ӨБСӨЖ Әдістемелік нұсқау-2. Фоб012063 ожа Ахмет Ясауи атындаы Халыаралы азатрік университеті Медицина факультеті Хирургиялы аурулар кафедрасы Урология модулінен оытушымен бірге студентті зіндік жмысына арналан
Скачать 28.26 Kb.
|
Ф-ОБ-012/063 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті Хирургиялық аурулар кафедрасы Урология модулінен оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР № 2 Тақырыбы: Қуықасты безінің аденомасы және қатерлі ісігі. Этиология, патогенезі. Клиникалық көріністері. Диагностика. Емдеу тактикасы. ТУР аденомэктомия, трансвезикалды аденомэктомия. Радикальды простатэктомия. Зәрдің жедел шықпай қалуы.Науқасты емдеу тактикасы (қуықтың катетеризациясы, троакарлық цистостомия, эпицистостомия). Парадоксальды ишурия және емдеу тактикасы Бүйректің асқынған және деструктивті қабынулық ауруларының (апостемалы пиелонефрит, бүйрек карбункулы, бүйрек абсцессі және іріңді паранефрит) диагностикалық және емдеу әдістері. Несеп жолдарының және ерлердің жыныс ағзаларының аномалиялары. Нефроптоз. Курс: V Мамандығы -5В130100- «Жалпы медицина» Дайындаған: м.ғ.д., профессор К. Каримбаев Түркістан 2021 ж Кафедра мәжілсінде талқыланды Хаттама № ------ «-----« -------------2021 ж Хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент М.С. Жунисов Тақырыбы: Қуықасты безінің аденомасы және қатерлі ісігі. Этиология, патогенезі. Клиникалық көріністері. Диагностика. Емдеу тактикасы. ТУР аденомэктомия, трансвезикалды аденомэктомия. Радикальды простатэктомия. Зәрдің жедел шықпай қалуы.Науқасты емдеу тактикасы (қуықтың катетеризациясы, троакарлық цистостомия, эпицистостомия). Парадоксальды ишурия және емдеу тактикасы Бүйректің асқынған және деструктивті қабынулық ауруларының (апостемалы пиелонефрит, бүйрек карбункулы, бүйрек абсцессі және іріңді паранефрит) диагностикалық және емдеу әдістері. Несеп жолдарының және ерлердің жыныс ағзаларының аномалиялары. Нефроптоз. 2.Сабақтың мақсаты. Студенттерді қуықасты безінің ауруларындағы ауырсыну сипаттарымен, локализациясымен және иррадиациясымен таныстыру. Ауырсынудың сипатына, түріне және орналасуымен иррадиациясына негізделе отырып, студентті негізгі ауруға диагноз қою жолында жоспар түзуді уйрету. Қуықасты безінің себептерін, патогенезін және клиникалық белгілерін талқылау. Қуықасты безі аурулары түрлеріндегі емдеу тактикасын және емдеу түрлерін талқылау. Бүйректің қабынулық ауруларының асқынған және деструктивті түрлерінің дамуы себептерін талқылау. Осы аурулардың симптомдарының пиелонефриттің асқынбаған түрінен айырмашылықтарын қарастыру. Осы аурулардың диагностика және емдеу әдістерін талқылау. 3. Сабақтың міндеттері: Студент білуі тиіс: 1. Несепжыныс жүйесінің анатомиясын, физиологиясын, эмбриогенезін 2. Қуықасты безінің ауруларындағы ауырсынулардың сипатын, ерекшеліктерін, қарқындылығы мен иррадиациясын. 3. Қуықасты безі аденомасы, қатерлі ісігіне тән УДЗ белгілерін білу және оларды ажырата білу. 4. Бүйректің қабынулық ауруларының асқынған және деструктивті түрлеріне күдікті жағдайларды анықтай алу Студент істей алуы тиіс: 1. Бүйректердің, ерлердің сыртқы жыныс ағзаларының және қуықасты безінің пальпациясын жүргізуді. 2. Тікішек арқылы пальпация барысында простатитке, қуықасты безінің аденомасы мен қатерлі ісігіне және абсцессіне тән белгілерді ажырата білу. 3. Қуықтағы қалдық несепті анықтай алу. 4. Троакарлық цистостомияны жасай алу. 5. Қуықасты безінің трансректальды биопсиясын жүргізе алу. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Негізгі білім: 1. Ерлердің жыныс ағзаларының анатомисы және физиологиясы 2. Ерлердің жыныс ағзаларының түтіктері мен несеп жолдарының арасындағы қарым-қатынастар. 3. Бүйректің анатомия және физиологиясын Тақырып бойынша: Простатаның аденомасы. Клиникалық сатылары. Диагноза қою. Емі (консервативті – көрсетілімдер, хирургиялық – көрсетілімдер) Простата аденомасының асқынулары және олардың емі Инфекция Екіншілік тастар Жалған дивертикулдар Қуық-несепағарлық рефлюкс Простатаның қатерлі ісігі TNM-ға сәйкес жіктелуі Глиссон дәрежелері Диагностика әдістері (ПСА, ректальды пальпация, биопсия (УЗИ)). Емі. Хирургиялық әдістер (көрсетілімдер) Консервативті ем (көрсетілімдер). Емдеу түрлері Бүйректің қабынулық ауруларының асқынған және деструктивті түрлерінің диагностикасын, емдеу тактикасын V. Оқудың және оқытудың әдістері (шағын топтар, дискуссиялар, ситуациялық есептер, презентациялар, кейс-стади және т.б) V. Әдебиет. Негізгі: Оперативная урология под ред.Н.А.Лопаткина, И.П.Шевцова Л. Медицина, 1986г. Пытель А.Я.Погорелко И.П. Основы практической урологии, 1969. Пытель АЛ., Пытель Ю.А. Рентгенодиагностика урологических заболеваний, 1969г. Урология. Учебник для мед.институтов /под.род Н.А.Лопаткина Изд. 6-е,2002 г. Чухриенко Д.П., Люлько А.В. Атлас операций на органах мочеполовой системы. 1972 г. Руководство по урологии, 3 тома/ под ред Н.А.Лопаткина, М.Медицина, 1998 г. Лопаткин Н.А., Люлько А.В. Аномалии мочеполовой системы. Киев, 1978 Бақылау сұрақтары 1. Простата аденомасының өсу аймағы (зона): а) орталық зона б) перифериялық зона с) уретраның простаталық бөлімі д) қуықасты безінің парауретральды бездері зонасы е) бездің эпителийі 2. Простата қатерлі ісігінің өсу зонасы: а) орталық зона б) перифериялық зона с) уретраның простаталық бөлімі д) қуықасты безінің парауретральды бездері зонасы е) өтпелі зона 3. Простата безінің аденомасы диагнозын қоюдағы ең қолжетімді инструменттік әдіс: а) компьютерлік томография б) радиоизотопты ренография c) УДЗ д) динамикалық сцинтиграфия е) цистоскопия 4. Қуықтағы қалдық несеп симптомы простата аденомасының қай сатысына тән: а) I-сатысына б) II-сатысына с) III-сатысына д) компенсациялық сатысына е) Дұрыс А және С 5. Простата безі аденомасының қай сатысында бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі дамиды: а) I-сатысында б) II-сатысында с) III-сатысында д) компенсаторлық сатысында е) дұрыс А және Б 6. Простатаның аденомасы. Парадоксальды ишурия симптомы бар науқасқа көрсетілгендердің ішінде қайсы бірі тиімді болып есептеледі: а) Троакарлық цистостомия б) Перкутандық нефростомия с) ТУР аденомэктомия д) Трансвезикальды аденомэктомия е) Эпицистостомию 7. Көрсетілген простата безі қатерлі ісігінің қай сатысында радикальды простатэктомия операциясын жасауға болады: а) T3N2M1 б) T4N2M1 с) T3N1M1 д) T2N0M0 е) T2N2M1 8. Науқаста ишурия симптомы бар, уретра арқылы катетер өтпейді, ең тиімді ем әдісін көрсетіңіз: а) эпицистостомия б) перкутандық нефростомия в) троакарлық цистостомия г) қуықтың аспирациясы е) несепағарға ішкі стент орналастыру 9. Простата безінің қатерлі ісігінде түпкілікті диагноз қоюға мүмкіндік беретін әдісті көрсетіңіз: а) Саусақпен тікішек арқылы зерттеу б) Қасаға үстінен жасалатын УДЗ с) Трансректальды УДЗ д) ПСА деңгейін анықтау е) УДЗ бақылауы астында трансректальная биопсия жасау 10. Парадоксальды ишурия симптомы дамуы простата безінің қай сатысын тән: а) І-сатысына б) II-сатысына в) III-сатысына г) компенсация сатысына е) субкомпенсация сатысына 11. Екіншілік пиелонефриттің емі басталуы қажет: а) антибиотиктердің тағайындалуынан б) жоғарғы несеп жолдарының бұзылған несеп ағымының қалыпқа келтірілуінен в) инфузиялық терапиядан г) гемотрансфузиядан д) вирусқа қарсы емнен 12. Екіншілік пиелонефриттің жас балалардағы жиі себебі: а) несепжыныс ағзаларының туа біткен аномалиялары б) несепжыныс ағзаларының жаңа түзілімдері в) тынжытас ауруы г) бактериялық инфекция 13. 25-50 жастағы адамдардағы екіншілік пиелонефриттің жиі себебі: а) несепжыныс жүйесінің аномалиялары б) тынжытас ауруы в) несепжыныс ағзаларының жаңа түзілімдері г) вирустық инфекция д) іріңді протей таяқшасы 14. Кексе жастағы еркектердегі екіншілік пиелонефриттің жиі себебі: а) несепжыныс органдарының аномалиялары б) тынжытас ауруы в) несепжыныс ағзаларының жаңа түзілімдері г) стафилококк д) ішек таяқшасы 15. Апостемалық пиелонефриттің емі: а) пиелостомия б) нефростомия в) нефростомия, бүйректің декапсуляциясы г) бүйректің декапсуляциясы д) перкутандық нефростомия 16. Аумақты бүйрек абсцессінің емі: а) нефростомия, декапсуляция б) абсцесстің дренаждалуы в) нефрэктомия г) бүйректің декапсуляциясы д) нефроуретерэктомия Бүйрек карбункулының емі: а) крест тәрізді кесу б) крест тәрізді кесу, бүйрек декапсуляциясы в) нефрэктомия г) нефростомия, крест тәрізді кесу, бүйрек декапсуляциясы д) бүйректің резекциясы |