қазақша жалпы. Кеуде уысыны рентгенографиясы
Скачать 221.83 Kb.
|
Зәр шығару жолдарының инфекциясы 37 жастағы ер адам әлсіздікке, жүрек айнуына, тәбеттің төмендеуіне, арықтауға, аяқтарынның ісінуіне, артериялық қысымының жоғарылауына шағымданады. 20 жыл бойы қантты диабетпен сырқаттанады. Объективті: тәбеті төмен, терісі бозғылт, құрғақ. Беті ісіңкі, аяқтарының сирақтары мен табандары ісінген. Қан талдауында: Нв-87 г/л, эритроциттер - 3,2х1012/л, лейкоциттер - 9,71х109/л, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Зәр талдауында: салыст.тығыздығы - 1012, ақуыз - 1,0 г/л, лейкоциттер 4-5 к/а, эриттроциттер - 0 к/а. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 235 мкмоль/л, несепнәр 12 ммоль/л. Науқасты тексеруде келесі қадам қандай ШФЖ есептеу 52 жастағы науқас қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсыну мен қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындар аймағында көлемі 0,5 см-ге дейін тығыз түйіндер анықталды, пальпация кезінде шамалы ауырсынады. Буындар аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол буындарының рентгенографиясында буын саңылауының тарылуы, остеопороз анықталды. Ең қолайлы емдеу тактикасы СЕҚҚП + хондропротекторлар Зәр шығару жолдарының инфекциясы бар науқастарда бірінші кезекте бұзылатын бүйректің қызметі Концентрациялық Пурпурлы-қызғылт эритемасы бар периорбиталдық ісіну, ентігу, құрғақ жөтел, үдемелі бұлшықеттік әлсіздік, иық және мықын белдеуі бұлшықеттеріндегі ауырсыну тән Дерматомиозитке 37 жастағы ер адам айқын әлсіздікке, бас ауруына, тәбеттінің төмендеуіне, арықтауға, ісінуге шағымданады. Бүйрек ауруымен 5 жыл бойы зардап шегеді. Объективті: дене салмағы төмен, терісі сарғыш реңді бозарған. Беті ісіңкі, аяқтарында ісіну бар. АҚ 170/105 мм.сын.бағ. Қан талдауында: Нв-70 г/л, эpиттроциттер -2,0 млн., лeйкоциттер -5,7 мың., ЭТЖ 20 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 0,19 ммоль/л (норма 0,053-0,095 ммоль/л), жалпы ақуыз 49 г/л, қандағы қант 5,4 ммоль/л. Зәр талдауында: салыст.тығыздығы - 1012, ақуыз - 4,5 к/а, лейкоцит -4-5 к/а, эпителий - 5-6 к/а, гиалинді цилиндрлер - 7 көру аймағында. Науқастағы нефротикалық синдромын диагностикалауда қандай симптомдардың қосарлауы тән ісіну, гипопротеинемия, массивті протеинурия 24 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне шағымдананды. 15 жыл бойы қантты диабетпен сырқатанады, инсулин қабылдайды. Объективті: терісі бозғылт, құрғақ, бел аймағының соққылау симптомы екі жағында теріс. АҚ 140/90 мм.сын.бағ. ЖСЖ минутына 80. ЖҚА-де: Нв–116 г/л, эритроциттер -2,8 х1012/л, лейкоциттер-8,2 х109/л, ЭТЖ-18 мм/сағ. Зәр талдауына: салыст.тығыздығы 1005, ақуыз – 0,5 г/л, лейкоциттер – 5-6 к/а, эритроциттер - 2 к/а. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 135 мкмоль/л, несепнәр 8,0 ммоль/л. Қай ем тиімді ИАПФ нефропротекциясы 23 жастағы әйел адам 39 -қа дейін қызбаға, жөтелге, бетінің қызаруына шағымданады. Өз бетінше ампициллин, парацетамол қабылдаған, нәтижесіз болған. Қарағанда: бетінің гиперемиясы және ісінуі, кеудесі мен арқасында эритематозды-папулезді бөртпелер, лимфаденопатия, афтозды стоматит, шашының ошақты түсуі байқалады. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 110 минутына, АҚ 150/100 мм.сын.бағ.; гепатомегалия. Қан талдауында: эритроцитер 3,2х1012/л, Нв-100 г/л, лейкоциттер 2,5х109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр талдауында: ақуыз-1,9 г/л, лейкоциттер 6-8 к/а, эритроциттер 15-18 к/а. Мүмкін болатын диагноз Жүйелі қызыл жегі Науқас әйел адам Т., 30 жаста, проксимальды фаланга аралық, алақан сүйек –фалангалық буындардың, білезік, шынтақ буындарының қабыну сипаттағы, симметриялы ауырсыну мен ісінуіне шағымданады; зақымдалған буындардың қозғалысы шектелген; таңертеңгілік құрысу 2 сағат бойы. Қарағанда: алақан сүйектер –фалангалық буындардың шамалы ульнарлы девиациясы. Қанда: эр-4,5х1012/л, Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ; РФ-32,2 UI/ml (5,5 UI/ml дейін), АЦЦП – 147 бірлік/мл (3 бірлік/мл дейін). Мүмкін болатын диагноз Ревматоидті артрит Әйел 45 жаста. 10 жыл бұрын білек, алақан сүйек –фалангалық буындардың ауырсыну, таңертеңгілік құрысу пайда болған. Объективті: алақан сүйек –фалангалық буындардың ульнарлық девиациясы. Қол басының бұлшықеттерінің гипотрофиясы, қозғалыс көлемі шектелген. ЖҚА: эритроциттер 4,5х1012/л, Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ. Қанның БХА: РФ-32,2 UI / ml (5,5 UI /ml дейін), АЦЦП – 147 бірлік/мл (3 бірлік/мл дейін). Осы ауруды емдеу үшін базистік препарат қайсысы Метотрексат Инфекциядан кейін науқаста созылмалы гломерулонефрит диагнозы қойылған. Жедел гломерулонефриттің негізгі этиологиялық факторын атаңыз А тобындағы В- гемолитикалық стрептококк 45 жастағы әйел адам оң жақ бел аймағының ауырсынуына, зәр шығаруының жиілеуіне (түнде 2-3 ретке дейін), кешкі уақыттағы субфебрильді температураға шағымданды. 20 жасында зәр шығару жолдарының инфекциясымен ауырған. Бүйректің УДЗ-де: оң жақ бүйректің тостағаншасы, түбекшесі кеңейген. Зәр шығару жолдарының инфекциясының өршуін нақтылау үшін ең тиімді әдіс Зәрдің бактериологиялық себіндісі 38 жастағы әйел адам 10 жыл бойы суықта саусақтарының ағарып ауырсынуын байқаған. Соңғы жылдары үдей түскен, қол басы ұсақ буындарының және білектерінің артрит белгілері, қатты тағамды жұтынудың қиындауы пайда болған. Қан талдауында: ЭТЖ - 40 мм/сағ. Мүмкін болатын диагноз Жүйелік склеродермия Науқас 60 жаста, әлсіздікке, эпигастриядағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғыш түстес бозарған. Беті ісіңкі. Тілі «лакталған». Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлылығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограммада: мегалобластты қан түзілу. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін В12-тапшылықты анемия Науқас 34 жаста, әлсіздікке, басының айналуына, жүрегінің қағуына, ентігуге шағымданады. 2 жыл бойы геморроймен сырқат. Объективті: тері және шырышты қабаты бозғылт, койлонихиялар. Жүрек үндері тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер -3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК -0,75, лейкоциттер -4,8 мың., тромбоциттер -200 мың., ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Қан сарысуындағы темір - 6,4 мкмоль/л. Қандай ем жүргізу тәсілін таңдадаған жөн темір сульфаты пероралды Науқас В., 40 жаста, жалпы әлсіздікке, терлегіштікке, арықтауға, сол қабырғаастындағы тұйық ауырсынуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, көкбауыр кіндік маңында, тығыз, ауырсынусыз. Қанда: эритроциттер - 3,0х1012/л, лейкоциттер - 96х109/л, миелобласттар - 2%, промиелоциттер-4%, метамиелоциттер-8%, таяқшаядролы - 12%, сегментядролы - 52%, эозинофилдер-5%, базоф-5%, лимф-12%, тромбоциттер - 200х109/л. ЭТЖ-56 мм/сағ. Қандай диагноз анағұрлым тән созылмалы миелолейкоз 35 жастағы әйел адам, қабылдау бөлімшесіне жалпы әлсіздікпен, басының айналуымен, жүрегінің қағуына шағымданып түсті. 1 жыл бойы етеккірі 10 күннен, көп мөлшерде. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозарған, тырнағының сынғыштығы мен сызықтығы анықталады, шашының түсуі, тахикардия 100 рет минутына. АҚ 110/60 мм.сын.бағ. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроцит - 2,6 х 1012/л, ТК - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоцит - 420 х 109/л. Гинекологқа қаралған: жатыр миомасы, 12 апта. Ота жасау ұсынылған. Аталғандардың ішінде науқасты жүргізудегі қандай әдіс ұтымды темірдің парентералды препараттары 48 жастағы науқас, әлсіздікке, салмағының төмендеуіне, сол жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарағанда: көкбауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы. Қанда: Нв- 128г/л, эритроциттер 4,0∙1012/л, лейкоциттер – 47∙109/л, тромбоциттер 480∙109/л, формуласы: эоз-2%, баз-3%, бласты жасушалар 1%, промиелоциттер-2%, миелоциттер -4%, жас жасушалар -10%, т/я - 26%, с/я-34%, лимф-12, мон–6%, ЭТЖ 6 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсінді жасушаларының гиперплазиясы. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет филадельфиялық хромосоманы анықтау В12 тапшылықты анемияға тән миелограммадағы өзгерістер мегалобласты қантүзілу түрі Аймақтық дәрігерге 26 жастағы науқас тамағындағы ауырсынуға, жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданып қаралды. Қарағанда; бадамша бездерінің гиперплазиясы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Қанында: Нв-100 г/л, эритроциттер-4,2∙109/л, лейкоциттер - 15∙109/л, тромбоциттер - 120∙109/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ, формула: эоз-1%, т/я-3%, с/я-60%, лимф-24%, моноциттер- 8%, бласты жасушалар - 4%. Дұрыс амалды таңдаңыз науқасты гематологқа жіберу Он екі елі ішектің ойықжара сырқаты бар науқас жалпы әлсіздікке, физикалық жүктемеде болатын ентігуге, борды жеуге әуестенуіне шағымданады. Объективті: науқас бозарған, терісінің трофикалық өзгерістері байқалады. Қанда: 3,3х1012/л; НЬ – 90 г/л; ТК - 0,75; ретикулоциттер - 2%; қандағы темір - 5,6 мкмоль /л. Науқаста қандай асқыну дамыды теміртапшылық анемия Ер адам, 70 жаста, әлсіздікке, аяғының тоңазуына, парастезияға шағымданады. Анамнезінде – 7 жыл бұрын асқазан резекциясы жасалған. Қанында: Нв- 70 г/л, эритроциттер 2,0х1012/л, ТК- 1,2, лейкоциттер - 3,0х109/л, тромбоциттер- 140х109/л. Анемияның дамуына қандай себеп болды гастромукопротеиннің тапшылығы Әйел 68 жаста, жалпы әлсіздікке, басының айналуына, «аяқтарының мамықтығына», эпигастрий аймағындағы қолайсыз сезіміне шағымданады. Қанында: Нв-68 г/л, эритроциттер -2,0 х1012/л, ТК-1,02, лейкоциттер -3,0 х109/л, тромбоциттер -190 х109/л, таяқшаядролы-2%, сегменядролы-64%, эозин-1%, м-6%, лимф-27%, СОЭ-8 мм/сағ. ФГДС-да: атрофиялық гастрит. Бірінші кезеңде қандай зертханалық зерттеуді жасаған жөн В12 дәруменің зерттеуге қан талдау 28 жастағы ер адам, 3 апта бойы стоматиттен нәтижесіз емделген, айқын әлсіздік, тершендік өршіген. Объективті: дене температурасы 38,8˚С, терісі бозғылт, ылғалды. Иектердің гиперплазиясы, жаралы-некротикалық стоматит. Жақасты лимфотүйіндері үлғайған, ауырсынусыз. Жалпы қан анализінде: эритроциттер-3,0 х1012/л., Нв-95 г/л, ТК - 0,95, лейкоциттер -14,5х109/л., бласты жасушалар -32%, т/я-1%, сегм-39%, лимф-20%, мон-8%, тромбоциттер -90 х109/л, ЭТЖ-54 мм/сағ. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді жіті лейкоз Науқас 23 жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 3,0х1012/л, гемоглобин-92 г/л, лейкоциттер - 44,2х109/л, тромбоциттер - 192х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Қан көрсеткішін талдаңыз жеңіл дәрежелі нормохромды анемия 57 жастағы әйел жалпы әлсіздікке, басының айналуына, жүрген кездегі ентігуге, эпигастрия аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: күйлілігі төмен, тері және көрінетін шырышты қабаттары сарғыш реңді бозарған, шамалы спленомегалия. Қанында: эритроциттер -2,1х1012/л, Нв-89 г/л, ТК-1,1, лейкоциттер -2,8 х109/л, тромбоциттер-115 х109/л, ЭТЖ-24 мм/сағ, макроцитоз. Аталған патологияны емдеудің 5-7 күнінде қанда қандай өзгеріс анықталады ретикулоциталық криз 60 жастағы әйел адам, жалпы әлсіздікке, эпигастрия аймағындағы ауырылық сезіміне, тамақ қабылдағанннан кейін кекіруге шағымданады. Объективті: дене температурасы 36,6°С; ТАЖ- 20/мин.; пульс - 96/мин.; АҚ - 115/70 мм. сын.бағ. Тері және көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Қан талдауында: эритроциттер - 2,0х1012/л; Нв - 100 г/л; ТК - 1,5; ЭТЖ- 28 мм/сағ. Асқазанның париеталдық жасушаларына антиденелер анықталған. Науқаста анемиялық синдромды емдеуде қандай тәсіл тиімді В12 дәруменін тағайындау 30 жастағы науқас 1 айдан бері ауырады, әлсіздік, геморрагиялық синдром бар. Лимфа түйіндері ұлғайған. Температурасы – 38,5С. Тері жамылғысы бозарған, интоксикация. Қан анализі – Нв 40 г/л, эритроциттер 2,0х109/л, лейкоциттер 0,8х109/л, тромбоциттер 50∙109/л, ЭТЖ – 41 мм/с, формула есептелмейді. Мүмкін болатын диагноз жіті лейкоз Науқас А., 19 жаста, қарағанда спленомегалия. Гемограммада: лейкоциттер 78х10 9/л; лейкоформула: промиелоциттер 3%, миелоциттер 8%, метамиелоциттер 12%, таяқша ядролы 21%, сегментядролы нейтрофилдер – 41%, базофил – 3%, эозинофил – 6%, лимфоцит – 6%. Тромбоциттер – 784*109/л, гемоглобин – 114 г/л. Миелограмма: сүйек миы гипержасушалы, миелокариоциттер, мегакариоциттердің жоғарылуы, гранулоцитарлық қатардың барлық жасушалары анықталады. Зерттеудің келесі кезеңі қандай қанды цитогенетикалық зерттеу 34 жастағы ер адам бір ай бойы науқас, әлсіздік, геморрагиялық синдром мазалайды Лимфа түйіндері ұлғайған. Температура – 39,5С. Тері қабаттары бозарған, интоксикация. Қанында: Нв - 36 г/л, эритроциттер - 2,2х109/л, лейкоциттер - 0,8х109/л, тромбоциттер – 50х109/л, ЭТЖ – 41 мм/сағ, формуласы саналмайды. Келесі зерттеу әдісін таңдаңыз сүйек кемігінің пункциясы Науқас 19 жаста, иектерінің қанағыштығына, тамағының ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене температурасы 39°С. Тері жамылғысы бозғылт, көптеген петехиялар мен экхимоздар бар. Бадамша бездері некрозды жабынмен жабылған. Жақасты лимфа түйіндер ұлғайған. Бауыр, көкбауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Қанда: эритроцит -2,5 х1012/л, Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейкоцит -29х109/л, бласты жасушалар - 98%, сегм - 2%, тромбоциттер -28 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазға реакция оң. Осы аурудың диагностикасында шешуші симптом болып табылады бластемия Науқас С., 60 жаста, әлсіздікке, эпигастриядағы ауырсынуға, тұрақсыз дәретке шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғыш түстес бозарған. Беті ісіңкі. Тілі «лакталған». Бауыр, көкбауыр шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер -2,6х1012/л, Нв-104 г/л, ТК-1,2 лейкоциттер -2,7х109/л, тромбоциттер -115х109/л, ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлылығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограммада: мегалобластты қан түзілу. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін В12-тапшылықты анемия В12 тапшылықты анемияға қандай клиникалық синдром тән фуникулярлы миелоз Науқас К., 24 жаста, қатты арықтауға (бір айда 9кг), ауызының құрғауына, шөлдегіштікке, жиі зәр бөлінуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарағанда: терісі құрғақ, алақандары сарғыш түсті, фурункулез бар. Зәр талдауында: қант - 2,9% және ацетон. Осы жағдайда төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған анағұрлым тиімді қысқа әсерлі инсулин Науқас 17 жаста, аузының құрғауына, шөлдегіштікке, бір ай ішінде 7 кг арықтауға шағымданады. Қантты диабет бойынша тұқымқуалаушылығы жоқ. Қарағанда: гипергликемия 13 ммоль/л, гликозирленген Нв -7% анықталды. Сіздің диагнозыңыз қантты диабет 1 тип Науқас 32 жаста, мазасыз, күйгелек, көптеген артық қимылдары бар, психикалық қозғыш, ұйқысы нашар, тәбеті жоғары бола тұра арықтаған, іш өтулер бар. Қарағанда: қол саусақтарының треморы, көз симптомдары оң. Жүрек үндері қатты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚ– 150/70 мм. сын.бағ.. ЖЖЖ- 110 рет мин. Қалқанша безі ұлғайған, жұтынғанда көрінеді. Қан талдауы: Нв – 100 г/л. Лейк - 8.0*109/л, ЭТЖ – 12мм/сағ. Қандағы глюкоза – 6,8 ммоль/л. Дұрыс алғашқы диагнозды таңдаңыз диффузды уытты жемсау 42 жастағы ер адам жоғары тәбетінің аясында артық дене салмаққа, АҚ –ның жоғарылауына, аузының құрғауына, диурезінің көбеюіне шағымданады. Қарағанда: бойы- 174 см, салмағы - 100 кг. Ашқарындаға гликемия 9,9 - 10,7 ммоль/л аралығында. Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау тиімді бигуанидтер 38 жастағы әйел адам, дене салмағының жоғарылауына, тез шаршағыштыққа, бас ауруына шағымданады. Бойы – 180 см, салмағы – 108 кг. Бел өлшемі – 110см. Теріасты май клетчаткасының таралуы андроидты типте, терісінің папиллярлы -пигменттік дистрофиясы (acanthosis nigricans), АҚ 140/80 мм сын.бағ.. Осы жағдайда төменде көрсетілген препараттардың қайсысынтағайындаған анағұрлым тиімді метформин 48 жастағы науқас әйел адам дене салмағының жоғарылауына, бас ауруына, бел аймағының ауырсынуына, беттеріне түтіктердің (бет шашының) өсуіне, ентігуге, депрессияға шағымданады. Бойы -160 см, салмағы 98 кг. Бет ұштары қызыл –қоңыр түстес, іші ұлғайған, қол-аяқтары жіңішке, арық. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Рентгенограммада: омыртқа сүйектері мен жамбас сүйектерінің остеопорозы. Іш қуысы мүшелерінің КТ-да: бүйрек үсті бездерінің бір жақты гиперплазиясы. Қан мен зәрде кортизол деңгейі шамалы жоғарылған, АКТГ төмендеген. Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін Иценко-Кушинг синдромы 29 жастағы науқасқа бір жыл бұрын диффузды уытты жемсау (УДЗ, гормонды спектр, пункциялы биопсия) диагнозы қойылған. Мерказолилмен 20 - 30 мг/тәулігіне жүргізілген, тиреостатикалық ем нәтижесіз (емге бұлжымастық жоғары емес). 2 дәрежелі жемсау (БДҰ), айқын офтальмопатия, тахисистолалы жүрекшелер фибрилляциясы, дене салмағының жеткіліксіздігі және бос Т4 деңгейінің жоғары болуы сақталуда. Төменде аталғандардың қайсысы тиреотоксикоздың ауыр дәрежесін көрсетеді 62 жастағы әйел адам хирургиялық бөлімшеге аздаған жарақаттан кейін дамыған табанының бірінші бақайының ылғалды гангренасымен түсті. Қарағанда: тері мен шырышты қабаты құрғақ, бетінде гиперемия. Айқын семіздік, көз көруінің төмендеуі, варикозды ауруының айқын емес белгілері. Анасы мен тәтесінде: қантты диабет. Ашқарындағы гликемия 6,2 ммоль/л. Сіздің алғашқы диагнозыңыз макроагиопатиямен 2 типті қантты диабет 22 жастағы әйел адам жүрек қағуына, эмоциялы лабилділікке, ашушаңдыққа, 2 айда 8 кг арықтауға шағымданады. Науқас астеникалы, жылауық, терінің диффузды гипергидрозы, жалпы тремор – «телеграф бағанасы» симптомы. ЖЖЖ 120 рет/мин. Қалқанша безі біркелкі ұлғайған, орташа дәрежелі экзофтальм. Төменде көрсетілген препараттардың қай тобын бірінші кезекте тағайындаған жөн тиреостатиктерді 26 жастағы жігітте басынан өткен вирусты инфекциядан кейін тәулігіне 6 литрге дейін шөлдегіштік, жиі және көп мөлшерде зәр бөлу, соңғы айда 3 кг арықтау, жалпы әлсіздік пайда болған. Қандай ауру болуы мүмкін қантсыз диабет Динамикалық тексеру кезінде қантты диабеттің компенсация дәрежесін анықтайтын көрсеткішті атаңыз |