының тіршілігі қыс-қаруы мүмкін. Иммундық жүйе кейде қызыл жасушаларды бөгде ретінде қабылдап, қате шабуылға алады, бұл анемияға апарады. Жүкті әйелдің иммундық жүйесі ұрық қанының қызыл жасушаларына қатысты теріс ықпалды болса, балада анемияның телімді түрі – сәбилердің гемолитикалық ауруы дамиды. Тамырларды алмастыру, жүрек клапандарын протездеу, жаңа ісіктер, ауыр дәрежелі күйіктер, химиялық заттектердің әсері, ауыр дәрежелі гипертензия, қан ұюының бұзылысы қанның қалыпты қызыл жасушала-рының зақымдануына апаруы және оларды жеңіл бұзылатын етуі мүмкін. Сирек жағдайларда ұлғайған көк бауыр қанның қызыл жасушаларының тежеуі мүмкін және олар айналым ағымына түскенге дейін бұзуы мүмкін. С имптомдары қандай? Анемияның симптомдары оның түріне, себебіне және денсаулықтың жағдайына байланысты әр түрлі. Анемия басқа дерттік жағдайлармен байланысты болуы мүмкін, мысалы, қан кетуі, ойық жаралар, етеккір мәселесі, немесе қатерлі ісік – алдымен осы ауруларға тән симптомдар байқалады. Организмнің анемияның симптомдарын ерте сатысында жоятын ерекше қабілеті бар. Егер анемияның ауырлығы орта дәрежелі болса, немесе ұзақ уақыт бойы дамыса, оның симптомдарын байқамауыңыз мүмкін. Анемияның көптеген түрлеріне жалпы тән болатындар: тез шаршау және жұмыс қабілетін жоғалту. жүректің әдеттегі емес жиі соғуы, әсіресе, дене жүктемесінде. тыныс алудың қысқаруы және бас ауыруы, әсіресе, дене жүктемесінде. зейінді шоғырландыру мәселелері бас айналуы терінің солғындығы аяқтың құрысуы ұйқысыздық. Диагностикасы Анемияның диагностикасы қан анализіне негізделеді. Жалпы анализде гемо-глобин мен эритроциттердің мөлшерін, ретикулоциттердің пайыздық құрамын, ал биохимиялық қан анализінде - темірдің деңгейі анықталады. Зертханалық диагностика нәтижерінен бөлек, анемияның негізгі себебін анықтау үшін, науқасқа тағы да зерттеулер тізімі тағайындайды. Емі Егер бұзылыстың себебі анықталмаса, гемоглобинді тұрақты көтеру мүмкін емес. Сондықтан да ем анемияның бірінші себебіне байланысты тағайындалады. Жалпы қаназдықтың кешенді емі төрт бөлімнен тұрады: түріне және даму механизміне байланысты анемияның емі; диетотерапия; витаминді - минералды кешендерді ішу; анемияны туындатқан біріншілік ауруларды емдеу. Темір тапшылықты анемия кезінде темір препараттарын курстық қабылдау тағайындалады. Фолий қышқылының және В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен туындаған анемия кезінде, оларды арнайы дәрілермен толтыруды қажет етеді. Апластикалық анемия кезінде гормондармен, иммуномодуляторлармен емдеу қажет болады, ал ауыр жағдайларда сүйек кемігінің трансплантациясы жүргізіледі. Ағзадағы темір деңгейін арттыруға етті жеткілікті тұтыну, еттен дайындалған сорпа, малдың бауыры, анар, алма, жаңғақ, жасыл көкеністер, теңіз орамжапырағы, бал болатын диета көмектеседі. Тәттілерді, пеште пісірілген өнімдерді, кофеині болатын сусындарды, майларды, сүтті шектеу қажет. Анемияның кешенді еміне қасиеттері бойынша теңдесіз емдік –профилактикалық өнім Ламифарэнді қосу қажет. Оның құрамында тек қанның көрсеткішін жақсартатын ғана емес, соған қоса анемияның алғашқы себебін жоюды қамтамасыз ететін тек табиғи өнімдер болады. Ламифарэн Ламифарэн – дайындау негізінде қиыршығыстық ангустат ламинариясын пайдаланатын, құрамында альгинат болатын, гель құрылымды дәрумендер кешені. Ламифарэн көптеген ауруларда көмектеседі, анемия кезінде кешенді пайдалану мүмкіндік береді: Қан түзуге қатысатын В12, фолий қышқылының, йодтың, темірдің және басқа да микроэлементтердің құрамын арттырады; Ағзадан шлактарды, токсикалық байланыстарды, ауыр металл тұздарын шығарады; АІЖ шырышты қабығының регенрация процессін күшейтеді, анемияның жиі себебі болатын ауруларда- ойық жаралы ауруларда, гастриттерде, геморройда, бауыр дисфункцияларында ас қорыту жүйесінің қызметін қалпына келтіреді; Зат алмасу процессін реттейді; Ағзаның жалпы қарсы тұру күшін арттырады; Жалпы жағдайды тез жақсартады; Зәр шығару жүйесінің қызметін реттейді. Анемия пиелонефриттің және басқа да бүйрек ауруларының салдары болуы мүмкін. Ламифарэнді курс бойынша ішу зәр шығару мүшелерінің қызметін реттейді; Анемияны жоюға бағытталған емдік препараттардың әсерін күшейтеді. Ламифарэннің тәжірибе жүзінде ешбір қарсы көрсетілімі жоқ, жақсы тасымалданады, тәбетті арттырады және негізгі қоректік заттардың сіңірілуін жақсартады. Емдік-профилактикалық өнімді анемия кезінде ішу қысқа мерзімде қанның қалыпты жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі. Ұсынымдар Ламифарэнді анемияны емдеу процессі кезінде профилактикалық өнім ретінде ішуге болады. Кешенді ішу әсіресе, анемияның негізгі себебі болуы мүмкін жағдайлары немесе аурулары бар адамдарға қажет болып табылады. Бұл яғни, АІЖ мүшелерінің аурулары, глисттік инвазиялар, иммунтапшылықты жағдайлар, гиповитаминоз, гипертензия жағдайлары. Темекі шегетін, спирттік сусындар ішетін, ауыр физикалық еңбекпен айналысатын адамдарға, Ламифарэнді курс бойынша ішуді ұсынады. Әйелдерге дәрумендер кешені көп мөлшердегі менструация және климакс-тық кезеңдерде қажет болады. Өнімнің табиғи құрамы операциядан, жарақаттардан, күюлерден, ауыр инфекциондық аурулардан кейінгі қайта қалпына келу уақытында пайдалы болып табылады. Ламифарэн өнімін ішу ағзаның сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді, көптеген аурулардың дамуының алдын алады және кез-келген жаста өзін керемет сезінуге мүмкіндік береді. |