Главная страница

қазақша жалпы. Кеуде уысыны рентгенографиясы


Скачать 221.83 Kb.
НазваниеКеуде уысыны рентгенографиясы
Дата21.04.2023
Размер221.83 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлақазақша жалпы.docx
ТипДокументы
#1080309
страница1 из 12
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

29 жастағы әйел сол жақ кеуде аймағындағы ауырсынуға, дене қызуының 39°-қа дейін жоғарылауына, ентігудің күшеюіне шағымданады. Объективті: өкпенің сол жағында дауыс дірілі әлсіреген, перкуторлы дыбыс қысқарған. ТАЖ минутына 22, ЖСЖ минутына 100 рет. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы диагноз қоюда шешуші болып табылады

Кеуде қуысының рентгенографиясы

Науқас, 50 жаста, құрғақ жөтелге, мұрынның бітелуіне, дене температурасының 37,5ºС дейін көтерілуіне шағымданады.7 күн бұрын суықтанудан кейін ауырған. Аускультативті тынысы қатты, барлық өкпе аймағында шашыраңқы құрғақ сырылдар, дем шығаруы қалыпты, ТАЖ минутына 18. Ажыратпалы диагностиканы жүргізу мақсатында науқасқа тағайындау қажет

Кеуде клеткасының рентгеннографиясын

Науқас ер адам, 75 жаста, клиникаға жүректің қатты қағуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Аталған шаымдар пайда болғанына бір айдай уақыт болған, анамнезінде жүректің созылмалы ишемиялық ауыруымен ауырғанына 10 жыл болған. ЭКГ-да P тісшесі жоқ, оның орнына үлкен F толқындар минутына 270 ретке дейін тіркеледі, әсіресе II, III, AVF, V1 тіркемелерінде жақсы көрінеді, R-R аралықтары әртүрлі, QRS комплексі өзгермеген. Науқаста қандай аритмия анықталған

жүрекшелер трепетаниясы, ырғақсыз түрі

Науқас 40 жаста, жыл көлемінде АҚ 220/120 мм.с.б. дейін жоғарлауына, бас ауырсынуына, полиурияға, жүрек аймағында ауырсыну ұстамаларына шағымданады. Гипотензивті препараттар көмектеспейді. КТ- оң бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Болжамды диагноз

Конн синдромы

Науқас О., 56 жаста, артериальды гипертензиясы бар, төс артындағы жаншып ауырсынуға, изкет-спрейімен басылмайтынына шағымданады. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ – 98 рет мин, АҚ – 110/70 мм. сын. бағ. бойынша. ЭКГ-да: ST V2-V6 сегментінің депрессиясы. Миокард инфарктіне күдік туындаған. Диагнозды дәлелдеу үшін анықтау қажет

Тропонинді

Бронх демікпесінің бірінші сатысын емдеуде қай препаратты тағайындау тиімді

Сальбутамол

35жастағы ер адамды 2 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Тұншығу ұстамалары беротекпен жойылады, гормонға тәуелді. Дем шығарудың шыңдық (пиктік) жылдамдығы - 66%. Тексеру кезінде – тыныштықтағы ентігу, аускультация кезінде-барлық өкпе аймағында құрғақ ысқырықты сырылдар. Соңғы бір сағат ішінде беротекпен ингаляторды үш рет қолданған. Қандай емдеу тактикасын жүргізу тиімді

30-60 мг преднизолонды көктамырға

38 жастағы ер адамды 5 күн бойы аз мөлшердегі қақырықты жөтел, дене температурасының 380-ге дейін жоғарылауы, әлсіздік мазалайды. Рентгенограммада -оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты біртекті емес көлеңке. Аталған диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал

Ошақты пневмония

Науқас К., 30 жаста, төс артында қысу, жаншу сипатындағы ауырсыну, 30 минутқа созылған, таңертең ерте пайда болған, нитроглицерин қабылдағанда басылған. Ауырсыну сезімі жоғары болған кезде түсірілген ЭКГ-да тіркелді: V1-V6-тіркемесінде ST –сегментінің изосызықтан жоғары ығысуы, ауырсыну синдромын басқанда қалпына келген. Болжам диагнозыңыз

ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

Ауыр пневмониямен ауыратын науқаста 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі байқалады, бұл сатурацияның (Sat%) қай деңгейіне сәйкес келеді

64%

Төс артындағы интенсивті ауырсынумен науқаста қандағы КФК-МВ және тропонина I (0,599 нг/мл) мөлшерінің жоғарлағаны анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай

миокард инфарктісі

Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бірінші кезеңінің арасында ажыратпалы диагноз жүргізу кезіндегі ең ақпаратты көрсеткіш

B2-агонистерге рефрактерлік

Науқаста ЭКГ-да әрбір QRS комплексінің алдында P тісшесінің болмауы, R-R аралықтарының әртүрлі болуы қандай патологияға тән

жүрекшелер фибрилляциясына

Науқас М., 64 жаста, клиникаға ұзақтығы 40 минуттан асатын, төс артыңдағы күйдіріп ауырсынуға, ауырсынудың изокет-спрей қабылдағанда басылмауына шағымданып келді. Анамнезінде: артериалық гипертензиямен ауырғанына 10 жыл болған, соған байланысты амбулаторлы бақылауда, гипотензивті препараттар қабылдайды. Қарағанда: ЖЖЖ минутына 92 рет. АҚ – 130/90 мм сын. бағ. бойынша. ЭКГ-да: I, AVL, V3-V6 тіркемелерінде ST сегменті жоғарлаған. Осы жағдайда қандай лабораторлы көрсеткішті анықтау қажет

тропонин Т

Науқас 54-жаста, науқаста 2 апта бұрын 3-ші қабатқа жылдам көтерілген кезде төс артында жаншып ауырсыну пайда болып, тыныштық жағдайда қалпына келген. Төс артындағы ауырсыну алғаш пайда болғаннан кейін, жылдам жүргенде, 2-қабатқа көтерілгенде ауырсыну дамитын болды. Стенокардияның қай түрі, науқасты жүргізу тактикасы

ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия, госпитализацияға жіберу

Науқас А., 52 жаста трансмуральды алдыңғы-перделік микард инфарктімен ауруханада ем қабылдаған. Аурудың 3-ші күні науқас жағдайы нашарлап, 3- қабырғааралықта төстің сол жақ шетіне таралатын дөрекі систолалық шу пайда болды және оң жақ қарыншалық жеткіліксіздік белгілері үдей түскен. Дамыған асқынуды диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған жөн

Тыныштықтағы эхокардиография

Науқас жедел коронарлы синдром клиникасымен жеткізілді. ЭКГ-да II, III, AVF тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауымен өте биік «коронарлы» Т тісшелері анықталады. Тропонин I оң мәнді. Алғашқы диагноз қандай

ЖИА. Q тісшесіз миокард инфарктісі

Науқас жедел трансмуральды миокард инфарктісінің клиникасымен стационарға жеткізілді, АҚ 60 және 40 мм. сын. бағ, пульсі жіп тәрізді, тері қабаттары бозарған, суық тер байқалады, жүрек тондары бәсеңдеген, диурезі төмендеген. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған

кардиогенді шок

Науқас ер адам, 38 жаста, жүректің шалыс соғуына және жүректің қатты қағуына, жүректің «тоқтап қалу» сезіміне, аздаған физикалық күштемедегі ентігуге шағымданып келді. ЭКГ-да: ритм синусты, ЖЖЖ минутына - 86 рет. Жүректің электрлік өсі қалыпты орналасқан. Жиі полиморфты қарыншалық экстрасистолия анықталады. Науқасқа тәуліктік ЭКГ-қ мониторлау жүргізілгенде полиморфты қарыншалық экстрасистолалар және жұптасқан қарыншалық экстрасистолалардың 6 эпизоды тіркелген. Осы жағдай қарыншалық экстрасистолалардың Lown бойынша жіктемедегі қандай класқа жатады

IVa

75 жастағы ер адам, темекіні көп шегеді, қиын бөлінетін құрғақ ауыр жөтелге, айқын ентігуге шағымданады. Аталған диагноздардың қайсысы дұрыс

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Миокард инфарктісімен науқаста кенеттен тұншығу ұстамасы дамып, ентігу күшейді, өкпесінде қатқыл тыныспен қатар көптеген ылғалды ұсақ әртүрлі калибрлі сырылдар естіледі. Пульсі минутына - 104 рет, АҚ 100 және 60 мм.сын.бағанасында. Осы науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған

жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігімен, өкпе сусіңділенуі

Науқаста аускультацияда жүрек ырғағы дұрыс емес, І тон әлсіреген жарықшақты, пульсі ырғақсыз, пульстік толқындары әртүрлі амплитудада, пульс дефициті шамамен 25 рет. Науқаста қандай аритмия болуы мүмкін

жүрекшелер фибрилляциясы

Бөлімшеге 50 жастағы науқас шүйде аймағындағы қатты бас ауырсынуына, құсуға, көз алдында ұсақ шіркейлердің болуына шағымданып түсті. Науқас жағдайының нашарлауын стресстік жағдаймен байланыстырады. Жағдайы ауыр, қозғыш, тері қабаты бетінде қызарған, пульсі – 100 рет минутына, ырғақты, толымды. АҚ 220/110 мм.сын.бағ. бойынша. ЭКГ-да: сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгісі. Болжам диагнозыңыз

Артериальды гипертензия III дәрежесі, криз

Жедел миокард инфарктісімен науқаста интенсивті ангинозды синдром, тахикардия, АҚ күрт төмендеуі, жіп тәрізді пульс, тері қабаттарының бозаруы, суық жабысқақ тер байқалады. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған

кардиогенді шок

Науқастың ЭКГ-да Р тісшесінсіз аздаған ерте қарыншалық деформацияланған комплекстер байқалады. Осы көрініс қандай патологияға тән

қарыншалық экстрасистолия

56 жастағы науқас айқын ентігуге, шамалы қақырықты жөтелге, жүрек маңындағы ауырсынуға шағымданады. Ұзақ уақыт бойы өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен сырқат. Объективті: мойын көктамырларының томпаюы, аяқтары ісінген, жүрек шекараларының кеңейген. Аускультация кезінде шашыраңқы құрғақ сырылдар, өкпе артериясыда екінші тонның акценті. Жоғарыда аталған симптомдардың себебі болуы мүмкін

Созылмалы өкпелік жүрек

17 жастағы қызда 4 ай бойы сирек кенетен пайда болатын жөтел ұстамасы, ентігу және «ысқырықты» тыныс алу байқалады. Тыныс алудың дискомфорты айына 1-2 рет ұйқысын бұзады. Қыздың анасы аллергиялық ринитпен ауырады. ОФВ1-82%. Аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін

Бронх демікпесі

Науқаста тыныштық жағдайда ентігу, гепатомегалия, анасарка анықталған. Емдеу барысында қанайналым жеткіліксіздігінің белгілері жойылды. Сіздің ойыңызша науқаста қанайналым жеткіліксіздігінің қандай сатысы анықталған

қанайналым жеткіліксіздігінің ІI Б сатысы - ФК ІII

Науқас Р., 58 жаста, 5 жыл артериалық гипертензиямен зардап шегеді. АҚ көтерілгенде анда-санда Каптоприл қабылдайды. Кейінгі жылы аздаған физикалық күштемеде ентігу, жүректің қатты қағуы, өкпесінің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақкөпіршікті ылғалды сырылдар пайда болды. Науқаста қанайналым жеткіліксіздігінің сатысын анықтаңыз

ҚАЖ II А сатысы

Науқас ер адам, 62 жаста, клиникаға тыныштық қалыпта болатын төс артыңдағы басып, қысып ауырсынуға, ауырсынудың нитроглицерин қабылдағанда басылмауына шағымданып келді. Анамнезінде: осыдан бір ай бұрын миокард инфарктісін басынан кешірген. ЭКГ-да динамикалық өзгерістер жоқ. Науқасқа қандай диагностикалық әдіс жүргізу қажет

коронарография

Науқас 20 жаста., жиі түнгі уақытта мазалайтын, эпигастрия аймағында айқын ұстамалы, шаншып, бұрап ауырсынудың болуына шағымданып ауруханаға түсті. Ауырсыну күндізгі уақытта тамақ қабылдағаннан соң басылады. Асқазанды пальпациялағанда пилородуоденальды аймақта ауырсыну, Мендель симптомының оң болуы анықталды. Қандай болжамды диагноз болу мүмкін

Он екі елі ішектің ойық жара ауруы

25 жастағы ер адам ішінің оң жақ жартысындағы сыздап аурырсыну сезіміне, күніне 6-8 ретке дейін болатын сұйық дәретке, соңғы 2 жылда 8 кг-ға арықтауына, ірі буындардағы ауырсынуға, ұзақ уақыт бойы мазалайтын субфибрилитетіне шағымданды. Тексергенде: екі сирақта түйінді эритема, пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы айқын ауырсынады; іш перденің тітіркену симптомы жоқ. Нв 84 г/л, түсті көрсеткіш 0,8, лейкоциттер 1 мкл-де 12,6 мың, ЭТЖ 56 мм/сағ, жалпы ақуыз 49 г/л, альбуминдер 39%, холестерин 2 мкмоль/л, сарысулық темірі 7 мкмоль/л. Колоноскопия кезінде соқыр ішектің шырышты қабатының қуыс тәрізді терең жаралар анықталды. Мүмкін болатын диагноз

Крон ауры

Науқас О., 32 жаста алкоголь немесе ащы тағамнан 30 минуттан соң пайда болатын асқазан асты аймағындағы басып ауру сезіміне және сода қабылдағаннан кейін басылатын күшті қыжылдау сезіміне шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен жабылған, терең сипағанда эпигастрийде жайылмалы ауру сезімі. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабаты қызарған, ісінген, антральды бөлігінде – бірлі-жарым қан құйылулар. Қандай зерттеу әдісі барынша ақпаратты

Helicobakter pylori тыныстық уреазды сынама

28 жастағы ер адам, күніне 20 рет болатын жағымсыз иісті қан, шырыш, ірің араласқан сұйық нәжістің болуына, дефекация актісінің алдында күшейетін және үлкен дәреттен кейін басылатын ішінің бүріп ауруына, буындарының сырқырауына, көзінің ауырсынуына, ауыз қуысында ойықжаралардың пайда болуына, басының айналуы және дене қызуының жоғарлауына шағымданып түсті. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін

Бейспецификалық жаралы колит

Ер адам К., 42 жаста, 2 ай бойы ішінің көлем жағына үлкейгеніне шағым айтады. 12 жыл алдын гепатит В ауырған, кезеңді алкоголь қабылдайды. Қарау барысында іш аймағында көктамырлық тор байқалады, асцит 2 дәрежесі. Бауыр циррозы кезінде асцитті емдеуде қандай дәрілер тобын тағайындау анағұрлым дұрыс

Ілмектік диуретиктермен бірге калий сақтаушы диуретиктер тобын

Әйел А., 43 жаста, соңғы 4 ай ішінде оң жақ қабырға астында ауырсыну мазалаған, 2 апта бұрын сарғаю дамыған. Анамнезінде: вирусты гепатит В, алкоголь қабылдайды. Қарау кезінде: науқастың тамақтануы төмен. Тері жамылғысы және склерасы сарғыш, телеангиоэктазиялар анықталады. Іші желденген. Бауыр қабырға доғасынан +4 см-ге шығыңқы, тығыз сезімтал. Көкбауыр +3 см-ге үлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 28 мм/сағ; жалпы билирубин - 84 мкмоль/л, басым тікелей фракциясына байланысты. Берілген диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал

Бауыр циррозы

Әйел 18 жаста., дефекация кезінде пайда болатын сол жақ гипогастриядағы ауырсынуға, үлкен дәреттен кейін басылатын, кезеңді үлкен дәретінің сұйықтануына шағымданып емханаға келді. Қарағанда: пальпация кезінде тоқ ішектің барлық аймағына ауырсыну анықталады. Копрограммада: шырыш++++. Тоқ ішектің рентгенологиялық зерттеуінде дискенезия белгілері, ал колоноскопияда спазмға бейімділік. Қандай диагноз анағұрлым ықтимал

Тітіркенген ішек синдромы

36 жастағы ер адамды күніне 35 ретке дейін болатын шырыш, ірің, қан аралас, сұйық нәжіс, дене қызуының жоғарлауы, ауыз қуысындағы ойық жаралар, көзінің ауыруы мазалайды. Эпидемиологиялық анамнез ерекшеліксіз. «Бейспецификалық ойықжаралы колит» диагнозы қойылған. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді

Сульфасалазин

Науқас Д., 52 жаста, ауруханаға тамақ қабылдағаннан соң 20-30 минуттан кейін пайда болатын, төс астындағы ауырсынуға, ауамен кекіруге, дене салмағының соңғы айда 3 кг төмендеуіне шағымданып келді. ЭФГДС кезінде асқазанның кіші иінде, оның ортаңғы үштен бірінде қатпарлардың анық жанасуымен жұлдызшалы ақ тыртық байқалады, сол аймақта шеттері ісінген, қабынған, өлшемі 6х8 мм жаңа жара анықталды. Жараның түбінде қан ұйындысы бар. Биопсия жүргізілу Helicobacter pylori табылды. Қандай емдеу үлгісін тағайындаған жөн

Протонды помпа ингибиторы +ампициллин + кларитромицин

Науқас Р., 21 жаста, кіндік маңындағы күші әртүрлі сипаттағы ауырсынуға, ауырсыну үлкен дәреттен соң жойылатын, кезеңді түрде диареяның іш қатумен алмасуына, ішінің кебуіне шағымданады. Қарағанда: тоқ ішектің барлық бөлімдерінде ауырсынады. Нв-123 г/л, лейкоциттер – 8,0х109/л., ЭТЖ 14 мм/сағ. Рентгенологиялық зерттеуде: дискинезия белгілері; колоноскопияда: спазмға бейімділік бар. Берліген емдік шаралардың қайсысын тағайындаған жөн

Диета, күйзелісті төмендету, пробиотиктер

35 жастағы әйелді бетінің жіне аяқтарының ісінуі мазалайды. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Жалпы қан анализінде: Нв-76 г/л, эриттроцит-2,6 х1012/л, лейкоцит – 3,4 х109/л, тромбоцит - 158 х109/л, ЭТЖ – 43 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауы: жалпы ақуыз - 46 г/л, альбуминдер - 28%. Зәр талдауында: ақуыз-14,3 г/л, эпителий 6-7 к/а, эритроцит – 0-2 к/а. Гломерулонефритті емдеудің төрт компонентті терапиясы тағайындалады. Препараттардың қандай комбинациясы төрт компонентті терапияға сәйкес келеді

Цитостатиктер + кортикостероидтар + антиагреганттар + антикоагулянттар

Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде тағайындалатын ең тиімді препарат

Амоксициллин

57 жастағы ер адам оң жақ табанының І-ші бақайында кенеттен пайда болған ауырсынуға және көкшіл-қызыл түске дейін терісінің қызаруына, ұстағанда ыстық; буын қозғалсының шектелуіне, дене температурасының 38-39°C дейін жоғарылауына, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: сол жақ құлақ қалқанында және сол жақ шынтақ буынының ішкі бетінде тофустар байқалады. Подаграның жедел ұстамасын басу үшін қолданылады

Колхицин

Науқас К., 50 жаста жүрген кезде күшейетін тізе буындарының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлық тіндердің тығыздалуы, крепитация. Дистальды фалангааралық буындарының аймағында тығыз түйіндер байқалады. ЖҚА: эр - 4,2х1012/л, лейк - 5,6х109/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ, СРА – теріс. Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін

Остеоартрит

Науқас О., 52 жаста, оң жақ шынтақ буынында кенеттен пайда болған ауырсынуға, қабынған буынының көкшіл-қызыл түске дейін терісінің қызаруына, жанасқанда ыстық, ісінуге, қозғалысының шектелуіне, дене температурасының 38-39°C дейін көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Ауру тарихынан: соңғы 2 жыл ішінде өзін сырқатпын деп санайды, сол кезде сол жақ табаның I-ші бақайының ауырсынуы, ісінуі және қызару пайда болған, бір айдан кейін осы белгілер сол жақ тізе буынында байқалған. Мұмкін болатын диагноз

Подагралық артрит

35 жастағы әйел адам ауыр ЖРВИ-дан кейін 5 жыл ішінде қайталамалы қызба, әлсіздік, артралгия және миалгия, Рейно феномені, пневония деп бағаланған, өкпесінде екі жақты патологиялық өзгерістер пайда болған. Кейінірек жүрек аймағында ауырсыну, дисфагия мазалаған. Объективті - терісінде тығыздалған және атрофияланған ошақтар байқалады. SCL70-ке антиденелер анықталды. Базисты терапияны жүргізу үшін көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қажет

Д-пеницилламин

30 жастағы әйел қабылдау бөлмінде жалпы әлсіздікке, дене температурасының 380С-қа дейін жоғарылауына, іштің төменгі бөліктеріне берілетін бел аймағындағы сыздап ауырсынуға шағымданды. Науқастың айтуынша, бұл шағымдар 5 жыл бойы мазалайды, өршу кезінде емделіп отырған. Қарағанда: беті ісіңкі, бел аймағын соққылау кезінде ауырсынады. Қан талдауында: Нв-120 г/л, эриттроцит-3,5х1012/л, ТК-1,0, лейкоцит-12х109/л, т/я – 6%, с/я - 60%, лимф - 28%, эоз - 1%, баз - 0%, мон - 6%, ЭТЖ 18 мм/сағ. ОАМ: реакциясы сілтілі, салыст.тығыздығы 1010, лейкоциттер 200 к/а, эритроциттер - 0-1 к/а., бактериялар++. Бүйректің УДЗ-де: тостағанша – түбекше жүйесі кеңейген. Мүмкін болатын диагноз

Зәр шығару жолдарының инфекциясы

Науқас В., 37 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 10 жыл бойы жылына 2-3 рет бел аймағындағы ауырсынуды, дизурияны байқаған. Терапевтте бақыланған, емделген, бір ай бойы ауырсыну күшейеген. Объективті: температура 370С, бел аймағын соққылау симптомы екі жағында оң. Қан талдауында: лейкоциттер – 6,1х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Зәр талдауында: салыст.тығыздығы - 1005, ақуыз - 1,0 г/л, лейкоциттер 200 көру аймағында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 2/л, лейкоцит - 6000 /л. Көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта