воп экзамен сұрак. Анытамасы
Скачать 224 Kb.
|
81.Беткей орналасқан ісіктер кезінде (липома, папиллома, фиброма, гемангиома) жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Тері асты щелмай клетчаткасында жиі орналасады,бірақ сонымен қатар іш қуысы және одан тыс аймақтардағы мүшелерді қоршап жататын клетчаткада да кездеседі.Липома жеке және көп (липоматоз) болуы мүмкін. Липоманын өсімі адамның салмағына қатысты емес. Оның өсу темпі әртүрлі – баяулатып өсуден жедел түрде тез өсуге дейін барады. Көбінесе, 30 – 50 жас аралығында,әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда жиі кездеседі. Мөлшері жиі 4 см-ге дейін,одан үлкендері де кездеседі. Консистенциясы жұмсақ эластикалық, қозғалмалы, капсуласы болған жағдайда анық шектелген, ауырсынусыз. Емі тек қана хирургиялық. Ісіктің өсуі және косметикалық дефект операцияға көрсеткіш болып табылады. Егер ісіктің мөлшері кішкентай және орналасуы қолжетімді болса оперативті емді жергілікті инфильтрационды анестезиямен амбулаторлық жағдайда жасайды. Ал ісіктің мөлшері үлкен және күрделі анатомиялық аймақтарда (мойын,қолтықасты шұңқыр) орналасқан болса госпитализацияны және стационарлық жағдайда оперативті араласуды қажет етеді. Папиллома – тері және шырышты қабаттардың вирустық этиологиялы қатерсіз ісіктәрізді түзілісі.Тар негізінде емізік тәрізді (аяғында), жұмсақ немесе тығыз консистенциялы, ашық, қою қоңыр түсті. Папилломалардың теріде орналасуы косметикалық дефект тудырады, көмейде орналасуы – тыныс алу, сөйлеу бұзылысына, ішкі мүшелердің шырышты қабатында орналасуы – жаралануға, қан кетуге әкеледі. Рецидив болуы мүмкін. Папилломаны электрокоагуляция, криодеструкция, хирургиялық, радиотолқындық, лазерлік әсерлесу әдістері арқылы жояды. Гемангиома –бұл тамырлық тіннің клеткаларынан тұратын қатерсіз ісік.Әдетте бұл ауру бірнеше айлық балаларда және жаңа туған нәрестелерде анықталады.Оларда бұл түзілістер ауқымды мөлшерлерге дейін тез дамиды және де айқын косметикалық дефект тудырады. Ересек адамдарда гемангиома сирек дамиды. Гемангиоманың жиі орналасатын жерлері кеуде, мойын,бет болып табылады.Басқа жағдайларда ауру шелмай клетчаткасын,сүйек тінін зақымдайды.Емі хирургиялық. Диагностика Шағымдары, анамнез. Диагностика обьективті қарау және пальпацияға негізделеді. Пальпация кезінде ісіктің мөлшерін, консистенциясын (тығыз, жұмсақ эластикалық, бұдыр),капсуласының бар жоғын,терімен және басқа тіндермен байланысын,қозғалысын, регионарлы лимфа тіндерінің үлкеюін анықтау керек.Диагностикада рентгенологиялық зерттеу, УДЗ,кейбір жағдайларда цитологиялық зерттеуге биопсия әдісімен материал алу. Ісікті алған жағдайда міндетті түрде гистологиялық зерттеу. Емі Жалпы емдеу принципы– это иссечения в пределах здоровых тканейсау тіндерге дейін капсуласымен бірге кесу,фасция аралық қуыстарға еніп жатқан түбірлерін жою. 82.Меланома. Этиология. Клиника. Жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Меланома – қалыпты жағдайда теріде орналасатын және күннің ултракүлгін сәулесі әсерінен бояғыш пигмент меланин бөлетін мелноциттердің шектен тыс бөлінуінен туындайтын қатерлі ісік. «Меланома» терминің гректің “melanos” қара, қоңыр деген мағына білдіреді. Өте жиі пигментсіз варианттары кездеседі. Көп жағдайда ісік теріде болады, ауыздың кілегей қабатында, әйелдің жыныс мүшелерінде, асқазан-ішек жолында, көз алмасында болуы мүмкін. Меланоманың негізгі клникалық формалары беткей таралушы, түйінді, қатерлі-летиго меланома, аккһралды мелнома болып табылады. Ісік өзгермеген теріде, пигментті невустада бірдей дамиды. Терінің ашық және жабық аймағында, жиі әйелдерде аяғында және ер адамдарда арқасында орналасуы мүмкін. Дұрыс емес конфигурациялы, тегістеу контурлы, регрессиия және түссіздену ошақтарымен, өрнек түсті, бетінде кератоз бар табақша болып табылады. Орташа бірнеше жылдан соң түйінге айналады, бұл горизонталды өсудің вертикалдыға ауысқаның білдіреді. Меланома дененің кез-келген жерінде дамуы мүмкін, әйелдер жиі тобықта, ер адамда арқада дамиды. Қарт кісілерде бетінде көп кездеседі. Тері меланомасын дамытуға дамытуға бейімдейтін факторалр мен қауіп топтары. Меланома даму қаупі жоғары топтарға: ақ терілі, жирен шаштылар, көк, қоңыр, жасыл көзділер, көп уақыт күн астында болатындар, терісі күйгендер, жақын туыстары меланомамен ауырғандар. Терінің пигментті невусының жарақатынан соң меланоманың дамуы кездеседі. Меланома қалдың кездейсоқ немесе қасақана жарақатынан соңда дамиды. Жарқат алу байқалмай созымалы өтуі мумкін. Негізінен мелнома терідегі тегіс немесе түйінді аурысынусыз құрылым. Түсі әртүрлі: қара-көк, қоңыр немесе қызғылт. Кейде ісік көп реңді болып келеді. Өрнектелмеген түрлері жағымдырақ өтеді. Түйінді түрлері өрнектелгенде метастаз беру қаупі жоғары. Меланоманы ерте анықтаудың тиімді әдісі теріні ретті түре қарап тұру. Қалдың ауысқаны туралы мағлұмат беретін өзіндік «меланома әліппесі» бар, ол латынның 4 әрпімен белігіленеді. А (asymmetry) – ассиметриялығы B (borderirregularity) – қалдың шеттері тегіс емес C (color) – әр бөлігінің түсі біртекті еместілігі D (diameter) – қалдың диаметрі 6 см артық. Сонымен қатар түсін және формасын ауыстырып тұрған қалдар өзгермеген қалдарға 4 есежиірек меланома болып табылатын болған соң 5 ші әріп қосылды. E (evolving) – қалдың кез-келген сыртқы өзгерістері, жиі кездесетіндері : түсі өзгеруі, невус аймағында тері түсінің бұзылуы немесе болмауы, лакты беткей және қабыршақтану, қал маңында қабыну ареолосының пайда болуы, шеткері конфигурациясының бұзылуы, невус көлемінің ұлғайып және тығыздалуы, қыщыну, қалдың солқылдауы, сызаттың, қан кетудің пайда болуы, қалдың жоғалып кетуі. Өте құнды қосымша ақпаратты жаңа түзілісті 10-40 есе үлкетйіп қарауға мүмкіндік беретін дерматоскопиялық зерттеу береді. Меланоманы ерте анықтау және профилактика. Мелнома даму қаупін төмендету. Теріні ретті түре қарап тұру. Әсіресе жаздың басы мен аяғында қалды қарау. Күмән туса дәрігер қаралу. Күн, ультракүогін, жасанды сәулелермен қатынасты төмеднтеу. Сағат 10 мен 15 аралығында күн астында болмау. Себебі осы уақытта күйік алу қаупі жоғары және күннен қорғайтын жағнды әсері болмайды. Жағындылар күюден қорғайды, бірақ мелонома даму қаупін төмендетпейді. Күннен қорғатайтын заттарсыз 30-40 мин астам болмау. Қорғанудың қарапайым әдісі денеміздегі киім, бас киімдер болып табылады. Тері меланомасының диагностикасы Тері меланомасының диагнозы алынған ісікті морфологиялық зерттеу әдістерінің мәліметтеріне сүйенеді. Ісіктіңбетінде бұдырлық болса цитологиялық әдіспен зерттеп, отаға дейін диагнозды нақтылауға көмек береді. Жергілікті лимфа түйіні УДЗ арқылы пункцияланып, жерегілікті таралуы жайлы мағлұмат береді. Егерде жүргізілген зерттеулерге қарамастан диагноз нақтыланбаса, жедел интраоперациялық гистологиямен, эксцизионды биопсия арқылы нақтыланады. Эксцизионды биопсиямен диагноз расталса радикалды хирургиялық араласу болады. Жалпы клиникалық зерттеулермен қатар меланоманың лимфогенді және гематогенді таралуын ескерііп аспаптық зерттеулер қолданылады: кеуде рентгенографиясы, іш қуысы УДЗ, лимфа түйіндеріне УДЗ, сүйек жүйесі зақымданса остеосцинтиграфия немесе рентгенография, бас миы зақымданса МРТ немесе КТ. Тері меланомасының емі: Метастаз жоқ және жергілікті лимфа түйіндеріне метастаз бар меланома емі – хирургиялық. Метастатикалық түрлерінде хирургиялық, химиотерапия, иммунтерапия, жалпы гипертермия. 83.Базелиома. Этиология. Клиника. Жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Базелиома (базальды клеткалы рак) – эпидермис клеткаларынан дамитын, терінің қатерлі ісігі. Атының шығу тегі құрылысы терінің базальды клеткаларына ұқсас болғандықтан берілген.Базалиома қатерлі ісіктерге тән негізгі қасиеттер ие: көрші тіндерге еніп оларды бұзады, дұрыс жүргізілген емнен кейінде қайта дамиды. Этиология: Базалиома негізінен 40 жастан жоғары жастағы адамдарда кездеседі. Күн сәулесінің тікелей әсер етуі Ағзаға канцерогендердің әсер етуі –әр түрлі бояғыштар, химиялық элемент мышьяк, аморфты көмірсулар (сажи) болуы, пиролиза өнімдері, никотин қара майлары. Электромагнитті сәулелер әсері Тұқымқуалаушылық патология Қауіп факторына иммунодепрессантпен терапия фонында иммунитеттің төмендеуі және аурудың ұзақ өтуі жатады. Бала және жасөспірімде базалиома даму мүмкіндігі төмен. Бірақ базалиоманың туа біткен формасы – Горлин-Гольц синдромы кездеседі (необазоцеллюлярлы синдром), ол ісіктің беткейтегіс формасынан, төмен жақ сүйек кистасынан, қабырғалардың даму ақауы және басқа да аномалиялардан құралады. Базалиома классификациясы 1Пішініне байланыстыклассификация : түйінді-жаралы, тесілулі, сүйелді, нодулярлы (ірі түйінді), пигментті, склеродермиформды, ттыртықты-атрофиялық, беткей тегіс базалиома Базалиоманың 3 сатысы 1 сатысы ісік немесе жара диаметрі – 2 см., дермамен шектеліп және жақын тіндерге көшпейді. 2 сатысы тері базалиомасы 5 см., терінің бүкіл қабатына өседі, юірақ тері асты шелалмайына таралмайды 3 сатысы 5 см. артықтері базалиомасына өседі. Беткейі өрнектеліп, тері асты шелмайы бұзылады. Әрі қарай жұмсақ тіндер, сіңірлер және бұлышқеттер зақымдалады. 4 сатысы тері базалиомасы, осы кезеңде жұмсақ тіннен бөлек, шеміршек пен сүйек бұзылады. Локализациясы:жоғарғы ерін;қабақ: жоғарғы немесе төменгі; мұрын және мұрын ерін қатпары; ұрт пен маңдай; құлақ қалқаны және мойын; бастың шашты бөлігі. Клиникалық көріністері: жекелеген, тығыз, жартылай шар тәрізді түзілістер, ішіндегі кішкене ойыс, диамеьрі 1см артық емес шектелген формаға ие, тері бетінен сәл көтеріңкі -Сәл уақыттан соң әлсіз қышыну пайда болады, тартқанда түйінді түзілістер байқалады, түйіндер сарғылт-сұр немесе ақшыл түске ие, ісік үлкейе келе ауырсыну пайда болады, бетінен қабыршағын алғанда қанайды. Түйінді-жаралы базалиома дөңгелек пішінді, теріден шығып тұратын түйінге ұқсас қатаюдың пайда болуымен көрініс табады. Уақыт өте қатаю үлкейіп, бұрыс пішінге өзгереді. Түйіннің айналасында «маржан» тәрізді белдік пайда болады. Қабақта, мұрын-ауыз қатпарында, көздің ішкі бұрышында орналасады. Тесілулі базалиома көбінесе терінің жарақаттанған аймақтарында пайда болады. Тез өсуімен және айналасындағы тіндердің айқын бұзылыстарымен ерекшеленеді. Сүйелді базалиома сыртқы түрі түрлі-түсті орамжапыраққа ұқсас. Терінің беткейінде өсетін, қатты ,жаршы дөңгелек пішінді түйін түрінде көрініс береді. Сүйелді базалиоманың ерекшелігі айналасындағы сау тіндерде деструкцияның болмауы. Нодулярлы (ірі түйінді) базалиома беткейінде «тамыр жұлдызшалары» көрінетін, теріден жоғары орналасатын жалғыз түйін. Түйін сыртқа қарай өседі. Пигментті базалиома- сыртқы пішіні « маржан» тостағаншаға ұқсайтын түйін. Бірақ ортасындағы немесе шеттеріндегі қара пигменттерге байланысты меланомаға ұқсас болып та келеді. Склеродермиформды базалиома ерекшелігі түсі бозғылт, қатты , тегіс май тіндеріне ұқсас, шеттері анық түйін. Май тіндерінің беткейі дөрекі, уақыт өте ол жойылады. Тыртықты атрофиялық базалиома ол да түйіннің пайда болуымен басталады. Өсуімен байланысты ісіктің ортасында деструкция жараға айналады. Уақыт өте жара ісіктің шеттеріне қарай жайылады, ал ортасында тыртық пайда бола бастайды. Осылай ісік тыртықты арнамалы түрге ауысады және ісік әрі қарай өсе береді. Беткей тегіс базалиома теріге терең өтпейтін, теріден жоғары өспейтін, көптеген 4см жаңа түзілістің пайда болуымен көрініс береді. Түзілістің түсі әр түрлі бөзғылт –қызғылттан қызыл түске дейін «Маржан» тәрізді шеттерімен. Осындай базалиомалар бірнеше онжылдықтар бойы дамиды, ағымы қолайлы. Диагностика. -шағымы, анамнез, қарау -Цитологиялық және гистологиялық зерттеу, ісік беткейінен алынган жұғынды немесе жағынды. -Керек болған жағдайда басқада қосымша зерттеу әдістерінің пайдалану, басқада базалиома ауруларын ажыратуға бағытталған. Емі Келесідей емдеу әдістері қолданылады: Сәулелі, хирургиялық, кешенді, дәрілік, кригенді, лазерлі. 84.Амбулаторлық хирургияда «реабилитация» түсінігі және оның міндеті. Реабилитация процесінің кезеңдері. Реабилитация (латынша қайта келу, halibis – икемділік) – физиологиялық процестің қайта келуі. Оңалтудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы – ауруды және мүгедектердің денсаулығын, еңбекке жарамдылығын, бисоциалды қалпына келтіру және боциалды экономикалық жағдайды анықтау. Негізгі проблеманың шешімі болып социалдық аспекті, жеке басының және биологиялық бағалау комплексінің жолдарын қарастыру арқылы шешіледі. Реабилитациялық процестің объектісі – науқас адам болып табылады. Оңалту процесі 3 сатыдан тұрады: Қалпына келтіру емі. Қарапайым түрлері бооып: тіршілікті қалпына келтіру және әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру. Емделушіні қалыпты өмірге келтіру. 85.Амбулаториялық негізде хирургиялық науқастарды оңалтудың негізгі принциптері. Реабилитацияның негізгі кезеңдері. Медициналық реабилитацияның негізгі міндеттеріне жатады: -Реабилитациялық шараларды бастауды ерте жүргізу; -Қажетті құралдар кешенін қолдану; - Реабилитация бағдарламасын жекешелендіру; - Реабилитацияның кезеңділігі; -Барлық реабилитациялардың кезеңдерінің үзіліссіздігі және реттілігі; -Жалпы және арнайы әрекеттер үйлесімдігі; -Реабилитациялық шаралардың әлеуметтік бағыттылығы; - Реабилитация тиімділігі мен жүктеме адекваттылығын қадағалау әдістерін қолдану; - Дегенеративті өзгерген тіндер профилактика мүмкіншілігі жағынан қарағанда реабилитациялық шараларды ерте өткізу маңызды, әсіресе неврологиялық аурулар кезінде. -Адекватты жағдайдағы науқастың емдеу процессіне реабилитациялық шараларын ерте қосу ауру ағымының және ақырының қолайлы болуын қамтамасыз етеді. Бұл мүгедектікті алдын алуға жатады.(Екіншілік профилактика) Науқастарды оңалту үш кезеңге бөлуге болады. *Оңалту бірінші кезеңі - клиникалық. Бұл кезеңде ол емдеу және дұрыс оңалту ажырату қажет. Бір жағынан, емдеу және оңалту іс-бір мезгілде жүзеге асырылады, сондай-ақ осы іс-шаралар басқа мақсаттары бір-бірінен айырмашылығы бар. Емдеу аурудың көріністерінен жою немесе аз бағытталған. Оңалту Физикалық, еңбек, әлеуметтік бейімдеу қол жеткізуге бағытталған. Оңалту емді толықтырушы. *Жетекші клиникалық кезеңі міндеттері негізгі морфологиялық зақымданған органдар мен жүйелердің өзгерістер, содан кейін істен туындайтын функцияларды жою, азайту және жою, аурудың бактериялық, вирустық көзі жоюды қоса алғанда, факторларды, зақымдайтын, этиологиялық жою тұрады. *Аурудың өткір кезеңінде, аурудың алғашқы сатысында сәйкес, оңалту іс-аурудың, ауырлыққа, науқастың жасына сипатына байланысты. Олар емдеу жағдайда ауруханада және үйде екеуі пайдаланылуы мүмкін. , Бірінші оңалту клиникалық кезеңі мәселелерді шешу үшін, кез келген құралы пайдаланылуы мүмкін. аурудың сипатына қарай физиотерапия, физиотерапия, диета, медициналық қорғаныс режимі, сондай-ақ дене белсенділігінің режимі болып табылады. Емдеу және аурудың сипатына байланысты қорқыныш еңсеруге бағытталған оңалту іс-шараларын, ауыру емдеу Бірінші кезеңде. 86.Амбулаторлық хирургия түсінігіне анықтама беріңіз. Хирургиялық патологияны диагностикалау әдістері. АМСК мекемелеріндегі хирургиялық кабинеттің, таңу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Амбулаторлы хирургия(кіші хирургия)– бұл медициналық мекемелерде немесе үйде науқастың стационарға баруынсыз қиын емес операцияларды және хирургиялық процедураларды өткізу арқылы дәрігерлік көмек көрсету. Амбулаторлы хирургия қызмет көрсетуі кең.оны екі топқа бөлуге болады: медициналық манипуляциялар, хирургиялық операциялар. Медициналық манипуляциялар: Жарақатты, тілу,күйік, үсікті және т.б.антисептикалық өңдеу. Зәр шығару жолдарына және т.б. эндоскопиялық араласулар; Биопсия; Байлап-таңу; Блокада; Пункция; Хирургиялық операциялар: Варикозды веналар және түйіндерді, тамырлар торларын алып тастау; Геморрой, парапроктит, анальды сызаттарды емдеу әдістері. Фимоз, варикоцелені емдеу; Фурункул, карбункул, абцессті емдеу; Паронихии, панарицииді емдеу; Гематоманы емдеу; Липоманы алып тастау; Атероманы емдеу; Фиброманы емдеу. Диагностикасы. Лабароториялық зерттеулер болжам диагнозға және хирургиялық араласуларға байланысты жүзеге асырылады. Рентгенологиялық әдістерді шартты түрде екіге бөлуге болады: міндетті және арнайы. Барлық науқастар кеуде клеткасы рентгеноскопиясынан өтуі керек(флюорография).болжам патологияға байланысты іш қуысы мүшелерін зерттеу жоспарланады: В зависимости от предполагаемой патологии планируется исследование органов брюшной полости: обзорная рентгеноскопия (ішек түйілуінде), асқазан рентгеноскопиясы (асқазан жарасы және қатерлі ісігінде), зәр шығару жолдарын контрастты зерттеу(бүйректік патологияда), өт жолдарын контрастты зерттеу (созылмалы холецистит кезінде). Оптикалық құралдар(эндоскоп) көмегімен мүшені және қуыстарды қарау диагноз қоюда маңызды мәлімет береді. Диагностикалық пункция буындардағы, плевральды,іш қуысы құрамы сипатын анықтау үшін қолданылады. Сұйықтықтағы белок санына қарап транссудат не экссудат екенін ажыратуға болады. Зондтау ірің құрамы бөлінетін жара өзектерінің жолдары, жыланкөз жолдарын нақтылау үшін жүргізіледі. Зондтау метал зонд көмегімен жүзеге асады. Жыланкөз жолын нақты анықтау үшін фистулография қолданылады – рентгеноконтрастты заттармен жолды толтыру(йодолипол, кардиотраст). Сондай ақ хиругиялық науқастарды зерттеу пульс жиілігін, тыныс жиілігін, АҚҚ өлшеу, температурасын өлшеумен толықтырылады. Емханада жүргізіліп жатқан жұмыс көлемі: Ауруларды анықтау. Науқастарды тексеру, қажнт болған жағдайда диспансерлік бақылау жүргізу. Сонымен қатар,науқастарды емдеу анықталған жағдайда оларға еңбекке жарамсыздық қағазы беріліп, кейде басқа жұмысқа аударылады. Науқастарды жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуында медициналық әлеуметтік-сараптау комиссиясына (МӘСК) жолданады. Емхананың хирургиялық бөлімшесінің құрылымы: Бұл хирургия, таңу, операция алды, операция, автоклав кабинеттері. Жалпы тәжірибе дәрігеріне және хирургқа емханада жұмысты қалай ұйымдастыруды білу керек.Емханада хирургия,таңу бөлмелері стерильді және таза, құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы тиіс. Сондай-ақ емханада хирургиялық науқастарды есепке алғаннан кейін динамикалық бақылауға алады. Бұл науқастарға: әртүрлі оқшауланған жарықтар, аяқ тамырларының варикозды кеңейуі,трофикалық жаралар, лимфостаз,сүт безінің қатерсіз ісіктері жатады.Көрсетілген патологияс бар науқастарда жылына 1-2 рет емдеу, алдын-алу, асқыну мәселелері шешіледі. Рейно ауруы,эндоартрит намесе атросклерозы бар науқастар жылына 2-4 рет қайталап қаралады |